Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба Күшін жойған
Басқа 0
Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы
төтенше жағдайды жариялау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» № 756 қаулысына сәйкес, Екібастұз қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссиясының кезектен тыс отырысының 2022 жылғы 31 наурыздағы № 3 хаттамасы негізінде, ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Екібастұз қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары тағайындалсын және табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.