Об установлении ограничительных мероприятий в селе Рулиха Каменевского сельского округа Шемонаихинского района Восточно-Казахстанской области Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.07.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Каменевский ауылдық округі Рулиха ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шемонаиха аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2022 жылғы 1 наурыздағы № 35 ұсынысының негізінде, ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Каменевский ауылдық округі Рулиха ауылында ірі қара малдың бруцеллез ауруы бойынша шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.