Құжат мәтініне өту

Аудан әкімияты жанындағы туберкулезге қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы

Қаулы · № 8-37 · қабылданған 09.07.2003
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.01.2011 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-16593/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Аудан әкімияты жанындағы туберкулезге қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 8-37 ·09.07.2003
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Аудан әкімияты жанындағы туберкулезге қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы

ҚАЗАудан әкімияты жанындағы туберкулезге қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 8-37 · қабылданған 09.07.2003

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Аудан әкімияты жанындағы туберкулезге қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы
Атауы (қаз.)
Аудан әкімияты жанындағы туберкулезге қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
8-37
Қабылданған күні
09.07.2003
Көрсетілген редакция
12.01.2011 · қолданыстағы AI16593_1.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
12.01.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V03DN001253
ЭКБ идентификаторы
16593
Редакция идентификаторы
AI16593_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 21:08

0 Аудан әкімияты жанындағы туберкулезге қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабы 1-тармағы 17-тармақшасына сәйкес аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Аудан әкімияты жанындағы туберкулезге қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі құрылсын (1 қосымша).

2 2. Аудан әкімияты жанындағы туберкулезге қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесінің дербес құрамы аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітілуге ұсынылсын.

3 3. Аудан әкімияты жанындағы туберкулезге қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы Ережесі бекітілсін (2 қосымша).

4 Аудан әкімияты жанындағы туберкулезге қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесінің дербес құрамы

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Қайнарбековке жүктелсін.
Аудан әкімі
Аудан әкімінің орынбасары
Аппараттың басшысы
Аппараттың заңгері
міндетін атқарушы
Жалпы бөлімінің бастығы
Аудан әкімиятының
2003 жылғы 10 шілде
N 8-37 қаулысына
1 қосымша
Аудан әкімияты жанындағы туберкулезге қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесінің дербес құрамы
1. Қай­нар­бе­ков Тал­ғат Қа­на­тұ­лы
- аудан әкі­мі­нің орын­ба­са­ры, Ке­ңе­стің тө­ра­ға­сы
2. Еш­ке­нов Ер­тай Ора­зұ­лы
- "Көк­су аудан­дық мем­ле­кет­тік са­ни­тар­лық - эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қа­да­ға­лау бас­қар­ма­сы" мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі­нің ба­стығы, ко­мис­сия тө­ра­ға­сы­ның орын­ба­са­ры (ке­лі­сім бой­ын­ша)
3. Есмұр­за­нов Әді­л­ға­зы Уа­хи­тұ­лы
- іш­кі са­я­сат және әле­умет­тік са­ла бө­лі­мі­нің бас ма­ма­ны, ко­мис­сия хат­шы­сы
Ке­ңес мү­ше­ле­рі:
1. Ағы­ба­ев Ға­ни Бар­тай­ұ­лы
- "Көк­су ауда­ны ор­та­лық ау­ру­ха­на­сы" мем­ле­кет­тік қа­зы­на­лық кә­сі­по­рын­ның бас дә­рі­ге­рі (ке­лі­сім бой­ын­ша)
2. Мұ­қа­нов Бе­рік Мейр­ха­нұ­лы
- аудан­дық қар­жы бө­лі­мі­нің ба­стығы (ке­лі­сім бой­ын­ша)
3. Бей­се­нов Мә­лік Аман­тай­ұ­лы
- Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауы­л­ша­ру­а­шы­лы­ғы Ми­ни­стр­лі­гі Көк­су аумақ­тық бас­қар­ма­сы­ның бас ма­ма­ны (ке­лі­сім бой­ын­ша)
4. Ис­а­бе­ков Ер­лан Қа­нат­жа­нұ­лы
- аудан­дық іш­кі іс­тер бө­лі­мі­нің ба­стығы, по­ли­ция май­о­ры (ке­лі­сім бой­ын­ша)
5. Жел­ди­ко­ва Биби­гүл Сә­кен­қы­зы
- "Көк­су ауда­ны ор­та­лық ау­ру­ха­на­сы" мем­ле­кет­тік қа­зы­на­лық кә­сі­по­рын­ның фти­зи­атр дә­рі­ге­рі (ке­лі­сім бой­ын­ша)
6. Тәне­ке Са­ғын­дық Бай­ды­рах­ма­нұ­лы
- "Көк­су та­ңы" га­зе­ті­нің ре­дак­то­ры (ке­лі­сім бой­ын­ша)
Аудан әкімінің
орынбасары
Аудан әкімиятының
2003 жылғы 10 шілде
N 8-37 қаулысына
2 қосымша
Аудан әкімияты жанындағы туберкулезбен күрес жөніндегі аудандық үйлестіру Кеңесі туралы ЕРЕЖЕ

1 1. Аудан әкімияты жанындағы туберкулезбен күрес Жөніндегі аудандық үйлестіру кеңесі (мәтінде - Кеңес) консультативтік кеңесші орган болып табылады.

2 2. Кеңеске төмендегі міндеттер жүктеледі

1 1) туберкулезбен күресті ұйымдастыру мәселелері бойынша ведомстволар, кәсіпорындар мен мекемелердің қызметін үйлестіру;

2 2) денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, мал дәрігерлері, ішкі істер мекемелері және басқа да мекемелер басшыларының жергілікті жерлердегі туберкулезбен күрестің жай-күйі туралы ақпараттарын, өткізілген шаралардың орындалуын қадағалау;

3 3) облыс әкімінің қарауына туберкулезбен күресті жетілдіру жөніндегі негізделген ұсыныстар енгізу;

4 4) халықтың және жануарлардың туберкулезбен ауыру жағдайын байқауды, туберкулездің таралуына қарсы күреске шаралар әзірлеуді, осы шаралардың орындалуына бақылауды қамтамасыз ету;

5 5) салауатты өмір салтын және және санитарлық білім беруді қалыптастыру жөніндегі мекемелермен өзара іс-қимылын жасайды, жұмыстағы озық тәжірибелерді іс жүзінде кеңінен енгізуді қамтамасыз ету.

3 3. Үйлестіру Кеңесінің мәжілісі жарты жылда бір рет өткізіліп тұрады. Жұмыс жоспары Кеңес мәжілісінде бекітіледі.

4 4. Кеңес жұмыстарын ұйымдастырушылық жағынан ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі қамтамасыз етеді.

5 5. Тиісті мекемелер мен ведомстваларға орындалуға хаттама ретінде рәсімделген шешімдері жіберіледі.

Аудан әкімінің
орынбасары