Об утверждении Правил оказания социальной помощи участникам войны и ветеранам труда, многодетным матерям, малообеспеченным гражданам Күшін жойған
Басқа 0
Соғыс қатысушылары мен еңбек ардагерлеріне, көп балалы аналарға, аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетудің Ережелерін бекіту туралы
Денисов ауданның бюджетін орындау мақсатында және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес Денисов ауданының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мыналар бекітілсін:
Тармақша 1
1) соғыс қатысушылары мен еңбек ардагерлеріне әлеуметтік көмек көрсетудің ережелері (1-қосымша);
Тармақша 2
2) көп балалы аналарға әлеуметтік көмек көрсетудің ережелері (2-қосымша);
Тармақша 3
3) аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетудің ережелері (3-қосымша).
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ.Ж. Омароваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Денисов ауданы әкімиятының 2001 жылғы 6 желтоқсандағы «Аз қамтылған азаматтарға, көп балалы аналарға, соғыс және еңбек ардагерлеріне әлеуметтік көмек көрсетудің ережелері туралы» № 80 қаулысының күші жойылған деп танылсын.
Басқа 7. Соғыс қатысушылары мен еңбек ардагерлеріне
әлеуметтік көмек көрсету
ЕРЕЖЕЛЕР
Қостанай облысы
Денисов ауданы әкімиятының
2003 жылғы 21 шілдедегі
№ 115 қаулысына
1-қосымша
Соғыс қатысушылары мен еңбек ардагерлеріне
әлеуметтік көмек көрсету
ЕРЕЖЕЛЕР
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Соғыс қатысушылары мен еңбек ардагерлеріне әлеуметтік көмекті Денисов аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (бұдан былай - АЕЖҚжХӘҚБ) көрсетеді.
АЕЖҚжХӘҚБ бастығының бұйрығымен соғыс қатысушылары мен еңбек ардагерлеріне әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі комиссия құрылады.
Тармақ 2
2. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ болуы керек.
Тармақ 3
3.Комиссияның жұмысын қабылданған шешімдер бойынша жалпы бақылауды жүзеге асыратын төраға басқарады. Төраға болмаған уақытта оның міндеттерін орынбасар атқарады.
Тармақ 4
4. Комиссия отырысының хаттамасын хатшы ресімдейді.
Тармақ 5
5. Комиссияның шешімі ашық дауыспен қабылданады, және қабылданды деп саналады, егер оған комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе.
Тармақ 6
6. Комиссияның отырысы, егер оған комиссия мүшелерінің үштен екеуі қатысса, өкілетті болып есептеледі.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмек көрсету туралы азаматтардың арыздарын комиссия қарайды және тағайындау немесе әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік көмек соғыс қатысушылары мен еңбек ардагерлеріне барлық қажетті құжаттар тапсырылғанда тағайындалады.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік көмек соғыс ардагерлері және оларға теңестірілген азаматтар мен еңбек ардагерлеріне тағайындалады.
Тармақ 10
10. Тиісті құжаттар жоқ болған жағдайда, комиссия соғыс ардагерлері мен еңбек ардагерлеріне әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тартады.
Тармақ 11
11. АЕЖҚжХӘҚБ әлеуметтік көмек тағайындалған азаматтардың тізімін ресімдеп, есептеп, ай сайын Денисов аудандық қаржы басқармасына есеп беріп отырады.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
2. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
Тармақ 12
12. Әлеуметтік көмек тағайындау туралы арызға тиісті құжаттар қосымша беріледі.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік көмекті тағайындау туралы құжаттарды қарау, құжаттар тапсырылғаннан кейін 10 күн ішінде жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тартқан жағдайда комиссия бұл туралы арыз берушіге жазбаша хабарлауға міндетті.
Тармақ 15
15. Арыз беруші арызда және құжаттарда көрсетілген мәліметтердің толықтығына, растығына заңнамаға сәйкес жауапты болады.
Тармақ 16
16. Комиссияның шешімі сот арқылы бұзылуы мүмкін.
Тарау 3. 3. Қажетті құжаттар тізбесі
3. Қажетті құжаттар тізбесі
Тармақ 17
17. Әлеуметтік көмек тағайындауға құқығын растайтын болып мына құжаттар табылады: әлеуметтік көмек тағайындау туралы арыз, тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі, соғыс қатысушы немесе еңбек ардагері куәлігінің көшірмесі, жеке әлеуметтік коды, салық төлеушінің тіркеу нөмірі.
Тармақ 18
18. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін АЕЖҚжХӘҚБ салыстыру үшін қажет құжаттардың түпнұсқасы және көшірмелері беріледі. Салыстырғаннан кейін құжаттардың түпнұсқалары арыз берушіге қайтарылады. АЕЖҚжХӘҚБ қызметкерлері құжаттардың көшірмелерін растап, істер ресімдейді.
