Об утверждении Правил благоустройства территории населенных пунктов Күшін жойған
Басқа 0
Елдi мекендердiң аумақтарын көркейту Ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы» Заңы 6-бабының 1-тармағы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдеде № 242 «Қазақстан Республикасындағы архитекторлық, қала құрылысы және құрылысы туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Кодексiнiң 387-бабы, 3-бабы 2-тармағына сәйкес және әзiрленген Ереженi ескере отырып Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТI:
Тармақ 1
1. Елдi мекендердiң аумақтарын көркейту Ережесi бекiтiлсiн (қосымша).
Басқа 2. Елдi мекендердiң аумақтарын көркейту ережесі
Қарабалық аудандық мәслихаты
екiншi шақырылған он бесiншi
сессиясының
2003 жылғы 18 шiлдедегi
№ 175 шешiмiмен бекiтiлдi
Елдi мекендердiң аумақтарын көркейту ережесі
Тармақ 1
1. Ұйымдар, мекемелер, барлық меншiк кәсiпорындарының түрлерi, олардың ведомстволық бағынуға жатпайтын, сондай-ақ тұрғын үй иелерi мен жалға берушiлер тұрғын үй, тұрмыстық-мәдениет, әкiмшiлiк, сауда ғимараттары, стадиондар, оларға қатысты бақша, парктер және басқа да жасыл желектер көшелер, алаңдар және жүру жолдары, аулалар және басқа аумақтар, ескерткiштер, көше жарықтарының фонарлары, қоқыс салатын жәшiктер, көше атауларының және үй нөмiрлерi белгiлерiнiң көрсеткiштерi, трансформаторлық бекiтулер, гидротехникалық, инженерлiк-техникалық құрылымдар, көше жолдарын жабу санитарлық және архитекторлық талаптарға жауап беретiн тәртiптер және тазалық сақтау және тәртiптi жинауға мiндеттi.
Тармақ 2
2. Олардың иелерiне жататын құрылысшыларымен, үй иелерiмен, мекемелермен, ұйымдармен, кәсiпорындармен көшелердi, алаңдарды, аулаларды, стадиондарды және оларға қатысты аумақтарын жинау жүргiзiледi.
Тармақ 3
3. Сауда кәсiпорнының басшылары, қоғамдық тамақтандыру және басқа да бар көше киоскелерi мен ларектары, оларға қатысты аумақтарын күнi бойы тазалықты қолдайды, жұмыс бiткеннен кейiн он метр шеңберiнде кiрден және қоқыстардан тазартады.
Тармақ 4
4. Қоғамдық дәретханалар, қоқыс тастайтын жерлер кәсiпорындарды» қызметтерiмен сәйкестелетiн қажеттi жағдайда күтiп-ұстау.
Тармақ 5
5. Бiржолғы мiндеттер бойынша кестесiне сәйкес жоспар жүйесi бойынша селолық округ және кенттiк әкiмдер жанында құрылған тұрғын үй секторлар аумағының қоқыстарын тазарту және тасып шығаруын мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорны жүргiзедi.
Тармақ 6
6. Қызмет етумен қамтылмаған кәсiпорында, үй иелерi қоқысты тасып шығаруын өз күштерiмен және көлiктерiмен ұйымдастырады.
Тармақ 7
7. Қойма, малшаруашылық фермаларының, құрылыс алаңдарының және басқа объектiлерiнiң басшылары кiрер жолдарын, көлiк бұрылу үшiн алаңдар, көлiк шанағын және тегершiктерiн жууын дұрыс күтуiне қамтамасыз ету. Көрсетiлген пункттерден ластанған автокөлiк машиналарын және басқа ауылшаруашылық техникасын және басқа тетiктерiн көшеге шығару рұқсат етiледi.
