Об утверждении требований к структуре и содержанию учебников для организаций среднего образования и учебно-методических комплексов для дошкольных организаций, организаций среднего образования Қолданыста
Басқа 0
Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 67) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптар бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
2022 жылғы 5 сәуірдегі № 132
Бұйрығымен бекітілген
Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптар
Тарау 1. 1-тарау. Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтар және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің құрылымына қойылатын талаптар
1-тарау. Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтар және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің құрылымына қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың құрылымы мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) шартты белгілер,
Тармақша 2
2) мазмұны,
Тармақша 3
3) кіріспе,
Тармақша 4
4) негізгі мазмұны,
Тармақша 5
5) глоссарий,
Тармақша 6
6) әдебиеттер тізімі,
Тармақша 7
7) QR-кодтар (Кью Ар).
Тармақ 2
2. Шартты белгілер білім алушының ерекше назарын аудару қажет оқу материалдарының мақсатын айқын көрсететін графикалық, әріптік және (немесе) цифрлық нышан болып табылады. Мұндай таңбалардың мағынасы кіріспеде немесе оқулықтың басында орналастырылады.
Тармақ 3
3. Мазмұны оқулықтың барлық құрылымдық элементтері атауларының (мұқаба, негізгі бет және негізгі бетінің айналымы парағынан басқа), олардың оқу басылымда орналасқан жерінен басталатын бет нөмірін көрсете отырып, реттелген тізбесін қамтиды.
Тармақ 4
4. Оқулықтың кіріспесі басылымның мақсатын (міндетін), оқырмандық адресін, өзектілігін, авторлық тұжырымдаманың ерекшеліктерін, оқу басылымымен жұмыс туралы ақпаратты қамтиды.
Тармақ 5
5. Оқулықтардың негізгі мазмұны автормен дидактикалық және әдістемелік тұрғысынан өңделген және жүйеленген сөздік және иллюстрациялық оқу материалын білдіреді.
Тармақ 6
6. Глоссарийде алғаш рет енгізілетін және зерттелетін тақырыптарға қатысты ұғымдар мен терминдерге қысқаша түсіндірме беріледі. Мәтінде (шеттерде, жеке мәтін жолында) анықтамасы берілген ұғымдар мен терминдер глоссарийге енгізілмейді.
Тармақ 7
7. Әдебиеттер тізімі, оның ішінде білім беру платформалары мен веб-ресурстар, оқулықты дайындауда автор қолданған және тақырып бойынша ең құнды ақпаратты жинақтайтын құжаттар сипаттамаларының тізімі болып табылады.
Тармақ 8
8. Әзірлеушінің, баспаның немесе басқа да ресми дереккөздің қолданыстағы аудио және (немесе) бейне ресурстарына онлайн-қолжетімділік беретін QR-кодтар авторлық және сабақтас құқықтар туралы заңнаманы сақтай отырып, оқулыққа енгізіледі. QR-кодтың мөлшері оқулық беттерінен мобильді құрылғымен оны ыңғайлы сканерлеу мүмкіндігіне қарай белгіленеді.
Қағаз оқулығының цифрланған нұсқасын қайта пайдалануға болатын және тегін жүктеп алуға арналған QR-код оқулықтың соңғы бетіне орналастырылады.
Тармақ 9
9. Мектепке дейінгі ұйымдар, орта білім беру ұйымдары үшін оқу-әдістемелік кешенге кіретін оқулық басылымдарының құрылымын авторлар олардың әдістемелік тағайындалуына қарай дербес айқындайды.
