Об утверждении Положения о деятельности врачебно-консультативной комиссии Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысының 15-тармағының 219) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 321 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11310 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мемлекеттік денсаулық сақтау басқармаларының жергілікті органдары (келісім бойынша) осы бұйрыққа сәйкес медициналық ұйымдарда дәрігерлік-консультациялық комиссиялар құруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі
Басқа 1. Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы ереже
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2022 жылғы 7 сәуірдегі № ҚР ДСМ - 34 бұйрықпен бекітілген Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 219) тармақшасына сәйкес әзірленді және меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан медициналық ұйымдарда құрылатын дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі–ДКК) қызметін регламенттейді.
Тармақ 2
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) дәрігерлік-консультациялық комиссия – меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан, медициналық ұйымда құрылатын комиссия еңбекке уақытша қабілетсіздігін сараптау үшін пациентті жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызмет көрсетуге жіберу, адамның ағзаларын (ағзаларының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) трансплантаттау, пациенттерді медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу, аурудың бар-жоғын анықтаған кезде баланы үйге оқытуға жіберу, бақылау, мониторинг, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз етудің тиімділігін бағалау және негізділігі мәселелерін шешу;
Тармақша 2
2) жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – ЖТМҚ) – диагностика мен емдеудің инновациялық, ресурс қажет ететін және (немесе) бірегей әдістерін пайдалануды талап ететін аурулар кезінде бейінді мамандар көрсететін қызмет;
Тармақша 3
3) медициналық куәландыру (бұдан әрі – куәландыру) – жеке тұлғаны онда аурудың болу немесе болмау фактісін анықтау немесе растау, денсаулық жағдайын айқындау мақсатында зерттеп-қарау;
Тармақша 4
4) мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы (бұдан әрі – АОЖБ) – мүгедекті оңалтуды жүргізудің нақты көлемін, түрлері мен мерзімдерін айқындайтын құжат.
Тармақ 3
3. ДКК өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін және осы Ережені басшылыққа алады.
Тарау 2. 2-тарау. Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметін ұйымдастыру
2-тарау. Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметін ұйымдастыру
Тармақ 4
4. ДКК медициналық ұйым басшысының бұйрығымен құрылады. ДКК құрамы, мүшелерінің саны, жұмыс тәртібі және жұмыс кестесі медициналық ұйым басшысының бұйрығымен бекітіледі. ДКК құрамына төраға, комиссия мүшелері және хатшы кіреді. ДКК құрамы немесе жұмыс тәртібі және жұмыс кестесі өзгерген кезде өзгерістер және (немесе) толықтырулар тиісті бұйрыққа енгізіледі.
Тармақ 5
5. ДКК жұмысына қажет болған жағдайда медициналық ұйымдардың мамандары, жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтардың қызметкерлері тартылады.
Тармақ 6
6. ДКК төрағасы болып медициналық ұйымның басшысы орынбасарының бірі тағайындалады.
Тармақ 7
7. ДКК төрағасы:
Тармақша 1
1) ДКК жұмысын басқарады;
Тармақша 2
2) «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32922 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 260 бұйрығы) сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасының мәселесі бойынша ережелерді және тіршілік-тынысының шектелуі критерийлерін дәрігерлердің зерделеуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) дәрігерлердің біліктілігін арттыру бойынша іс-шараларды ұйымдастырады;
Тармақша 4
4) еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасының дұрыс толтырылуын бақылайды;
Тармақша 5
5) ДКК жұмысының дұрыс ұйымдастырылуын, қабылданатын шешімдер мен қорытындылардың сараптау негіздемесін қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) жұмыс қорытындысы бойынша медициналық ұйымның басшысына ДКК жұмысы туралы тоқсандық және жылдық есептерді ұсынады.
Тармақ 8
8. «Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданылуын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық білімі алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21818 болып тіркелген) сәйкес біліктілік санаты беріле отырып маман сертификаты бар, жоғары және орта медициналық білімі бар медицина қызметкері ДКК хатшысы болып тағайындалады. ДКК хатшысын медициналық ұйымының басшысы тағайындайды.
