Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба на территории сельских округов Жаксыбай, Талов и Борсы Жанибекского района Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жәнібек ауданының Жақсыбай, Талов және Борсы ауылдық округтерінің аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» № 756 қаулысына сәйкес, ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Жәнібек ауданының Жақсыбай, Талов және Борсы ауылдық округтерінің аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды жою басшысы болып Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары Абдолов Жаксылык Каримуллинович тағайындалсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.