Тарау 2. 2-тарау. Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтар және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің мазмұнына қойылатын талаптар
2-тарау. Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтар және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің мазмұнына қойылатын талаптар
Тармақ 1. 1-параграф. Орта білім беру ұйымдары үшін оқулықтардың мазмұнына қойылатын талаптар
1-параграф. Орта білім беру ұйымдары үшін оқулықтардың мазмұнына қойылатын талаптар
Тармақ 10
10. Оқулық мәтіндеріне қойылатын талаптар:
Тармақша 1
1) «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің таңдау курстарының үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 399 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29767 болып тіркелген) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларына (бұдан әрі – үлгілік оқу бағдарламасы) сәйкес келуі;
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелді) Қазақстан Республикасының бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі – үлгілік оқу жоспары) сәйкестігі;
Тармақша 3
3) келтірілген мәліметтердің дәлдігі мен дұрыстығы;
Тармақша 4
4) материалды баяндаудың анықтығы мен айқындылығы;
Тармақша 5
5) ақпараттың қолжетімділігі;
Тармақша 6
6) ықшамдық;
Тармақша 7
7) қисындылық және дәйектілік;
Тармақша 8
8) баяндалатын материалдың жүйелілігі мен сабақтастығы;
Тармақша 9
9) ғылым мен қоғамның қазіргі заманғы жетістіктеріне лайық болу;
Тармақша 10
10) жас ерекшеліктеріне сәйкестігі;
Тармақша 11
11) мәдениет ерекшеліктерін, менталитетті, ерлер мен әйелдер үшін тең құқықтар мен мүмкіндіктерді және басқа да әлеуметтік-экономикалық аспектілерді ескере отырып, материалдарды ұсынуы;
Тармақша 12
12) оқу пәнінің ерекшеліктерін ескере отырып, Отанға және ұлттық мәдени кодқа деген сүйіспеншілік пен құрметті тәрбиелейтін және мәдениетаралық диалогты қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы халқы мен мемлекетінің мүдделерін, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтары мен жетістіктерін қамтуы;
Тармақша 13
13) бұрынғы және қазіргінің белгілі батырлары, фольклорлық кейіпкерлері, Қазақстандағы және әлемдегі ғылым, инновация, мәдениет, спорт және тағы басқа қоғамдық-экономикалық салаларда жетістікке жеткен тұлғалардың өмірлеріндегі ынталандырушы сәттердің берілуі;
Тармақша 14
14) қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеу;
Тармақша 15
15) кәсіптермен таныстыруы және әртүрлі мамандықтағы адамдардың еңбегіне деген құрметті қалыптастыруы;
Тармақша 16
16) суицид, қателік жасаудан қорқуға итермелейтін; қатыгездікті, зорлық-зомбылықты, экстремизмді және терроризмді ақтайтын материалдардың болмауы;
Тармақша 17
17) оқу материалының біржақты және стереотипті ұсынылуына жол берілмеуі.
Тармақ 11
11. Оқулықтардың иллюстрацияларына қойылатын талаптар:
Тармақша 1
1) мәтінді түсіну үшін пайдалану;
Тармақша 2
2) мәтінмен өзара байланыстың болуы;
Тармақша 3
3) фотосуреттерге, суреттерге, графиктерге және басқа да көрнекілік түрлеріне жазудың болуы;
Тармақша 4
4) алуандылығы, бейнелілігі және безендірудің бірыңғай стилі;
Тармақша 5
5) әдеп нормаларына сәйкестігі;
Тармақша 6
6) үрей және (немесе) шатасуды тудыратын бұрмалануларға немесе дәлсіздіктерге жол бермеуі.
Тармақ 12
12. Тапсырмаларға қойылатын талаптар:
Тармақша 1
1) оқытудың жалпыланған түрдегі мақсаттары мен міндеттерінің болуы;
Тармақша 2
2) тапсырмалардың оқу мақсаттарына сәйкестігі;
Тармақша 3
3) құзыреттерді дарыту және дамыту;
Тармақша 4
4) білім алушылардың әртүрлі деңгейдегі танымдық дағдыларын дамытуда теңгерімді сақтау;
Тармақша 5
5) оқытудың жеке траекторияларын құруға мүмкіндік беретін материалдардың болуы;
Тармақша 6
6) әр деңгейлі тапсырмалардың болуы;
Тармақша 7
7) білім алушыларға үйренгендерін стандартты және жаңа жағдайларда қолдануға мүмкіндік беретін тапсырмалардың болуы;
Тармақша 8
8) өткен материалды бекітуге арналған тапсырмалардың болуы;
Тармақша 9
9) өзін-өзі бағалау, өзара және топтық бағалау бойынша тапсырмалардың болуы;
Тармақша 10
10) өзіне, өз таңдауы мен іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға ықпал ететін материалдардың болуы;
Тармақша 11
11) оқу міндеттерін шешу үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану;
Тармақша 12
12) кестелермен, карталармен, схемалармен, фотосуреттермен, графиктермен, диаграммалармен және электрондық ақпараттық ресурстармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Тармақ 13
13. Баяндау тіліне қойылатын талаптар:
Тармақша 1
1) қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін оқулықты қазақ тілінде (тілдік пәндер бойынша оқулықтардан басқа), басқа тілде оқытатын мектептер үшін – оқу тілінде әзірлеу немесе аудармада ұсыну;
Тармақша 2
2) білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестігі;
Тармақша 3
3) материалды баяндау тілінің әдеби сөйлеу нормаларына сәйкестігі;
Тармақша 4
4) сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін пайдалану (оқу, жазу, тыңдау және сөйлеу);
Тармақша 5
5) емле нормаларына сәйкестігі.
