О приобретении жилья семьям оралманов Қолданыста
Басқа 0
Оралмандар отбасыларына тұрғын үйлер сатып алу туралы
Қазақстан Республикасы өкіметінің 2003 жылғы 15 сәуірдегі № 359 "Оралмандардың 2003 жылы көшіп келу квотасына сәйкес келетін оралмандар отбасыларына тұрғын үйлер сатып алуға 2003 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттер, Астана және Алматы қалаларының бюджеттері бойынша көзделген мақсатты трансферттерді бөлу туралы" қаулысын орындау үшін, сонымен бірге Қазақстан Республикасы өкіметінің 2001 жылғы 4 мамырдағы №605 қаулысымен бекітілген оралмандар отбасыларына тұрғын үйлер сатып алу Ережелеріне сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Атырау облысы бойынша көші-қон және демография басқармасы (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) Атырау облысына 2003 жылы көшіп келу квотасына сәйкес келетін оралмандар отбасыларының тізімін әзірлесін;
Тармақша 2
2) оралмандар отбасыларына сатып алынатын тұрғын үйлердің саны мен түрін анықтасын.
Тармақ 2
2. Атырау облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы - бағдарлама әкімгеріне:
Тармақша 1
1) оралмандар отбасыларына тұрғын үйлер сатып алу конкурсының жеңімпаздарынан заңдармен белгіленген тәртіпте тұрғын үйлер сатып алсын және алынған тұрғын үйлерді тиісінше жергілікті атқарушы органдардың балансына берсін;
Тармақша 2
2) сатып алынған тұрғын үйлердің оралмандар отбасыларына уақтылы бөлінуін қадағаласын.
Тармақ 3
3. Атырау облыстық қаржы басқармасы қаралған қаражат шегінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.И.Байғожинға жүктелсін.