Тармақ 9
9. ДКК хатшысы:
Тармақша 1
1) ДКК жұмысын ұйымдастыруға байланысты материалдарды дайындауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) ДКК мүшелеріне, пациенттерге ДКК отырысының өткізілу күні мен уақыты туралы хабарлайды;
Тармақша 3
3) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген медициналық құжаттаманы (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы) толтырады;
Тармақша 4
4) ДКК шешімінің хаттамасын ресімдейді, ДКК төрағасына атқарылған жұмыс туралы есептерді әзірлейді.
Тармақ 10
10. ДКК медициналық ұйымның басшысы бекіткен жоспар-кестенің негізінде аптасына 1 реттен сирек емес отырыстар өткізеді.
Тармақ 11
11. Дәрігерлік комиссияның отырысы күндізгі нысанда және (немесе) онлайн бейнеконференцбайланыс арқылы (комиссия мүшелері әртүрлі өңірлерде болған жағдайда) өткізіледі. ДКК-ның жоспардан тыс отырыстары ДКК төрағасының шешімі бойынша өткізіледі.
Тармақ 12
12. ДКК пациентті медициналық қарап-тексеруден, оның медициналық құжаттарын, клиникалық-диагностикалық тексерулер нәтижелерін, жүргізілген емдеу және медициналық оңалту нәтижелерін, еңбек, кәсіп жағдайлары мен сипатын бағалаудан кейін шешім қабылдайды. ДКК шешімі ДКК отырысына қатысушылардың жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда дәрігерлік комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Тармақ 13
13. ДКК шешімі ДКК отырысының хаттамасымен ресімделеді, онда медициналық ұйымның атауы, отырысты өткізу күні, ДКК-ға қатысушы мүшелердің тізімі, талқыланатын мәселелердің тізбесі, шешім және оның негіздемесі қамтылады.
Тармақ 14
14. ДКК шешімі №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген 052/е «Амбулаториялық пациенттің медициналық картасы», 054/е «Амбулаториялық пациенттің статистикалық картасы», 025/е «Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындыларын жазуға арналған журнал», 026/е «Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы», 058/е «Стоматологиялық науқастың медициналық картасы (санацияны қоса алғанда)», 077/е «Жүкті және босанған әйелдің жеке картасы», ТБ 014/е «Туберкулезбен ауыратын науқастың медициналық картасы» нысанындағы бастапқы медициналық құжаттамаға енгізіледі, ДКК төрағасы мен қатысқан мүшелері қол қояды.
Тарау 3. 3-тарау. Дәрігерлік-консультациялық комиссияның міндеттері мен функциялары
3-тарау. Дәрігерлік-консультациялық комиссияның міндеттері мен функциялары
Тармақ 15
15. ДКК міндеттері:
Тармақша 1
1) ДКК ұсынылған пациенттерге медициналық көмек көрсету сапасын бағалау;
Тармақша 2
2) ДКК-ға жіберілген пациенттерге емдеу-диагностикалық, оңалту іс-шараларын жүргізудің диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамаларына, денсаулық сақтау саласындағы медициналық көмек көрсету стандарттарына сәйкестігін бақылау;
Тармақша 3
3) емдеу-диагностикалық, оңалту іс-шараларын жүргізудің диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларына, ұзақ ауыратын (кемінде екі ай) пациенттерге денсаулық сақтау саласындағы медициналық көмек көрсету стандарттарына сәйкестігін бақылау;
Тармақша 4
4) мүгедектігі адамның АОЖБ - қа медициналық бөлігінің іске асырылуын бақылау;
Тармақша 5
5) пациенттерді МӘС-қа уақтылы және негізделген түрде жіберу;
Тармақша 6
6) АОЖБ-ның медициналық бөлігін қоса алғанда, пациенттерді МӘС-ке жіберу кезінде медициналық есепке алу құжаттамасын ресімдеу мерзімдері мен сапасын бақылау;
Тармақша 7
7) ДКК-ға жіберілген пациенттердің денсаулық жағдайын бағалау және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ДКК қорытындысын шығару;
Тармақша 8
8) еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарын немесе анықтамаларын беруді және ұзартуды бақылау;
Тармақша 9
9) МӘС-ке негізсіз жіберуге талдау жүргізу және ДКК қызметін жақсарту жөнінде шаралар қабылдау;
Тармақша 10
10) ДКК құзыретіне жататын мәселелер бойынша МӘС аумақтық бөлімдерімен өзара іс-қимыл жасау.
