Об утверждении Санитарных правил «Санитарно-эпидемиологические требования к организации и проведению санитарно-противоэпидемических, санитарно-профилактических мероприятий по предупреждению инфекционных заболеваний (туберкулез)» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Инфекциялық аурулардың (туберкулез) алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес ««Инфекциялық аурулардың (туберкулез) алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы
Басқа 0. «Инфекциялық аурулардың (туберкулез) алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2022 жылғы 28 наурыздағы № ҚР ДСМ -29 бұйрығына қосымша «Инфекциялық аурулардың (туберкулез) алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Инфекциялық аурулардың (туберкулездің) алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес әзірленген және инфекциялық аурулардың (туберкулездің) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
Тармақша 1
1) байланыста болған адам – инфекция қоздырғышының көзімен байланыстағы және (немесе) байланыста болған адам;
Тармақша 2
2) инфекциялық немесе паразиттік ауру ошағы (бұдан әрі – ошақ) –инфекциялық немесе паразиттік аурумен ауыратын науқастың оны қоршаған аумағымен, инфекция қоздырғышы науқастан сезімтал адамдарға беруге қабілетті шектерде болатын орын;
Тармақша 3
3) қақырық микроскопиясының оң нәтижесі бар өкпе туберкулезі (бұдан әрі – бактерия бөлу) – ем жүргізілгенге дейін қақырық жағындысының микроскопиясы кезінде кемінде бір порцияда қышқылға төзімді бактериялар анықталған;
Тармақша 4
4) Манту сынамасы – ерекше диагностикалық тест, екі халықаралық туберкулин бірлігі бар теріішілік туберкулин Манту сынамасы (бұдан әрі – Манту сынамасы);
Тармақша 5
5) туберкулез – бұл туберкулездің микобактериялары тудыратын және науқас адамнан сау адамға өкпе тінінде басым оқшаулаумен сөйлегенде, жөтелгенде және түшкіргенде ауа арқылы берілетін инфекциялық ауру;
Тармақша 6
6) туберкулез инфекциясының ошағы – бактерия бөлетін туберкулезбен ауыратын науқастың тұратын (жеке үй, пәтер, жатақханадағы бөлме), оқитын, жұмыс істейтін, демалатын орны;
Тармақша 7
7) флюорографиялық, рентгенологиялық зерттеп-қарау – флюорографиялық немесе рентгенологиялық аппараттармен диагностикалық зерттеулер;
Тармақша 8
8) эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша зерттеп-қарау – белгілі бір аумақтағы, халықтың жекелеген топтары арасындағы эпидемиологиялық жағдайға негізделген инфекциялық немесе паразиттік ауру туралы алынған ақпараттың негізінде және инфекциялық немесе паразиттік ауру жағдайына эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізу кезінде (жұқтыру қаупі факторларын, берілу жолдарын анықтау және санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін) зерттеп-қарау.
Тарау 2. 2-тарау. Инфекциялық аурулардың (туберкулез) алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар.
2-тарау. Инфекциялық аурулардың (туберкулез) алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар.
Тармақ 3
3. Туберкулездің алдын алу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық іс-шаралар меншік нысанына, ведомстволық тиесілігіне және медициналық көмек көрсету деңгейіне қарамастан медициналық ұйымдардың барлық мамандықтағы медицина қызметкерлері жүзеге асыратын:
Тармақша 1
1) пациенттің медициналық көмекке жүгінуі кезінде;
Тармақша 2
2) стационарлық және мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде;
Тармақша 3
3) медициналық қарап-тексеруді жүргізу кезінде;
Тармақша 4
4) диагностикалық сынамалар және туберкулезге қарсы иммундау жүргізу кезінде науқастарды анықтауды қамтиды.
Тармақ 4
4. Медициналық ұйымға туберкулезбен сырқаттануын көрсететін симптомдары бар пациенттер жүгінген кезде меншік нысанына, ведомстволық тиесілігіне және медициналық көмек көрсету деңгейіне қарамастан медициналық ұйымдардың мамандары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-214/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21695 болып тіркелген) (бұдан әрі – ҚР ДСМ-214/2020 бұйрық) бекітілген Туберкулез профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес рентгенологиялық және бактериологиялық зерттей отырып (қақырық жағындысын және патологиялық материалды молекулалық-генетикалық әдіспен зерттеу және микроскопия), толық клиникалық және құрал-саймандық зерттеп-қарау жүргізеді.
Тармақ 5
5. Зерттеп-қарау кезінде туберкулезбен сырқаттану ықтималдығын көрсететін белгілер анықталған кезде пациентке күнтізбелік үш күннің ішінде фтизиатр-дәрігердің консультациясы, оның ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 1 ақпандағы № ҚР ДСМ-12 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22151 болып тіркелген) бекітілген Қашықтықтан медициналық қызметтерді ұйымдастыру, ұсыну және ақы төлеу қағидаларына сәйкес телемедициналық консультациялар арқылы жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Науқасты уақтылы және толық зерттеп-қарауды жүргізуді бақылауды медициналық ұйым жіберген маман және фтизиатр-дәрігер жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Тұрғылықты жері анықталмаған адамдар туберкулезбен сырқаттануға күдікті болған жағдайда қақырықты молекулалық-генетикалық зерттеу жүргізілетін медициналық мекемелерде оқшауланады және «Туберкулез» диагнозы расталған кезде санитариялық автокөлікпен фтизиопульмонология орталығына (бұдан әрі – ФО) ауыстырылады.
Тармақ 8
8. Туберкулезбен ауыратын пациенттерді жұмысқа және оқуға жіберуге рұқсат беру туралы медициналық қорытындыны ФО-ның орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссиясы (бұдан әрі – ОДКК) ҚР ДСМ-214/2020 бұйрығына сәйкес береді.
Тармақ 9
9. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар, сондай-ақ медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) ұйымының фтизиатр-дәрігері емделуден бас тартқан, өз бетімен кетіп қалған және туберкулезбен ауыратын науқас емдеу режимін бұзған жағдайда оған ФО-да мәжбүрлеп емдеу тағайындау туралы мәселені шешу үшін ОДКК-ға жүгінеді.
Тармақ 10
10. ОДКК қорытындысы бойынша МСАК ұйымдары, оның ішінде ФО-ның бас дәрігері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 28 қазандағы № ҚР ДСМ-161/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21538 болып тіркелген) бекітілген Туберкулезбен ауыратын, мәжбүрлеп емдеуге жіберілген адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларына сәйкес мәжбүрлеп емдеуді тағайындау туралы науқасқа сотқа берілетін ұсынымға қол қояды.
