Об утверждении Правил государственной регистрации выпуска объявленных акций, утверждения отчета об итогах размещения акций и аннулирования выпуска акций Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.07.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiту және акциялар шығарылымын жою ережесiн бекiту туралы Бағалы қағаздар рыногын мемлекеттiк реттеудi жетiлдiру мақсатында, "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  17 және  20-баптарына , "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Тармақ 1
1. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiту және акциялар шығарылымын жою ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулы күшiне енген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Акциялар эмиссиясын мемлекеттiк тiркеу, мемлекеттiк тiркелуге жатпайтын акциялардың эмиссияларына ұлттық бiрегейлендiру нөмiрiн беру, акцияларды шығару және орналастыру қорытындылары жөнiндегi есептi қарау және акциялар эмиссиясын жою ережесiн бекiту туралы" 2002 жылғы 3 тамыздағы N 304 қаулысының   (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1979 тiркелген, 2003 жылғы 22 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.):
Тармақша 1
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, "Активтердi Басқарушылар қауымдастығы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бiрлестiгiне, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне, "Қазақстан Тiзiлiм ұстаушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне және жинақтаушы зейнетақы қорларына жiберсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсiн.
Тармақ 5. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiту және акциялар шығарылымын жою ережесi
5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi. Ұлттық Банк Төрағасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiту және акциялар шығарылымын жою ережесiн бекiту туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі N 217 қаулысымен бекiтiлген Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiту және акциялар шығарылымын жою ережесi Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiту және акциялар шығарылымын жою ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының " Акционерлiк қоғамдар туралы " (бұдан әрi - Заң) " Бағалы қағаздар рыногы туралы " Заңдарына сәйкес әзiрлендi және акционерлiк қоғамның (бұдан әрi - қоғам) жарияланған акцияларын мемлекеттiк тiркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiту және акцияларын шығарылымын жою тәртiбiн айқындайды.
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiтудi және акциялар шығарылымын жоюды қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеудi және бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жүзеге асырады. <*>
Тармақ 2
2. <*>
Тармақ 2. 2. Жарияланған акцияларды мемлекеттiк тiркеу
2. Жарияланған акцияларды мемлекеттiк тiркеу
Тармақ 3
3. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу үшiн қоғам уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) еркiн нысанда жасалған өтiнiш;
Тармақша 2
2) қоғамның құрылтай жиналысының (бiр құрылтайшының шешiмi) немесе акционерлерiнiң жиналысының (дауыс беретiн барлық акцияларды иеленушi акционердiң шешiмi) жарияланған акциялар шығару туралы шешiммен бiрге хаттамасының көшiрмесi;
Тармақша 3
3) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң және статистикалық карточканың көшiрмелерi;
Тармақша 4
4) жарғының көшiрмесi;
Тармақша 5
5) соңғы екi қаржылық жылдың аудиторлық есептермен расталған қаржы есебiмен (жаңа құрылған қоғамдарды қоспағанда) және жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеуге құжаттар ұсыну алдындағы соңғы ай соңындағы жағдай бойынша қаржы есебiмен бiрге осы Ереженiң 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша акциялар шығарылымының проспектiсiн екi данамен қағаз тасымалдаушысында және бір данамен электрондық тасымалдаушысында; <*>
Тармақша 6
6) құрылтайшылардың жарғылық капиталды (акцияларды алғашқы рет шығарған жаңадан құрылған қоғамдар үшін) төлегенiн растайтын құжаттардың көшiрмелерi; <*>
Тармақша 6-1
6-1) жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшеріне ақы төлеуді растайтын құжаттардың көшірмелері (жарғылық капиталы акцияларды орналастыру қорытындылары туралы бекітілген есеп бойынша кемінде 50.000 айлық есеп көрсеткішін құрайтын қоғамдар үшін)
Тармақ 4
4. Қоғамды қайта ұйымдастыру арқылы құру кезiнде қоғам осы Ереженiң 3-тармағының 1)-6) тармақшаларында аталған құжаттардан басқа:
Тармақша 1
1) қосу және бiрiктiру арқылы қайта ұйымдастыру кезiнде - өткiзу актiсiнiң және бiрiктiру немесе қосу шартының көшiрмелерiн;
Тармақша 2
2) бөлу және бөлiнiп шығу арқылы қайта ұйымдастыру кезiнде - бөлiну балансының көшiрмесiн;
Тармақша 3
3) қайта құру кезiнде - өткiзу актiсiнiң және заңды тұлға тiркелген күнгi қаржы есебiнiң көшiрмелерiн ұсынады.
Тармақ 5
5. Уәкiлеттi орган жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеуге ұсынған құжаттарды олар алынған күннен бастап отыз күнтiзбелiк күн iшiнде қарайды.
Тармақ 6
6. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеуге ұсынған құжаттар Қазақстан Республикасы заңдарының және осы Ереженiң талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкiлеттi орган:
Тармақша 1
1) қоғамға жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк бередi;
Тармақша 2
2) акциялар шығарылымы проспектiсiнiң уәкiлеттi органның оны тiркеу туралы белгiсi қойылған бiр данасын қоғамға қайтарады.
Тармақ 3. 3. Акциялар шығарылымының проспектiсiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу
3. Акциялар шығарылымының проспектiсiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу
Тармақ 7
7. Жарияланған акциялар санының ұлғаюына және төлем агентінің ауысуына қатысты өзгерістер уәкілетті органда тіркелуге жатады. <*>
Тармақ 8
8. Акциялар шығарылымының проспектiсiне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу үшiн қоғам уәкiлеттi органға:
Тармақша 1
1) еркiн нысанда жасалған өтiнiштi;
Тармақша 2
2) акциялар шығарылымының проспектiсiне енгiзiлген, бiрiншi басшы, бас бухгалтер, iшкi аудит қызметiнiң (егер ол бар болса) басшысы қол қойған және қоғам мөрiнiң таңбасымен расталған өзгерiстер мен толықтыруларды екi данамен қағаз тасымалдаушысында және бір данамен электрондық тасымалдаушысында; <*>
Тармақша 3
3) негiзiнде акциялар шығарылымының проспектiсiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген қоғам органының шешiмiнiң көшiрмесiн;
Тармақша 4
4) әдiлет органының белгiсi қойылған барлық енгiзiлген өзгерiстерi мен толықтыруларымен бiрге жарғының көшiрмесiн (қоғамның атауы және/немесе жарияланған акциялардың саны өзгерген жағдайда); <*>
Тармақша 5
5) жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң түпнұсқасын (қоғамның атауы және/немесе жарияланған акциялардың саны мен түрі өзгерген жағдайда); <*>
Тармақша 6
6) орналастырылған акциялардың (қоғам сатып алған акцияларды шегерiп тастағанда) жалпы санының он және одан көп (халықтық қоғамдар үшiн - бес және одан көп) процентiн ұстаушылар туралы тiркеушi берген анықтаманың түпнұсқасын ұсынады.
Тармақ 9
9. Уәкiлеттi орган акциялар шығарылымының проспектiсiне өзгерiстер мен толықтыруларды олар алынған күннен бастап он төрт күнтiзбелiк күн iшiнде қарайды.
