Об утверждении Правил определения национального оператора информационной системы отслеживания международных автомобильных перевозок и требования к нему Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.11.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын айқындау қағидаларын және оған қойылатын талаптарды бекіту туралы «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын айқындау қағидалары;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторына қойылатын талаптар бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Басқа 1. Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын айқындау қағидалары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 368 бұйрығына 1 қосымша Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын айқындау қағидалары
Тарау 1. 1 тарау. Жалпы ережелер
1 тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің операторын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және конкурс қорытындылары бойынша халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын (бұдан әрі – ұлттық оператор) айқындау тәртібін белгілейді.
Тарау 2. 2 тарау. Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын айқындау қағидалары
2 тарау. Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын айқындау қағидалары
Тармақ 2
2. Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын айқындау жөніндегі конкурс «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылған, конкурсқа қатысуға ниет білдірген және осы бұйрықпен бекітілген Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторына қойылатын талаптарға және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін заңды тұлғалар арасында өткізіледі.
Тармақ 3
3. Конкурсты ұйымдастырушы салықтар мен төлемдердің бюджетке түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) болады, ол конкурстық комиссияның, сараптама тобының құрамын, конкурстық құжаттаманы, халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – қадағалап отырудың жүйесі) тестілеу жоспарын, конкурсты өткізу мерзімдерін және бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыруды орналастыру мерзімін бекітеді. Ұлттық операторды айқындау кезінде конкурсқа қатысушы ұсынған қадағалау жүйесінің жұмыс істеу сапасының функционалдығы мен көрсеткіштерін және дайындық деңгейін тексеру жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Конкурстық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) ведомство басшысының не оны алмастыратын адамның шешімі бойынша ведомство қызметкерлері, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның өкілі қатарынан кемінде бес мүшеден құрылады.
Тармақ 5
5. Комиссия құрамына төраға, төрағаның орынбасары және комиссия мүшелері кіреді. Комиссия төрағасы болмаған жағдайда, төрағаның функциялары Комиссия төрағасының орынбасарына жүктеледі. Комиссия хатшысы оның мүшесі болып табылмайды және шешім қабылдау кезінде дауыс беруге құқығы жоқ.
Тармақ 6
6. Қадағалап отыру жүйесін тестілеуді өткізу жөніндегі сараптама тобы (бұдан әрі – сараптама тобы) ведомство басшысының не оны алмастыратын адамның шешімі бойынша өкілдер қатарынан кемінде төрт адам санымен құрылады:
Тармақша 1
1) ведомство;
Тармақша 2
2) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның;
Тармақша 3
3) сараптамалық қоғамдастықтар.
Тармақ 7
7. Комиссия отырысы, егер оған оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Комиссия мүшесі, егер оның тікелей немесе жанама мүдделілігі болса және қарсылық білдіруге (өздігінен бас тартуға) жататын болса, отырысқа қатыспайды. Өздігінен бас тарту және қарсылық білдіру отырыс басталғанға дейін де, Комиссия отырысы барысында да дәлелденеді және мәлімделеді. Комиссия мүшесінің өздігінен бас тартуы (қарсылық білдіруі) туралы шешімді Комиссиямен отырыстарға қатысатын оның мүшелерінің көпшілік дауысымен жазбаша нысанда қабылданады және Комиссия мүшесінің қатысуымен жария етіледі.
Тармақ 8
8. Ұлттық операторды айқындау жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарландыруды ведомство конкурс өткізілетін күнге дейін 10 (он) жұмыс күні бұрын Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және ведомствоның интернет-ресурсында бір мезгілде мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды. Конкурсты қайта өткізген жағдайда – қайта конкурс өткізілетін күнге дейін 7 (жеті) жұмыс күні бұрын.
Тармақ 9
9. Ұлттық операторды айқындау жөніндегі конкурс төрт кезеңде өткізіледі:
Тармақша 1
1) конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау және өтінімдерді қабылдау;
Тармақша 2
2) Комиссияның конкурстық өтінімдерді олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі, конкурсқа қатысушылардың халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторына қойылатын талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарауы;
Тармақша 3
3) бақылау жүйесінің бекітілген тестілеу жоспарына сәйкес қадағалап отыру жүйесінің сараптамалық тобының функционалдық және жүктемелік тестілеуі, конкурсқа қатысушының қадағалап отыру жүйесінің сапасы мен дайындық дәрежесін бағалау;
Тармақша 4
4) конкурстың қорытындысын шығару.