Тармақ 16
16. ДКК функциялары:
Тармақша 1
1) «Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21660 болып тіркелген) сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасын өткізу;
Тармақша 2
2) басқа қаладан келген адамдарға (тұрақты тұратын жерінен тыс жерлерде жүргендерге, қандастарға, босқындарға және пана іздеген адамдарға, Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға уақытша еңбекке жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беруге рұқсат ету;
Тармақша 3
3) шетелде болған кезде ауруларды, жарақаттарды бастан өткерген Қазақстан Республикасының адамдарына еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беруге рұқсат ету;
Тармақша 4
4) пациентті жоғары технологиялық медициналық қызметтер (бұдан әрі –ЖТМҚ) көрсетуге жіберу, адам ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) және тіндерін транспланттау мәселелері бойынша шешім қабылдау;
Тармақша 5
5) № 260 бұйрығына сәйкес пациенттерді МӘС-ке жіберу және МӘС-ке жіберу мерзімдерін айқындау мәселелері бойынша, оның ішінде емделуде инновациялық медициналық технологиялар қолданылған адамдарды МӘС-ке жіберу мәселелері бойынша шешім қабылдау;
Тармақша 6
6) «Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23885 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-75 бұйрық) сәйкес қымбат және ұзақ емделу кезінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қажеттілігін айқындау;
Тармақша 7
7) осы Ереже 1-қосымшаға сәйкес баланы үйде оқыту көрсетілген аурулар тізімінде көрсетілген аурудың бар-жоғы анықталған кезде оны үйде оқытуға жіберу;
Тармақша 8
8) № ҚР ДСМ-75 бұйрыққа сәйкес белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен тегін және (немесе) жеңілдікпен қамтамасыз етудің негізділігі мәселелерін бақылау, мониторингілеу, тиімділігін бағалау және шешу.
Тармақ 17
17. ДКК № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген 026/е нысаны бойынша медициналық қорытынды береді:
Тармақша 1
1) дәрілік затқа жеке төзбеушіліктің болуы немесе болмауы туралы, оның ішінде пациенттің көмек пен күтімнің қосымша түрлеріне қажеттілігін айқындай отырып, мәліметтері бар пациенттің денсаулық жағдайы туралы;
Тармақша 1-1
1-1) «Автомобиль көлігімен (инватакси) мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8950 болып тіркелген) сәйкес мүгедектігі бар адамдардың инватакси қызметтеріне мұқтаждығы туралы;
Тармақша 2
2) белгілі бір қызметті жүзеге асыруға тұрақты немесе уақытша медициналық қарсы айғақтардың болуы туралы;
Тармақша 3
3) жұмыскерді басқа жұмысқа ауыстыру үшін пациенттің денсаулық жағдайы туралы;
Тармақша 4
4) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға нәтижесінде, сондай-ақ кәсіптік ауруы, олардың ауырлық дәрежесі анықталған кезде пациенттің денсаулығына келтірілген зақымдардың болуы туралы;
Тармақша 5
5) санаторийлік-курорттық емдеуді жүргізу үшін көрсетілімдер (қарсы көрсетілімдер) туралы;
Тармақша 6
6) «Медициналық оңалту көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 7 қазандағы № ҚР ДСМ-116/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21381 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес стационарлық емдеуден кейін оңалтуға, оның ішінде мамандандырылған санаторийлік-курорттық ұйымдарға (бөлімшелерге) жіберу үшін;
Тармақша 7
7) медициналық және әлеуметтік көрсеткіштер бойынша жүктілікті жасанды үзуге жіберу туралы;
Тармақша 8
8) жұмысқа орналастыру кезінде азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу нәтижелері туралы мәліметтерді ұсынады;
Тармақша 9
9) денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органдар белгiлеген қару ұстауға кедергі жоқ екені туралы медициналық қорытынды және Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжатты жүргізу нәтижелері туралы;
Тармақша 10
10) бала асырап алушы, қорғаншы (қамқоршы) болуға ниет білдірген азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу нәтижелері туралы;
Тармақша 11
11) кемтар 18 жасқа дейінгі балаларды ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің келісімімен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияға жіберу туралы;
Тармақша 12
12) жоғары оқу орындарының студенттеріне, мектептердің, колледждердің (техникумдардың), кәсіптік-техникалық училищелердің оқушыларына академиялық демалыс беру, ауысу және бітіру емтихандарынан босату, дене жүктемесін шектеу бойынша, денсаулық жағдайы бойынша басқа факультетке немесе басқа оқу орнына ауыстыру туралы;
Тармақша 13
13) үйде оқыту мәселесін шешу үшін баланың денсаулық жағдайы туралы;
Тармақша 14
14) денсаулық жағдайы бойынша үйде оқытылған түлектерге, ұзақ емделуге мұқтаж және балаларға, сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған санаториялық үлгідегі емдеу-профилактикалық және (немесе) сауықтыру білім беру мекемелерінде болған балаларды мемлекеттік (қорытынды) аттестаттаудан өткізу туралы мәселені шешу үшін пациенттің денсаулық жағдайы туралы.
