Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление здравоохранения Восточно-Казахстанской области» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы (Г.Г. Сағидуллина):
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін:
Тармақша 2
2) осы қаулыдан туындайтын шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің:
Тармақша 1
1) 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 129 «Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы»;
Тармақша 2
2) 2019 жылғы 26 маусымдағы № 210 «Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 129 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулыларының күші жойылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ш.С. Бұқтұғұтовқа жүктелсін.
Басқа 9. «Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 29 наурыздағы № 68 қаулысымен бекітілген «Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) денсаулық сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 4
4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 5
5. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
Тармақ 6
6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдерді және Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген басқа да актілерді қабылдайды.
Тармақ 7
7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 070016, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазыбек би даңғылы, 11.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Шығыс Қазақстан облысы бюджетінен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Міндеттері:
Тармақша 1
1)денсаулық сақтау саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2)Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықтың барлық санатын медициналық көмек және дәрілік заттармен қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3)азаматтардың денсаулығын қорғау мәселелері бойынша ведомствоаралық өзара іс-әрекеттестікті жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1)құқықтары: өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша меншік түріне қарамастан басқармалардан, кәсіпорындардан, мекемелерден, ұйымдардан және лауазымды тұлғалардан ақпарат сұрау және алу; ведомстволық бағынысты ұйымдар мүліктерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру; азаматтардың денсаулығын сақтау ісі мен денсаулық сақтауды дамытуға айрықша үлес қосқан медицина қызметкерлерінің кандидатураларын Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға және құрметті атақтар беруге, облыс әкімінің грамоталарымен марапаттауға облыс әкіміне ұсыну; Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізу; ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындарының бюджеттен қаржыландырылатын қызметтерінің басым бағыттарын және міндетті жұмыс (қызмет) көлемдерін айқындау; ведомстволық бағынысты ұйымдардың қаржылық есептілігін қабылдау; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
Тармақша 2
2) Міндеттері: бюджет қаражатының уақтылы және мақсатты игерілуін қамтамасыз ету; денсаулық сақтау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету; стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың әзірленуін, іске асырылуын мен мониторингін жүзеге асыру; облыстың ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындарының даму жоспарларын талқылап, бекіту, олардың орындалуы туралы есеп алу; облыстың ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындарының даму жоспарлары орындалуының талдауы мен бақылауды жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) Шығыс Қазақстан облысы аумағында денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 2
2) адамдардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алу құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарындағы адамдарды күтіп-бағуға бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) коммуналдық заңды тұлғалар болып табылатын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) саламатты өмір салтын ынталандыру жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастырады;
Тармақша 6
6) денсаулық сақтау ресурстарын тиімді жоспарлау мен пайдалануды қамтамасыз етеді;
Тармақша 7
7) медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартына, медициналық көмек көрсету қағидаларына сәйкес Шығыс Қазақстан облысында және оңалту қызметтерін көрсету мақсатында осы елді мекендердің денсаулық сақтау субъектілерінің қолданыстағы инфрақұрылым объектілерінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған медициналық оңалту орталықтарын (бөлімшелерін) құрады;
Тармақша 8
8) медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдайды;
Тармақша 9
9) халықтың денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 10
10) қан мен оның компоненттерінің ерікті өтеусіз донорлығын дамыту жөніндегі шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 11
11) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге шығатын Қазақстан Республикасы азаматтарының жергілікті өкілді органдары айқындайтын тізбе бойынша ел ішінде жол жүру ақысын төлейді;
Тармақша 12
12) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуіне бақылауды ұйымдастырады;
Тармақша 13
13) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуіне бақылауды ұйымдастырады;
Тармақша 14
14) денсаулық сақтау ұйымдарының желісін салу және дамыту, оларды қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша, оның ішінде дәріханалардың мемлекеттік желісін дамыту және дәріхана қоймаларын құру бойынша шаралар қабылдайды;
Тармақша 15
15) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін үйлестіреді;
Тармақша 16
16) төтенше ахуалдар, төтенше жағдай режимін енгізу кезінде тегін медициналық көмек көрсетуді, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етеді;