Тармақ 10
10. Конкурсқа қатысушылар хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде конкурстық құжаттамаға сәйкес конкурстық өтінімді ұсынады, ол мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысушы нысан бойынша толтырған және қол қойған конкурсқа қатысуға өтінім;
Тармақша 2
2) тіркелген заңды тұлға туралы электрондық анықтама;
Тармақша 3
3) осы бұйрықпен бекітілген Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторына қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар;
Тармақша 4
4) қадағалап отыру жүйесін іске асыру және оның жұмыс істеуі жөніндегі тұжырымдамалық пайым (презентация нысанында);
Тармақша 5
5) қадағалап отыру жүйесінің сипаттамасы және оны енгізу жоспары.
Тармақ 11
11. Конкурстық өтінім мен қоса берілетін құжаттар ведомствоға мемлекеттік немесе орыс тілдерінде желімделген конвертте ұсынылады. Ұсынылған құжаттардың барлық парақтары тігіледі, нөмірленеді және уәкілетті тұлға қол қояды.
Тармақ 12
12. Комиссия конверттерді ашады және конкурстық өтінімдерді Комиссия отырысында конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген орында, күні мен уақытта конкурсқа қатысушылардың барлық келген уәкілетті өкілдерінің қатысуымен қарайды.
Тармақ 13
13. Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде Комиссия қатысып отырған адамдарға конкурсқа қатысушылардың атауын және орналасқан жерін, конкурстық өтінімді құрайтын құжаттардың болуын немесе болмауын хабарлайды.
Тармақ 14
14. Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімі бойынша Комиссия хатшысы ашу хаттамасын жасайды, оған Комиссия төрағасы, оның орынбасары, хатшы және комиссия мүшелері қол қояды.
Тармақ 15
15. Комиссия конкурстық өтінімдерді олардың ұлттық операторға қойылатын талаптарға және конкурстық құжаттамаға толық сәйкестігі тұрғысынан зерделейді. Ұлттық операторға қойылатын талаптарға және (немесе) конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін конкурстық өтінімдерді комиссия қабылдамайды және конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей дәлелді жауаптармен бірге конкурсқа қатысушыларға қайтаруға жатады.
Тармақ 16
16. Келесі кезеңге жіберілген конкурсқа қатысушы сараптамалық топтың бағалауы үшін бекітілген қадағалап отыру жүйесін тестілеу жоспарына сәйкес қадағалап отыру жүйесінің демонстрациясын өткізеді.
Тармақ 17
17. Сараптамалық топ қадағалап отыру жүйесін тестілеу жоспарына сәйкес ұлттық операторға қойылатын талаптарға және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін конкурсқа қатысушыларды қадағалап отыру жүйесіне функционалдық және жүктемелік тестілеу жүргізеді.
Тармақ 18
18. Конкурсқа қатысушыны қадағалап отыру жүйесін тестілеуді өткізу нәтижелері бойынша сараптама тобы тестілеу хаттамасын жасайды. Тестілеу хаттамасында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өткізілген функционалдық және жүктемелік тестілеу нәтижелерінің сипаттамасы, ұлттық операторды айқындау жөніндегі конкурсқа қатысатын қатысушыларды бағалау өлшемшарттарына сәйкес конкурсқа қатысушыны қадағалап отыру жүйесінің сапасы мен дайындық дәрежесін бағалау (қадағалау жүйесін тестілеу нәтижелері бойынша өткізілетін) қамтылады.
Тармақ 19
19. Қадағалап отыру жүйесінің сапасы мен дайындық деңгейін өлшеу үшін тауарлар мен көлік құралдарын қадағалап отырудың тиімділігіне олардың әсерін ескере отырып, осы қадағалап отыру жүйесін тестілеу барысында сарапшылар тобы анықтаған қателер мен сәйкессіздіктер саны ескеріледі. Тестілеу барысында анықталған қателер мен сәйкессіздіктер тестілеу хаттамасында көрсетіледі.
Тармақ 20
20. Сараптама тобының тестілеу хаттамасы Конкурс қорытындылары туралы шешім қабылдау кезінде ескеріледі.
Тармақ 21
21. Конкурстың қорытындыларын шығару кезінде конкурсқа қатысушыларға баллдар беру жөніндегі шешімді Комиссияның әрбір мүшесі жеке шығарады.