Тармақша 15
15) дене шынықтыру сабақтарынан босату үшін мектептер, колледждер (техникумдар), кәсіптік-техникалық училищелер оқушыларының, жоғары оқу орындары студенттерінің денсаулық жағдайы туралы;
Тармақша 16
16) ЖТМҚ және шетелде емдеу көрсететін медициналық ұйымдарда консультация жүргізуге және (немесе) емдеуге жатқызу мәселелерін шешу үшін пациентті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары жанындағы комиссияларға жіберу үшін;
Тармақша 17
17) адамдардың протездермен (тіс протездерінен басқа), протездік-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз етілу қажеттілігі туралы;
Тармақша 18
18) МӘС-ке консультация мақсатында жіберілген, үйде, стационарлық жағдайда немесе сырттай куәландыру (қайта куәландыру) қажет болған жағдайда, АОЖБ-ның әлеуметтік және кәсіптік бөлігін қалыптастыруға немесе түзетуге жіберілген жағдайларда жүргізіледі.
Тармақ 18
18. ДКК қорытындыларының қолданылу мерзімдері осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес айқындалады.
Басқа 1.1. Үйде оқытуды талап ететін аурулардың тізбесі
Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы ережеге 1-қосымша Үйде оқытуды талап ететін аурулардың тізбесі № Ау­ру­дың ко­ды және ата­уы 1. C00-D48 Іс­ік­тер 1.1. Ұзақ им­му­но­су­прес­сив­ті те­ра­пия, апла­зия, дә­рі­лік заттар­дың жа­на­ма әсер­ле­рі ке­зін­де­гі әр­түр­лі ағ­за­лар­дың қа­тер­лі іс­ік­те­рі, опе­ра­ци­я­лық ара­ла­су­дан кей­ін­гі жай-күй және транс­план­тат­тау, қан ұюның ай­қын бұ­зы­лу­ла­ры, мү­ге­дек ар­ба­да бо­лу­ды және қоз­ға­лу­ды қиын­да­та­тын, ауыр қи­мыл-қоз­ға­лыс бұ­зы­лы­ста­ры бар 2. I00-I99 Қан ай­на­лым жүй­е­сі­нің ау­ру­ла­ры 2.1. Ұзақ им­му­но­су­прес­сив­ті те­ра­пия ке­зін­де­гі апла­сти­ка­лық ане­ми­я­лар, сүй­ек ке­мі­гін транс­план­тат­та­удан кей­ін­гі дә­рі­лік заттар­дың жа­на­ма әсе­рі 2.2. Ұзақ им­му­но­су­прес­сив­ті те­ра­пия, дә­рі­лік заттар­дың жа­на­ма әсер­ле­рі ке­зін­де ге­мор­ра­ги­я­лық пур­пу­ра және ауыр дә­ре­же­де­гі бас­қа да ге­мор­ра­ги­я­лық жағ­дай­лар 2.3. 