Тармақ 11
11. Халықты профилактикалық медициналық қарап-тексеру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-264/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21820 болып тіркелген) бекітілген Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидаларына, көлемі мен мерзімділігіне сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 12
­12. Халықты жеке есепке алу деректері бойынша профилактикалық медициналық қарап-тексеруді жоспарлауды, ұйымдастыруды және есепке алуды және ақпараттық жүйеде флюорокартотеканы қалыптастыруды (амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйыммен және флюорография кабинетімен салыстыра отырып) санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелеріне осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жазбаша немесе электрондық нысанда халықты флюорографиялық зерттеп-қарау жоспарының орындалуы туралы ай сайынғы есептерді ұсына отырып, медициналық ұйымдардың басшылары қамтамасыз етеді.
Тармақ 13
13. Халықтың ауру тәуекелі жоғары және міндетті флюорографиялық зерттеп-қарауға жататын нысаналы топтары арасында флюорографиялық зерттеп-қарау жоспарын жасау терапиялық учаскелер бөлінісінде аумақтық-өндірістік қағидат бойынша және тіркелген халықтың тіркелімі бойынша ай сайын және өсімі бойынша жүргізіледі. Емхана бойынша флюорографиялық зерттеп-қарау жоспарын бір ай ішінде осы ұйымның басшысы бекітеді және ФО-ның басшысымен, денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органының және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің басшыларымен 5 жұмыс күні ішінде келісіледі.
Тармақ 14
14. «Туберкулез» диагнозын ОДКК растайды, ол пациентті ауруханаға жатқызу, бақылау және емдеу қажеттілігі туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 15
15. Балалардағы туберкулезді ерте анықтау мақсатында туберкулинмен теріішілік аллергиялық сынама (Манту сынамасы) және рекомбинантты туберкулез аллергені бар сынама қолданылады. Туберкулин диагностикасы және рекомбинантты туберкулез аллергені бар сынама қою № ҚР ДСМ-214/2020 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 16
16. Медициналық ұйымдардың басшылары балаларды жеке есепке алу деректері бойынша жүргізілген Манту сынамаларын (туберкулезді ерте анықтау мақсатында) жоспарлауды, ұйымдастыруды, уақтылы және толық есепке алуды, туберкулин диагностикасы нәтижелері бойынша фтизиатр-дәрігерге толық зерттеп-қарауға жіберілген балалардың уақтылы келуін және зерттеп-қаралуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 17
17. Медициналық ұйымдар Манту сынамасын қою жоспарының орындалуы туралы есепті ай сайын осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жазбаша немесе электрондық нысанда аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бөлімшелеріне ұсынады.
Тармақ 18
18. Туберкулезді ерте анықтау мақсатында флюорографиялық қарап-тексерулер № ҚР ДСМ-214/2020 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 19
19. Меншік нысанына, ведомстволық тиесілігіне және медициналық көмек көрсету деңгейіне қарамастан амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдардың медицина қызметкерлері:
Тармақша 1
1) аурудың клиникалық белгілері бар адамдар арасында молекулалық-генетикалық әдісті және қақырық жағындысының микроскопиясын және халықтың ауру тәуекелі жоғары және міндетті флюорографиялық зерттеп-қарауға жататын нысаналы топтары арасында флюорография әдісін пайдалана отырып, туберкулезді ерте анықтауды;
Тармақша 2
2) латентті туберкулез инфекциясын анықтауды;
Тармақша 3
3) бақыланатын емдеуді жүргізуді;
Тармақша 4
4) халық арасында туберкулездің алғашқы белгілері және оның алдын алу әдістері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Меншік нысанына, ведомстволық тиесілігіне және медициналық көмек көрсету деңгейіне қарамастан амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдардың медицина қызметкері қақырықты жинауды және оны зерттеу үшін зертханаға уақтылы жеткізуді жүзеге асырады. Қақырық жинауды ФО-да оқыған және жыл сайын қақырық жинау бойынша қайта даярлаудан өтетін медицина қызметкері жүргізеді.
Тармақ 21
21. Халық арасында флюорография әдісімен туберкулезді анықтау 15 жастан бастап жүргізіледі. Қалалық жерлерде флюорографиясы оң нәтижелі болған адамды толық тексеру кезеңі екі аптадан аспайды, ауылдық жерлерде – бір ай болады.
Тармақ 22
22. Меншік нысанына, ведомстволық тиесілігіне және медициналық көмек көрсету деңгейіне қарамастан амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарда және стационарлық жағдайларда флюорографиялық түсірімді және рентген түсірімді талдау ақпараттық жүйеге нәтижелерін енгізе отырып, медициналық ұйым басшысының бұйрығына сәйкес үш жұмыс күні ішінде екі кезеңде (екі рет оқу) жүргізіледі. Жеке медициналық кітапшалардағы жұмысқа рұқсат қайта (екінші) оқу нәтижесі негізінде қойылады.
Тармақ 23
23. Барлық босанған әйелдер босандыру ұйымында болған кезең ішінде шығарылған сәтке дейін флюорография әдісімен туберкулезге тексерілуге жатады. Босандыру ұйымдарының басшылары босанудан кейінгі кезеңде туберкулезге күдікті әйелдерді жеке палатаға уақтылы оқшаулауды, туберкулезді растау немесе жоққа шығару мақсатында қосымша зерттеулер мен фтизиатр-дәрігердің консультациясын жүргізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 24
24. Әрбір бөлімшеде, медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында, амбулаториялық және стационарлық көмек көрсететін мекемелерде қақырық жинауға арналған бөлме бөлінеді. Қақырықты жинау бөлмесінде тікелей қақырық жинау үшін пайдаланылатын үй-жайдың бір бөлігі бүкіл биіктігі бойынша жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді материалдан жасалған қалқамен бөлінеді. Қақырықты жинау бөлмесі бактерицидті экрандалған сәулелегіштермен, ингалятормен, антисептикалық сабыны және антисептик ерітіндісі бар дозаторы бар қол жууға арналған раковинамен және қағаз немесе электр сүлгілермен, дезинфекциялық ерітіндісі бар сыйымдылықтармен, таза контейнерлерге және қақырығы бар контейнерлерге арналған сыйымдылықтармен жарақталады, үй-жайлардың ауа алмасу жиілігі сағатына кемінде он екі рет жергілікті желдету жүйесімен, патологиялық материалдың үлгілерін сақтауға арналған тоңазытқышпен жабдықталады. Қақырық жинау бөлмесінің есігінде пациенттердің немесе науқастың туыстарының кіруіне тыйым салатын және медицина қызметкерлеріне бөлмеге кірерде арнайы маска - респиратор тағу керектігін ескертетін белгі болуы керек. Ауа алмасу жиілігі сағатына 24 көлемнен кем емес механикалық сору желдеткішімен, сөйлесу құрылғысымен және мөлдір тереземен жабдықталған «жөтел» кабинасында қақырық алуға жол беріледі. Қақырық алу бөлмесінен контаминацияланған ауаны шығару ғимарат шатырынан кемінде 0,7 метр биіктікте тұрғын емес аймаққа жүзеге асырылады немесе жұқа тазалау сүзгісі арқылы тазартылады. Егер арнайы бөлме болмаса, қақырықты жинау үй-жайдан тыс, ашық ауада, арнайы бөлінген жерде жүргізіледі.