Тармақ 19
19. Құжаттардың жоқ болуы әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тартуға әкеліп соқтырады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмектің мөлшері
4. Әлеуметтік көмектің мөлшері
Тармақ 20
20. Әлеуметтік көмектің мөлшері әр жекеше жағдай бойынша комиссиямен белгіленеді.
Тарау 5. 5. Әлеуметтік көмекті төлеу
5. Әлеуметтік көмекті төлеу
Тармақ 21
21. Соғыс қатысушылары мен еңбек ардагерлеріне әлеуметтік көмекті төлеу жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.
Тармақ 22
22. Соғыс қатысушылары мен еңбек ардагерлеріне әлеуметтік көмекті төлеу алушының жеке шотына әлеуметтік көмекті аудару жолымен жүргізіледі.
Басқа 35. Көп балалы аналарға әлеуметтік көмек көрсету
ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қостанай облысы
Денисов ауданы әкімиятының
2003 жылғы 21 шілдедегі
№ 115 қаулысына
2-қосымша
Көп балалы аналарға әлеуметтік көмек көрсету
ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Көп балалы аналарға әлеуметтік көмекті Денисов аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (бұдан былай - АЕЖҚжХӘҚБ) көрсетеді.
АЕЖҚжХӘҚБ бастығының бұйрығымен көп балалы аналарға әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі комиссия құрылады.
Тармақ 2
2. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ болуы керек.
Тармақ 3
3. Комиссияның жұмысын қабылданған шешімдер бойынша жалпы бақылауды жүзеге асыратын төраға басқарады. Төраға болмаған уақытта оның міндеттерін орынбасар атқарады.
Тармақ 4
4. Комиссия отырысының хаттамасын хатшы ресімдейді.
Тармақ 5
5. Комиссия шешімі ашық дауыспен қабылданады, және қабылданды деп саналады, егер оған комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе.
Тармақ 6
6. Комиссияның отырысы, егер оған комиссия мүшелерінің үштен екеуі қатысса, өкілетті болып есептеледі.
Тармақ 7
7. Комиссия азаматтардың әлеуметтік көмек көрсету туралы арыздарын қарайды және тағайындау немесе әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік көмек көп балалы аналарға барлық қажетті құжаттар тапсырылған жағдайда тағайындалады.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік көмек
«Алтын алқамен», «Күміс алқамен» наградталған немесе «Ардақты ана» атағын алған көп балалы аналарға;
жасы кәмелетке толмаған, он сегіз жасқа дейін бес және одан да көп балалары бар және олармен бірге тұратын көп балалы аналарға беріледі.
Ерекше жағдайларда, отбасының әлеуметтік-тұрмыстық хал-жайы мен қамсыздандыру деңгейін ескере отырып, көрсетілген факторлар жоқ болса да комиссияның әлеуметтік көмекті тағайындауға құқығы бар.
Тармақ 10
10. Тиісті құжаттар жоқ болған жағдайда, көп балалы аналарға әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тартылады.
Тармақ 11
11. АЕЖҚжХӘҚБ әлеуметтік көмек тағайындалған азаматтардың тізімін ресімдеп, есептеп, ай сайын Денисов аудандық қаржы басқармасына есеп беріп отырады.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
2. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
Тармақ 12
12. Әлеуметтік көмек тағайындау туралы арызға тиісті құжаттар қосымша беріледі.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік көмекті тағайындау туралы құжаттарды қарау, құжаттар тапсырылғаннан кейін 10 күн ішінде жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тартқан жағдайда комиссия бұл туралы арыз берушіге жазбаша хабарлауға міндетті.
Тармақ 15
15. Арыз беруші арызда және құжаттарда көрсетілген мәліметтердің толықтығына, растығына, заңнамаға сәйкес жауапты болады.
Тармақ 16
16. Комиссияның шешімі сот арқылы бұзылуы мүмкін.
Тарау 3. 3. Қажетті құжаттар тізбесі
3. Қажетті құжаттар тізбесі
Тармақ 17
17. Әлеуметтік көмек тағайындауға құқығын растайтын болып мына құжаттар табылады:, әлеуметтік көмек тағайындау туралы арыз, тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі, «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Ардақты ана» алқалармен наградталған туралы куәліктерінің көшірмесі, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері, отбасының құрамы жөніндегі селолық округінің анықтамасы, жеке әлеуметтік коды, салық төлеушінің тіркеу нөмірі.
Тармақ 18
18. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін АЕЖҚжХӘҚБ салыстыру үшін қажет құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелер беріледі. Салыстырғаннан кейін құжаттардың түпнұсқалары арыз берушіге қайтарылады. АЕЖҚжХӘҚБ қызметкерлері құжаттардың көшірмелерін растап, істер ресімдейді.