2 және 3-са­ты­лы жү­рек функ­ци­я­сы­ның жет­кі­лік­сіз­ді­гі­мен жү­ре­тін жү­рек ау­ру­ла­ры 3. E00-E90 Эн­до­крин­дік жүйе ау­ру­ла­ры, та­мақ­та­ну мен зат ал­ма­суы­ның бұ­зы­луы 3.1. Де­ком­пен­са­ция са­ты­сын­да­ғы ауыр дә­ре­же­де­гі І тип­ті қант диа­бе­ті 4. F00-F99 Пси­хи­ка­лық бұ­зы­лу­лар мен мі­нез-құлық­тың бұ­зы­луы 4.1. Ши­зо­фре­ния, мі­нез-құл­қы­ның тұ­рақ­ты, еле­улі, ба­қы­лан­бай­тын бұ­зы­лу­ла­ры бар фар­ма­ко­ре­зи­стент­ті ши­зо­тип­тік және сан­ды­рақ­тық бұ­зы­лу­лар 4.2. Үрей­лі-фо­би­я­лық бұ­зы­лу­лар фар­ма­ко­ре­зи­стент­ті, мі­нез-құл­қы­ның тұ­рақ­ты, еле­улі, ба­қы­лан­бай­тын бұ­зы­лу­ла­ры бар 4.3. Мі­нез-құл­қы­ның тұ­рақ­ты, еле­улі, ба­қы­лан­бай­тын бұ­зы­лу­ла­ры бар ақыл-ой ке­мі­сті­гі (же­ңіл, ор­та­ша) 4.4. Ауыр дә­ре­же­де­гі пси­хо­ло­ги­я­лық да­му­дың жал­пы бұ­зы­лу­ла­ры, фар­ма­ко­ре­зи­стент­ті, мі­нез-құл­қы­ның тұ­рақ­ты, еле­улі, ба­қы­лан­бай­тын бұ­зы­лу­ла­ры бар 4.5. Мі­нез-құл­қы­ның ауыр дә­ре­же­де­гі ги­пер­ки­не­ти­ка­лық және бас­қа да бұ­зы­лу­ла­ры, фар­ма­ко­ре­зи­стент­ті, мі­нез-құл­қы­ның тұ­рақ­ты, еле­улі, ба­қы­лан­бай­тын бұ­зы­лу­ла­ры бар 4.6. Ауыр дә­ре­же­де­гі ара­лас во­ка­лизмдер мен кө­пте­ген мо­тор­лы тиктер (оның ішін­де де ла Ту­рет­та син­дро­мы), фар­ма­ко­ре­зи­стент­ті, тұ­рақ­ты, еле­улі, ба­қы­лан­бай­тын мі­нез-құлық­тың бұ­зы­лу­ла­ры бар 4.7. Ауыр дә­ре­же­де­гі бей­ор­га­ни­ка­лық та­би­ғат­тың эн­ко­пре­зі, фар­ма­ко­ре­зи­стент­ті 5. G00-G99 Нерв жүй­е­сі­нің ау­ру­ла­ры 5.1. Бұл­шық ет­тің жұлын­дық атро­фи­я­сы және мү­ге­дек­тер ар­ба­сын­да бо­лу­ды және қоз­ға­лу­ды қиын­да­та­тын ауыр қоз­ға­лу бұ­зы­лы­ста­ры бар со­лар тек­тес син­дром­дар 5.2. Им­му­но­су­прес­сив­ті те­ра­пи­я­ны ұзақ қол­да­ну, дә­рі­лік заттар­дың жа­на­ма әсе­рі, ауыр қоз­ға­лыс бұ­зы­лы­ста­ры бар, мү­ге­дек­тер ар­ба­сын­да бо­лу­ды және қоз­ға­лу­ды қиын­да­та­тын нерв жүй­е­сі­нің нақ­ты­лан­ған де­ге­не­ра­тив­ті ау­ру­ла­ры 5.3. Им­му­но­су­прес­сив­ті те­ра­пи­я­ны ұзақ қол­да­ну, дә­рі­лік заттар­дың жа­на­ма әсе­рі ке­зін­де, ауыр қоз­ға­лу бұ­зы­лы­ста­ры бар, мү­ге­дек­тер ар­ба­сын­да бо­лу­ды және қоз­ға­лу­ды қиын­да­та­тын ор­та­лық нерв жүй­е­сі­нің де­ми­е­ли­ни­за­ци­я­лық ау­ру­ла­ры 5.4. Күн­діз­гі үл­кен жиі ұста­ма­ла­ры бар тұ­рақ­ты те­ра­пи­я­лық ре­зи­стент­тік, оның ішін­де эпи­леп­ти­ка­лық мәр­те­бе­нің да­му қа­у­пі бар эпи­леп­сия (ай­ы­на 1 рет­тен жиі) 5.5. Мү­ге­дек ар­ба­да бо­лу­ды және қоз­ға­лу­ды қиын­да­та­тын ауыр қоз­ға­лу бұ­зы­лы­ста­ры бар бұл­шы­қет дис­тро­фи­я­сы 5.6. Мү­ге­дек ар­ба­да