О мерах по предупреждению степных и лесных пожаров в Атырауской области Қолданыста
Басқа 0
Атырау облысында дала және орман өрттерінің алдын-ала шаралары туралы
Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы №48-1 "Өрт қауіпсіздігі туралы" Заңына , Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің 1999 жылғы 9 шілдедегі №19 "Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздігінің ережесін бекіту туралы. Негізгі талаптар ҚР ӨҚЕ 08-97" қаулысына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Атырау қаласы мен аудан әкімдері орман-далалы алаптарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастырсын. Поселкелер, селолық округтер (ауылдар) әкімдері өрт қауіпі бар көктемгі-жазғы кезеңге инженерлік және ауылшаруашылық техникасын, жанар-жағар материалдарының дайынды¬ын қамтамасыз етіп, оларды өрт кезінде қатыстыру тәртібін белгілесін.
Тармақ 2
2. Атырау облысы мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасы (келісім бойынша) поселкелер және селолық округтердің әкімдерімен бірлесе отырып, өрт сөндіру мақсатында икемді көшпелі техникасы бар поселкелер мен селолық округтерде өртке қарсы құрылымдарды құрсын.
Тармақ 3
3. Атырау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, Атырау облысы мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасы (келісім бойынша) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы орман алаптарында өрт қауіпін ескерту жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізсін.
Тармақ 4
4. Атырау облыстық қаржы басқармасы өртке қарсы қызметінің жеке құрамын төтенше өрт жағдайы ауданына шұғыл жеткізу үшін әуе техникасын (тікұшақты) жала алу кезінде Атырау облыстық мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасына белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдар қорынан қаражат бөлсін.
Тармақ 5
5. Атырау облысы ауыл шаруашылығы басқармасы орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелердің бекітілген сметаларында қарастырылған қаражат шегінде жанар-жағар материалдарының қорын қарастырсын.
Тармақ 6
6. Атырау облысы әкімінің 2002 жылғы 14 маусымдағы №566-Қ "Атырау облысында дала және орман өрттерінің алдын алу жөніндегі шаралар туралы" өкімі күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.И.Байғожинге жүктелсін.