Тармақ 2. 2-параграф. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен оқу-әдістемелік кешендер үшін мазмұнына қойылатын талаптар
2-параграф. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен оқу-әдістемелік кешендер үшін мазмұнына қойылатын талаптар
Тармақ 14
14. Педагогтерге арналған әдістемелік нұсқаулықтың мазмұнына қойылатын талаптар:
Тармақша 1
1) «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелді) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларына (бұдан әрі – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы) сәйкес келуі;
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8275 болып тіркелді) Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары) сәйкестігі;
Тармақша 3
3) әр тақырыптың басында кіріспе сұрақтарды ұсыну;
Тармақша 4
4) ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті жоспарының немесе оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері мен формаларына ұсынымдары бар әдістемелік ақпараттың берілуі;
Тармақша 5
5) ұсынылған материалдың тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне сәйкестігі;
Тармақша 6
6) ерекше білім беру қажеттіліктері бар тәрбиеленушілермен жұмыс істеу бойынша әдістемелік материалдардың болуы;
Тармақша 7
7) жаднамалардың, нұсқаулықтар және айдарлардың болуы;
Тармақша 8
8) педагогтерге арналған әдістемелік және арнайы әдебиеттер тізімі және (немесе) қолданыстағы веб-сайттардың болуы.
Тармақ 15
15. Жұмыс дәптерінің, көрнекілік материалдары мен альбомдардың мазмұнына қойылатын талаптар:
Тармақша 1
1) үлгілік оқу бағдарламасына және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкестігі;
Тармақша 2
2) тәрбиеленушілердің танымдық қызығушылығын тудыратын және ой-өрісін кеңейтетін иллюстрациялардың болуы;
Тармақша 3
3) білім беру саласының ерекшеліктерін ескере отырып, Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін тәрбиелейтін, мәдениетаралық диалогты қамтамасыз ететін материалдарды іріктеу;
Тармақша 4
4) өткен және қазіргі таңбалардың, сондай-ақ фольклорлық кейіпкерлердің бейнесін көрсету;
Тармақша 5
5) тәрбиеленушілерді жас ерекшеліктеріне сәйкес өз білімдері мен дағдыларын пайдалануға ынталандыратын тапсырмалардың болуы.
Тарау 3. 3-параграф. Орта білім беру ұйымдары үшін оқу-әдістемелік кешендердің мазмұнына қойылатын талаптар
3-параграф. Орта білім беру ұйымдары үшін оқу-әдістемелік кешендердің мазмұнына қойылатын талаптар
Тармақ 16
16. Әдістемелік нұсқаулықтың мазмұнына қойылатын талаптар:
Тармақша 1
1) үлгілік оқу бағдарламасына, үлгілік оқу жоспарына және оқулыққа сәйкестігі;
Тармақша 2
2) әрбір сабаққа нақты мақсаттардың болуы;
Тармақша 3
3) қысқа мерзімді сабақ жоспарлары үлгілерінің болуы немесе оқыту мен тәрбиелеудің әдістері, тәсілдері мен формалары туралы нұсқауларды қамтитын әдістемелік ақпараттың ұсынылуы;
Тармақша 4
4) оқулықтың тапсырмалары мен жаттығулары бойынша кілттердің (жауаптардың) және түсіндірмелердің болуы;
Тармақша 5
5) жадынамалардың, нұсқаулықтардың және айдарлардың болуы;
Тармақша 6
6) мұғалімдерге арналған ұсынылатын әдістемелік, арнайы әдебиеттер тізімінің және (немесе) қолданыстағы веб-сайттардың болуы;
Тармақша 7
7) оқулыққа сәйкес арнайы және оқу терминологиясын, ұғымдар мен терминдерді қолдану;
Тармақша 8
8) жасына (сыныпқа) сәйкес пән тілі мен терминологиясын енгізу бойынша ұсыныстардың болуы.