бо­лу­ды және қоз­ға­лу­ды қиын­да­та­тын ауыр қоз­ға­лу бұ­зы­лы­ста­ры бар туа біт­кен мио­па­ти­я­лар 5.7. Мү­ге­дек ар­ба­да бо­лу­ды және қоз­ға­лу­ды қиын­да­та­тын, ауыр қи­мыл-қоз­ға­лыс бұ­зы­лы­ста­ры бар ба­ла­лар це­ре­браль­ды сал ау­руы және әр­түр­лі этио­ло­ги­яда­ғы сал­дың бас­қа да түр­ле­рі 6. J00-J99 Ты­ныс алу ағ­за­ла­ры­ның ау­ру­ла­ры 6.1. 2 және 3 ауыр­лық дә­ре­же­сін­де­гі тұ­рақ­ты со­зыл­ма­лы ре­спи­ра­тор­лық жет­кі­лік­сіз­ді­гі­мен қо­са жү­ре­тін ты­ныс алу ағ­за­ла­ры­ның ау­ру­ла­ры 7. K00-K93 Ас қо­ры­ту ағ­за­ла­ры­ның ау­ру­ла­ры 7.1. Ауыр дә­ре­же­де­гі тұ­рақ­ты со­зыл­ма­лы ба­уыр жет­кі­лік­сіз­ді­гі қо­са жү­ре­тін ау­ру­лар 8. L00-L99 Те­рі және те­рі асты шел­май­ы­ның ау­ру­ла­ры 8.1. Ұзақ им­му­но­су­прес­сив­ті те­ра­пия, дә­рі­лік заттар­дың жа­на­ма әсе­рі ке­зін­де ауыр дә­ре­же­де­гі әр­түр­лі этио­ло­ги­яда­ғы дер­ма­тит­тер 9. M00-M99 Сүй­ек-бұл­шық ет жүй­е­сі мен дәне­кер ті­ні­нің ау­ру­ла­ры 9.1. Ұзақ им­му­но­су­прес­сив­ті те­ра­пия, дә­рі­лік заттар­дың жа­на­ма әсе­рі ке­зін­де ауыр дә­ре­же­лі по­ли­арт­ро­па­тия 9.2. Ұзақ им­мо­би­ли­за­ци­я­ны та­лап ете­тін және қоз­ға­луын шек­тей­тін ауыр дә­ре­же­де­гі әр­түр­лі этио­ло­ги­яда­ғы буын­дар­дың за­қым­да­нуы, хи­рур­ги­я­лық ара­ла­су­дан кей­ін­гі жай-күй­лер 9.3. Ұзақ им­му­но­су­прес­сив­ті те­ра­пия, дә­рі­лер­дің жа­на­ма әсе­рі ке­зін­де­гі дәне­кер тін­дер­дің жүй­е­лі за­қым­да­ну­ла­ры 10. N00-N99 Несеп-жы­ныс жүй­е­сі­нің ау­ру­ла­ры 10.1. Ауыр дә­ре­же­де­гі со­зыл­ма­лы бүй­рек функ­ци­я­ла­ры­ның жет­кі­лік­сіз­ді­гі бар бүй­рек ау­ру­ла­ры 11. S00-T98 Жа­ра­қат­тар 11.1. Хи­рур­ги­я­лық ем­де­уді та­лап ете­тін бас сүй­ек күм­бе­зі­нің ке­мі­сті­гі бо­луы­мен ас­қын­ған бас жа­ра­қа­ты­ның сал­да­ры 11.2. Гип­сті таң­ғы­шта ұзақ им­мо­би­ли­за­ци­я­ны қа­жет ете­тін және өзді­гі­нен қоз­ға­лу­ды шек­тей­тін мой­ын мен де­не­нің, аяқ-қол­дар­дың жа­ра­қат­та­ры­ның сал­да­ры 12 Q00-Q99 Туа біт­кен ауыт­қу­лар (да­му ке­мі­стікте­рі), де­фор­ма­ци­я­лар мен хро­мо­со­ма­лық бұ­зы­лу­лар 12.1 Ауыр дә­ре­же­де­гі ағ­за­лар мен жүй­е­лер­дің за­қым­да­нуы, ауыр қоз­ға­лыс бұ­зы­лу­ла­ры бар, мү­ге­дек ар­ба­да бо­лу­ды және жү­ру­ді қиын­да­та­тын, ауыр қи­мыл-қоз­ға­лыс бұ­зы­лы­ста­ры бар, хи­рур­ги­я­лық ем­де­уді және тү­зе­ту­ді қа­жет ете­тін, хи­рур­ги­я­лық ара­ла­су­дан кей­ін­гі жағ­дай