Тармақ 25
25. Туберкулезге қарсы ұйымдардың (бөлімшелердің) бактериологиялық зертханасында микроскопиялық зерттеулерді орындау үшін үш жеке секция көзделеді:
Тармақша 1
1) екі бөлікке бөлінген үстелі бар жағындыларды дайындау және бояу үшін: биологиялық сору шкафында жағындыларды дайындау және жағындыларды бояу үшін;
Тармақша 2
2) микроскопия үшін;
Тармақша 3
3) препараттарды тіркеу және сақтау үшін.
Тармақ 26
26. ФО-ның персоналы жұқтыру тәуекелі жоғары жерлерде қорғау дәрежесі жоғары респираторларды пайдаланады (кемінде 94,0 пайыз (бұдан әрі – %). Респираторлар 8 сағат бойы пайдаланылады. Бетке тығыз жанаспайтын, сүзгісі бұзылған, қанмен немесе биологиялық материалдармен ластанған респираторлар пайдаланылмайды.
Тармақ 27
27. Профилактикалық егулерді жоспарлауды, ұйымдастыруды және жүргізуді «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 98-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және № ҚР ДСМ-214/2020 бұйрығына сәйкес медициналық ұйымдар жүргізеді.
Тармақ 28
28. Туберкулезге қарсы профилактикалық егулердің жоспарын және медициналық ұйымдарды медициналық иммундық-биологиялық препараттармен қамтамасыз етуді медициналық ұйымдардың басшылары бекітеді, денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарымен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерімен 5 жұмыс күні ішінде келісіледі.
Тармақ 29
29. Профилактикалық егулер жоспарын егу жұмыстарын жүргізуге жауапты босандыру ұйымдарының және тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымдардың, білім беру ұйымдары мен әлеуметтік мекемелердің (балалар үйі, интернаттық ұйымдар) медицина қызметкерлері жасайды.
Тармақ 30
30. Профилактикалық егулерді жоспарлау кезінде білім беру ұйымдарына, балалар үйлеріне, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарына, интернаттық ұйымдарға баратын балаларды есепке алу ведомстволық тиесілігіне және меншік нысанына қарамастан жылына бір рет жүргізіледі.
Тармақ 31
31. АИТВ инфекциясын жұқтырған аналардан туған нәрестелерді туберкулезге қарсы вакцинациялау Кодекстің 94-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес қабылданған нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес және № ҚР ДСМ-214/2020 бұйрыққа сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 32
32. Туберкулезбен ауыратын науқастарды есепке алуды және тіркеуді Кодекстің 105-бабына сәйкес денсаулық сақтау субъектілері жүргізеді. Туберкулездің әрбір жағдайы № ҚР ДСМ-214/2020 бұйрыққа сәйкес Туберкулезбен ауыратын науқастардың ұлттық тіркелімі медициналық ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ТАНҰТ АЖ) тіркеледі және есепке алынады.
Тармақ 33
33. Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар, еңбекші көшіп-қонушылар және оларда алғаш рет туберкулездің белсенді түрі анықталған кезде Қазақстан Республикасының аумағында болған адамдар есепке алынады.
Тармақ 34
34. Туберкулезбен ауыратын науқастарды есепке алу мен тіркеуді денсаулық сақтау субъектілері Кодекстің 105-бабына сәйкес жүргізеді.
Тармақ 35
35. Оқшаулаудың барлық нысанындағы туберкулез диагнозы қойылған әрбір науқасқа Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 26 қазандағы № ҚР ДСМ-153/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21532 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-153/2020 бұйрық) Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға инфекциялық аурулар, улану оқиғалары туралы ақпарат (шұғыл хабархат) беру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес шұғыл хабархат толтырылады, ол күнтізбелік үш күнде ФО-ға (бөлімше, кабинет) және аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бөлімшесіне жіберіледі. Өлімге себепші болған «Белсенді туберкулез» диагнозы қайтыс болғаннан кейін қойылған жағдайда, сондай-ақ белсенді туберкулез анықталған барлық жағдайларда диагнозды фтизиатр-дәрігердің растауы ұсынылады және шұғыл хабархат № ҚР ДСМ-153/2020 бұйрықпен көзделген тәртіппен аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бөлімшесіне жіберіледі.
Тармақ 36
36. Бактерия бөлетін науқастар анықталған кезде, сондай-ақ тірі кезінде есепте тұрмаған науқастар туберкулезден қайтыс болған жағдайда, № ҚР ДСМ-153/2020 бұйрықпен бекітілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес шұғыл хабарлама толтырылады, ол 24 сағат ішінде науқастың тұрғылықты жері бойынша аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бөлімшесіне жіберіледі.
Тармақ 37
37. Туберкулезбен ауыратын науқастардың барлық өлім жағдайлары есепке алынуға және тіркелуге жатады.
Тармақ 38
38. Фтизиатр-дәрігер науқаста алғаш рет ауру анықталған кезде туберкулез диагнозының дұрыстығын бақылауды және сол жерде туберкулез ауруының жаңа жағдайын есепке алу және тіркеу қажеттілігі туралы түпкілікті шешім қабылдауды жүзеге асырады.
Тармақ 39
39. Туберкулез ошақтарын жіктеу бактерия бөлу қарқындылығын ескере отырып жүргізіледі.
Тармақ 40
40. Бактерия бөлу қарқындылығы мыналарға бөлінеді:
Тармақша 1
1) қышқылға төзімді бактериялардың нақты мөлшерінен 1+ дейін орташа бактерия бөлу;
Тармақша 2
2) жаппай бактерия бөлу (2+ 3+ дейін).
Тармақ 41
41. Туберкулез ошақтарының бірінші эпидемиологиялық тобына мыналар жатады:
Тармақша 1
1) жаппай бактерия бөлетін науқастар тұратын ошақтар;
Тармақша 2
2) балалар мен жасөспірімдер, жүкті әйелдер, психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолданумен байланысты психикасының, мінез-құлқының бұзылулары (аурулары) бар адамдар бар орташа бактерия бөлетін науқастар тұратын ошақтар;
Тармақша 3
3) санитариялық-гигиеналық жағдайлары қанағаттанарлықсыз, өмір сүру деңгейі төмен ошақтар жатады. Екінші эпидемиологиялық топқа ошақта қанағаттанарлық санитариялық-гигиеналық жағдайлар болған және ошақта балалар мен жасөспірімдер, жүкті әйелдер болмаған кезде орташа бактерия бөлетін туберкулезбен ауыратын науқастар, психикаға белсенді әсер ететін заттарды пайдалануға байланысты психикасы, мінез-құлқы бұзылулары (аурулары) бар адамдар тұратын туберкулез ошақтары жатады. Үшінші эпидемиологиялық топқа мыналар кіреді:
Тармақша 1
1) туберкулезбен ауыратын науқас бактерия бөлуді тоқтатқан, кеткен, тұрақты тұратын жерін ауыстырған немесе бактерия бөлетін туберкулезбен ауыратын науқас қайтыс болған кезден бастап туберкулез ошақтары;
Тармақша 2
2) туберкулезбен ауыратын ауыл шаруашылығы жануарлары анықталған туберкулез ошақтары. Туберкулез ошақтарының үшінші тобы арасында байланыста болған адамдарды бір жыл бойы бақылайды.
