О правилах использования средств резерва акимата области Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.07.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан әкімдігінің резерв қаражатын пайдалану ережесі туралы Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесi туралы" 1999 жылғы 1 сәуiрдегi № 357-1 Заңының 13 бабына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігінің резерв қаражатын пайдалану ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Әділет басқармасында 2002 жылғы 23 мамырда № 643 тіркелген, аудан әкімдігінің 2002 жылғы 25 сәуірдегі №103 "Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің резерв қаражатын пайдалану ережесі туралы" қаулысы күшін жойды деп танылсын. КЕЛІСІЛДІ: Аудандық қазынашылық бөлімінің бастығы А. Нұркенов Аудандық қаржы басқармасының бастығы М. Омарова
Басқа 3
Аудан әкiмдiгiнiң 2003 жылғы 4 шілдедегі "Аудан әкiмдiгiнiң резерв қаражатын пайдалану ережесi туралы" № 242 қаулысымен Бекiтiлді Аудан әкiмдiгiнiң резерв қаражатын пайдалану ережесi
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің резерв қаражатын сәйкес қаржы жылына Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихатының шешімімен бекітілген сома шегінде пайдалану және бөлу ережесін (әрi қарай - әкiмдiк резервi) анықтайды.
Тармақ 2
2. Аудан әкімдігінің резервi Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесi туралы" 1999 жылғы 1 сәуiрдегi № 357-1 Заңының 13 бабына және "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2001 жылғы 7 желтоқсандағы № 261 Заңының және 2000 жылғы 19 мамырдағы өзгерiстерiмен "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шiлдедегi № 19 Заңына сәйкес аудан бюджетінің құрамына сәйкес аудан бюджетінің құрамына сәйкес қаржы жылына ойда болмаған шығынды қаржыландыру үшін құрылады. Аудан әкiмдiгiнiң резервiмен қарастырылады: аудан әкімдігінің қаулысымен анықталған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды, және басқа да күтілмеген шығындар үшін қаражат; сот шешімі бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу үшін қаражат; Аудан әкімдігінің резервінің құрамында қарастырылған қаражат толық көлемде пайдаланған жағдайда, өтелмеген міндеттемелер болса, сот шешімі бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу үшін, аудан әкімдігі аудандық мәслихатқа жергілікті бюджет туралы Мәслихат шешіміне өзгеріс енгізу арқылы аудан әкімдігі резервінің мөлшерін ұлғайту туралы ұсыныс енгізеді.
Тармақ 3
3. Аудан әкiмдiгi резервiнен қаражат бөлу аудан әкiмдiгiнiң қаулысымен белгiленген, Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрiнiң 2002 жылғы 23 қыркүйектегi № 3 бұйрығы мен бекiтiлiп, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2002 жылғы 16 қазанда № 2012 тiркелген Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамаға сәйкес алушысы, қаражат мөлшерi және олардың мақсатты жұмсалу бағыты көрсетiлген тәртiпте жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Аудан әкiмдiгiнің резерв қаражатының мақсатты бағыты бар және ол аудан әкiмдiгiнiң қаражат бөлу туралы қаулысында көрсетiлмеген мұқтаждықтарға пайдаланылмайды. Аудан әкiмдiгiнің резервiнен қаражат бөлу туралы аудан әкiмдiгiнiң қаулысы қаржы жылы өткеннен кейiн күшiн жояды. Пайдаланылмаған қаражаттың қалдығы, сондай-ақ аудан әкiмдiгi резервiнiң мақсатсыз пайдаланылған резерв қаражаты аудандық бюджетке қайтарылуы тиіс.
Тармақ 5
5. Мағжан Жұмабаев ауданы әкiмдiгiнiң резерв мөлшерi аудандық бюджет түсiмдерi көлемiнiң екi пайызынан аспауы тиiс.
Тармақ 6
6. Егер бюджеттi орындау процесiнде тапшылық деңгейi бекітілгеннен жоғары болса немесе бюджетке түсiм түсу айтарлықтай төмен болса, ондаб белгіленген тәртіпте аудан әкiмдiгi резервінің шығындарын қысқарту енгізіледі.
Тарау 2. 2. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қаражат бөлу
2. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қаражат бөлу
Тармақ 7
7. Төтенше жағдайларды жоюға аудан әкімдігінің резервінен қаражат бөлу мәселелерін төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық комиссия қарап, аудандық қаржы басқармасының келісімімен белгіленген тәртіпте аудан әкімдігінің қаржы бөлу туралы қаулысының жобасына бұрыштама қояды. Сонымен қатар негіздеме материалдар мен оның тізбесі аудандық қаржы басқармасы мен төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық комиссиямен анықталады.
Тармақ 8
8. Аудан әкімдігінің резервінен қалалық, селолық округтерге қаражат бөлу мәселелері қаржылық көмек көрсетуге негізделген өтінім бар болса, қалалық, селолық округтердің әкімдерінің төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық комиссиясымен келісілген қолдаухаттары бойынша қаралады.