Басқа 1.2. Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындыларының қолданылу мерзімдері
Дәрігерлік-консультативтік комиссияның қызметінің ережесіне 2 - қосымша Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындыларының қолданылу мерзімдері р / с Қо­ры­тын­ды­ның ата­уы Қол­да­ны­лу мер­зі­мі 1. Дә­рі­лік за­тқа же­ке тө­збе­у­ші­лік­тің бо­луы неме­се бол­мауы ту­ра­лы, оның ішін­де па­ци­ент­тің кө­мек пен кү­тім­нің қо­сым­ша түр­ле­ріне қа­жет­ті­лі­гін ай­қын­дай оты­рып, мә­лі­мет­те­рі бар па­ци­ент­тің ден­са­улық жағ­дайы ту­ра­лы 6 ай 2. Қыз­мет­кер­ді бас­қа жұ­мысқа ауы­сты­ру үшін па­ци­ент­тің ден­са­улық жағ­дайы ту­ра­лы 3 ай (жүк­ті­лік ке­зе­ңін­де − жүк­ті­лік және боса­ну бой­ын­ша де­ма­лы­сқа шы­ғу­ға дей­ін) 3. Ең­бек қыз­ме­тіне бай­ла­ны­сты жа­за­тай­ым оқи­ға нәти­же­сін­де, сон­дай-ақ кә­сіп­тік ау­руы, олар­дың ауыр­лық дә­ре­же­сі анық­тал­ған кез­де па­ци­ент­тің ден­са­улы­ғы­на кел­ті­рі­л­ген за­қым­дар­дың бо­луы ту­ра­лы 3 ай 4. Са­на­то­рий­лік-ку­рорт­тық ем­деу жүр­гі­зу үшін көр­се­ті­лім­дер­дің (қар­сы көр­се­ті­лім­дер­дің) бо­луы ту­ра­лы 3 ай 5. Ста­ци­о­нар­лық ем­де­уден кей­ін оңал­ту­ға, оның ішін­де ма­ман­дан­ды­ры­л­ған са­на­то­рий­лік-ку­рорт­тық ұй­ым­дар­ға (бө­лім­ше­лер­ге) жі­бе­ру үшін көр­се­ті­лім­дер бо­луы ту­ра­лы 2 ай 6. Ме­ди­ци­на­лық және әле­умет­тік көр­сет­кіш­тер бой­ын­ша жүк­ті­лік­ті жа­сан­ды үзу­ге жі­бе­ру ту­ра­лы Жүк­ті­лік­ті үзу сәтіне дей­ін 7. Жұ­мысқа ор­на­ла­сты­ру ке­зін­де аза­мат­тар­ды ме­ди­ци­на­лық ку­әлан­ды­ру­дан өт­кі­зу нәти­же­ле­рі ту­ра­лы 12 ай 8. Қа­ру­ды са­тып алу, сақ­тау, алып жү­ру құқы­ғы­на ли­цен­зия бе­ру үшін аза­мат­тар­ды ме­ди­ци­на­лық ку­әлан­ды­ру­дан өт­кі­зу нәти­же­ле­рі ту­ра­лы 12 ай 9. Ба­ла асы­рап алушы, қор­ған­шы (қам­қор­шы) бо­лу­ға ни­ет біл­дір­ген аза­мат­тар­ды ме­ди­ци­на­лық ку­әлан­ды­ру­дан өт­кі­зу нәти­же­ле­рі ту­ра­лы 6 ай 10. Кем­тар 18 жас­қа дей­ін­гі ба­ла­лар­ды ата-ана­ла­ры­ның неме­се өзге де заң­ды өкіл­де­рі­нің ке­лі­сі­мі­мен пси­хо­ло­ги­я­лық-ме­ди­ци­на­лық-пе­да­го­ги­ка­лық кон­суль­та­ци­я­ға жі­бе­ру ту­ра­лы 6 ай 11. Жо­ға­ры оқу орын­да­ры­ның сту­дент­те­ріне, мек­теп­тер­дің, кол­ле­дж­дер­дің (тех­ни­кум­дар­дың), кә­сіп­тік-тех­ни­ка­лық учи­ли­ще­лер­дің оқу­шы­ла­ры­на ака­де­ми­я­лық де­ма­лыс бе­ру, ауы­су және бі­ті­ру ем­ти­ханда­ры­нан боса­ту, дене жүк­те­ме­сін шек­теу, ден­са­улық жағ­дайы бой­ын­ша бас­қа фа­куль­тет­ке неме­се бас­қа оқу ор­ны­на ауы­сты­ру ту­ра­лы 3 ай 12. Үй­де оқы­ту мә­се­ле­сін ше­шу үшін ба­ла­ның ден­са­улық жағ­дайы ту­ра­лы Ау­ру­ға бай­ла­ны­сты оқу жы­лы­ның қо­ры­тындыс­ын­да көр­се­ті­л­ген 1 ай­дан ая­ғы­на дей­ін 13. Ден­са­улық жағ­дайы бой­ын­ша үй­де оқы­ты­л­ған тү­лек­тер­ге, ұзақ ем­де­лу­ге мұқ­таж және ба­ла­лар­ға, сон­дай-ақ мү­ге­дек­ті­гі бар ба­ла­лар­ға ар­нал­ған са­на­то­рий­лік үл­гі­де­гі ем­деу-про­фи­лак­ти­ка­лық және (неме­се) са­уық­ты­ру бі­лім бе­ру ме­ке­ме­ле­рін­де болған ба­ла­лар­ды мем­ле­кет­тік (қо­ры­тын­ды) ат­те­стат­та­удан өт­кі­зу ту­ра­лы мә­се­ле­ні ше­шу үшін ба­ла­ның ден­са­улық жағ­дайы ту­ра­лы 3 ай 14. Дене шы­нық­ты­ру са­бақ­та­ры­нан боса­ту үшін мек­теп­тер, кол­ле­дж­дер (тех­ни­кум­дар), кә­сіп­тік-тех­ни­ка­лық учи­ли­ще­лер оқу­шы­ла­ры­ның, жо­ға­ры оқу орын­да­ры сту­дент­те­рі­нің ден­са­улық жағ­дайы ту­ра­лы Ау­ру­ға бай­ла­ны­сты оқу жы­лы­ның қо­ры­тындыс­ын­да көр­се­ті­л­ген 1 ай­дан ая­ғы­на дей­ін 15. Жо­ға­ры тех­но­ло­ги­я­лық ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­тер және ше­тел­де ем­деу көр­се­те­тін ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­дар­да кон­суль­та­ция жүр­гізу­ге және (неме­се) ем­де­у­ге жат­қы­зу мә­се­ле­ле­рін ше­шу үшін па­ци­ент­ті об­лы­стар­дың, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың және аста­на­ның ден­са­улық сақ­та­уды мем­ле­кет­тік бас­қа­ру­дың жер­гі­лік­ті ор­ган­да­ры жа­нын­да­ғы ко­мис­си­я­ға жі­бе­ру ту­ра­лы 1 ай 16. Адам­дар­дың про­тез­дер­мен (тіс про­тез­де­рі­нен бас­қа), про­тез­дік-ор­то­пе­ди­я­лық бұй­ым­дар­мен қам­та­ма­сыз еті­лу мұқ­тажды­ғы ту­ра­лы 12 ай 17. Кон­суль­та­ция мақ­са­тын­да ме­ди­ци­на­лық- әле­умет­тік са­рап­та­у­ға жі­бе­рі­л­ген, үй­де, ста­ци­о­нар­лық жағ­дай­да неме­се сырт­тай ку­әлан­ды­ру (қай­та ку­әлан­ды­ру) қа­жет болған жағ­дай­да, мү­ге­дек­ті­гі бар адам­дар­ды оңал­ту­дың же­ке бағ­дар­ла­ма­сы­ның әле­умет­тік және кә­сіп­тік бө­лі­гін қа­лып­та­сты­ру­ға неме­се тү­зе­ту­ге жі­бе­ру ту­ра­лы. 1 ай