Тармақ 10
10. Акциялар шығарылымының проспектiсiне енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы заңдарының және осы Ереженiң талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкiлеттi орган қоғамға акциялар шығарылымының проспектiсiне өзгерiстермен толықтырулардың оларды тiркеу туралы белгi қойылған бiр данасын бередi.
Тармақ 11
11. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк:
Тармақша 1
1) қоғамның атауы өзгерген;
Тармақша 2
2) жарияланған акциялардың саны көбейген мынадай жағдайларда ауыстырылады;
Тармақша 3
3) акцияның түрі өзгерген жағдайда ауыстырылады. <*>
Тармақ 12
12. Жарғылық капиталы кемiнде 50.000 еселенген ең төменгi есептiк көрсеткiш мөлшерiнде төленген, акциялары жабық немесе жеке тәсiлмен орналастырылған қоғам жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алу үшін уәкiлеттi органға мынадай құжаттар ұсынады:
Тармақша 1
1) еркiн нысанда жасалған өтiнiш;
Тармақша 2
2) соңғы екi қаржылық жылдың аудиторлық есептермен расталған қаржы есебiмен және жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеуге құжаттар алу үшін соңғы ай соңындағы жағдай бойынша қаржы есебiмен бiрге осы Ереженiң 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша акциялар шығарылымының проспектiсiн екi данамен қағаз тасымалдаушысында және бір данамен электрондық тасымалдаушысында;<*>
Тармақша 3
3) ҰБН беру туралы куәлiктiң (куәлiктердiң) түпнұсқасы (түпнұсқалары).
Тармақ 13
13. Уәкiлеттi орган жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi ауыстыру үшiн ұсынылған құжаттарды олар алынған күннен бастап он төрт күнтiзбелiк күн iшiнде қарайды.
Тармақ 14
14. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi ауыстыру үшiн ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңдарының және осы Ереженiң талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкiлеттi орган қоғамға жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк және акциялар шығарылымы проспектiсiнiң оны тiркеу туралы белгi қойылған бiр данасын бередi. Егер жарияланған акциялардың санын ұлғайту жарғылық капиталдың мөлшерін ұлғайтпастан орналастырылған акциялар санын ұсақтау арқылы (бұдан әрі - акцияларды ұсақтау) жүзеге асырылған жағдайда, уәкілетті орган куәлікте және ілеспе хатында жарияланған акциялардың саны орналастырылған акциялар санын ұсақтау есебінен ұлғайғандығын көрсетеді.
Тармақ 4. 4. Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiту
4. Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiту
Тармақ 15
15. Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiту үшiн қоғам уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) еркiн нысанда жасалған өтiнiш;
Тармақша 2
2) акцияларды орналастыру аяқталған күнгі немесе есепті ай соңындағы жағдай бойынша қаржы есеп; <*>
Тармақша 3
3) баспасөз басылымының нөмiрiн шыққан күнiн көрсете отырып акцияларды орналастыру туралы хабар жарияланған баспасөз басылымы (егер акциялар инвесторлардың шектеусіз тобы арасында орналастырылған жағдайда) бетiнiң көшiрмесiн; <*>
Тармақша 4
4) осы Ереженiң 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалған акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi екi данамен қағаз тасымалдаушысында және бір данамен электрондық тасымалдаушысында; <*>
Тармақша 5
5) егер осы орналастыру құрылтайшылар арасында жүзеге асырылмаса, қоғамның директорлар кеңесiнiң акциялар орналастыру туралы шешiмiнiң көшiрмесi.
Тармақ 16
16. Қоғамның акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiту үшiн ұсынған құжаттар Қазақстан Республикасы заңдарының және осы Ереженiң талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкiлеттi орган:
Тармақша 1
1) есептi бекiтедi және қоғамға акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептiң бекiтiлгендiгi туралы хабарлама жiбередi;
Тармақша 2
2) есептiң бекiтiлгендiгi туралы уәкiлеттi органның белгiсi қойылған есептiң бiр данасын қоғамға қайтарады.
Тармақ 16-1
16-1. Акциялар шығарылымының проспектісіне акцияларды ұсақтаумен байланысты өзгерістер енгізілген жағдайда, эмитент уәкілетті орган бекіткен акцияларды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепке енгізілген өзгерістерді және акцияларды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті бекіту туралы хабарламаның түпнұсқасын уәкілетті органға ұсынады. Көрсетілген өзгерістер назарға алынып, уәкілетті орган акцияларды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті бекіту туралы хабарламаны алған күннен бастап он төрт күнтізбелік күн ішінде ауыстырады.
Тармақ 17
17. Егер орналастыру басталған не акцияларды орналастыру қорытындылары туралы соңғы есеп ұсынылған күннен бастап алты ай iшiнде қоғам бiр де бiр акция орналастырмаса, ол уәкiлеттi органға:
Тармақша 1
1) осы кезеңде акцияларды орналастырy жүзеге асырылмағаны туралы жазбаша хабарлама;
Тармақша 2
2) орналастырудың алты айлық мерзiмi аяқталған күнi тiркеушi берген, орналастырылған акциялардың (қоғам сатып алған акцияларды шегерiп тастағанда) жалпы санының он және одан көп (халықтық қоғамдар үшiн - бес және одан көп) процентiн ұстаушылар туралы анықтаманың түпнұсқасын ұсынады.
Тармақ 18
18. Акциялардың орналастырылмағандығы туралы хабарды қарау нәтижесi бойынша уәкiлеттi орган қоғамға осы хабарламаның назарға алынғандығы туралы хат жiбередi.
Тармақ 5. 5. Акциялар шығарылымын жою
5. Акциялар шығарылымын жою
Тармақ 19
19. Акциялар шығарылымы:
Тармақша 1
1) соттың шешiмiмен мәжбүрлеп қайта ұйымдастырылған немесе таратылған;
Тармақша 2
2) қоғам ерiктi түрде қайта ұйымдастырылған (осы қоғамға басқа заңды тұлғаны қосуды немесе осы қоғамнан жаңа акционерлiк қоғамды бөлiп шығаруды есептемегенде) немесе таратылған;
Тармақша 3
3) соттың шешiмiмен эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу мемлекеттiк тiркеу жарамсыз деп танылған жағдайларда жойылады.
Тармақ 20
20. Акциялар шығарылымын жою үшiн қоғам уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) еркiн нысанда, тіркеушінің атауын көрсете отырып жасалған өтiнiш; <*>
Тармақша 2
2) соттың мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру не тарату туралы шешiмiнiң, немесе шығарылымды мемлекеттiк тiркеудi жарамсыз деп тану туралы шешiмнiң көшiрмесi; немесе акционерлердiң жалпы жиналысының қоғамды қайта ұйымдастыру немесе тарату және акциялар шығарылымын жою туралы шешімінің көшірмесі; <*>
Тармақша 3
3) жарияланған акциялардың шығарылымын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң және (немесе) ҰБН беру туралы куәлiктiң түпнұсқасы;
Тармақша 4
4) акциялар шығарылымы проспектiсiнiң оған енгiзiлген өзгерiстерiмен және толықтыруларымен бiрге түпнұсқасы;
Тармақша 5
5) акцияларды орналастыру қорытындылары есептiң (есептердiң) және уәкiлеттi органның акцияларды орналастыру қорытындылары есептi бекiту туралы хабарламасының (хабарламаларының) түпнұсқасы (нұсқалары).
