Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел культуры и развития языков Наурзумского района» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Науырзым ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Науырзым ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Науырзым ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Науырзым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Науырзым ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. «Науырзым ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Науырзым ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 10 наурыздағы № 81 қаулысымен бекітілген «Науырзым ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Науырзым ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі) мәдениет және тілдерді дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мынадай ведомстволары бар:
Тармақша 1
1) Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Науырзым аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 2
2) Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Науырзым аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 3
3) Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Аудандық тілдерді оқыту орталығы» комунналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі өз қызметтерін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртаңбалары бар, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Науырзым ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111400, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Науырзым ауданы, Қарамеңді селосы Шаяхметов көшесі, 8.
Тармақ 10
10. Осы ереже мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі кәсіпкерлік субъектілерімен Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер Республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) мәдениет және өнер саласында қызметтер ұсыну;
Тармақша 2
2) әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды өткізу;
Тармақша 3
3) тарихи-мәдени мұра нысандарын дамыту мен сақтау;
Тармақша 4
4) тарихи-мәдени мұраларды дәріптеу және оның халықаралық мәртебесін жоғарлату;
Тармақша 5
5) ақпаратты әр түрлі тасымалдаушылар арқылы тұрғындарға жеткізу.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары: өз қызметін атқарушы биліктің басқа органдарымен өзара іс-қимылда жүзеге асыру; мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты сұратуға, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің құзыретіне жататын мәселелерді дайындауға мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тартуға, тиісті ұсыныстарды әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құруға; мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде аудан әкіміне ұсыныстар енгізуге; бөлімге жүктелген мәселелерге қатысты ақппараттық – аналитикалық және басқа да материалды дайындауды жүзеге асыруға; тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға бөлім қызметі саласына қатысты тапсырмалар беруге, олардың орындалуын бақылау, сонымен қатар орталық және жергілікті атқарушы органдармен өткізілетін шараларға қатысуға; бағдарламалардың әкімшісі және мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсты ұйымдастырушы болуға; ведомстволық бағыныстағы мәдениет мекемелері мүліктерінің сақталуына және тиімді пайдаланылуына бақылау жасауға; ведомстволық бағыныстағы мекемелердің мүліктеріне билік жүргізуге; мәдени мұраларды қорғау және пайдалану жөніндегі заңдылықтар талаптарының орындалуын қадағалауға және олардың сақталуы жөнінде шаралар қолдануға; мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Қазақстан Республикасы заңдарымен қарастырылған басқа да функцияларды атқаруға құқылы; мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы, сондай-ақ заңдарға қарсы келмейтін басқа да құқықтарды жүзеге асырады.
Тармақша 2
2) міндеттері: мемлекеттік мекеме құзыретінің мәселелері бойынша аудан әкімі және әкімдігі қабылдайтын нормативтік-құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар енгізу; қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, мәслихаттың, әкімдіктің және аудан әкімінің актілері мен тапсырмаларына сәйкес ауданда жергілікті мемлекеттік мәдениет және тілдерді дамыту органдарының орындауын қамтамасыз ету және жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) аудан аумағында тұратын барлық халықтардың мәдениетін сақтау үшін жағдайлар жасау;
Тармақша 3
3) азаматтардың еркін шығармашылық құқұғына, мәдени қайраткерлік қызметін іске асыруда қолдау жасау;
Тармақша 4
4) ауданның әр түрлі санаттағы тұрғындарын ең жақсы үлгідегі әлемдік және отандық өнерге бейімдеу;
Тармақша 5
5) мәдени – демалыс саласының дамуына ықпал жасау, халықтың әр түрлі тобын мәдениет –демалыс түрлерімен қамтамассыз ету;
Тармақша 6
6) кәсіби өнерді сақтау, жітілдіру үшін мемлекеттік қолдауды және қолайлы жағдай туғызуды қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) халықтық қолөнерді және көркем кәсіпшілікті жандандыру, халық ауыз әдебиетін сақтау және дамыту;
Тармақша 8
8) ауданда мемлекеттік тіл саясатының жүзеге асырылуына бақылау жасау;
Тармақша 9
9) аудандық тілдерді оқыту орталығының жұмысын үйлестіру, мемлекеттік тілді оқыту және оны аудан өмірінің барлық саласына енгізу;
Тармақша 10
10) Заңнамада белгіленген жағдайларда және тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;
Тармақша 12
12) Азаматтарды тіл қағидаты бойынша кемсітушілікке жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
Тармақша 13
13) маңдайшаларды ауылдарда орналастыру туралы хабарламаларды қабылдауды және қарауды жүзеге асырады;
Тармақша 14
14) көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға жергілікті атқарушы органның тілдерді дамыту саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің басшысы мен оның орынбасарлары құқылы;
Тармақша 15
15) ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;
Тармақша 16
16) бюджет қаражатының көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерін қаржыландыруға арналған мемлекеттік шығармашылық тапсырысты бекітеді;
Тармақша 17
17) мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерінде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 18
18) мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және нысаналы игерілуінің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 19
19) тиісті аумақта орналасқан мәдениет ұйымдарының қызметіне мониторингті жүзеге асырады және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына ақпаратты, сондай-ақ белгіленген нысандағы статистикалық есептерді ұсынады;
Тармақша 20
20) тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды дамытуға жәрдемдеседі.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттігі
3. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттігі
Тармақ 16
16. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшылығын бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бөлімнің басшысы жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 18
18. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына дербес жауапты;
Тармақша 2
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектерде мәдениент және тілдерді дамыту бөлімі мүлкіне билік етеді;
Тармақша 4
4) шарттар жасайды;
Тармақша 5
5) сенімхаттар береді;
Тармақша 6
6) банк мекемелерінде шоттар ашады;
Тармақша 7
7) мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлерінің барлығы орындауға міндетті өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 8
8) мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мүддесін барлық ұйымдарда қорғайды;
Тармақша 9
9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, сонымен қатар мадақтау шараларын және тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 10
10) мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік шеңберін белгілейді;
Тармақша 11
11) мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың өзге де түрлері бойынша тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады; Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік органның мүлкi
4. Мемлекеттік органның мүлкi
Тармақ 19
19. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 20
20. Мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
Тармақ 21
21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 22
22. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.