Тармақ 17
17. Хрестоматияның, диктанттар жинағының және Әліппе спутнигінің мазмұнына қойылатын талаптар:
Тармақша 1
1) үлгілік оқу бағдарламасына, үлгілік оқу жоспарына және оқулыққа сәйкес материалдарды іріктеу;
Тармақша 2
2) оқу пәнінің ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстан Республикасы халқы мен мемлекеттің мүдделерін, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар мен жетістіктерді көрсету;
Тармақша 3
3) бұрынғы және қазіргінің белгілі батырлары, фольклорлық кейіпкерлері, Қазақстан Республикасындағы және әлемдегі ғылым, инновация, мәдениет, спорт және тағы басқа қоғамдық-экономикалық салаларда жетістікке жеткен тұлғалардың өмірлеріндегі ынталандырушы сәттердің берілуі;
Тармақша 4
4) оқулыққа сәйкес арнайы және оқу терминологиясын, ұғымдар мен терминдерді қолдану.
Тармақ 18
18. Жұмыс дәптері мен жазбалардың мазмұнына қойылатын талаптар:
Тармақша 1
1) үлгілік оқу бағдарламасына және оқулыққа сәйкес материалдарды іріктеу;
Тармақша 2
2) тапсырмалардың күрделілік деңгейінің білім алушылардың танымдық ерекшеліктеріне сәйкестігі;
Тармақша 3
3) білім алушылардың танымдық қызығушылығын тудыратын және ой-өрісін кеңейтетін тапсырмалар мен иллюстрациялардың болуы.
Тармақ 19
19. Тапсырмалар, есептер және жаттығулар жинағының мазмұнына қойылатын талаптар:
Тармақша 1
1) тапсырмалардың үлгілік оқу бағдарламасында белгіленген оқу мақсаттарына сәйкестігі;
Тармақша 2
2) оқудағы қиындықтары мен білімдегі олқылықтары бар білім алушылар үшін, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылар үшін тапсырмалардың берілуі;
Тармақша 3
3) жеке, жұпта және (немесе) топта орындау үшін күрделілігі жоғары тапсырмалардың және жаттығулардың болуы;
Тармақша 4
4) білім алушыларға үйренгендерін стандартты және жаңа жағдайларда қолдануға мүмкіндік беретін тапсырмалардың болуы;
Тармақша 5
5) зерделенген материалды бекітуге арналған тапсырмалардың болуы;
Тармақша 6
6) өзін-өзі бағалау, өзара және топтық бағалау бойынша тапсырмалардың болуы;
Тармақша 7
7) оқу тапсырмаларын орындауда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану;
Тармақша 8
8) кестелермен, карталармен, схемалармен, графиктермен, диаграммалармен және электрондық ақпараттық ресурстармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Тармақ 20
20. Картографиялық атласқа қойылатын талаптар:
Тармақша 1
1) үлгілік оқу бағдарламасына сәйкестігі;
Тармақша 2
2) «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген Ұлттық кеңістіктік деректер қорының картографиялық материалдарына сәйкестігі;
Тармақша 3
3) «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілген республика аумағында орналасқан объектілер атауларына және олардың транскрипцияларына сәйкестігі;
Тармақша 4
4) шетелдік географиялық объектілердің атаулары мен шекараларының әлемнің өзекті саяси картасына, Қазақстан Республикасының ресми сыртқы саясатына және Біріккен Ұлттар Ұйымының негіз қалаушы құжаттарына сәйкестігі;
Тармақша 5
5) білім алушылар үшін карталардың жалпы географиялық және математикалық негіздерінің қолжетімділігі мен мәнерлілігі;
Тармақша 6
6) ақпаратты іріктеу мен жинақтаудың бірыңғай деңгейін сақтау;
Тармақша 7
7) мазмұны, көрнекілігі және ақпараттық әсерінің білім алушылардың жасына сәйкес болуы;
Тармақша 8
8) белгілі уақыт аралығына қатысты заманауи және анық деректер берілуі;
Тармақша 9
9) атлас карталарының шартты белгілерін салу талаптарын сақтау.
