Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба на территории Чингирлауского района Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шыңғырлау ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» қаулысына сәйкес, ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Шыңғырлау ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды жою басшысы болып Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары Д.Е.Абдрашитов тағайындалсын.
Тармақ 3
3. Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының бас инспектор-заңгері Б.Жандаулетов осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 5
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.