Тармақ 42
42. Туберкулез инфекциясы ошағындағы санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) туберкулезбен ауыратын науқасты туберкулезге қарсы препараттармен емдеу және бактерия бөлетін туберкулезбен ауыратын науқасты стационарлық жағдайда оқшаулау;
Тармақша 2
2) науқас анықталған күннен бастап үш апта мерзімде байланыста болған адамдарды бастапқы зерттеп-қарау (клиникалық-рентгенологиялық, Манту сынамасын қою, туберкулез рекомбинантты аллергені бар тест, молекулалық-генетикалық әдіспен зерттеу);
Тармақша 3
3) көрсетілімдер бойынша байланыста болған адамдарға № ҚР ДСМ 214/2020 бұйрыққа сәйкес латентті туберкулез инфекциясына профилактикалық емдеу жүргізу;
Тармақша 4
4) дезинфекциялауды ұйымдастыру және жүргізу;
Тармақша 5
5) медицина қызметкерлерінің (оның ішінде фтизиатр дәрігерлері) науқастар мен олардың отбасы мүшелерін санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-гигиеналық режимдерді сақтау, инфекция жұқтырудың алдын алуға бағытталған қорғау шаралары, ағымдағы дезинфекция жүргізу бойынша санитариялық оқыту.
Тармақ 43
43. Ошақ эпидемиологиялық есептен науқастың емінің «емі аяқталды», «емделді», «қайтыс болды» нәтижесі болғанда және науқас ошақтан кеткен кезде алынады.
Тармақ 44
44. Байланыста болған адамдарды МСАК көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында ошақты эпидемиологиялық есептен шығарғаннан кейін бір жыл бойы медицина қызметкерлері бақылайды. Эпидемиологиялық есептен шығару алдында байланыста болған адамдар зерттеп-қараудан өтеді.
Тармақ 45
45. Туберкулез ошақтарында ошақтың эпидемиологиялық тобына сәйкес санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі. Ошақтарға МСАК фтизиатрларымен және аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бөлімшелерінің мамандарымен бірлесіп:
Тармақша 1
1) бірінші эпидемиологиялық топтың ошағына тоқсанына бір реттен сиретпей;
Тармақша 2
2) екінші эпидемиологиялық топтың ошағына жарты жылда бір реттен сиретпей;
Тармақша 3
3) үшінші эпидемиологиялық топтың ошағына жылына бір реттен сиретпей барады.
Тармақ 46
46. Ошақта оның қауіптілігін төмендететін немесе арттыратын жағдайлар өзгерген кезде туберкулез ошағын топтан топқа ауыстыруды аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бөлімшелерінің мамандары МСАК-тың фтизиатрымен бірлесіп жүзеге асырады.
Тармақ 47
47. Туберкулезбен ауыратындардың санын ТАНҰТ АЖ-да есепте туберкулезбен ауыратындардың нақты санымен салыстыруды ФО фтизиатрлары және аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бөлімшелерінің мамандары ай сайын жүргізеді. МСАК және ФО фтизиатрлары ай сайын аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бөлімшелеріне туберкулезбен ауыратын науқастар туралы деректерді жібереді және туберкулез бойынша есептілікке салыстырып тексеру жүргізеді.
Тармақ 48
48. Туберкулез ошақтарына әрбір бару нәтижелері «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-84 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24082 болып тіркелген) (бұдан әрі – ҚР ДСМ-84 бұйрық) бекітілген № 278/е нысаны бойынша эпидемиологиялық зерттеп-қарау картасында көрсетіледі.
Тармақ 49
49. Ошақтағы санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар бастапқы, ағымдағы және қорытынды болып бөлінеді.
Тармақ 50
50. Бастапқы іс-шаралар бактерия бөлетін туберкулезбен ауыратын науқасты дайындалған медицина қызметкерінің тікелей бақылауымен оқшаулауды және емдеуді, қорытынды дезинфекциялау жүргізуді және бақылауды, туберкулезбен ауыратын науқаспен байланыста болған адамдарды анықтауды және оларды ТАНҰТ АЖ -ға есепке қоя отырып, зерттеп-қарауды қамтиды.
Тармақ 51
51. Науқасты бактерия бөлетін науқас ретінде есепке алғаннан кейін алғашқы үш жұмыс күні ішінде аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бөлімшесінің бейінді маманы МСАК-тың фтизиатрларымен бірлесіп № ҚР ДСМ-84 бұйрыққа сәйкес № 278/е нысан бойынша «Туберкулездің бациллярлық нысанының ошағын эпидемиологиялық тексеру картасын» толтыра отырып, ошаққа бастапқы эпидемиологиялық зерттеп-қарау жүргізеді.
Тармақ 52
52. Ошақты алғашқы зерттеп-қарау кезінде науқас және оның отбасы мүшелері (туыстары, таныстары, достары, көршілері) туралы мәліметтерді, оның ішінде науқастың жұмыс орны мен сипатын, оларды есепке қою үшін байланыста болған адамдардың тізімін анықтайды. Байланыста болған адамдардың тізімі соңғы үш ай ішінде науқаспен байланыста болған адамдарды ескере отырып нақтыланады.
Тармақ 53
53. Туберкулезбен ауыратын науқастар тіркелген әр жағдайда (өкпеден тыс туберкулезді қоспағанда) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бөлімшесінің бейінді маманы МСАК, ФО фтизиатр-дәрігерімен және осы ұйымның медицина қызметкерімен және оның басшысымен бірлесіп «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тергеп-тексерулер жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 69 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34998 болып тіркелген) сәйкес эпидемиологиялық тергеп-тексеру актісін жасай отырып, науқастың жұмыс (оқу) орны бойынша эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізеді.
Тармақ 54
54. Эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізуге санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бейінді мамандары тартылады.
Тармақ 55
55. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдардың медицина қызметкерлері және МСАК-тың фтизиатрлары науқасты және отбасы мүшелерін туберкулезді жұқтырудың алдын алуға бағытталған қорғау шараларына оқытады.
