Об утверждении Порядка установления и выплаты роялти и доли Республики Казахстан в контрактах о разделе продукции в натуральной форме Күшін жойған
Басқа 0
Өнiмдi табиғи нысанда бөлу туралы келiсiм-шарттардағы Қазақстан Республикасының роялтилерi мен үлестерiн белгiлеу және оны төлеудiң тәртiбiн бекiту туралы
Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы салықтар мен төлемдерiнiң мемлекеттiк бюджетке толық түсуiн, оның iшiнде өнiмдi табиғи нысанда бөлу туралы келiсiм-шарттарда Қазақстан Республикасының роялтилерi мен үлестерiн және оны төлеудi реттеудi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Қоса берiлiп отырған Өнiмдердi табиғи нысанда бөлу туралы келiсiм-шарттардағы Қазақстан Республикасының роялтилерi мен үлестерiн белгiлеу және оны төлеудiң тәртiбi бекiтiлсiн.
Басқа 1. Өнiмдердi табиғи нысанда бөлу туралы келiсiм-шарттардағы Қазақстан Республикасының роялтилерi мен үлестерiн белгiлеу және оны төлеудiң тәртiбi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 12 қыркүйектегi
N 1329 қаулысымен
бекiтiлген
Өнiмдердi табиғи нысанда бөлу туралы келiсiм-шарттардағы Қазақстан Республикасының роялтилерi мен үлестерiн белгiлеу және оны төлеудiң тәртiбi
Тармақ 1
1. Тараптардың қосымша келiсiмдерiнiң негiзiнде өнiмдердi бөлу туралы келiсiм-шарттарда, Қазақстан Республикасының роялти және үлестерiнiң ақшалай нысандағы төлемi жер қойнауын пайдалануға жасалған келiсiм-шарт бойынша қызметтердi жүзеге асыру барысында төлемнiң табиғи нысанына алмастырылуы мүмкiн.
Тармақ 2
2. Тараптардың қосымша келiсiм оған қол қойылған сәтке дейiн мiндеттi тәртiпте құқықтық және салықтық сараптамадан өтедi.
Тармақ 3
3. Жер қойнауын пайдалануға жасалған келiсiм-шарттарда белгiленген өнiмдердi бөлу туралы келiсiм-шарттардағы Қазақстан Республикасының роялтилерiн немесе үлестерiн ақшалай төлеу нысаны уақытша толық немесе iшiнара ауыстырылуы мүмкiн.
Тармақ 4
4. Өнiмдердi бөлу туралы келiсiм-шарттардағы Қазақстан Республикасының роялтилерiн және үлестерiн табиғи төлеу нысаны ақшалай төлем нысанындағы осы төлемге арналған келiсiм-шартта баламды белгiленген болуы керек.
Тармақ 5
5. Өнiмдердi бөлу туралы келiсiм-шарттардағы Қазақстан Республикасының роялтилерi мен үлестерiн табиғи нысанда төлеудi белгiлеу кезiнде төлеу тәртiбiнiң сипаттамасында мыналар мiндеттi түрде көрсетiледi:
республиканың роялтилерi мен үлестерiне жататын өнiмдердiң бөлiгiн мемлекет атынан алушы (бұдан әрi - алушы);
жеткiзу пунктi мен шарттары.
Тармақ 6
6. Өнiмдердi бөлу туралы келiсiм-шарттардағы Қазақстан Республикасының роялтилерi мен үлестерi төлемiнiң есебiне берiлетiн өнiмдердi жер қойнауын пайдаланушылар беру мерзiмi, ақшалай нысанда төлеу үшiн жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шартта белгiленген осы төлемдердi төлеу мерзiмiнде (бұдан әрi - төлемдердi төлеу мерзiмi) сәйкес келуi керек. Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушы өнiмдi, алушы мұндай алыс-берiске бiршама кеш мерзiм тағайындалғаннан басқа жағдайларда, төлемдердi төлеу мерзiмiнен кешiктiрмей алушыға бередi.
Тармақ 7
7. Алушы, төлемдердi төлеу мерзiмiнде, жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттардың ережелерiне сәйкес жер қойнауын пайдаланушы есептеген өнiмдердi ақшалай нысанда бөлу туралы келiсiм-шарттардағы Қазақстан Республикасының роялтилерi мен үлестерiнiң сомаларын мемлекеттiк бюджетке аударады.
Тармақ 8
8. Алушы, өнiмнiң тиiстi көлемiн оған жер қойнауын пайдаланушының уақытылы әрi толық бергендiгiне бақылауды дербес жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Жер қойнауын пайдаланушы мен алушы, өнiмдердi табиғи нысанда бөлу туралы келiсiм-шарттардағы Қазақстан Республикасының роялтилерi мен үлестерiн төлеу (беру) мөлшерi мен мерзiмi туралы есептi салық органдарына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң құзыреттi органы тағайындаған мерзiмде және нысан бойынша тапсырады.
Тармақ 10
10. Алынған өнiмдер үшiн қаражаттарды бюджетке уақтылы әрi толық аударудағы тәртiптi бұзғандығы үшiн алушы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.