Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог акимата Денисовского района» Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Денисов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Денисов ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Денисов ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) жоғарыда көрсетілген Ережені заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. «Денисов ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Денисов ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 59 қаулысымен бекітілген «Денисов ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1 тарау. Жалпы ережелер
1 тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Денисов ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) Жергілікті деңгейде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Бөлімнің ведомстволық бағынысты мекемесі бар: «Денисов ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдар бөлімінің «Дидар» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
Тармақ 3
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. Бөлім егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкiлеттiк берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Бөлім өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
Тармақ 8
8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110500, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Денисов ауданы, Денисов ауылдық округі, Денисовка ауылы, Калинин көшесі, 5 құрылыс.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатынан жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттігі
2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттігі
Тармақ 13
13. Міндеттері:
Тармақша 1
1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль көлігі, автомобиль жолдары, энергетика және энергия үнемдеу салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 2
2) тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы мемлекеттік бақылау және қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау болып табылады;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттер болып табылады.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтар өз құзыреті шегінде құқықтық актілерді қабылдау; аудан әкімі аппаратының міндеттерін орындауға және функцияларын жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, барлық меншік нысанындағы ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан ақпарат сұрату және алу; өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасу; мүліктік және мүліктік емес құқықтарды сатып алу және жүзеге асыру; заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлімнің құқықтары мен мүдделерін, соның ішінде соттарда қорғауды жүзеге асыру.
Тармақша 2
2) міндеттері: жоғары тұрған мемлекеттік органдардың, аудан әкімінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау; мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Функциялар:
Тармақша 1
1) ведомстволық бағынысты кәсіпорынның күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындық жөніндегі қызметін үйлестіру және бақылау;
Тармақша 2
2) коммуналдық тұрғын үй қорын сақтау бойынша іс-шаралар өткізу;
Тармақша 3
3) ауданның елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмыстардың орындалуын ұйымдастыру және мониторингілеу;
Тармақша 4
4) ауданның коммуналдық меншігіндегі аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын басқару;
Тармақша 5
5) аудандық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралардың орындалу барысы туралы деректер жинау;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы, мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 8
8) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;
Тармақша 9
9) жолаушылар мен багажды тұрақты ауылдық, ауданішілік тасымалдауды ұйымдастыру, олардың маршруттарын бекіту, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастыру және өткізу және маршруттар бойынша қозғалыс кестесін бекіту;
Тармақша 10
10) такси тасымалдаушысы ретінде қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама берген жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу;
Тармақша 11
11) энергия үнемдеуге және энергия тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды іске асыру;
Тармақша 12
12) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 13
13) коммуналдық қызметтерді үздіксіз көрсету мақсатында коммуналдық қызметтерді жеткізушілермен және тұтынушылармен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 14
14) мемлекеттік қызметтер көрсету;
Тармақша 15
15) тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі елді мекендердің шекаралары шегіндегі бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылауды, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі елді мекендер шекаралары шегіндегі қадағалау субъектілеріне қатысты қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 16
16) өз құзыреті шегінде Денисов ауданы әкімдігінің және Денисов аудандық мәслихатының нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу және келісу;
Тармақша 17
17) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау болып табылады;
Тармақша 18
18) үй жануарларын серуендетуге не өзге мақсатта жануарлармен бірге болуға тыйым салынатын орындарды айқындау, сондай-ақ қажет болған жағдайда үй жануарларын серуендетуге арналған орынды жабдықтау;
Тармақша 19
19) жануарларға арналған баспаналардың қызметін ақпараттық қамтамасыз етуді және жануарларды жаңа иелеріне беруге, жоғалған жануарлардың иелерін іздестіруге, үй жануарларын зарарсыздандыру қажеттілігі туралы хабардар етуге бағытталған әлеуметтік жарнаманы ұйымдастыру;
Тармақша 20
20) қаңғыбас жануарлардың санын реттеуді ұйымдастыру;
Тармақша 21
21) қоммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін бөлуді ұйымдастырады;
Тармақша 22
22) қоммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастырады;
Тармақша 23
23) тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді;
Тармақша 24
24) апатты тұрғын үйді бұзуды ұйымдастырады;
Тармақша 25
25) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 26
26) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шарттарда және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен коммуналдық тұрғын үй қорынан азаматтардың меншігіне тұрғын үйлерді беру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 27
27) коммуналдық тұрғын үйде заңсыз тұратын адамдарды сот тәртібімен көшіру бойынша жұмыс жүргізеді;
Тармақша 28
28) даму жоспарларын әзірлеу, келісу және орындалуын бақылау бөлігінде ведомстволық бағынысты кәсіпорынның қызметін үйлестіреду даму жоспарларын әзірлеу, келісу және орындалуын бақылау бөлігінде ведомстволық бағынысты кәсіпорынның қызметін үйлестіреді;
Тарау 3. 3 тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
3 тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
Тармақ 16
16. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Бөлімнің бiрiншi басшысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 18
18. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді және жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауап береді;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен;
Тармақша 3
3) Бөлімнің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді, орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 4
4) бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті емес шараларды қабылдау үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
Тармақша 6
6) мемлекеттіқ бөлімнің атынан сенімхатсыз әрекет жасайды;
Тармақша 7
7) азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді;
Тармақша 8
8) қызметтік құжаттамаға қол қояды;
Тармақша 9
9) бөлімнің барлық қаржылық және банктік құжаттарына бірінші қол қою құқығына ие;
Тармақша 10
10) өзінің құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды. Бөлімнің бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Тарау 4. 4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 19
19. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 20
20. Бөлімде бекiтiлген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 21
21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлімнің өзіне бекiтiлген мүлiктi және оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлiктi өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 22
22. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 23
23. Бөлімнің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі: «Денисов ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдар бөлімінің «Дидар» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.