Тармақ 56
56. МСАК ошағын тексергеннен кейін МСАК-тың медицина қызметкерлері оны сауықтыру жоспарын жасайды, ол мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) бактерия бөлетін адамды уақтылы оқшаулау және науқасты бақыланатын емдеу;
Тармақша 2
2) байланыста болған адамдарға көрсетілімдер бойынша № ҚР ДСМ 214/2020 бұйрыққа сәйкес латентті туберкулез инфекциясын профилактикалық емдеуді жүргізу;
Тармақша 3
3) тұрудың санитариялық-гигиеналық жағдайларын жақсарту;
Тармақша 4
4) байланыста болған адамдарды тексеру;
Тармақша 5
5) байланыста болған ересектер мен науқасты санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-гигиеналық режимдерді сақтауға, бірінші кезекте үй-жайларды желдетуге, ағымдағы дезинфекция жүргізуге үйрету;
Тармақша 6
6) науқас (бактерия бөлетін адам) пен оның отбасы мүшелеріне әлеуметтік, психологиялық және ақпараттық қолдау көрсету;
Тармақша 7
7) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарын санитариялық-гигиеналық жағдайы қанағаттанарлықсыз ошақтар және ошақты сауықтыру үшін талап етілетін әлеуметтік және материалдық көмек көрсету қажеттілігі туралы хабардар ету.
Тармақ 57
57. Науқасқа «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы) бекітілген ТБ 082/е нысаны бойынша «Диспансерлік контингентті бақылау картасы» толтырылады.
Тармақ 58
58. Ауылдық жерлерде ошақтағы жұмысты амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдардың медицина қызметкерлері жүргізеді.
Тармақ 59
59. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарда ұйымдастыру-консультациялық жұмысты МСАК-тың фтизиатрлары тоқсан сайын ФО мамандарын тартады.
Тармақ 60
60. Ошақта ағымдағы іс-шаралар туберкулезбен ауыратын науқас үйде болған кезде жүргізіледі. Бұл іс-шаралар санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық, емдік, ветеринариялық (келісу бойынша) іс-шараларды жүйелі жоспарлы жүргізуден тұрады.
Тармақ 61
61. Туберкулез ошағында:
Тармақша 1
1) ағымдағы дезинфекция;
Тармақша 2
2) балаларды, оның ішінде жаңа туған нәрестелерді және АИТВ инфекциясын жұқтырған адамдарды оқшаулау;
Тармақша 3
3) байланыста болған адамдарды тексеру;
Тармақша 4
4) науқас пен оның отбасы мүшелерін гигиеналық тәрбиелеу;
Тармақша 5
5) №ҚР ДСМ 214/2020 бұйрыққа сәйкес көрсетілімдер бойынша науқасты амбулаторлық емдеуді бақылау және байланыста болған адамдарда латентті туберкулез инфекциясын профилактикалық емдеу;
Тармақша 6
6) бактерия бөлетін туберкулез ошағында қорытынды дезинфекция жүргізу.
Тармақ 62
62. Ошақты сауықтыру бойынша жұмысты фтизиатр-дәрігердің басшылығымен МСАК мейіргері жүргізеді.
Тармақ 63
63. Байланыста болған адамдар амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымның фтизиатр-дәрігерінде мерзімді зерттеп-қараудан өтеді. Дәрігер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 25 тамызда № 11940 болып тіркелген) (бұдан әрі – ветеринариялық қағидалар) бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың 11-тарауының 1-параграфы 96-тармағы 7) тармақшасына сәйкес байланысты болған адамдарды және бірінші кезекте балаларды, жасөспірімдер мен жүкті әйелдерді, сондай-ақ туберкулезбен ауыратын ауыл шаруашылығы жануарларымен байланыста болған адамдарды зерттеп-қарау бойынша жұмысты жүргізеді.
Тармақ 64
64. Туберкулез инфекциясы ошағындағы қорытынды санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шара ошақты эпидемиологиялық есептен шығаруды көздейді.
Тармақ 65
65. Ошақтарға барған кезде медицина қызметкерлері инфекциялық бақылау шараларын сақтайды (сүзгісі бар тығыз жанасатын респиратор, медициналық халат киеді және жеке гигиенаны сақтайды).
Тармақ 66
66. Туберкулезбен ауыратын науқас туралы хабарламаны алғаннан кейін (өкпеден тыс туберкулезді қоспағанда) күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей МСАК, ФО фтизиатр-дәрігері және аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бөлімшесінің бейінді маманы санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мамандарын тарта отырып, жұмыс (оқу) орнына эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізеді. Фтизиатр-дәрігерлермен және МСАК қызметкерлерімен бірлесіп байланыста болған адамдар тобын және ошақтың шекарасын аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бөлімшесінің бейінді маманы айқындайды.
Тармақ 67
67. Жұмыс (оқу) орны бойынша байланыста болған адамдар қатарына туберкулездің белсенді түрімен ауыратын науқаспен қарым-қатынаста болған жұмысшылар, қызметшілер және оқушылар жатады. Барлық байланыста болған адамдарды жұмыс (оқу) орны бойынша амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарда тексереді.
Тармақ 68
68. Зерттеп-қарау кезінде жұмысшылардың, балалар мен жасөспірімдердің тізімдік құрамы, өткен және ағымдағы жылдардағы флюорографиялық тексерулердің, туберкулин сынамаларының күні мен нәтижелері нақтыланады, ошақтың шекарасын анықталады және санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар әзірленеді.
Тармақ 69
69. Алдыңғы зерттеп-қарау сәтінен бастап алты ай өткен байланыста болған адамдарға флюорографиялық зерттеп-қарау және туберкулин сынамасы, аллергені бар туберкулез рекомбинантты балаларға тест эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша жүргізіледі. Фтизиатр-дәрігер көрсетілімдер бойынша профилактикалық емдеуді тағайындайды, № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген ТБ 082/е нысан бойынша «Диспансерлік контингентті бақылау картасын» толтырады.
Тармақ 70
70. Аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бөлімшесінің бейінді маманы барлық байланыста болған адамдар туралы мәліметтерді зерттеп-қарау үшін меншік нысанына, ведомстволық тиесілігіне және медициналық көмек көрсету деңгейіне қарамастан тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымға және МСАК-тың фтизиатрына береді.
Тармақ 71
71. Туберкулезді профилактикалық емдеу № ҚР ДСМ-214/2020 бұйрыққа сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 72
72. Соматикалық, инфекциялық, медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) және психикалық денсаулық орталықтарында емделіп жатқан науқастарда туберкулездің белсенді түрі диагнозы қойылған кезде санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың бастапқы кешенін осы ұйымдардың персоналы жүзеге асырады.
Тармақ 73
Тармақ 74
74. Туберкулезбен ауыратын науқастарды диспансерлік есепке алу және бақылау № ҚР ДСМ-214/2020 бұйрыққа сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 75
75. Туберкулез ошақтарында ағымдағы дезинфекциялауды науқас ауруханаға жатқызылғанға дейін немесе науқас ауруханаға жатудан бас тартқан жағдайда, бөлінділерін, жеке түкіргіштерін, тамақ қалдықтарын, жеке керек-жарақтарын, ыдыстарын дезинфекциялық ерітіндіге батыру, сондай-ақ үй-жайларды жылдың жылы мезгілінде тұрақты және жылдың суық мезгілінде әр сағат сайын 5-10 минуттан желдету арқылы жүргізеді. Іс-шаралар «Бактерия бөлетін туберкулез» диагнозы анықталған және науқасты есепке алған сәттен бастап санитариялық-гигиеналық, санитариялық-эпидемияға қарсы және дезинфекциялық режимдерді сақтауды көздейді.
