Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения политическим государственным служащим и его описание Күшін жойған
Басқа 0
Мемлекеттік саяси қызметшілеріне қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік саяси қызметшілеріне қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2022 жылғы 28 наурыздағы
№ 80 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік саяси қызметшілеріне қызметтік куәлігін беру қағидалары
және оның сипаттамасы
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы мемлекеттік саяси қызметшілеріне қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік саяси қызметшілеріне (бұдан әрі - мемлекеттік қызметшілер) қызметтік куәлігін беру тәртібін және оның сипаттамасын белгілейді.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік куәлігі (бұдан әрі - қызметтік куәлік) оның мемлекеттік лауазымы мен лауазымдық өкілеттіктерін растайтын құжат болып табылады.
Тармақ 3
3. Тиісінше рәсімделмеген, жарамдылық мерзімі өткен, түзетілген және тазартылған қызметтік куәлік жарамсыз болып саналады.
Тарау 2. 2-тарау. Қызметтік куәлікті беру тәртібі
2-тарау. Қызметтік куәлікті беру тәртібі
Тармақ 4
4. Қызметтік куәлік облыс әкімінің орынбасарларына, облыс әкімі аппаратының басшысына, облыстық маңызы бар қала және облыс аудандарының әкімдеріне облыс әкімінің қолы қойылып беріледі.
Тармақ 5
5. Қызметтік куәлік мемлекеттік қызметшіге лауазымға тағайындалған, лауазымы өзгерген, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ауысқан, мерзімі өткен, жоғалған, сондай-ақ бұрын берілген қызметтік куәлік бүлінген кезде беріледі.
Қызметтік куәлік 4 жыл мерзімге беріледі.
Мемлекеттік қызметшілер алған қызметтік куәлік үшін осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметшілердің қызметтік куәліктерді беруді, қайтаруды есепке алу журналына қол қояды.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік қызметшіге қызметтік куәлікті тапсыру кезінде Ақтөбе облысы әкімі аппаратының персоналды басқару бірыңғай қызметінің қызметкері оны пайдалану және оны сақтау тәртібі бойынша ауызша түсіндіру жүргізеді.
Осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген жағдайларда қызметтік куәлікті ауыстыру кезінде бұрын берілген қызметтік куәлікті Ақтөбе облысы әкімі аппаратының персоналды басқару бірыңғай қызметінің қызметтік куәлікті беруге жауапты қызметкері алып қояды.
Тармақ 7
7. Қызметтік куәліктерді толтыру, рәсімдеу, есепке алу, беру, сақтау және жою тәртібін жалпы бақылауды Ақтөбе облысы әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің басшысы жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Қызметтік куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда, оның иесі дереу Ақтөбе облысы әкімі аппаратының бірыңғай персоналды басқару қызметіне жазбаша (ерікті) нысанда хабарлайды.
Тармақ 9
9. Жұмыстан босатылған кезде мемлекеттік қызметші соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей қызметтік куәлікті Ақтөбе облысы әкімі аппаратының бірыңғай персоналды басқару қызметіне тапсырады.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік қызметшілер тапсырған қызметтік куәліктер еркін нысандағы тиісті жою туралы акт жасала отырып, бір жылда бір рет жойылуға жатады.
Тарау 3. 3-тарау. Қызметтік куәліктің сипаттамасы
3-тарау. Қызметтік куәліктің сипаттамасы
Тармақ 11
11. Қызметтік куәліктің мұқабасының мөлшері 19 х 6,5 сантиметр (ашылған күйінде), көк түсті жоғары сапалы былғарыдан немесе жасанды былғарыдан тұрады.
Тармақ 12
12. Қызметтік куәліктің сыртқы бетінің ортасында (бүктелген күйінде) алтын түсті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналасқан, одан төмен типографиялық қаріппен «КУӘЛІК - УДОСТОВЕРЕНИЕ» деген жазу орналасқан.
Тармақ 13
13. Қызметтік куәліктің ішкі жағында жасырын түрдегі күн және шеңбер ішіндегі қалықтаған қыранды қолдана отырып, көк түсті қорғаныш тангир бейнеленген.
Тармақ 14
14. Қызметтік куәліктің жоғарғы бөлігінде «АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ», «АКИМАТ АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ» деген жазулар орналастырылған.
Тармақ 15
15. Қызметтік куәліктің сол жағында мөлшері 3 х 4 сантиметр түрлі-түсті фотосурет, қызметтік куәліктің нөмірі, облыс әкімінің қолымен және елтаңбалы мөрмен расталған мемлекеттік тілде тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), атқаратын лауазымы.
Тармақ 16. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік куәліктерді беруді, қайтаруды есепке алу журналы
16. Қызметтік куәліктің оң жағында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, елтаңбаның төменгі жағында көкшіл түсті «ҚАЗАҚСТАН» деген жазу, қызметтік куәліктің нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), атқаратын лауазымы орыс тілінде.
Төменде қызметтік куәліктің қолданылу мерзімі көрсетіледі.
Мемлекеттік саяси қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидалары және оның сипаттамасына қосымша
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік куәліктерді беруді, қайтаруды есепке алу журналы
№
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Атқаратын лауазымы
Қызметтік куәліктің нөмірі
Берілген күні
Берілген тұлғаның қолы
Тапсыру күні
Тапсырған тұлғаның қолы
Жою актісінің күнi және нөмірі