Тармақ 8
8. Тыйым салынады:
Тармақша 1
1) көшелерде, тротуарларда, үйлердiң қасбеттерiнде, қойма объектiлерiнде, құрылыс материалдарын, көмiр, шөп және басқа да материалдарды, санитарлық-эпидемиологиялық қызметiнiң рұқсатынсыз орналастыруға, азық-түлiк қалдықтарын және тұрмыстық қоқыстар жиынтығына арналған алаңдарда үюге;
Тармақша 2
2) көшелерге жүретiн жолдарға, құрылыстың бос аумағына қоқыстар, шлак және басқа да қалдықтарды лақтыру, сондай-ақ суаттарды және оның жағасын ластауға;
Тармақша 3
3) жеке құдықтарда және су бөлетiн жолдарда кiрдi жуу және шайқауға;
Тармақша 4
4) су айдынының жағалау аумақтарында жүз метр ара қашықтықта көң, қоқыс және қоқым-соқым үюге;
Тармақша 5
5) елдi мекендердiң көшелерiнде көкөнiс, кәртөп және ауылшаруашылық дақылдарын отырғызуға;
Тармақша 6
6) жабдықталмаған арба және түзелмеген шанақ автокөлiгiмен құрылыс ерiтiндiсiн, сусымалы және сұйық жүгiн тасуға;
Тармақша 7
7) жол өндiру және жөндеу жұмыс кезiнде жасыл желектерде, бар құрылыстарды жарақаттандыруға, көшенi» тiкелей жүргiншi жақ бөлiгiнде ерiтiндiмен бетонды үюге;
Тармақша 8
8) селолық округ және кенттiк әкiмдерiмен санитарлық қызметi келiсiмiсiз минералдық тыңайтқыштармен у химикаттарын сақтау ережелерiн бұзуға;
Тармақша 9
9) ағаштарға электр өткiзгiшiн, тiкенек сымдарын, алтыбақанды, киiмдердi кептiру үшiн жiптi және жазуға, шегелеуге;
Тармақша 10
10) өз еркiмен кiшкене қоршау, қақпа, жаяу жүретiн жолды өз еркiмен бекiтуге;
Тармақша 11
11) колонколарға суару үшiн малды айдауға су бөлiнгiш колонкаларға шлангоны кигiзу арқылы және үнемi қосумен пайдалануға;
Тармақша 12
12) өз еркiмен су құбырларын және ысырманы өзгерту, жылу трассасына және су құбырына қосуға;
Тармақша 13
13) құдықтарды сүзу түрлерi бойынша септиктердiң құрылысы, көшелерге едендi жуған, киiмдi жуғаннан кейiн суды төгуге;
Тармақша 14
14) көше жағынан малмен құс үшiн қашандардың, тоғандардың және тағы басқалардың құрылысы, су жүзетiн құстар үшiн жақын жердегi құдықтардан, колонкалардан су құю, колонкаларға кiре берiсiнiң құрылысы кезiнде су ағарды бiтеп қоюға;
Тармақша 15
15) елдi мекендер аумағында ескi қалдық жапырақтарын, көңдi, сабанды жағып жiберуге;
Тармақша 16
16) көктемгi және күзгi лайсаң кезiнде қатты жабуынсыз көшелерде жүк көлiк құралдары өтуге;
Тармақша 17
17) селолық округi және кенттiк әкiмдерiмен бекiтiлген орындарда автокөлiк, ауылшаруашылық және басқа техникаларды жууға;
Тармақша 18
18) көшелерде, үйлерде және аулаларда радиоқабылдағыштар, магнитофондар және басқа радиоаппаратураның үндемелi өндiрiстiк шулары ашық терезелерiмен сағат 23-тен таңғы 7-ге дейiн қосуға;
Тармақша 19
19) көшеде, алаңдарда, аулаларда, кiре берiстерде және селолық округ, кенттiк әкiмдерiмен бекiтiлген сауда үшiн орындарда қолдан сатуға;
Тармақша 20
20) елдi мекендердiң тұрғын аумақтарында ауылшаруашылық техникасын, автокөлiктi сақтауға.