Тармақ 76
76. Науқас ауруханаға жатудан бас тартқан жағдайда, үйде инфекциялық бақылау шараларын сақтау мүмкіндігі болған кезде ошақта ағымдағы дезинфекциялауды науқастардың өздері жүзеге асырады, МСАК ұйымы науқастарға пайдалануға тығыз жабылатын қақпағы бар қақырықты жинауға арналған контейнерлер (кемінде екі) және қолдануға рұқсат етілген немесе Қазақстан Республикасында рұқсат етілген құралдардың бірыңғай тізіліміне енгізілген дезинфекциялау құралдарын береді. № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 052/е нысан бойынша амбулаториялық пациент картасында науқастың учаскелік дәрігері ағымдағы дезинфекция жүргізу және аяқтау күнін белгілейді. Ағымдағы дезинфекциялауды жүргізу науқасқа немесе отбасы мүшелерінің біріне (балалар мен жасөспірімдерден басқа) тапсырылады.
Тармақ 77
77. МСАК-тың фтизиатр-дәрігері науқасты санитариялық-гигиеналық режимге: бір рет қолданылатын маскаларды пайдалануға, қақырықты жинауға арналған контейнерлерге түкіріп тастауға және ағымдағы дезинфекция жүргізуге оқытады.
Тармақ 78
78. МСАК ұйымының басшысы туберкулез инфекциясының ошағында, бактерия бөлінетін туберкулездің жаңа жағдайлары тіркелген кезде тіркелген сәттен бастап 24 сағаттан кешіктірмей уақтылы және сапалы ағымдағы дезинфекциялауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 79
79. Фтизиопульмонологиялық стационарларда болған кезде науқастың сыртқы киімін арнайы үй-жайда сақтайды. Науқас күндізгі серуендеу кезінде сыртқы киімін пайдаланады.
Тармақ 80
80. Науқас фтизиопульмонологиялық стационардан шығарылғаннан кейін төсек жабдықтарын (жастықтар, матрацтар, көрпелер) дезинфекциялау камераларында зарарсыздандырады.
Тармақ 81
81. Үй-жайлар мен тұрмыстық заттар дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, күн сайын ылғалды тазаланады.
Тармақ 82
82. Түкіргіштерді жинауды, зарарсыздандыруды және беруді арнайы бөлінген үй-жайда жеке қорғаныш құралдарын қолдана отырып, дайындалған персонал жүзеге асырады.
Тармақ 83
83. Пайдаланылған асхана ыдыстарын буфеттегі таңбаланған үстелге қолғаппен жинайды, оны тамақ қалдықтарынан босатады, алдын ала жумай бөлек ыдыстарда зарарсыздандырады, содан кейін жуады және кептіру шкафында немесе жеке үстелде кептіреді. Ыдысты ауа стерилизаторында зарарсыздандырады. Пайдаланылған ыдысты жинағаннан кейін үстелдерді дезинфекциялау ерітіндісіне батырылған шүберекпен сүртеді.
Тармақ 84
84. Тамақ қалдықтары ыдысқа (шелек, бак) жиналады, 1:5 қатынасында құрғақ дезинфекциялау құралы себіледі.
Тармақ 85
85. Лас киім-кешектерді сұрыптау қабырғалары 1,5 метр биіктікке кафель төселген және механикалық сору-сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталған бөлмеде арнайы киіммен, респиратормен, қолғаппен, резеңке аяқ киіммен жүргізіледі.
Тармақ 86
86. Киім-кешек клеенка қаптарға жиналады, кір жуатын орынға жөнелтіледі. Жеке кір жуатын орын болмаған жағдайда, киім-кешекті кір жуатын орынға жөнелту алдында алдын ала зарарсыздандырады және белгіленген күндері жеке машиналарда жуады.
Тармақ 87
87. Ауыр жағдайларды қоспағанда, бактерия бөлетін стационарлық науқастарға баруға жол берілмейді. Бұл ретте келушілер жеке қорғаныш құралдарын (респиратор, халат) пайдаланады. Науқастар фтизиопульмонологиялық ауруханадан медицина персоналының рұқсатымен ғана шығады.
Тармақ 88
88. ФО-да барлық қайта бейіндеу, көшу, реконструкциялау, жөндеу жағдайларында дезинфекциялық құралдардың бірімен қорытынды дезинфекциялауды, сондай-ақ жылына бір рет профилактикалық мақсатта жүргізеді. Жабылатын туберкулезге қарсы стационарлардың ғимараттарын қорытынды дезинфекциялау және күрделі жөндеу жүргізілгеннен кейін қоғамдық ғимараттарды орналастыру үшін пайдалануға рұқсат етіледі.
Тармақ 89
89. Ошақтарда қорытынды дезинфекциялауды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның мамандарынан өтінім алған уақыттан бастап ауруханаға жатқызылған, оқшауланған, сауыққан немесе қайтыс болған кезден бастап бір тәулік ішінде дезинфекциялауды жүзеге асыратын ұйымдар жүргізеді. Қорытынды дезинфекция бактерия бөлетін туберкулез жағдайлары тіркелген кезде ошақта жүргізіледі.
Тармақ 90
90. Қорытынды дезинфекциялауды науқас ошақтан шыққан және үйде қайтыс болған, тұрғылықты жері өзгерген кезде, көшкеннен кейін (пәтерлерді немесе бөлмені заттарымен өңдеу) барлық жағдайларда жүзеге асырады. Төсек жабдықтары (матрацтар, жастықтар, көрпелер) камералық дезинфекция әдісімен зарарсыздандырылады.
