О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Министра национальной экономики Республики Казахстан Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
Тармақ 2
2. «Сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және кешендi ведомстводан тыс сараптамаға және қала құрылысы сараптамасына қатысу үшiн мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 306 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10635 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және кешенді ведомстводан тыс сараптамаға және қала құрылысы сараптамасына қатысу үшін мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және кешенді ведомстводан тыс сараптамаға және қала құрылысы сараптамасына қатысу үшін мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 20-бабының 11-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және: 1) жаңа объектілердің құрылысына, сондай-ақ бұрыннан бар ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, күрделі жөндеуге) арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаларға) кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізу үшін мемлекеттік сараптама ұйымдарының, аккредиттелген сараптама ұйымының немесе ерекше индустриялық аймақтың аккредиттелген сараптама ұйымының сараптама топтары мен комиссияларын құру; 2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілетін жобалар бойынша кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу үшін сараптама комиссияларын құру; 3) жергілікті (облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілетін жобалар бойынша сараптама топтарын құру; 4) құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама және кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізуге қатысу үшін сарапшыларды және мамандарды (мамандандырылған институттарды және ұйымдарды) тарту тәртібін анықтайды.»; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар: 1) аккредиттелген сараптама ұйымы – Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасымен мемлекеттік монополияға жатқызылмаған объектілер құрылысының жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) кешенді ведомстводан тыс сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға; 1-1) ерекше индустриялық аймақтың аккредиттелген сараптама ұйымы – «Сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 151 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10640 болып тіркелген) Сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларында белгіленген тәртіппен аккредиттелген және жобалардың (техникалық-экономикалық негіздемелердің және жобалау-сметалық құжаттаманың) ведомстводан тыс кешенді сараптамасын жүзеге асыратын индустриялық аймақтың ерекше басқарушы компаниясы, ерекше индустриялық аймақтың аумағында құрылыс жүргізуге арналған; 2) жобалау саласындағы сарапшы (бұдан әрі – сарапшы) – жобалардың белгілі бір бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестатталған, сараптама ұйымдарының бірінің штатында тұрған жеке тұлға; 3) кешенді қала құрылысы сараптамасы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілетін жобалар бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган құратын сараптама комиссиялары, сондай-ақ тиісті жергілікті атқару органдары құратын сараптама топтары жүзеге асыратын әртүрлі деңгейдегі (Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы, аумақтық дамытудың өңіраралық схемасы, өңірлердің аумақтарын қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемалары, елді мекендердің бас жоспарлары) қала құрылысы жобаларының міндетті сараптамасы; 4) консультант – арнайы, оның ішінде құрылыс объектілерін жобалау және (немесе) аумақтың қала құрылысын жоспарлау саласында білімі бар білікті маман не жобаның тиісті бөлімдері (бөліктері) бойынша консультативтік көмек көрсету үшін тартылған мамандандырылған институттың немесе ұйымның өкілі; 5) мамандандырылған институттар мен ұйымдар – ғылыми-зерттеу институттары, жобалау, жобалау-іздестіру немесе жобалау-жоспарлау ұйымдары, сондай-ақ өзге де ұйымдар; 6) мемлекеттік сараптама ұйымы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған және объектілер құрылысы жобалары (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама) бойынша мемлекеттік монополияға жатқызылған ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға; 7) объектілер құрылысы жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасы – ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға арналған техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама бойынша «бір терезе» қағидатымен жүргізілетін, салалық және ведомстволық сараптамаларды қамтитын жобалар сараптамасы; 8) хатшы – сараптама комиссиясының (сараптама тобының) құрамына кіретін, қаралатын жоба бойынша кешенді қала құрылысы сараптамасын ұйымдастыруға және жүргізуге жауап беретін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) ведомствосының маманы.»; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Қарауға қабылданған құрылысқа арналған жобалар (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін мемлекеттік сараптама ұйымы, аккредиттелген сараптама ұйымы немесе ерекше индустриялық аймақтың аккредиттелген сараптама ұйымы сараптама топтарын құрады.»; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Қажет болған жағдайда мемлекеттік немесе аккредиттелген сараптама ұйымы, ерекше индустриялық аймақтың аккредиттелген сараптама ұйымы сараптама тобына жәрдем көрсету үшін консультанттарды тартады.»; 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «10. Мемлекеттік сараптама ұйымы, аккредиттелген сараптама ұйымдары немесе ерекше индустриялық аймақтың аккредиттелген сараптама ұйымы: 1) осы объектіге арнайы техникалық шарттарды (ерекше нормаларды) әзірлеу, келісу және бекіту қажеттілігін айқындайтын, олар үшін жобалау және салу бойынша мемлекеттік немесе мемлекетаралық техникалық регламенттер және нормативтік-техникалық талаптар белгіленбеген бірегей объектілердің; 2) құрылыс учаскесінің ерекше жағдайлары бар техникалық жағынан күрделі объектілердің; 3) жобалау практикасында сирек кездесетін функционалдық (технологиялық) маңызы бар технологиялық жағынан күрделі объектілердің құрылыс жобаларын қараған жағдайда алқа шешімдерін қабылдау үшін өздерінің сараптама комиссияларын қажет болған жағдайда құрады.»;
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.