Тармақ 19
19. Құжаттардың жоқ болуы әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тартуға әкеліп соқтырады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмектің мөлшері
4. Әлеуметтік көмектің мөлшері
Тармақ 20
20. Комиссия әр жекеше жағдай бойынша әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілейді.
Тарау 5. 5. Әлеуметтік көмекті төлеу
5. Әлеуметтік көмекті төлеу
Тармақ 21
21. Көп балалы аналарға әлеуметтік көмекті төлеу жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.
Тармақ 22
22. Көп балалы аналарға әлеуметтік көмекті төлеу алушының жеке шотына әлеуметтік көмекті аудару жолымен жүргізіледі.
Басқа 63. Аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету
ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қостанай облысы
Денисов ауданы әкімиятының
2003 жылғы 21 шілдедегі
№ 115 қаулысына
3-қосымша
Аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету
ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмекті Денисов аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (бұдан былай - АЕЖҚжХӘҚБ) көрсетеді.
Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы бастығының бұйрығымен аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі комиссия құрылады.
Тармақ 2
2. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ болуы керек.
Тармақ 3
3. Комиссияның жұмысын қабылданған шешімдер бойынша жалпы бақылауды жүзеге асыратын төраға басқарады. Төраға болмаған уақытта оның міндеттерін орынбасар атқарады.
Тармақ 4
4. Комиссия отырыстарының хаттамасын хатшы ресімдейді.
Тармақ 5
5. Комиссия шешімі ашық дауыспен қабылданады, және қабылданды деп саналады, егер оған комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе.
Тармақ 6
6. Комиссияның отырысы, егер оған комиссия мүшелерінің үштен екеуі қатысса, өкілетті болып есептеледі.
Тармақ 7
7. Комиссия азаматтардың әлеуметтік көмек көрсету туралы арыздарын қарайды және тағайындау немесе әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік көмек аз қамтылған азаматтарға барлық қажетті құжаттар тапсырылғанда тағайындалады.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік көмек тағайындалады:
кірістері арыз берген күнге Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігімен белгіленген кедейлік деңгейінен аспайтын аз қамтылған азаматтарға;
зейнетақылар мөлшері ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен болған зейнеткерлерге;
емделу үшін басқа табыстары жоқ І, П, Ш топтағы мүгедектерге, балалық шағынан мүгедек болғандарға;
Ерекше жағдайларда, отбасының әлеуметтік-тұрмыстық хал-жайы мен қамсыздандыру деңгейін ескере отырып, көрсетілген факторлар жоқ болса да комиссияның әлеуметтік көмекті тағайындауға құқығы бар.
Тармақ 10
10. Тиісті құжаттар тапсырмаған жағдайда, комиссия аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тартады.
Тармақ 11
11. АЕЖҚжХӘҚБ әлеуметтік көмек тағайындалған азаматтардың тізімін ресімдеп, есептеп, ай сайын аудандық қаржы басқармасына есеп беріп отырады.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
2. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
Тармақ 12
12. Әлеуметтік көмек тағайындау туралы арызға тиісті құжаттар қоса беріледі.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік көмекті тағайындау туралы құжаттарды қарау, құжаттар тапсырылғаннан кейін 10 күн ішінде жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тартқан жағдайда бұл туралы комиссия арыз берушіге жазбаша хабарлауға міндетті.
Тармақ 15
15. Арыз беруші арызда және құжаттарда көрсетілген мәліметтердің толықтығына, растығына заңнамаға сәйкес жауапты болады.
Тармақ 16
16. Комиссияның шешімі сот арқылы бұзылуы мүмкін.
Тарау 3. 3. Қажетті құжаттар тізбесі
3. Қажетті құжаттар тізбесі
Тармақ 17
17. Әлеуметтік көмек тағайындауын растайтын құжаттар: әлеуметтік көмек көрсету туралы арыз, жеке куәлігінің көшірмесі, табысы жөнінде анықтама, отбасының құрамы туралы анықтама, жеке әлеуметтік коды, салық төлеушінің тіркеу нөмірі.
Тармақ 18
18. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін АЕЖҚжХӘҚБ салыстыру үшін қажет құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелер беріледі. Салыстырғаннан кейін құжаттардың түпнұсқалары арыз берушіге қайтарылады. АЕЖҚжХӘҚБ қызметкерлері құжаттардың көшірмелерін растап, істер ресімдейді.
Тармақ 19
19. Құжаттардың жоқ болуы әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тартуға әкеліп соқтырады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмектің мөлшері
4. Әлеуметтік көмектің мөлшері
Тармақ 20
20. Комиссия әр жекеше жағдай бойынша әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілейді.
Тарау 5. 5. Әлеуметтік көмекті төлеу
5. Әлеуметтік көмекті төлеу
Тармақ 21
21. Аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмекті төлеу жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.
Тармақ 22
22. Аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмекті төлеу алушының жеке шотына әлеуметтік көмек аудару жолымен жүргізіледі.