Тармақ 91
91. Аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бөлімшелері:
Тармақша 1
1) ФПҰ-мен бірлесіп туберкулезге қарсы күрес жөніндегі өңірлік бағдарламаларды дайындауды;
Тармақша 2
2) туберкулезге қарсы екпелер мен егілген контингенттер туралы мемлекеттік есепке алу және есептілікті жүргізеді;
Тармақша 3
3) медициналық ұйымдарға екпелерді және туберкулин сынамаларын, туберкулезді рекомбинантты аллергені бар тестілерді жоспарлауда, «Кальметт-Герен бацилласы» вакцинасына (бұдан әрі – БЦЖ вакцинасы), Манту сынамасына арналған туберкулинге және туберкулезді рекомбинантты аллергенге қажеттілікті айқындауда әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
Тармақша 4
4) БЦЖ вакцинасын, туберкулинді және туберкулезді рекомбинантты аллергенді тасымалдауды, сақтауды және есепке алуды бақылауды;
Тармақша 5
5) медициналық қарап-тексерулердің уақтылы жүргізілуін, бактерия бөлетін науқастардың уақтылы емдеуге жатқызылуын, эпидемиологиялық топқа сәйкес туберкулез ошағында санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың жүргізілуін, ФО-да және МСАК-та санитариялық-эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылауды;
Тармақша 6
6) ветеринариялық қағидаларға сәйкес шаруашылықтар мен фермаларда санитариялық-профилактикалық іс-шараларды орындай отырып, туберкулез бойынша қолайсыз шаруашылықтарда жануарларға қызмет көрсетуді жүзеге асыратын адамдардың ауру жұқтыруының алдын алу жөніндегі іс-шаралардың сақталуын, мал шаруашылығы қызметкерлерінің еңбегінің қорғалуын бақылауды;
Тармақша 7
7) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарымен өзара іс-қимыл жасауды;
Тармақша 8
8) ФО және медициналық ұйымдардың мамандарымен бірлесіп БЦЖ вакцинасымен, туберкулинмен және туберкулезді рекомбинантты аллергенмен жұмыс істеу, туберкулезге қарсы профилактикалық егулерді және туберкулин диагностикасын жүргізу, инфекциялық бақылау шараларын сақтау бойынша медицина қызметкерлерін даярлауды;
Тармақша 9
9) № ҚР ДСМ-153/2020 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес шұғыл хабарлама негізінде есепті жылы алғаш анықталған туберкулезбен ауыратын науқастарды есепке алуды;
Тармақша 10
10) ФО, медициналық ұйымдардың және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымдарының мамандарымен бірлесіп халық арасында туберкулездің профилактикасы шаралары туралы түсіндіру жұмысын;
Тармақша 11
11) туберкулез ауруы бойынша тәуекелі жоғары топтар арасында туберкулезді молекулалық-генетикалық зерттеумен, микроскопия, флюорография, туберкулин сынамасы және туберкулезді рекомбинантты аллергені бар тест әдісімен анықтауды ұйымдастыруды бақылауды;
Тармақша 12
Тармақша 13
13) типі, инфекциялық мәртебесі және дәрілерге төзімділіктің болуы бойынша туберкулезбен ауыратын науқастарды бөлек емдеуге жатқызуды бақылауды;
Тармақша 14
14) ішкі және сыртқы көшіп-қонушы еңбекшілерді жыл сайын флюорографиялық зерттеп-қарау қажеттілігі туралы жұмыс берушілердің ақпаратын жүргізеді.
Басқа 1
Инфекциялық аурулардың (туберкулез) алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 1-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Ұсынылады: аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бөлімшелеріне. Әкімшілік деректерді тегін негізде жинауға арналған нысан www.dsm.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Әкімшілік нысанның атауы: Халықты флюорографиялық зерттеп-қарау жоспарының орындалуы туралы есеп Әкімшілік деректерді тегін негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): _ ФГ_1__ бойынша есеп__ Кезеңділігі: ай сайын Есепті кезең: 20___ жылғы _____________ (айы) Әкімшілік деректерді тегін негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: Медициналық ұйымдар Әкімшілік деректерді тегін негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 4-ші күнінен кешіктірмей өсу қорытындысымен. БСН Жинау әдісі: қағаз немесе электрондық форматта № Ту­бер­ку­лез­ге мін­дет­ті жыл сай­ын­ғы флю­о­ро­гра­фи­я­лық зерт­теп қа­ра­у­ға жа­та­тын, оның ішін­де ДСМ-214/2020 ҚР бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген Ту­бер­ку­лез про­фи­лак­ти­ка­сы жө­нін­де­гі іс-ша­ра­лар­ды жүр­гі­зу қа­ғи­да­ла­ры­на сәй­кес ау­ру­дың тәу­е­ке­лі жо­ға­ры ны­са­на­лы топ­тың адам­да­ры ____ жы­л­ға жос­пар Өсу­мен есеп­ті ке­зең­де­гі жос­пар Өсу­мен жос­пар­дың орын­да­луы % Ту­бер­ку­лез­бен ауы­ра­тын на­у­қас анық­тал­ды % 1 2 3 4 5 6 7 8 Атауы ______________________ _______________________________ Мекенжайы _______________________ ____________________________ Телефон _____________________________________________________ Электрондық пошта мекенжайы_________________________________ Орындаушы __________________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы, телефон Басшы немесе оның міндетін атқаратын адам _____________________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), қолы Мөр орны (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын адамдарды қоспағанда) ________________________________________________________ «Халықты флюорографиялық зерттеп-қарау жоспарының орындалуы туралы есеп» әкімшілік деректерді тегін негізде жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме (индекс: _ ФГ_1__ бойынша есеп, нысанның кезеңділігі: ай сайын өсу қорытындысымен)
Тарау 1
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы әкімшілік деректерді тегін негізде жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме «Халықты флюорографиялық зерттеп-қарау жоспарының орындалуы туралы есеп» әкімшілік деректерді тегін негізде жинауға арналған нысанды (бұдан әрі - нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Аудан (қала) бойынша нысан медициналық ұйымдар (емханалар) бөлінісінде жасалады, медициналық ұйымдар терапевтік учаскелер, жалпы практика дәрігерлері, дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік пункттер бөлінісінде жасайды.
Тармақ 3
3. Толтырылған нысан ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 4-күнінен кешіктірілмей ұсынылады. Медициналық ақпараттық жүйе (бұдан әрі - МАЖ) немесе МАЖ-мен интеграцияланған басқа да ақпараттық жүйе болған кезде нысан электрондық түрде ресімделеді.
Тармақ 4
4. Нысанға тегі мен аты-жөні, сондай-ақ толтырылған күні көрсетіле отырып, басшының немесе оның міндетін атқаратын адамның қолы қойылады.
Тармақ 5
5. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.
Тармақ 6
6. Әкімшілік деректер нысанында пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
Тармақша 1
1) туберкулез – бұл туберкулез микобактериясы туғызатын және науқас адамнан сөйлеген, жөтелген және түшкірген кезде өкпе тінін басымдықпен оқшаулай отырып,сау адамға ауа жолдары арқылы берілетін инфекциялық ауру;
Тармақша 2
2) өкпе туберкулезі – бактериологиялық растамасы бар немесе өкпе паренхимасы немесе трахеобронхиалдық тармағы зақымданған клиникалық белгіленген диагнозы бар туберкулез;
Тармақша 3
3) өкпеден тыс туберкулез – барлық басқа ағзалар мен тіндердің туберкулезі (плевраның, лимфа түйіндерінің, іш қуысының, несеп-жыныс жүйесінің, терінің, буындар мен сүйектердің, бас және/немесе жұлын қабықтарының туберкулезі).
