Об объявлении на территории села Айдарлы Айдарлинского сельского округа Жамбылского района чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба Күшін жойған
Басқа 0
Жамбыл ауданы Айдарлы ауылдық округі
Айдарлы ауылы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы
төтенше жағдай жариялау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 48-бабына және «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Жамбыл ауданы Айдарлы ауылдық округі Айдарлы ауылы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. «Жамбыл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешім Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы шешімді Жамбыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.