Тармақша 17
17) денсаулық сақтау саласындағы өңіраралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Тармақша 18
18) денсаулық сақтау саласында кадрлар даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды қамтамасыз етедi;
Тармақша 19
19) денсаулықты нығайтуға, аурулардың профилактикасына, саламатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды қалыптастыруға қажетті іс-шараларды жүзеге асырады;
Тармақша 20
20) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрі-дәрмектік қамтамасыз етуді қоса алғанда, халыққа медициналық көмек көрсетуді, оның ішінде әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың профилактикасын және емделуін ұйымдастырады;
Тармақша 21
21) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға дәрілік қамтамасыз етуді қоса алғанда, медициналық көмек көрсетуді, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың профилактикасын және оларды емдеуді ұйымдастырады;
Тармақша 22
22) дәріхана жоқ ауылдық елді мекендерде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
Тармақша 23
23) мүмкіндігі шектеулі балаларды ата-анасының немесе өзге заңды өкілдерінің келісімімен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жіберуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 24
24) өз құзыреті шегінде денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 25
25) туберкулезбен ауыратын Қазақстан Республикасының азаматтарын мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы сот шешімінің орындалуына жәрдемдеседі;
Тармақша 26
26) фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда, ауылдық елді мекендерде амбулаториялық жағдайларда медициналық-санитариялық алғашқы көмек, мамандандырылған медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері және жылжымалы дәріхана пункттері арқылы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізуді жүзеге асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды оқытуды жүргізеді;
Тармақша 27
27) ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) ерікті өтеусіз донорлығын дамыту жөніндегі шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 28
28) уәкілетті органмен келісу бойынша денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарын әзірлейді және облыс әкіміне бекіту үшін ұсынады;
Тармақша 29
29) денсаулық сақтау ұйымдарында йодталған ас тұзымен және басқа да йод қосындыларымен байытылған тағамдық өнімдермен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
Тармақша 30
30) үкіметтік емес ұйымдар үшін, оның ішінде халықтың негізгі топтары үшін азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру, оның іске асырылуын мониторингтеу және оны бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асырады;
Тармақша 31
31) паллиативтік медициналық көмекті қоспағанда, паллиативтік көмек беру жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастырады;
Тармақша 32
32) «Кәсібі бойынша үздік» аталымын беруге тұлғаларды ұсынады;
Тармақша 33
33) интерндер мен резидент-дәрігерлерге тұратын және медициналық көмек көрсететін орындарды беруді (егер денсаулық сақтау ұйымы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы бар басқа елді мекенде орналасқан жағдайда) қоса алғанда, интерндер мен резидент-дәрігерлерді тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің денсаулық сақтау ұйымдарына орналастыру үшін жағдай жасауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 34
34) денсаулық сақтау ұйымдарының желісін дамытуды және денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарларын орындауды жүзеге асырады;
Тармақша 35
35) денсаулық сақтау жүйесін дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруды, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы іс-шаралардың және Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесі шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 36
36) денсаулық сақтау саласында өңірлік электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық желілердің құрылуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 37
37) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 38
38) адамдардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алу құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 39
39) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарын қоспағанда, денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мониторинг пен бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
Тармақша 40
40) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады;
Тармақша 41
41) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялайтын) препараттарды, медициналық бұйымдарды сатып алуды және сақтауды жүзеге асырады;
Тармақша 42
42) медициналық бұйымдарды, санитариялық көлікті, сондай-ақ мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына күрделі жөндеу жүргізуге көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастырады;
Тармақша 43
43) өңірді денсаулық сақтау саласындағы кадрлармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
Тармақша 44
44) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес мемлекеттік медициналық ұйымдарды күтіп-ұстауды және пайдалануды қамтамасыз етеді;
Тармақша 45
45) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары үшін денсаулық сақтау саласындағы коммуналдық заңды тұлғалардағы клиникалық базаларды береді;
Тармақша 46
46) төтенше ахуалдар кезінде тегін медициналық көмек көрсетуді, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
Тармақша 47
47) денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi қызметтi ұйымдастырады және үйлестiредi;
Тармақша 48
48) гигиеналық оқытуды, саламатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды насихаттау мен қалыптастыруды ұйымдастырады;