Тармақ 21
21. Осы Ереженiң 20-тармағының 3)-5) тармақшаларында аталған құжаттардың түпнұсқалары жоғалған жағдайда қоғам баспасөз басылымында жоғалған құжаттардың жарамсыздығы туралы жарияланған ақпараттың көшiрмесiн ұсынады.
Тармақ 22
22. Осы Ереженiң 19-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiтпестен акциялар шығарылымын жоюға жол берiледi. Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiтпестен акциялар шығарылымы жойылған жағдайда қоғам уәкiлеттi органға осы Ереженiң 20-тармағының 1)-4) тармақшаларында аталған құжаттарды ұсынады.
Тармақ 23
23. Акциялар шығарылымын жою үшiн уәкiлеттi органға қоғам ұсынған құжаттар олар алынған күннен бастап он төрт күнтiзбелiк күн iшiнде қаралады.
Тармақ 24
24. Акциялар шығарылымын жою үшiн ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңдарының және осы Ереженiң талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкiлеттi орган акциялар шығарылымын жояды және қоғамға акциялар шығарылымын жою туралы хабарлама жiбередi.
Тармақ 6. 6. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеуден, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiтуден және акциялар шығарылымын жоюдан бас тарту
6. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеуден, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiтуден және акциялар шығарылымын жоюдан бас тарту
Тармақ 25
25. Уәкiлеттi орган бас тарту себептерiн көрсете отырып, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар туралы заңдарында белгiленген жағдайларда жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеуден, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiтуден және акциялар шығарылымын жоюдан бас тартады.
Тармақ 26
26. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеуден, акциялар шығарылымының проспектiсiне өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеуден және акциялар шығарылымын жоюдан бас тартылған жағдайда қоғам уәкiлеттi органның ескертулерiн екi ай iшiнде жояды. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу, акциялар шығарылымының проспектiсiне өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеу және акциялар шығарылымын жою үшiн құжаттарды қайтадан ұсынған кезде қарау мерзiмi қайтадан есептеледi. <*>
Тармақ 7. 7. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу, акциялар шығарылымының проспектiсiне өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiту және акциялар шығарылымын жою үшiн ұсынылған құжаттардың мазмұны және ресiмдеу
7. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу, акциялар шығарылымының проспектiсiне өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiту және акциялар шығарылымын жою үшiн ұсынылған құжаттардың мазмұны және ресiмдеу
Тармақ 27
27. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу, акциялар шығарылымының проспектiсiне өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiту және акциялар шығарылымын жою үшiн уәкiлеттi органға қоғам ұсынған өтiнiш және құжаттар өтiнiште осы Ереженiң 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң тiзiлiмiн ұстаушының мемлекетте осы қоғам акцияларының бар (жоқ) екенi туралы мөртабанының таңбасы болса қарау үшiн қабылданады.
Тармақ 28
28. Акциялар шығарылымының проспектiсi қаржы есебiмен бiрге тiгiледi, тiгiлген және нөмiрленген парақтардың саны туралы жазба жасалатын қағаз пломбамен бекiтiледi және қоғам мөрiнiң таңбасы қойылады. Акциялар шығарылымының проспектiсiндегi мәлiметтер уәкiлеттi органға проспектiсiн ұсыну алдындағы есептi кезең үшiн қаржы есебi жасалған күнге сәйкес келуi тиiс. Көрсетiлген күн "проспект күнi" болып табылады.
Тармақ 28-1
28-1. Қаржы ұйымдарын қоса алғанда, қоғамдар бухгалтерлік баланстан, кірістер мен шығыстар туралы есептен, ақша қозғалысы туралы есептен және меншік капиталындағы өзгерістер туралы есептен тұратын қаржылық есепті ұсынады. Жылдық қаржылық есепке есеп саясаты жөніндегі ақпарат және түсіндірме жазба қоса беріледі. <*>
Тармақ 29
29. Қосымша (түзетiлген) құжаттар уәкiлеттi органға iлеспе хатпен ұсынылады. Iлеспе хатта уәкiлеттi органның жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеуден, акциялар шығарылымының проспектiсiне өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеуден, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiтуден және акциялар шығарылымын жоюдан бас тарту туралы хатының шығыс нөмiрi мен күнi, сондай-ақ ұсынылған құжаттардың тiзбесi көрсетiледi.
Тармақ 30
30. Егер осы Ережеде (көшірмелер бірінші басшының, бас бухгалтердің қолымен және қоғам мөрінің таңбасымен бекітіледі) ұсыну белгiленбесе қоғам құжаттардың түпнұсқаларын ұсынады. <*>
Тармақ 31
31. Құжаттың көшiрмелерiндегi немесе құжаттағы парақтар көп болған кезде әрбiр парақ расталады не құжат тiгiледi және тiгiстiң түйiнiне және параққа жартылай желiмделген қағаз пломбамен бекiтiледi. Бiрiншi басшының, бас бухгалтердiң қолдары және мөр таңбасы қағаз пломбаға жартылай, құжаттың парағына жартылай қойылуы тиiс. <*>
Тармақ 32
32. Құжаттарда түсiнiксiз түзетулер, сызып тастаулар, тазалаулар, түзетiлген жерлер, қосымша жазулар (қосымша басулар) жасауға жол берiлмейдi. Түзету жасалған кезде сызып тасталған сөз анық оқылуы тиiс. Әрбiр түзету (толықтыру) түсiндiрiлуi тиiс, мысалы: "түзетiлген ... дұрыс", "қосымша жазылған .. дұрыс", "сызып тасталған ...оқылмасын", құжатқа қол қойған тұлғалар растауы және қоғамның мөрiнiң таңбасымен расталуы тиіс.
Тармақ 8. 8. Қосымша ережелер
8. Қосымша ережелер
Тармақ 33
33. Уәкiлеттi орган бес жұмыс күнi iшiнде Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң, қоғамның жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы бар заңды тұлғалардың тiзiлiмiн ұстаушыға осы Ереженiң 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша:
Тармақша 1
1) жарияланған акциялардың шығарылымын мемлекеттiк тiркеу;
Тармақша 2
2) акциялар шығарылымының проспектiсiне өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеу;
Тармақша 3
3) акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiту;
Тармақша 4
4) акциялар шығарылымын жою туралы хабарлама жiбередi.
Тармақ 34
34. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу, акциялар шығарылымының проспектiсiне өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiту және акциялар шығарылымын жою кезiнде уәкiлеттi орган берген құжаттардың түпнұсқалары жоғалған жағдайда қоғам баспасөз басылымдарында жоғалған құжаттардың жарамсыздығы туралы ақпарат жариялау шартымен дубликат бepу үшiн өтiнiш жасауға құқылы.
Тармақ 35. Акциялар шығарылымының проспектiсi
35. Осы Ережелерде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiту және акциялар шығарылымын жою ережесiне 1-қосымша Акциялар шығарылымының проспектiсi Акциялар шығарылымының проспектiсiнiң мәтiнi акционерлiк қоғамның қаржы жағдайы мен қызметi туралы ақпараттан тұрады.