Тармақ 9
9. Меншiк түрiне жататын тәуелсіз түрде кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар басшылары, үйлермен пәтерлерде тұрмайтын азаматтар, көше учаскелерiн, аула шекарасының көршi үйлерiмен пәтерлердiң сырт жағынан линиялар бойынша көшенiң жол жүретiн бөлiгiнiң ортасына дейiн аула шекарасының үй және пәтер жанындағы немесе алты метрлiк аумағына жататын, көп пәтерлi үйлерде, ауланың және көшенiң бөлiгiне жататын үйде тұратын барлық тұрғындар тазалыққа және көрiктендiруге жауап бередi.
Тармақ 10
10. Тұрушы, иесi пәтердi (үйдi) жөнделген, таза, күтiлген жағдайда ұстап күтуге мiндеттi.
Тармақ 11
11. Көктемгi су тасқыны, күзгi және жазғы жаңбырда тұрушылар өз үйлерiнiң шекарасында су ағарларын түзу жағдайында ұстау, оларды қоқыстардан, қардан, мұздан тазарту. Суды өз пәтерлерiнен бұрып жiберудi және көршi үйлерге бағыттауға тыйым салынады.
Тармақ 12
12. Иелер (ғимарат иелерi) ақаулық жағдайына, олардың үйлерiнiң (ғимарат) жылу трассасының шекарасында орналасқан жылу, су құбырлары мен құдықтардың iстен шығу жағдайында үйлесiмдiлiк қызметке немесе селолық округтiң, кенттiң әкiмiне хабарлауға жауапкершiлiктi алады.
Тармақ 13
13. Тұрғындарға жазғы душ бөлмесiн, сондай-ақ моншаны ұйымдастыруда, суды ағымды суға құюға, көршi құрылысқа оның ағуына рұқсат етiлмейдi.
Тармақ 14
14. Жеке үйлердiң пәтерлер жалдаушымен иелерi жеке көмекшi шаруашылық жүргiзуiнiң қоқыстарын, көңiн, құрылыс қалдықтарын, шөп, сабан, металлолом және басқа қоқыстарды бөлек үюге мiндеттi.
Тармақ 15
15. Елдi мекендерде құрылыс салу:
Тармақша 1
1) елдi мекендерде жобалық ұйымдар әзiрлеумен және селолық округ және кенттiк әкiмiмен бекiтiлген негiзгi жоспар бойынша құрылыс салу жүргiзiледi.
Тармақша 2
2) жер учаскесiнiң ең ақырғы мөлшерi азаматтарға жеке көмекшi шаруашылық жүргiзу үшiн 0,25 гектар бекiтiлсiн. Тұрғын үйдi қызмет көрсету және құрылысы үшiн - 0,10 гектар;
Тармақша 3
3) үйлердi және пәтерлердi және аула құрылыстарын, ғимараттар мен құрылымдарды бұзу және кеңейту құрылысы тек қана селолық және кенттiк әкiмiнiң рұқсаты бойынша жасалады. Негiзгi жоба және құрылыс салу Ережелерiн объектiнi салғанда, бұзғанда иелерi есебiнен бұзуға жатады;
Тармақша 4
4) аула мен басқа объектiнiң арасындағы шекаралар негiзгi жобаға сәйкес, ал ол болмаған жағдайда селолық округ және кенттiк әкiмдерiмен шешiмiне бекiтiледi. Аула шекарасын өз еркiмен көшiру рұқсат етiлмейдi;
Тармақша 5
5) құрылыс кезiнде, құрылыс салушылар көшеде және жаяу жүретiн жолда кедергi жасамайды, ауданда халық және мал үшiн құрылыс объектiсiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi. Көркейту ережелерi, қауiпсiздiк техникасын бұзуы рұқсат етiлмейдi, жақын орналасқан жер учаскелерiне, ғимараттарға және құрылыстарға залал келтiрiлмейдi;
Тармақша 6
6) құрылыс салушылар сәулеттiк және суреттiк ресiмдеу, жарнамалардың мәтiнiн және орналастыруын, маңдайшаға жазулар және басқаларын селолық округ, кенттiк әкiмдерiмен келiседi.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 ҚРЗ «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Кодексiнiң 387-бабына сәйкес азаматтарға немесе лауазымды тұлғаларға осы Ереженi бұзғаны үшiн ескерту немесе айыппұл салуға әкелiп соғады.