Тарау 2
2-тарау. Нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме
Тармақша 1
1) 1-бағанда реттік сан бойынша «№» нөмір толтырылады;
Тармақша 2
2) 2-бағанда әрбір жолда туберкулезге міндетті жыл сайынғы флюорографиялық зарттеп-қарауға жататын адамдардың, оның ішінде «тәуекел», «міндетті контингент» тобы адамдарының тізбесі және жеке «Жиыны» толтырылады;
Тармақша 3
3) 3-бағанда бір жыл ішінде флюорографиялық зерттеп-қарауға жоспарланған адамдардың саны толтырылады;
Тармақша 4
4) 4-бағанда есепті кезеңде өсу ретімен флюорографиялық зерттеп-қарауға жоспарланған адамдардың саны толтырылады;
Тармақша 5
5) 5-бағанда есепті кезеңде өсу ретімен флюорографиялық зерттеп-қаралған адамдардың саны абсолюттік санмен көрсетіледі;
Тармақша 6
6) 6-бағанда жоспарланғандар ішінде флюорографиялық зерттеп-қаралған адамдарды қамтудың үлес салмағы есептеліп, пайызбен көрсетіледі;
Тармақша 7
7) 7-бағанда анықталған туберкулезбен ауыратын науқастардың саны абсолюттік санмен көрсетіледі;
Тармақша 8
8) 8-бағанда флюорографиялық зерттеп-қараудан өткендер ішінен анықталған туберкулезбен ауыратын адамдардың үлес салмағы есептеліп, көрсетіледі.
Басқа 2
Инфекциялық аурулардың (туберкулез) алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 2-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Ұсынылады: аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бөлімшелеріне. Әкімшілік деректерді тегін негізде жинауға арналған нысан www.dsm.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Әкімшілік нысанның атауы: Манту сынамасын қою жоспарының орындалуы туралы есеп Әкімшілік деректерді тегін негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): Манту бойынша есеп _1_ Кезеңділігі: ай сайын Есепті кезең: 20___ жылғы _____________ (айы) Әкімшілік деректерді тегін негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: Медициналық ұйымдар Әкімшілік деректерді тегін негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 4-ші күнінен кешіктірмей өсу қорытындысымен БСН Жинау әдісі: қағаз немесе электрондық форматта № ҚД­СМ-214/2020 бұй­рық­қа сәй­кес Ман­ту сы­на­ма­сы бой­ын­ша зерт­теп-қа­ра­у­ға жа­та­тын кон­тин­гент ____ жы­л­ға жос­пар Өсу ре­ті­мен есеп­ті ке­зең­де­гі жос­пар Есеп­ті ай­да жос­пар­дың өсу ре­ті­мен орын­да­луы (%) қам­ту­дың үлес сал­ма­ғы (%) Ви­раж­бен және ги­пе­ре­рги­я­лық ре­ак­ци­я­мен анық­тал­ды «Ре­ком­би­нант­ты ту­бер­ку­лез­ді ал­лер­ген» пре­па­ра­ты­мен зерт­теп-қа­рал­ған Хи­мия-про­фи­лак­ти­ка­лық ем­де­умен қам­тыл­ды бар­лы­ғы % бар­лы­ғы % 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 Атауы ______________________ _______________________________ Мекенжайы _______________________ ____________________________ Телефон _______________________________________________________ Электрондық пошта мекенжайы___________________________________ Орындаушы ____________________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны Басшы немесе оның міндетін атқаратын адам____________________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), қолы Мөр орны (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын адамдарды қоспағанда) ________________________________________________________ «Манту сынамасын қою жоспарының орындалуы туралы есеп» әкімшілік деректерді тегін негізде жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме (индекс: Манту бойынша есеп _1_, нысанның кезеңділігі: ай сайын өсу қорытындысымен)
Тарау 1
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақша 1
1) Осы әкімшілік деректерді тегін негізде жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме «Манту сынамасын қою жоспарының орындалуы туралы есеп» әкімшілік деректерді тегін негізде жинауға арналған нысанды (бұдан әрі - нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.
Тармақша 2
2) Аудан (қала) бойынша нысан медициналық ұйымдар (емханалар) бөлінісінде жасалады, медициналық ұйымдар терапевтік учаскелер, жалпы практика дәрігерлері, фельдшерлік пункттердің дәрігерлік амбулаториялары, мектепке дейінгі балалар мекемелері мен мектептер бөлінісінде жасайды.
Тармақша 3
3) Толтырылған нысан ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 4-күнінен кешіктірілмей ұсынылады.
Тармақша 4
4) Нысанға тегі мен аты-жөні, сондай-ақ толтырылған күні көрсетіле отырып, басшының немесе оның міндетін атқаратын адамның қолы қойылады.
Тармақша 5
5) Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.
Тармақша 6
6) Әкімшілік деректер нысанында пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
Тармақша 1
1) рекомбинантты туберкулезді аллерген – стандартты араластыруда тері ішіне қолдану үшін, туберкулез инфекциясын диагностикалауға арналған рекомбинантты ақуыздар кешені;
Тармақша 2
2) Манту сынамасы – арнайы диагностикалық тест, екі халықаралық туберкулинді бірлігі бар тері ішіне арналған туберкулинді Манту сынамасы;
Тармақша 3
3) дәрілік сезімталдыққа тест – туберкулез микобактериясының туберкулезге қарсы препараттарға сезімталдық спектрін анықтау.
Тарау 2
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме 1-бағанда реттік сан бойынша «№» нөмір толтырылады; 2-бағанда Манту сынамасы бойынша зерттеп-қарауға жататын контингент, оның ішінде «тәуекелі жоғары» тобындағы балалар тізбесі толтырылады; 3-бағанда бір жыл ішінде Манту сынамасы бойынша зерттеп-қарауға жоспарланған адамдар саны толтырылады; 4-бағанда өсу қорытындысымен есепті кезеңде Манту сынамасы бойынша зерттеп-қарауға жоспарланған адамдар саны толтырылады; 5-бағанда өсу қорытындысымен есепті кезеңде Манту сынамасы бойынша зерттеп-қараудан өткен адамдар саны көрсетіледі; 6-бағанда жоспарланған контингент ішінде Манту сынамасы бойынша зерттеп-қаралғандарды қамтудың үлес салмағы есептеліп, пайызбен көрсетіледі; 7-бағанда виражбен және гиперергиялық реакциямен анықталғандар саны абсолютті санмен толтырылады; 8-бағанда зерттеп-қаралғандар ішінде виражбен және гиперергиялық реакциямен анықталғандардың үлес салмағы есептеліп, пайызбен көрсетіледі; 9-бағанда «Рекомбинантты туберкулезді аллерген» (Диаскинтест) препаратымен зерттеп-қаралған адамдар саны абсолюттік санмен көрсетіледі; 10-бағанда зерттеп-қаралғандар ішінде «Рекомбинантты туберкулезді аллерген» (Диаскинтест) препаратымен зерттеп-қаралған адамдардың үлес салмағы есептеліп, пайызбен көрсетіледі; 11-бағанда фтизиатр-дәрігердің толық тексеруінен кейін виражбен және гиперергиялық реакциямен анықталғандар ішінде химия-профилактикалық емдеумен қамтылғандардың саны көрсетіледі.