Тармақ 1
1. Акциялар шығарылымының проспектiсiнiң титул парағында:
Тармақша 1
1) құжаттың атауы: "Акциялар шығарылымының проспектiсi";
Тармақша 2
2) қоғамның толық және қысқартылған атауы;
Тармақша 3. Акциялар шығарылымы проспектiсiнiң мәтiнi 1. Акционерлiк қоғам туралы жалпы мәлiметтер
3) "Уәкiлеттi органның жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу проспектiде жазылған акцияларды сатып алуға қатысты инвесторларға қандай да бiр ұсынымдар ұсынуды бiлдiредi. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган осы құжаттағы ақпараттың шынайылығына жауап бермейдi. Акциялар шығарылымының проспектiсi Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келуiне ғана қаралды. Акционерлiк қоғамның лауазымды тұлғасы осы проспектiдегi ақпараттың шынайылығына жауап бередi және онда ұсынылған барлық ақпараттың дұрыстығын және қоғамға және оның орналастыратын акцияларына қатысты инвесторларды шатастырмайтындығын растайды" деген жазба болады. Акциялар шығарылымы проспектiсiнiң мәтiнi 1. Акционерлiк қоғам туралы жалпы мәлiметтер
Тармақ 2
2. Акционерлiк қоғамның атауы. Осы тармақта акционерлiк қоғамның толық және қысқартылған атауын көрсету қажет. Егер акционерлiк қоғамның жарғысында оның шетел тiлiнде толық және қысқарған атауы көзделген болса, онда осындай атауды қосымша көрсету керек. Акционерлiк қоғамның атауы өзгерген жағдайда оның бұрынғы толық және қысқарған атаулары, сондай-ақ оның өзгерген күнi көрсетiледi. Егер акционерлiк қоғам заңды тұлғаның (заңды тұлғалардың) қайта ұйымдасу нәтижесiнде құрылған болса, онда қайта ұйымдасқан заңды тұлға және акционерлiк қоғамға қатысты құқық иеленушiлiк туралы мәлiмет көрсетiлуге тиiс.
Тармақ 3
3. Акционерлiк қоғамды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы мәлiмет. Осы тармақта акционерлiк қоғамды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) күнi және куәлiгiнiң нөмiрi, сондай-ақ мемлекеттiк тiркеудi (қайта тiркеудi) жүзеге асыратын органның атауы көрсетiлуi қажет.
Тармақ 4
4. Салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi.
Тармақ 5
5. Акционерлiк қоғамның орналасқан жерi, байланыс телефоны мен факстiң нөмiрi, электронды почтаның мекен-жайы туралы ақпарат.
Тармақ 6
6. Акционерлiк қоғамның банктiк деректемелерi.
Тармақ 7
7. Акционерлiк қоғам қызметiнiң түрлерi.
Тармақ 8
8. Акционерлiк қоғамға немесе олар шығарған бағалы қағаздарға халықаралық рейтинг агенттiктерi және (немесе) Қазақстан Республикасының рейтинг агенттiктерi берген рейтингтердiң болуы туралы мәлiмет.
Тармақ 9
9. Акционерлiк қоғамның барлық филиалдары мен өкiлеттiктерiнiң атауы, тiркелген күнi, орналасқан жерi және почталық мекен-жайлары.
Тармақ 10
10. Акционерлiк қоғамның қаржылық есебiне аудитті жүзеге асыратын (жүзеге асырған) аудиторлық ұйымның толық ресми атауы (аудитордың аты-жөнi, бар болса - әкесiнiң аты).
Тармақ 2. 2. Қоғамның органдары және құрылтайшылары (акционерлерi)
2. Қоғамның органдары және құрылтайшылары (акционерлерi)
Тармақ 11
11. Акционерлiк қоғамның директорлар кеңесi. Осы тармақта:
Тармақша 1
1) қоғамның директорлар кеңесi төрағасының және мүшелерiнiң аты-жөнi, бар болса - әкесiнiң аты, туған жылы;
Тармақша 2
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген тұлғалардың хронологиялық тәртiппен соңғы үш жылда және қазiргi уақытта атқаратын лауазымы, оның iшiнде қоса атқаратын қызметi;
Тармақша 3
3) акционерлiк қоғам орналастырған акциялардың жалпы санына директорлар кеңесi мүшелерiне тиесiлi акциялардың проценттiк ара қатынасы;
Тармақша 4
4) еншiлес және тәуелдi ұйымдардың директорлар кеңесi мүшелерiне тиесiлi акциялардың (жарғылық капиталдағы үлесiнiң) осы ұйымдардың орналастырылған акцияларының (жарғылық капиталдағы үлесiнiң) жалпы санына проценттiк ара қатынасы;
Тармақша 5
5) соңғы екi жыл iшiндегi директорлар кеңесi құрамының өзгеруi көрсетiлуi қажет.
Тармақ 12
12. Акционерлiк қоғамның алқалы (жеке дара) атқару органы. Осы тармақта:
Тармақша 1
1) акционерлiк қоғамның жеке дара атқару органының функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның аты-жөнi, бар болса - әкесiнiң аты не акционерлiк қоғамның алқалы атқару органының әрбiр мүшесiнiң, оның iшiнде басқарма төрағасының аты-жөнi, бар болса - әкесiнiң аты;
Тармақша 2
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген тұлғалардың өкiлеттiктерiн көрсете отырып хронологиялық тәртiппен соңғы үш жылда және қазiргi уақытта атқаратын лауазымы, оның iшiнде қоса атқаратын қызметi;
Тармақша 3
3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген тұлғаларға тиесiлi акциялардың (жарғылық капиталдағы үлесiнiң) жалпы санына директорлар кеңесi мүшелерiне тиесiлi акциялардың (жарғылық капиталдағы үлесiнiң) проценттiк ара қатынасы көрсетiлуi керек.
Тармақ 13
13. Соңғы қаржы жылы үшін қоғамның лауазымдық тұлғаларына төленетін сыйақының және жалақының жалпы сомасы. <*> Акционерлiк қоғам акциялар шығару туралы шешiм қабылданған күнге дейiн үш және одан да көп айда құрылған жағдайда, сыйақының (ақшалай, бағалы қағаздармен немесе қандай да бiр басқа нысанда) және соңғы үш айда осы Қосымшаның 11 және 12-тармақтарында көрсетiлген тұлғалардың (тұлғалардың тобы ретiнде) акционерлiк қоғамнан алған жалақысының жалпы мөлшерiн көрсету қажет.
Тармақ 14
14. Акционерлiк қоғамның ұйымдық құрылымы. Осы тармақта:
Тармақша 1
1) акционерлiк қоғамның құрылымдық бөлiмшелерi;
Тармақша 2
2) акционерлiк қоғам қызметкерлерiнiң, оның iшiнде акционерлiк қоғам филиалдары мен өкiлеттiктерi қызметкерлерiнiң жалпы саны;
Тармақша 3
3) акционерлiк қоғамның акцияларын иеленетiн акционерлiк қоғамның қызметкерлерiнiң жалпы саны және процентпен орналастырылған жалпы санындағы олардың жиынтық үлесi;
Тармақша 4
4) акционерлiк қоғам бөлiмшелерiнiң басшылары туралы мәлiмет (аты-жөнi, бар болса - әкесiнiң аты, туған жылы);
Тармақша 5
5) филиалдар мен өкiлдiктердiң басшылары туралы мәлiмет (аты-жөнi, бар болса - әкесiнiң аты, туған жылы).
