Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел архитектуры, градостроительства и строительства акимата Карасуского района» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес, Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) жоғарыда көрсетілген Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жолдауды;
Тармақша 3
3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. «Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Қарасу ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 8 сәуірдегі № 62 қаулысымен бекітілген «Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлім» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі «Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлім» ММ) аудан аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. «Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлім» ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. «Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлім» ММ мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ тілінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 4
4. «Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлім» ММ азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан қатысады.
Тармақ 5
5. «Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлім» ММ, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 6
6. «Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлім» ММ өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте басшының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. «Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлім» ММ құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Қарасу ауылы, А.Исаков көшесі, 73.
Тармақ 9
9. Осы Ереже «Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлім» ММ-ның құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 10
10. «Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлім» ММ-ның қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. «Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлім» ММ кәсіпкерлік субъектілерімен «Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлім» ММ өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер «Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлім» ММ заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 12
12. Міндеттері: Аудан аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында мемлекеттік саясатты жүргізу, өз құзыреті шегінде аудан аумағында құрылыс, сәулет, қала құрылысы қызметін мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру.
Тармақ 13
13. Өкілеттіктері: Құқықтары мен міндеттері:
Тармақша 1
1) «Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлім» ММ қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;
Тармақша 2
2) ауданның атқарушы органдарынан «Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлім» ММ құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қажетті құжаттарды, ақпаратты сұрату және алу;
Тармақша 3
3) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы тұтынушылардың ақпараттандырылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) қызмет алушылардың шағымдары мен ұсыныстарын қарау;
Тармақша 5
5) аудан әкімінің, әкімдігінің және аудандық мәслихаттың қарауына мемлекеттік органның құзыретіне жататын мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар енгізу;
Тармақша 6
6) мемлекеттік органның құзыретіне жататын мәселелер бойынша сотқа талап-арыз беру;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Функциялары:
Тармақша 1
1) заңнамада белгіленген тәртіпте бекітілген аудан аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын), ауылдық елді мекендердің бас жоспарларын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;
Тармақша 2
2) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;
Тармақша 3
3) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерістері туралы халықты ақпараттандыру;
Тармақша 4
4) құрылыс, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, аяқталмаған объектілер құрылысын консервациялау, аудандық маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;
Тармақша 5
5) аудандық маңызы бар ғимараттар мен құрылыстарды бұзу туралы актілерді есепке алуды жүргізу және тіркеу;
Тармақша 6
6) объектілерді пайдалануға қабылдау актілерінің, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілердің (кешендердің) есебін жүргізу;
Тармақша 7
7) тұрғын үй қорының, аудандық маңызы бар коммуникациялардың сақталуын, олардың ұсталуына (пайдаланылуына) бақылауды ұйымдастыру;
Тармақша 8
8) аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің және өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
Тармақша 9
9) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (аумақтық даму схемаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жобаларын іске асыру;
Тармақша 10
10) жергілікті бюджет, сондай-ақ жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаны қаржыландыруға бөлінген республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын объектілер мен кешендерді салуға арналған жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын қарау және бекіту;
Тармақша 11
11) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізу;
Тармақша 12
12) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, ал заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекет мұқтажы үшін алып қою жөнінде шешімдер қабылдау;
Тармақша 13
13) бұрыннан бар ғимараттардың үй-жайларын қайта жоспарлау арқылы реконструкциялау туралы шешім қабылдау;
Тармақша 14
14) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өкілеттіктер шегінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы өзге де функцияларды жүзеге асыру;
Тармақша 15
15) құрылыспен аяқталған объектілерді пайдаланушы ұйымдарға беру
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
Тармақ 15
15. «Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлім» ММ-ның басшылығы «Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлім» ММ-ға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға жеке жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
Тармақ 16
16. «Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлім» ММ-ның бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 17
17. «Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлім» ММ бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) «Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлім» ММ жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді;
Тармақша 2
2) заңнамада белгіленген тәртіппен қызметкерлерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, олардың өкілеттіктері мен міндеттерін айқындайды;
Тармақша 3
3) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды, олардың орындалуын бақылауды ұйымдастырады;
Тармақша 4
4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда «Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлім» ММ-ның атынан өкілдік етеді;
Тармақша 5
5) еңбекке ақы төлеу қорын үнемдеу шегінде тәртіптік жазалар қолдану, көтермелеу және материалдық көмек көрсету мәселелерін заңнамада белгіленген тәртіппен шешеді;
Тармақша 6
6) белгіленген еңбекақы төлеу қоры және жұмыскерлер саны шегінде міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын, «Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлім» ММ мемлекеттік мекемесінің құрылымын бекітеді;
Тармақша 10
10) азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, олар бойынша қажетті шараларды қабылдайды;
Тармақша 11
11) «Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлім» ММ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілетін жұмыс үшін жеке жауапты болады.
Тармақ 18
18. «Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлім» ММ-ның бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 19
19. «Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлім» ММ-ның заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. «Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлім» ММ-ның мүлкі оған меншік иесі берген мүліктің, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүліктің (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздердің есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 20
20. «Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлім» ММ-ға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 21
21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе «Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлім» ММ өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 22
22. «Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлім» ММ-ны қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.