Тарау 4. 4-параграф. Электрондық нысандағы орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтарға және мектепке дейінгі ұйымдар мен орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендерге қойылатын талаптар
4-параграф. Электрондық нысандағы орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтарға және мектепке дейінгі ұйымдар мен орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендерге қойылатын талаптар
Тармақ 21
21. Электрондық нысандағы оқулық пен оқу-әдістемелік кешендерге қойылатын талаптар осы Талаптардың 1–20-тарауларымен қатар қосымша мынадай ережелерді қамтиды:
Тармақша 1
1) түсінікті (қисынды) интерфейстің қолданылуы;
Тармақша 2
2) кері байланыс және бақылау құралдарының қолданылуы;
Тармақша 3
3) навигациялық кеңестердің болуы;
Тармақша 4
4) мультимедиялық контенттің және интерактивті тапсырмалардың болуы;
Тармақша 5
5) негізгі тақырыптар, ұғымдар мен терминдерді түсіндірмелермен сөздіктерге бағыттайтын гиперсілтемелермен қамтамасыз етілуі;
Тармақша 6
6) ақпараттың айналдырылатын HTML бетте вертикальді бағытта баяндалуы;
Тармақша 7
7) кең тараған компьютерлік және мобильді құрылғыларда және олардың қазіргі операциялық жүйелерінде (Windows (Уиндоус), Mac OS (Мак ОС), Android (Андроид), IOS (Ай ОС)) жұмыс істеуі;
Тармақша 8
8) кең тараған тегін браузерлер немесе оқитын бағдарламаларын, сонымен қатар сыртқы ақпарат тасығыш құралдарында пайдалану;
Тармақша 9
9) аудио және бейне материалдарды ойнату үшін қосымша плагиндерді орнатуда қажеттіліктің болмауы;
Тармақша 10
10) онлайн қолжетімді электрондық білім беру платформаларында және офлайн қолжетімді сыртқы ақпарат тасығыштарда контентті орналастыруы;
Тармақша 11
11) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес онлайн-режимде электрондық оқулықтарды пайдаланатын педагогтердің, білім алушылардың және (немесе) ата-аналардың дербес деректерін қауіпсіз сақтауды және пайдалануды қамтамасыз етуі;
Тармақша 12
12) мәтіндік ақпараттың электрондық типографика нормаларына сәйкестігі;
Тармақша 13
13) веб-шолғыштың көмегімен мәтін фрагменттерін іздеу мен көшіру мүмкіндігін қамтамасыз ететін және электрондық құжаттардың әртүрлі кеңейтімдеріне сәйкес келетін форматты пайдалану;
Тармақша 14
14) қаріпті және (немесе) бетті (экранды) масштабтауды (үлкейтуді және кішірейтуді) жүзеге асыру;
Тармақша 15
15) жалпыға қолжетімді кеңейтімдерге сәйкес келетін кескін пішімін пайдалану;
Тармақша 16
16) иллюстрацияны векторлық немесе расторлық форматта орындау;
Тармақша 17
17) суреттердің (карталардың, схемалардың, кестелердің, графиктердің, сызбалардың) өлшемдері бір жағынан кемінде 300 пиксель және жалпыға қолжетімді форматта орындалған;
Тармақша 18
18) бейнематериал форматының жалпыға қолжетімді кеңейтімдерге сәйкестігі;
Тармақша 19
19) бейнематериалдың ажыратымдылығы кемінде 1280x720, арақатынасы 16: 9;
Тармақша 20
20) экран бетін бейнематериалмен толық толтыру;
Тармақша 21
21) аудио материалды AAC, AC3, OGG, Mp3, MP4 форматтарында орындау, ойнату арналары – 2 (стерео);
Тармақша 22
22) оқытуды деңгейлік саралауға, даралауға және жекелендіруге арналған материалдардың болуы;
Тармақша 23
23) геймификация элементтерінің болуы;
Тармақша 24
24) жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша виртуалды зертханасы бар дидактикалық материалдардың болуы.