Тармақ 15
15. Қоғамның құрылтайшылары немесе акционерлері. Осы тармақта құрылтайшы (құрылтайшылар) төлейтін акциялар санын немесе қоғамның орналастырылған акцияларының он және одан да көп (халықтық акционерлік қоғамда - бес және одан көп) процентін иеленетін акционерлерге тиесілі акциялардың проценттік ара қатынасын көрсету қажет. <*> Мәліметтерде жеке тұлға - акционердің немесе құрылтайшының фамилиясы, аты, болса әкесінің аты, туған жылы және заңды тұлға - акционердің немесе құрылтайшының толық атауы, орналасқан жері болуы тиіс. <*> Акционерлiк қоғамның олар бойынша құқықтарды жүзеге асыру мерзiмi жарияланған акциялардың мемлекеттiк тiркеуге құжаттарын ұсыну күнiнен бастап 60 күннен аспайтын дауыс беретiн акцияларын сатып алуға жасалған опциондар туралы ақпарат көрсетiлуi тиiс.
Тармақ 16
16. Акционерлiк қоғам орналастырылған акциялардың (жарғылық капиталдағы үлесiмен) он және одан да көп (халықтық акционерлiк қоғамда - бес және одан да көп) процентiн иеленетiн iрi акционер болып табылатын ұйымдар туралы мәлiметтер. Мәлiметтерде заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жерi, қоғамға, ұйымның орналастырылған акцияларының жалпы санына акциялардың (жарғылық капиталдағы үлесi) проценттiк ара қатынасы, қызмет түрi, бiрiншi басшы туралы ақпарат болуға тиiс.
Тармақ 17
17. Қоғам қатынасатын өнеркәсiптiк, банктiк, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар туралы ақпарат. Осы тармақта көрсетiлген ұйымдардың толық және қысқартылған атауы, орналасқан жерi көрсетiледi.
Тармақ 18
18. Акционерлiк қоғамның басқа аффилиирленген тұлғалары туралы мәлiмет. Осы тармақта осы Қосымшаның 11-16-тармақтарында көрсетiлген барлық тұлғалар туралы мәлiметтер берiледi, бiрақ олар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес акционерлiк қоғамның аффилиирленген тұлғалары болып табылады.
Тармақ 18-1
18-1. Қоғамның аффилиирленген тұлғаларымен мәмілелер. Осы тармақта эмитенттің аффилиирленген тұлғаларымен жасалған мәмілелер туралы ақпаратты көрсету қажет.
Тармақ 3. 3. Акционерлiк қоғам қызметiнiң сипаты
3. Акционерлiк қоғам қызметiнiң сипаты
Тармақ 19
19. Акционерлiк қоғам қызметiнiң негiзгi түрлерiнiң қысқаша сипаты, акционерлiк қоғамдарға бәсекелес болып табылатын ұйымдар туралы мәлiметтер.
Тармақ 20
20. Акционерлiк қоғам қызметiнiң негiзгi түрлерi бойынша сату (жұмыс, қызмет көрсету) кiрiстiлiгiне оң және терiс әсер ететiн факторлар.
Тармақ 21
21. Соңғы екi жыл немесе акционерлiк қоғам нақты жұмыс iстейтiн кезең iшiнде сатылған өнiмдердiң (орындалған жұмыстың, қызмет көрсетудiң) көлемi. Соңғы екi жыл немесе акционерлiк қоғам нақты жұмыс iстейтiн кезең iшiнде сатылған өнiмдердiң (орындалған жұмыстың, қызмет көрсетудiң) көлемiндегi өзгерiстердi талдау.
Тармақ 22
22. Өз өнімдерін (жұмыстарын, қызмет көрсетулерін) сатуды ұйымдастыру бойынша қоғамның қызметі. Осы тармақта қоғамның жеткізушілері мен тұтынушылары туралы мәліметтерді олар шығаратын немесе тұтынатын тауарлардың (жұмыстың, қызмет көрсетудің) жалпы құнының бес және одан астам процентін құрайтын көлемде көрсету қажет. <*>
Тармақ 23
23. Акционерлiк қоғамның қызметiне әсер ететiн факторлар:
Тармақша 1
1) қызметтiң маусымдық сипаты бар түрлерi, олардың акционерлiк қоғамның жалпы кiрiсiндегі үлесі;
Тармақша 2
2) акционерлiк қоғамға жеткiзiлетiн (көрсетiлетiн) шикiзаттағы (жұмыстардағы, қызмет көрсетулердегi) импорттың үлесi және сатылатын өнiмнiң жалпы көлемiндегi экспортқа акционерлiк қоғам сататын өнiмнiң (жұмыстың, қызмет көрсетудiң) үлесi;
Тармақша 3
3) сот процестерiне акционерлiк қоғамның қатысуы туралы мәлiмет. Оның қатысуымен сот процестерi мәнiнiң сипаттамасын ұсыну қажет, оның нәтижелерi бойынша акционерлiк қоғамның қызметi тоқтатылуы немесе өзгеруi, одан ақшалай және өзге мiндеттемелер өндiрiлiп алуы мүмкін;
Тармақша 4
4) акционерлiк қоғамға және оның лауазымды тұлғаларына соңғы жыл iшiнде уәкiлеттi мемлекеттiк органдар және (немесе) сот салған барлық әкiмшiлiк жазалар туралы мәлiметтер;
Тармақша 5
5) тәуекел факторлары: бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногында немесе биржадан тыс рынокта акциялардың бағасына, сондай-ақ рынокта өнiм құнының өзгеруiне, қоғамның акцияларының құнына әсер ететiн; инфляцияға, құнсыздануға және банктiк проценттерге байланысты; шығарылатын өнiмнiң бәсеке қабiлетiне байланысты; елдегi саяси ахуалдың өзгеруiне және заңдардың өзгеруiне байланысты; әлеуметтiк факторларға және тағы басқаларға байланысты тәуекелдердiң толық талдауын ұсыну қажет.
Тармақ 4. 4. Қаржылық емес ұйымдардың қаржы жағдайы
4. Қаржылық емес ұйымдардың қаржы жағдайы
Тармақ 24
24. Инвестициялар. Басқа ұйымдардың капиталына ұзақ мерзiмдi инвестициялар туралы мәлiметтер ашылады.
Тармақ 25
25. Дебиторлық берешек. Осы тармақта:
Тармақша 1
1) қоғам активтерінің баланстық құнының бес және одан астам процентін мөлшерде; <*>
Тармақша 2
2) дебиторлық берешектi өтеу мерзiмдерi бойынша;
Тармақша 3
3) жақын арадағы он екi ай iшiнде өтелетiн сомалар тоқсанға бөлiнедi, қалған сомалар жылдарға бөлiнiп көрсетiледi.