Тармақ 9
9. Төтенше жағдайларды жою үшін аудан әкімдігінің резервiнен қаражат бөлу, сондай-ақ: төтенше жағдайлардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға материалдық көмек көрсетуге; зардап шеккен тұрғындар тұратын және тамақтанатын уақытша пункттер ашуға және ұстауға; шұғыл әрекет ету апаттық-құтқару және апаттық қалпына келтiру бөлiмшелерiн техникалық құтқару құралдарымен, жабдықтарымен, жарақтарымен қосымша жабдықтауға; төтенше жағдайлар аймағын тасымалдармен, күштермен және құралдармен қамтамасыз ету бойынша шығатын шығындарды өтеуге; төтенше жағдайларды жоюға байланысты басқа да iс-шараларға жүргiзiледi.
Тарау 3. 3. Сот шешiмдерi бойынша аудандық бюджет есебiнен ұсталатын жергiлiктi атқарушы органдардың мiндеттемелерiн өтеуге қаржы бөлу
3. Сот шешiмдерi бойынша аудандық бюджет есебiнен ұсталатын жергiлiктi атқарушы органдардың мiндеттемелерiн өтеуге қаржы бөлу
Тармақ 10
10. Сот шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеуге қаражат бөлу туралы аудан әкімдігінің қаулысының жобасы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органмен заңмен белгіленген тәртіпте әзірленеді.
Тармақ 11
11. Сот шешімі бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу сот шешімін орындау құжаттары болса және мекеме сметасының есебінен өтеу мүмкіндігі болмаса аудан әкімдігінің резерві есебінен өтеу қамтылады.
Тарау 4. 4. Бақсқа қарастырылмаған шығындарға қаржы бөлу
4. Бақсқа қарастырылмаған шығындарға қаржы бөлу
Тармақ 12
12. Аудан әкімдігінің резервінен басқа шығындарды қаржыландыру ағымдағы жылы кідіртпей шешуді талап ететін, аудан бюджетін құрастырғанда қарастырылмаған және жеткіліксіз көлемде қарастырылған шығындарды қаржыландырумен жүргізіледі.
Тармақ 13
13. Аудан әкімдігінің резервінен басқа қарастырылмаған шығындарға қаражат бөлу үшін аудандық бюджеттік әкімгерлер, селолық округ және Булаев қаласының әкімдері негіздемелермен, есептеулерге сәйкес қаражат бөлу туралы аудандық қаржы басқармасына қолдаухат ұсынады.
Тармақ 14
14. Аудандық қаржы басқармасы ұсынылған қолдаухат негізінде аудан әкімдігінің резервінен қаражат бөлу мүмкіндігі бар немесе жоқ деп қорытынды жасайды.
Тармақ 15
15. Аудандық бюджеттік бағдарлама әкімшісінің қолдаухаты бойынша қорытынды жағымды болса, онда аудан әкімдігінің резервінен басқа қарастырылмаған шығындарға қаражат бөлу туралы аудан әкімдігінің қаулы жобасын заңмен белгіленген тәртіпте осы әкімгер әзірлейді.
Тармақ 16
16. Селолық округтер немесе Булаев қаласының әкімдерінің қолдаухаттары бойынша қорытынды жағымды болса, онда аудан әкімдігінің резервінен басқа қарастырылмаған шығындарға қаражат бөлу туралы аудан әкімдігінің қаулы жобасын қаражат қажетті орган немесе аудандық қаржы басқармасы әзірлейді.
Тарау 5. 5. Бақылау және есеп беру
5. Бақылау және есеп беру
Тармақ 17
17. Аудандық қаржы басқармасы тоқсан сайын аудан әкімдігінің резерв қаражатының қолда бары және пайдаланылғаны туралы аудан әкімдігіне ақпарат беріп отырады.
Тармақ 18
18. Аудан әкімдігінің резервінен қаражат алғандар бюджеттік бағдарлама әкімшілері, селолық округтер мен Булаев қаласының әкімдері, төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық комиссия бөлінген қаражаттың пайдаланылғаны туралы, орындалған жұмыстардың құны мен көлемі жайында аудандық қаржы басқармасы белгілеген тәртіпте және мерзімде аудандық қаржы басқармасына есеп береді.
Тармақ 19
19. Аудан әкімдігінің резервін мақсатты пайдалану үшін аудандық қаржы басқармасы, қазынашылық бөлімі бақылау жүргізеді.
Тармақ 20
20. "Мемлекеттiк сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес аудан әкiмдiгiнің резерв қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылауды мемлекеттiк сатып алуларды ұйымдастыру және бақылау жөніндегі департаменттiң бас маманы іске асырады.
Тармақ 21
21. Бюджеттен бөлінген қаражаттың тиімді және мақсатты пайдаланылуы үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қаражат алушыға жүктеледі.