Тармақша 49
49) халыққа әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың таралуы туралы ақпарат береді;
Тармақша 50
50) жастар ресурстық орталықтарымен бірлесіп репродуктивтік денсаулықты сақтау және отбасын жоспарлау, ойынқұмарлықтың (лудоманияның) қауіптілігі мәселелері бойынша жастармен ақпараттық-түсіндіру жұмысын, консультативтік жұмысты жүзеге асырады;
Тармақша 51
51) Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау мәселелері бойынша халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 52
52) статистикалық әдіснама талаптарын сақтай отырып, Шығыс Қазақстан облысы шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы ведомстволық статистикалық байқауды жүзеге асырады;
Тармақша 53
53) әскери қызметтің мүддесінде Қазақстан Республикасының азаматтарын медициналық куәландырудан өткізу үшін құрылатын медициналық комиссиялардың дербес құрамын әзірлеп, бекітеді және олардың қызметін ұйымдастырады;
Тармақша 54
54) уәкілетті органға денсаулық сақтау жүйесін дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын орындау бойынша, сондай-ақ денсаулық сақтаудың негізгі сандық және сапалық көрсеткіштері бойынша тоқсан сайынғы есепті ұсынады;
Тармақша 55
55) уәкілетті органға тиісті Шығыс Қазақстан облысы шеңберінде денсаулық сақтау жүйесінің қызметін жақсарту жөнінде, оның ішінде медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту, ана мен баланы қорғау және әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша бағдарламаны іске асыру жөнінде ұсыныс енгізеді;
Тармақша 56
56) уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын кадрмен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
Тармақша 57
57) халыққа профилактикалық екпелерді ұйымдастырады және жүргізеді;
Тармақша 58
58) сотталғандарды жазасын өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулардың тізбесі бойынша медициналық куәландырудан өткізу үшін арнаулы медициналық комиссия құрады;
Тармақша 59
59) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 60
60) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде ұсынылатын медициналық көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтерді әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 61
61) уәкілетті органға ведомстволық бағынысты ұйымдарды қоспағанда, Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік заңды тұлғалардағы корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі қызметті үйлестіруді және мониторингтеуді жүзеге асырады;
Тармақша 62
62) уәкілетті органға ведомстволық бағынысты ұйымдарды қоспағанда, үкіметтік емес ұйымдар үшін, оның ішінде халықтың негізгі топтары үшін азаматтардың денсаулығын сақтау саласында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылуын мониторингтеу және нәтижелерін бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асырады;
Тармақша 63
63) терроризм актісінің салдарларын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі шараларды іске асыруға қатысады, шұғыл медициналық көмекті, терроризм актісінің салдарынан жәбірленуші адамдарды медициналық-психологиялық сүйемелдеуді ұйымдастырады;
Тармақша 64
64) қандастар мен көшiп келушiлердiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медициналық көмек алуын қамтамасыз етедi;
Тармақша 65
65) Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 66
66) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын іс-шараларды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы іс-шараларды, оның ішінде өңірді медицина қызметкерлерімен қамтамасыз ету нормативтерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 67
67) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін, медицина қызметкерлері біліктілігінің уақтылы арттырылуын бақылауды жүзеге асырады, жас мамандарды бөлуге қатысады;
Тармақша 68
68) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінде сотталғандарға медициналық көмек көрсету үшін медициналық ұйымдарды (соматикалық, психиатриялық және туберкулезге қарсы ауруханалар (бөлімшелер), амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар) ұйымдастырады;
Тармақша 69
69) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде дәрілік қамтамасыз етуді қоса алғанда, медициналық көмек көрсетуді, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың профилактикасын және оларды емдеуді ұйымдастырады;
Тармақша 70
70) Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбаны ретінде анықталған және сәйкестендірілген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша және көлемде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқығын іске асыруын қамтамасыз етеді;
Тармақша 71
71) ауылдық елді мекендердегі аса тапшы медициналық мамандықтарды айқындайды;
Тармақша 72
72) кемінде бес жыл мерзімге ауылдық жерге жұмыс істеуге келген аса тапшы мамандықтардың медицина қызметкерлеріне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалақының бір жүз еселенген мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем төлеуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 73
73) мыналарды: денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету мониторингін жүзеге асыруды; денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерге халықтың қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 74
74) денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін үйлестіреді;
Тармақша 75
75) денсаулық сақтау саласында келіп түскен өтінішхатты Қазақстан Республикасының Әкімшілік іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіппен қарайды;
Тармақша 76
76) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті мемлекеттік басқару органдарына жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқарудың мүддесінде жүзеге асырады.