Тармақ 25-1
25-1. Активтер. Осы тармақта құны қоғам активтерінің баланстық құнының бес және одан астам процентін құрайтын қоғам мүлкінің сипатын көрсету қажет. <*>
Тармақ 26
26. Қоғамның жарғылық капиталы. Осы тармақта қоғамның төленген жарғылық капиталының мөлшері туралы мәліметтер көрсетіледі. <*>
Тармақ 27
27. Заемдар. Осы тармақта қолданыстағы облигацияларды, банк заемдарды және кредиттiк желiлердi шығару туралы ақпарат ашылады. Заемдар туралы ақпарат мiндеттемелердiң валюта бөлiгінде және оларды орындау мерзiмдерi бойынша баяндалады. Валюта түрлерi бойынша жылдық өлшемде орташа проценттiк ставка, жақын арадағы он екi ай iшiнде өтелетiн сомалар тоқсанға бөлiнедi, қалған сомалар жылдарға бөлiнiп көрсетiледi.
Тармақ 28
28. Қоғамның негiзгi қызметiн жүзеге асыруға байланысты кредиторлық берешек (жеткiзушiлер алдындағы берешек, алынған аванстар):
Тармақша 1
1) қоғам активтерінің баланстық құнының бес және одан астам процентін мөлшерде; <*>
Тармақша 2
2) кредиторлық берешектердi өтеу мерзiмдерi бойынша; жақын арадағы он екi ай iшiнде өтелетiн сомалар тоқсанға бөлiнедi, қалған сомалар жылдарға бөлiнiп көрсетiледi.
Тармақ 29
29. <*>
Тармақ 5. 5. Қаржылық ұйымдардың қаржы жағдайы
5. Қаржылық ұйымдардың қаржы жағдайы
Тармақ 30
30. Инвестициялар және бағалы қағаздар портфелi. Осы мәселе бойынша ақпарат мынадай құрылымда берiледi: басқа ұйымдардың капиталына ұзақ мерзiмдi инвестициялар, мемлекеттiк және мемлекеттiк емес бағалы қағаздар портфелiнiң бөлiгiнде сатуға арналған бағалы қағаздар портфелi, өзге де инвестициялар. Қоғам стратегиясының қысқаша сипаттамасын беру қажет: басқа ұйымдардың капиталына қатысуы, мемлекеттiк және мемлекеттiк емес бағалы қағаздарды басқаруы.
Тармақ 30-1
30-1. Активтер. Осы тармақта құны қоғам активтерінің баланстық құнының бес және одан астам процентін құрайтын қоғам мүлкінің сипатын көрсету қажет. <*>
Тармақ 31
31. Жарғылық капитал Осы тармақта акционерлiк қоғамның төленген жарғылық капиталы туралы мәліметтер көрсетiледi.
Тармақ 32
32. Банкаралық заемдар. Осы тармақта банкаралық заемдар рыногында акционерлiк қоғам позициясының сипаттамасы ұсынылады.
Тармақ 33
33. Салымдар (банктер толтырады). Осы тармақта депозиттiк базаны сипаттайды, оның iшiнде:
Тармақша 1
1) заңды және жеке тұлғалардың салымдары бөлiгiнде және мерзiмдi салымдар мен талап ету бойынша салымдар бөлiгiнде салымдардың өсу динамикасы;
Тармақша 2
2) тартылған салымдардың валюта бөлiгiндегi салымдар бойынша орташа сыйақылар;
Тармақша 3
3) заңды және жеке тұлғалардың салымдары бойынша бөлек; салымдардың уақытша құрылымы (кредиторлық берешектердi өтеу мерзiмдерi бойынша; жақын арадағы он екi ай iшiнде өтелетiн сомалар тоқсанға бөлiнедi, қалған сомалар жылдарға бөлiнiп көрсетiледi);
Тармақша 4
4) соңғы үш жыл iшiндегi валюта түрлерi бойынша бөлек салымдар бойынша дебет және кредит айналымдары.
Тармақ 34
34. Облигациялардың қолданылып жүрген шығарылым құрылымының сипаттамасы және соңғы үш жылдағы өтелген облигациялар туралы мәлiметтер.
Тармақ 35
35. Акционерлiк қоғам активтерiнiң бес процентiнен асатын қолданылып жүрген халықаралық заемдарының (сома, өтеу кестесi, сыйақы) шарттары туралы және соңғы үш жылдағы оның активтерiнен бес проценттен асатын тартылған және орындалған халықаралық заемдар туралы мәлiмет.
Тармақ 36
36. Басқа ұйымдардан алынған акционерлiк қоғамда бар ашық кредиттiк желiлер туралы мәлiмет.
Тармақ 37
37. Қаржы нәтижелерiн талдау. Осы тармақта соңғы екi жылдағы аса маңызды қаржы көрсеткiштерiне талдау келтiрiледі: сатылған өнiмдердiң (көрсетiлген жұмыстар, қызметтер) көлемi, таза кiрiс, проценттiк және процентсiз кiрiстер мен шығыстар. Аталған көрсеткiштердiң таяудағы жылға орындалу болжамы ұсынылады.
Тармақ 38
38. Соңғы екi жылдағы кiрiстер мен шығыстардың құрылымы.
Тармақ 39
39. Акционерлiк қоғамның пiкiрi бойынша аса маңызды болып табылатын және қоғам қызметiн сипаттайтын қаржы коэффициенттерiнiң есебi.
Тармақ 40
40. Акциялар шығарылымының проспектiсiнiң күнiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген пруденциалдық нормативтер мен орындалуы мiндеттi нормалар мен лимиттердiң маңызы.
Тармақ 41
41. Қоғамның акция шығару туралы шешiмi қабылданғанға дейiнгi соңғы алты ай iшiнде берiлген кепiлдiктердiң көлемi мен саны.
Тармақ 42
42. Бұрын берiлген кепiлдiктер, сот талаптары нәтижесiнде пайда болған акционерлiк қоғамның ықтимал мiндеттемелерiне қатысты өзге де ақпарат.
Тармақ 6. 6. Бағалы қағаздардың шығарылымдары туралы мәлiмет
6. Бағалы қағаздардың шығарылымдары туралы мәлiмет
Тармақ 43
43. Барлық тiркелген бағалы қағаздар шығарылымдарына қатысты:
Тармақша 1
1) бағалы қағаздардың әрбiр шығарылымының жалпы саны, түрi, санаты және нақтылы құны, сондай-ақ бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырған орган, бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу нөмiрi және тiркеу күнi;
Тармақша 2
2) бағалы қағаздарды орналастыру күнiнiң басталуы және аяқталуы. Егер бағалы қағаздарды орналастыру аяқталмаған болса, онда бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттiк тiркеуге қоғам берген құжаттардағы деректерге сәйкес бағалы қағаздарды орналастыру басталған және аяқталған нақты күндi көрсету қажет;
Тармақша 3
3) қоғамның бағалы қағаздар ұстаушыларының алдында өз мiндеттемелерiн орындамауы, облигациялар бойынша сыйақыларды төлемеуi (төлемдi кешiктiруi), жай және артықшылықты акциялар бойынша төлемеуi (төлемдi кешiктiруi) орындалмаған мiндеттемелердiң мөлшерi және оларды орындаудың мерзiмi өткен күнi туралы ақпаратты қоса алғандағы фактiлер туралы мәлiметтер. Дивидендтердi есептеу және төлеу бойынша берешектер болған жағдайда оның себебiн көрсету;
Тармақша 4
4) бағалы қағаздарды орналастыру немесе айналысқа жiберу тоқтатылған немесе бағалы қағаздар шығарылымы жарамсыз деп танылған жағдайларда осы шешiмдi қабылдаған мемлекеттiк органның атауы шешiм қабылданған күн және оның негiздемесi көрсетiледi;
Тармақша 5
5) облигациялар бойынша төлемдердiң өтеу күнi және жалпы мөлшерi;
Тармақша 6
6) бiр акцияға (жай, артықшылықты) дивидендтiң сомасы және екi соңғы қаржы жылының iшiндегi әрбiр жыл үшiн әрбiр акция түрiне дивидендтiң жалпы сомасы;
Тармақша 7
7) сауда-саттық ұйымдастырушыларының атауын қоса алғанда, қоғамның бағалы қағаздарымен сауданы жүзеге асыратын негізгi рыноктар көрсетiледi.