Тармақ 22
22. Комиссия мүшелері берген барлық балдарды қосу жолымен ең көп балл алған немесе қайталама конкурс нәтижелері бойынша жалғыз қатысушы деп танылған қатысушы конкурс жеңімпазы деп танылады. Егер комиссияны бағалау қорытындылары бойынша бірнеше конкурсқа қатысушы бірдей жоғары балл жинаған жағдайда, конкурс жеңімпазы комиссияның қатысушы мүшелерінің дауыс беруімен айқындалады. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші дауыс болып табылады. Комиссия мүшелері Ерекше пікір білдірген жағдайда оны жазбаша түрде баяндайды және конкурстың қорытындысын шығару туралы хаттамаға қоса береді.
Тармақ 23
23. Комиссия конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап күнтізбелік 15 күннен аспайтын мерзімде конкурстың қорытындысын шығарады. Комиссия конкурстың қорытындыларын шығарғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес конкурсқа қатысушыларды тыңдайды.
Тармақ 24
24. Комиссия отырысының қорытындылары бойынша конкурс қорытындыларын шығару туралы хаттама ресімделеді, онда конкурсқа қатысушылардың атауы, орналасқан жері, деректемелері және олардың негізінде конкурс жеңімпазы айқындалған шарттар, конкурстық өтінімдері қабылданбаған қатысушылардың атауы мен орналасқан жері, олардың қабылданбау себептері көрсетіле отырып, көрсетіледі.
Тармақ 25
25. Конкурстың қорытындыларын шығару туралы хаттамаға төраға, оның орынбасары және қатысып отырған комиссияның барлық мүшелері, сондай-ақ комиссия хатшысы конкурс қорытындылары шығарылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей қол қояды.
Тармақ 26
26. Конкурстың нәтижелері Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын ресми баспа басылымдарында және ведомствоның интернет-ресурсында бір мезгілде мемлекеттік және орыс тілдерінде, конкурстың қорытындыларын шығару туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейінгі 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жарияланады.
Тармақ 27
27. Комиссия конкурсты, егер:
Тармақша 1
1) оған екіден кем қатысушы қатысса;
Тармақша 2
2) бірде-бір конкурстық өтінім берілмесе;
Тармақша 3
3) конкурсқа қатысушылардың барлығы бірыңғай операторға қойылатын талаптарға және (немесе) конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмесе өтпеді деп таниды.
Тармақ 28
28. Бір конкурсқа екі рет жалғыз өтінім келіп түскен жағдайда, осы бұйрықта белгіленген талапқа сәйкес келетін осы жалғыз қатысушы ұлттық оператор болып танылады.
Тармақ 29
29. Өткізілетін конкурс барысында туындайтын барлық дауларды Комиссия қарайды. Комиссияның дауды қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешіміне Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
Тармақ 30
30. Ведомство конкурстың қорытындыларын шығару туралы хаттаманың негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық операторды айқындау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірлейді.
Тармақ 31
31. Ұлттық оператор Заңның 14-1-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.
Басқа 2. КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ (заңды тұлғалар үшін)
Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын айқындау қағидаларына 1-қосымша нысаны КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ (заңды тұлғалар үшін) (Кімге) _____________________________________________________________________________ (конкурсты ұйымдастырушының атауы) (Кімнен) ____________________________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі) ____________________________________________________________________________________ осы өтініммен халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын таңдау жөніндегі конкурсқа қатысуға өзінің ниетін білдіреді, конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың аумағы бойынша автокөлік құралдары мен тауарларды қадағалап отыру жөніндегі процестерді іске асыруды жүзеге асыруға келісімін білдіреді, бұл мыналарды растайды: ____________________________________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі) конкурстық құжаттамамен таныстым және осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарда дұрыс емес мәліметтер бергені үшін толық жауапкершілікті өзіме аламын. Осы конкурстық өтінім мыналардан тұрады: ______________________________________________________________________________________ (конкурсқа қатысуға өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізбесі) Осы конкурстық өтінім конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап (жазбаша) __________ күн ішінде қолданылады. Атынан және тапсырмасы бойынша конкурстық өтінімге қол қоюға барлық өкілеттігі бар тұлға ______________________________________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі) _________________________________________________________ ______________ (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы, күні)
Басқа 2.1. Конкурсқа қатысатын қатысушыларды бағалау критерийлері ұлттық оператордың анықтамасы бойынша (бақылау жүйесін тестілеу нәтижелері бойынша өткізілетін)
Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын айқындау қағидаларына 2-қосымша нысаны Конкурсқа қатысатын қатысушыларды бағалау критерийлері ұлттық оператордың анықтамасы бойынша (бақылау жүйесін тестілеу нәтижелері бойынша өткізілетін) № п/п Ба­ға­лау кри­те­рий­ле­рі Ба­ға­лау бір­лі­гі (балл­мен) 1 2 3 Кон­кур­сқа қа­ты­су­шы­ны қа­да­ға­лап оты­ру жүй­е­сі­нің дай­ын­дық дә­ре­же­сі (қа­да­ға­лап оты­ру жүй­е­сін те­сті­леу нәти­же­ле­рі бой­ын­ша) Ең кө­бі 21 ұпай 1. Іс­ке қо­сы­л­ған на­ви­га­ци­я­лық плом­ба­лар са­лын­ған кө­лік құ­рал­да­ры­ның нақ­ты уа­қыт ре­жи­мін­де­гі мо­ни­то­рин­гі. 0 - жоқ 1 - иә 2. Мен­шік құқы­ғын­да неме­се өзге де заң­ды негіз­де на­ви­га­ци­я­лық плом­ба­лар­ды қол­да­на оты­рып та­сы­мал­дау ту­ра­лы ақ­па­рат­ты жи­на­уды, өң­де­уді, бе­ру­ді және сақ­та­уды жү­зе­ге асы­ру­ға мүм­кін­дік бе­ре­тін тех­ни­ка­лық жаб­дық­тың бо­луы. 0 - жоқ 1 - иә 3. Бар­лық тір­кел­ген элек­трон­дық плом­ба­лар­дан ақ­па­рат­ты үз­дік­сіз және уа­қыт­пен қа­тар қа­был­дау. 0 - жоқ 1 - иә 4. Ақ­па­рат­тық жүй­е­нің гра­фи­ка­лық пай­да­ла­ну­шы ин­тер­фей­сін­де­гі ақ­па­рат­ты ви­зу­а­ли­за­ци­я­лау. 0 - жоқ 1 - иә 5. Та­сы­мал­дау ту­ра­лы жи­нақ­тал­ған ақ­па­рат­ты сақ­тау мер­зім­де­рін­де шек­те­улер­дің бол­мауы. 0 - жоқ 1 - иә 6. На­ви­га­ци­я­лық плом­ба­лар­ды қа­шық­тық­тан бас­қа­ру­ды, оның ішін­де на­ви­га­ци­я­лық плом­ба­ның ағым­да­ғы тех­ни­ка­лық жай-күйі ту­ра­лы өзін-өзі ди­а­гно­сти­ка­ла­уды орын­дау. 0 - жоқ 1 - иә 7. На­ви­га­ци­я­лық плом­ба­дан де­ректер­ді бе­ру жи­і­лі­гі­нің өзге­руі, на­ви­га­ци­я­лық плом­ба­ны іс­ке қо­су және ажы­ра­ту. 0 - жоқ 1 - иә 8. Әр түр­лі есеп­тер­ді қа­лып­та­сты­ру және ұсы­ну мүм­кін­ді­гін қам­та­ма­сыз ету. 0 - жоқ 1 - иә 9. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да ға­на ор­на­лас­қан сер­вер­лер­де қа­да­ға­лап оты­ру жүй­е­сін ор­на­ту, оқ­ша­у­лау, өрі­сте­ту. 0 - жоқ 1 - иә 10. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да тек ав­тор­лан­ды­ры­л­ған пай­да­ла­ну­шы­лар­ға ақ­па­рат­қа қол жет­кі­зу­ді қам­та­ма­сыз ету. 0 - жоқ 1 - иә 11. Рұқ­сат етіл­ме­ген қол­же­тім­ді­лік­тен қор­ғау­мен ақ­па­рат­ты бе­ру­ді жү­зе­ге асы­ру. 0 - жоқ 1 - иә 12. Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ­тың (бұ­дан әрі – ЕА­ЭО) ел­де­рі­нің ұлт­тық опе­ра­тор­ла­ры­мен өза­ра іс-қи­мыл жа­сау мүм­кін­ді­гі. 0 - жоқ 1 - иә 13. Тәу­лік бойы тех­ни­ка­лық қол­дау - 24/7. 0 - жоқ 1 - иә 14. Ве­дом­ство­ның та­ла­бы бой­ын­ша бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету­ге өзге­рі­стер ен­гі­зу мүм­кін­ді­гін қам­та­ма­сыз ету. 0 - жоқ 1 - иә 15. Ве­дом­ство­ның та­ла­бы бой­ын­ша өзге бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету­мен ин­те­гра­ци­я­лау мүм­кін­ді­гі. 0 - жоқ 1 - иә 16. На­ви­га­ци­я­лық плом­ба­лар­дың жет­кі­лік­ті­лі­гін ба­қы­ла­уды және одан әрі пай­да­ла­ну үшін на­ви­га­ци­я­лық плом­ба­лар­ды за­ряд­та­уды қам­та­ма­сыз ете­тін сер­ви­стік қыз­мет көр­се­ту же­лі­ле­рі­нің бо­луы. 0 - жоқ 1 - иә 17. Элек­трон­дық плом­ба­лар­ды пай­да­ла­на оты­рып, жүк­тер­дің мо­ни­то­рин­гі жүй­е­сіне Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы па­тен­ті­нің бо­луы. 0 - жоқ 5 - иә Ма­те­ри­ал­дық қам­та­ма­сыз ету­дің дай­ын­дық дә­ре­же­сі (те­сті­леу және на­ви­га­ци­я­лық плом­ба­лар­ды тек­се­ру нәти­же­ле­рі бой­ын­ша) Ең кө­бі 8 ұпай 1. На­ви­га­ци­я­лық плом­ба­лар­дың мы­на­дай қа­си­ет­те­рі бо­луы ти­іс: жал­ған­нан қор­ғау, бі­ре­гей же­ке нө­мір, ол ту­ра­лы ақ­па­рат іш­кі ұшпай­тын жад­та бо­ла­ды және элек­трон­дық плом­ба­ның кор­пу­сы­на қол­да­ны­ла­ды; на­ви­га­ци­я­лық плом­ба­ның элек­трон­дық бло­гын қай­та пай­да­ла­ну мүм­кін­ді­гі; элек­трон­дық плом­ба­ның жұ­мыс қа­бі­лет­ті­лі­гін көз­бен шо­лып анық­та­у­ға ар­нал­ған ин­ди­ка­ция; шаң, ылғал­ға тө­зім­ді кор­пус. 0 - сәй­кес кел­мей­ді 1 - іші­на­ра сәй­кес ке­ле­ді 2 - сәй­кес ке­ле­ді 2. Ға­лам­дық на­ви­га­ци­я­лық спут­ник­тік жүй­е­лер­ден алын­ған де­ректер негі­зін­де ке­ңі­стік-уа­қыт күй­і­нің па­ра­метр­ле­рін ай­қын­дау (гео­гра­фи­я­лық бой­лы­ғы мен ор­на­лас­қан же­рі­нің кең­ді­гі, қоз­ға­лыс жыл­дамды­ғы мен ба­ғы­ты, ке­ңі­стік-уа­қыт жай-күй­і­нің тір­кел­ген кү­ні мен уа­қы­ты). 0 - жоқ 1 - иә 3. Элек­трон­дық плом­ба­ның бү­т­ін­ді­гі­нің жай-күй­ін және кор­пу­сын ашу­ды және бе­кі­ту-плом­ба­лау құ­ры­л­ғы­сы­ның тро­сы­ның үзі­лу­ін, сон­дай-ақ ак­ку­му­ля­тор­дың за­ряд дең­гей­ін және осы ақ­па­рат­ты бе­ру мүм­кін­ді­гі­мен на­ви­га­ци­я­лық плом­ба­ның жал­пы жұ­мыс қа­бі­лет­ті­лі­гін ав­то­мат­ты түр­де анық­тау. 0 - жоқ 1 - иә 4. Ве­дом­ство қыз­мет­кер­ле­рі­нің оқу мүм­кін­ді­гі бар элек­трон­дық плом­ба­ның іш­кі энер­ги­я­ға тәу­ел­сіз жадын­да ақ­па­рат­ты сақ­тау. 0 - жоқ 1 - иә 5. + 60 және - 60 гра­дус тем­пе­ра­ту­ра­да жұ­мыс іс­теу; жұ­мыс мер­зі­мі 45 (қы­рық бес) күн­нен кем емес. 0 - сәй­кес кел­мей­ді 1 - іші­на­ра сәй­кес ке­ле­ді 2 - сәй­кес ке­ле­ді 6. Мен­шік­те неме­се жал­ға алу­да ке­мін­де 4 000 на­ви­га­ци­я­лық плом­ба­ның бо­луы. 0 - жоқ 1 - иә Ұлт­тық опе­ра­тор­дың дай­ын­дық дә­ре­же­сі және осы бұй­рық­пен бел­гі­лен­ген оған қой­ы­ла­тын та­лап­тар­дың сақ­та­луы (ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­ды қа­рау және та­ны­сты­ру нәти­же­ле­рі бой­ын­ша) Ең кө­бі 11 ұпай 1. Са­лын­ған на­ви­га­ци­я­лық плом­ба­ла­ры бар кө­лік­ті өт­кі­зу про­це­сін ве­дом­ство­ның мо­ни­то­ринг­теу мүм­кін­ді­гі бар қа­да­ға­лап оты­ру жүй­е­сі­нің бо­луы. 0 - жоқ 3 - иә 2. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның және (неме­се) ЕА­ЭО-ның бү­кіл ау­ма­ғын­да қа­да­ға­лап оты­ру жүй­е­сі­нің үз­дік­сіз жұ­мыс іс­те­уін, сон­дай-ақ де­ректер­дің қа­уіп­сіз­ді­гі мен қор­ға­луын қам­та­ма­сыз ете­тін де­ректер­ді өң­деу ор­та­лық­та­ры­ның, де­ректер­ді бе­ру же­лі­ле­рі­нің бо­луы. 0 - жоқ 1 - иә 3. Заң­на­ма­да бел­гі­лен­ген жағ­дай­лар­да Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бү­кіл ау­ма­ғы бой­ын­ша на­ви­га­ци­я­лық плом­ба­лар­ды және (неме­се) ЕЭАО қол­да­ну­мен бай­ла­ны­сты қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мүм­кін­ді­гі. 0 - жоқ 2 - иә 4. Кө­лік­ті қа­да­ға­лап оты­ру­ды қам­та­ма­сыз ету және кө­лік­ті қа­да­ға­лап оты­ру­дың ағым­да­ғы жағ­дайы ту­ра­лы ве­дом­ство­ға ха­бар­лау үшін тәу­лік бойы мо­ни­то­ринг­тік ор­та­лық­тың бо­луы. 0 - жоқ 3 - иә 5. Қа­да­ға­лап оты­ру­дың жүй­е­сі­нің ин­фра­құ­ры­лы­мы­на тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту үшін бі­лік­ті пер­со­нал­дың бо­луы. 0 - жоқ 1 - иә 6. Қа­да­ға­лап оты­ру жүй­е­сі­нің пай­да­ла­ну­шы­ла­ры­на қыз­мет көр­се­ту үшін тәу­лік бойы бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның бо­луы. 0 - жоқ 1 - иә
Басқа 2. Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторына қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 368 бұйрығына 2 қосымша Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторына қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Ұлттық оператор навигациялық пломбаларды пайдалана отырып тауарлар мен көлік құралдарын қадағалап отыру процесін қамтамасыз ететін ресурстарды, оның ішінде:
Тармақша 1
1) ведомство салынған навигациялық пломбалары бар көлікті өткізу процесін мониторингтеу мүмкіндігі бар қадағалап отыру жүйесін;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) бүкіл аумағында қадағалап отыру жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін, сондай-ақ деректердің қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз ететін деректерді өңдеу орталығы (орталықтары), деректерді беру желілерін;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының және (немесе) ЕАЭО-ның бүкіл аумағы бойынша навигациялық пломбаларды қолдануға байланысты қызметтер көрсету мүмкіндігін;
Тармақша 4
4) көлікті қадағалап отыруды қамтамасыз ету және көлікті қадағалап отырудың ағымдағы жағдайы туралы ведомствоға хабарлау үшін тәулік бойы мониторинг орталығын;
Тармақша 5
5) өзінің инфрақұрылымына техникалық қызмет көрсету үшін білікті персоналын;
Тармақша 6
6) қадағалап отыру жүйесінің пайдаланушыларына қызмет көрсету үшін тәулік бойы байланыс орталығын қамтиды.
Тармақ 2
2. Ұлттық операторды айқындау жөніндегі конкурсқа қатысуға:
Тармақша 1
1) мемлекеттік сатып алуға адал емес қатысушылар тізілімінде тұрған;
Тармақша 2
2) «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрған;
Тармақша 3
3) қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатылған;
Тармақша 4
4) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпте жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген басшы, құрылтайшылар (акционерлер);
Тармақша 5
5) атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар және атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізілген;
Тармақша 6
6) конкурстық құжаттама берілген күнге салықтар және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдер бойынша берешегі бар заңды тұлғалар жіберілмейді.