Тармақша 77
77) денсаулық сақтау саласындағы цифрлық трансформация саласындағы мемлекетік саясатты іске асыруға қатысады;
Тармақша 78
78) ақпараттық қауіпсіздік және цифрлық даму саласындағы уәкілетті органдармен ақпаратты қорғау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 79
79) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асырады.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік органның бірінші басқарма басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3. Мемлекеттік органның бірінші басқарма басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Басқарманы басқаруды басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Басқарма басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.
Тармақ 19
19. Басқарма басшысының өкілеттіктері
Тармақша 1
1) Басқарманың штаттық кестесін бекітеді, сондай-ақ Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің міндеттері мен өкілеттерін анықтайды;
Тармақша 2
2) заңнамаға сәйкес Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) заңнамаға сәйкес ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 4
4) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын ынталандырады және оларға тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Басқарманың атынан шығады, Басқарманың атынан сенімхатсыз іс-әрекет жасайды және сенімхаттарды береді;
Тармақша 6
6) Басқарманың бөлімдері туралы Ережені бекітеді;
Тармақша 7
7) Басқарманың актілеріне қол қояды, Басқарманың барлық қызметкерлерімен, облыстың ведомствоаралық медициналық ұйымдарының басшылары орындау үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 8
8) Басқарма басшысы және оның орынбасарлары облыс тұрғындарына медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелері бойынша азаматтарды қабылдауды ұйымдастырады;
Тармақша 9
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдауға міндетті және осыған дербес жауапты;
Тармақша 10
10) ерлер мен әйелдердің тәжірбиесіне, қабілеттері мен кәсіптік даярлығына сәйкес олардың мемлекеттік қызметке теңдей қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 11
11) шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңестерін енгізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 21
21. Басқарма басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
Тармақ 22
22. Мемлекеттік органның, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшысы бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік жауапкершілікте болады.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік органның мүлкі
4. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 23
23. Басқармада заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 24
24. Басқармаға бекітілген мүлік Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне жатады.
Тармақ 25
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе Басқарма, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 26
26. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі Коммуналдық мемлекеттік мекеме 1.Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық арнайы медициналық жабдықтау базасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. 2.Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Өскемен қаласының мамандандырылған балалар үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар 3.Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. 4.Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Ана мен бала орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 5
5. Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының оңалту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 6
6. Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық мамандырылған медициналық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. 7.Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының психикалық денсаулық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. 8.Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. 9.Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық фтизиопульмонология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. 10.Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 11
11. Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының жедел медициналық жәрдем станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. 12.Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. 13.Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының патологоанатомиялық бюросы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. 14.Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Өскемен қаласының № 1 емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. 15.Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Өскемен қаласының № 2 қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. 16.Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Өскемен қаласының № 4 қалалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. 17.Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Өскемен қаласының № 1 бастапқы медициналық-санитарлық көмек орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. 18.Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Өскемен қаласының балалар стоматологиялық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. 19.Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Өскемен қаласының жоғары медициналық колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. 20.Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Глубокое ауданының аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. 21.Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Риддер қалалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. 22.Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Зайсан ауданының аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. 23.Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Алтай ауданының ауданаралық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. 24.Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Алтай ауданы Серебрянск қаласының қалалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. 25.Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Үлкен Нарын ауданының аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. 26.Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Катонқарағай ауданының аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. 27.Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Самар ауданының аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. 28.Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Күршім ауданының аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. 29.Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Марқакөл ауданының аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. 30.Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Тарбағатай ауданының аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. 31.Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ұлан ауданының аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. 32.Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шемонаиха ауданының аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.