Тармақ 7. 7. Жарияланған акцияларды шығару туралы мәлiмет
7. Жарияланған акцияларды шығару туралы мәлiмет
Тармақ 44
44. Акциялар туралы мәлiмет:
Тармақша 1
1) акциялардың саны, түрлерi;
Тармақша 2
2) құрылтайшылар арасында орналастырылған акциялардың саны, түрлері;
Тармақша 3
3) құрылтайшылар төлейтiн бiр акцияның нақтылы құны;
Тармақша 4
4) артықшылықты акциялар бойынша дивидендтiң кепiлдiк берiлген мөлшерi.
Тармақ 45
45. Қоғамның айырбасталатын бағалы қағаздары. Айырбасталатын акциялар шығарған жағдайда осындай айырбастың тәртiбi мен шарты көрсетiледi.
Тармақ 45-1
45-1. Төлем агенті туралы мәліметтер. Төлем агентінің толық және қысқартылған атауын, оның орналасқан жерін, байланыс телефондарын көрсету қажет. <*>
Тармақ 46
46. Акционерлiк қоғамның тiркеушiсi туралы мәлiмет. Тiркеушiнiң толық және қысқартылған атауы, оның орналасқан жерi, байланыс телефоны, сондай-ақ бағалы қағаздар ұстаушысының тiзiлiмiн жүргiзу бойынша қызметтi жүзеге асыруға берiлген лицензиясы (нөмiрi, берiлген күнi, лицензияны берген орган) туралы деректердi көрсетедi. Тіркеушілермен жасалған шарттың күні және нөмірі. <*>
Тармақ 8. 8. Қосымша ережелер
8. Қосымша ережелер
Тармақ 47
47. Акциялар шығару шығындардың сомасы. Осы тармақта акциялар шығарылымының проспектісін жасаған кезде қызмет көрсететін аудиторлардың, сарапшылардың және қаржы кеңесшілерінің сыйақы мөлшері көрсетілсін. <*>
Тармақ 48
48. Инвесторларға арналған ақпарат. Инвесторлардың қоғам жарғысының және акция шығару проспектiсiнiң көшiрмесiмен танысуға болатын орын туралы, сондай-ақ қоғам инвесторлар арасында таратуға қажеттi деп санайтын өзге де ақпарат көрсетiледi.
Тармақ 49. Акцияларды орналастыру қорытындылары бойынша ЕСЕП
49. Акцияларды шығару проспектiсiне бiрiншi басшы, бас бухгалтер, iшкi аудит қызметiнiң басшысы (егер ол бар болса) қол қояды және қоғамның мөрiмен куәландырылады. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiту және акциялар шығарылымын жою ережесiне 2-қосымша Акцияларды орналастыру қорытындылары бойынша ЕСЕП
Тармақ 1
1. Қоғамның атауы.
Тармақ 2
2. Орналасқан жерi және банктiк деректемелерi (қызмет көрсететiн банктiң аты, оның орналасқан жерi, коды).
Тармақ 3
3. Жарияланған акциялар шығарылымының мемлекеттiк тiркелген күні.
Тармақ 4
4. Қоғамның жарғылық капиталы туралы мәлiмет.
Тармақ 5
5. Акциялар туралы мәлiмет:
Тармақша 1
1) шығаруға жарияланған акциялардың жалпы саны _____________; жай акциялар _____________; артықшылықты акциялар _____________;
Тармақша 2
2) артықшылықты акциялар бойынша дивидендтiң кепiлдiк берiлген мөлшерi _____________.
Тармақ 6
6. Акцияларды орналастыру туралы мәлiмет:
Тармақша 1
1) акцияларды орналастыру кезеңiнiң басталу және аяқталу күнi (келесi есептi беру кезiнде - жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеген сәттен бастап орналастырудың барлық кезеңiндегi төлем сомасын көрсете отырып, бұрынғы есептi бекiту күнi);
Тармақша 2
2) акцияларды орналастыру туралы ақпарат (орналастыру түрi, бағасы және егер болса, соңғы сауда-саттықтың күнi);
Тармақша 3
3) орналастырылмаған акциялардың саны.
Тармақ 7
7. Акцияларға ақы төлеу тәсiлi:
Тармақша 1
1) ақшалай;
Тармақша 2
2) бағалы қағаздармен;
Тармақша 3
3) мүлiктiк құқықпен;
Тармақша 4
4) зияткерлiк қызметтiң нәтижелерiне құқықпен;
Тармақша 5
5) қоғамның таза кiрiсiн бөлу есебiнен;
Тармақша 6
6) өзге де тәсiлмен. Осы тармақтың 1)-6) тармақшаларын толтыру кезiнде олардың деректемелерiн көрсете отырып, акцияларға ақы төлеудi растайтын алғашқы құжаттарға сiлтеме жасау керек.
Тармақ 8
8. Қоғамның тiркеушiсi туралы мәлiмет:
Тармақша 1
1) акция ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзудi жүзеге асыратын тiркеушiнiң атауы және орналасқан жерi ____________________________ ____________________________;
Тармақша 2
2) қоғам акциясын ұстаушылардың тiзiлiмi туралы шарттың күнi және нөмiрi.
Тармақ 9
9. Акцияларды орналастыру туралы хабар жарияланған баспасөз басылымының атауы және жарияланған күнi.
Тармақ 10
10. Дивидендтер төлемi туралы мәлiмет:
Тармақша 1
1) аяқталған қаржы жылының қорытындылары бойынша бiр (жай, артықшылықты) акцияның төленген дивидендтерiнiң мөлшерiн көрсете отырып дивидендтердi соңғы төлеу күні;
Тармақша 2
2) аяқталған қаржы жылының қорытындылары бойынша төленген дивидендтердiң жалпы сомасы;
Тармақша 3
3) егер дивиденд уақытында төленбеген жағдай болса, онда акционерлер алдында берешектi өтеу бойынша қоғам қандай шаралар қолданғанын көрсетедi.
Тармақ 11. Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң, жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы бар заңды тұлғалардың тiзiлiмiн ұстаушыға ХАБАРЛАМА
11. Акцияларды орналастыру кезеңiнiң аяқталу күнiне қоғамның орналастырылған (қоғам сатып алған акцияларды шегерiп тастағанда) акцияларының он және одан да көп (халықтық қоғамда - бес және одан да көп) процентiн иеленетiн акционерлер туралы мәлiмет. Осы мәлiметтер тiркеушi берген анықтама негiзiнде толтырылады, ол анықтама есептiң ажырамас бөлiгi болып табылады: ____________________________________________________________________ Заңды тұлға -   |  Заңды  тұлға  |Акцияның түрiн  |Орналастырылған акционерлердiң  |акционерлердiң  |көрсете отырып, |  акциялардың толық атауы     | нақты  орналас.| акционерлерге  |   жалпы санына немесе жеке     |қан жерi немесе |   тиесiлi      | проценттiк ара тұлға -       |- жеке тұлға -  | акциялардың    |   қатынасы акционерлердiң  |акционерлердiң  |  жалпы саны    | аты-жөнi, бар   |  мекен-жайы    |                | болса, әкесiнiң |                |                | атауы        |                |                | ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Есепке бiрiншi басшы, бас бухгалтер қол қояды және акционерлiк қоғамның мөрiмен куәландырылады. Есептiң әрбiр данасы тiркеушi берген анықтаманың түпнұсқасымен тiгiледi және тiгiстiң ұшына және жартылай параққа желiмделген қағаз пломбамен бекiтiледi. Мөрдiң таңбасы қағаз пломбаға, iшiнара құжаттың парағына соғылады және бiрiншi басшының қолымен куәландырылады. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiту және акциялар шығарылымын жою ережесiне 3-қосымша Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң, жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы бар заңды тұлғалардың тiзiлiмiн ұстаушыға ХАБАРЛАМА Уәкiлеттi орган _____________________________________________ (уәкiлеттi органның немесе уәкiлеттi орган филиалының атауы) мыналар туралы (жөнiнде) хабарлайды (қажетiнiң астын сызу керек): жарияланған акциялар шығарылымын (акциялар шығарылымының проспектiсiне өзгерiстер мен толықтыруларды) мемлекеттiк тiркеу; жарияланған акциялар шығарылымын (акциялар шығарылымының проспектiсiне өзгерiстер мен толықтыруларды) мемлекеттiк тiркеуден бас тарту; акциялар шығарылымын жою; акциялар шығарылымын жоюдан бас тарту; акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiту; акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiтуден бас тарту; қоғамның ____ жылғы "____" ____________ N ________ (өтiнiштiң Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң, жарғылық капиталға мемлекеттiң қатысуымен заңды тұлғалардың тiзiлiмiн ұстаушының мөртабанына сәйкес реттiк нөмiрi) өтiнiшi негiзiнде: ___________________________________________________________________ Атауы: (Мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiкке сәйкес) Мемлекеттiк тiркеудiң (қайта тiркеудiң) негiзгi деректерi (Мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiкке сәйкес) Күнi (кк/аа/жж)           Нөмiрi             КҰЖЖ коды ___________________________________________________________________ Мемлекеттiк тiркеудiң (қайта тiркеудiң) басқа да деректерi (Мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiкке сәйкес) Орналасқан жерi: Бастапқы мемлекеттiк тiркелген күнi (кк/аа/жж) ___________________________________________________________________ Бірінші басшы: (лауазымы және аты-жөні) Тіркеуші туралы деректер Атауы: Орналасқан жері: Шарттың күні және нөмірі ___________________________________________________________________ Акцияларды орналастыру туралы мәлiметтер (оның iшiнде акциялар шығарылымын жою кезiнде) ___________________________________________________________________ Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк (мемлекеттiк тiркеуден бас тарту туралы хат) Күнi (кк/аа/жж)                          Нөмiрi ___________________________________________________________________ Жай акциялар туралы деректер (Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiкке, өтiнiшке сәйкес) ҰБН                         Саны       Сомасы (теңге) ___________________________________________________________________ Артықшылықты акциялар туралы деректер (Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiкке, өтiнiшке сәйкес) ҰБН                     Саны             Сомасы (теңге) ___________________________________________________________________ Шығарылымның жалпы сомасы (нақтылы құны бойынша, теңге) ___________________________________________________________________ Шығарылымның реттiк нөмiрi ___________________________________________________________________ Шығарылымның Бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiндегi нөмiрi ___________________________________________________________________ Акциялар шығарылымын жою туралы мәлiметтер ___________________________________________________________________ Акциялар шығарылымын жою туралы (акциялар шығарылымын жоюдан бас тарту туралы) хат Күнi (кк/аа/жж)                              Нөмiрi ___________________________________________________________________ Жою негiзi:                   | қоғамды тарату | қоғамды қайта ұйымдастыру | басқасы (көрсету керек) ___________________________________________________________________ Шығарылымның реттiк нөмiрi ___________________________________________________________________ Жай акциялар туралы деректер (Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiкке, өтiнiшке сәйкес) ҰБН                        Саны             Сомасы ___________________________________________________________________ Артықшылықты акциялар туралы деректер (Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiкке, өтiнiшке сәйкес) ҰБН                        Саны             Сомасы ___________________________________________________________________ Акциялар шығарылымын жою туралы хабарлама күнi ___________________________________________________________________ Шығарылымның Бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiндегi нөмiрi ___________________________________________________________________ Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есеп (бекiтiлген немесе бекiтуден бас тартылған) жөнiндегi мәлiметтер ___________________________________________________________________ Есептiң бекiтiлгендiгi туралы (есептi бекiтуден бас тарту туралы) хат Күнi (кк/аа/жж)                            Нөмiрi ___________________________________________________________________ Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу туралы деректер (Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiкке, өтiнiшке сәйкес) Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк берiлген күн Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нөмiрi Шығарылымның Бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiндегi нөмiрi ___________________________________________________________________ Акцияларды орналастыру туралы деректер (акциялар шығару және орналастыру қорытындылары туралы есепке сәйкес) Акцияларды орналастыру басталған күн (кк/аа/жж) Акцияларды орналастыру кезеңiнiң аяқталған күнi (кк/аа/жж) Орналастырылған акциялардың жалпы сомасы Бiр акцияны орналастыру бағасы Орналастырылған акциялардың саны ___________________________________________________________________ Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiту және акциялар шығарылымын жою ережесiне 4-қосымша Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғалардың тізілімін ұстаушының мөртабандары таңбаларының үлгілері _____________________________      _______________________________ МЕМЛЕКЕТТІҢ                          МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН                           ҚАТЫСУЫМЕН Республикалық бөлімше                    ХХ филиалы 20__ жылғы "__"                     20__ жылғы "__" _________________                    _________________ _________________                    _________________ N _______________                    N _______________ Оператор: ___________                Оператор: ___________ _____________________________      _______________________________ _____________________________      _______________________________ МЕМЛЕКЕТТІҢ                          МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАТЫСУЫНСЫЗ                          ҚАТЫСУЫНСЫЗ Республикалық бөлімше                    ХХ филиалы 20__ жылғы "__"                     20__ жылғы "__" _________________                    _________________ _________________                    _________________ N _______________                    N _______________ Оператор: ___________                Оператор: ___________ _____________________________      _______________________________