О некоторых вопросах Архива Президента Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң
жинағында жариялануға тиiс
Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 38-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Архив) ретінде қайта құру арқылы қайта ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Архивтің штат саны 168 бірлік мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Архивке қатысты уәкілетті орган болып айқындалсын.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 6
6. «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 520-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:
«2-тарау. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар» деген тарауда:
С санаттарының тобындағы «Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві,» деген сөздер алып тасталсын.
Тармақ 7
7. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 8
8. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. «Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві»
республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2022 жылғы 9 ақпандағы
№ 808 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
«Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві»
республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік мекеменің түрі: республикалық.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік мекеме «Қазақстан Республикасы Президентінің Архивін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 14 қаңтардағы № 1502 Жарлығымен құрылды.
Тармақ 4
4. Мекемеге қатысты уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі (бұдан әрі – уәкілетті орган) болып табылады.
Тармақ 5
5. Мекеменің мүлкіне қатысты республикалық меншік субъектісінің құқықтарын Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органы (бұдан әрі – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган) жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Мекеменің атауы:
Тармақша 1
1) мемлекеттік тілде: «Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 2
2) орыс тілінде: республиканское государственное учреждение «Архив Президента Республики Казахстан».
Тармақ 7
7. Мекеменің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 15-үй.
Тарау 2. 2. Мекеменің заңдық мәртебесі
2. Мекеменің заңдық мәртебесі
Тармақ 8
8. Мекеме мемлекеттік тіркелген кезінен бастап құрылды деп саналып, заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.
Тармақ 9
9. Мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес балансы, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мекеменің атауы жазылған бланкілері, мөрі болады.
Тармақ 10
10. Мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
Тармақ 11
11. Мекеме өзінің міндеттемелері бойынша өз билігіндегі ақшамен жауап береді. Мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы субсидиарлық жауапты болады.
Тармақ 12
12. Мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
Тармақ 13
13. Мекеме өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Тарау 3. 3. Мекеме қызметінің нысанасы, мақсаты және түрлері
3. Мекеме қызметінің нысанасы, мақсаты және түрлері
Тармақ 14
14. Мекеме қызметінің нысанасы:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Президенті мен оның Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың және оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің, жеке тұлғалардың қызметі процесінде жасалатын, Ұлттық архив қорының түрлі ақпарат жеткізгіштердегі құжаттарын жинақтау және сақтау;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Президентінің жеке архивінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) ретроспективті құжаттық ақпарат беру, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық қызмет көрсету;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Президенті мен оның Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың және оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің, жеке тұлғалардың қызметі процесінде жасалатын, Ұлттық архив қорының құжаттар көшірмелерінің Мемлекеттік сақтандыру қорын құру, есепке алу және сақтау болып табылады.
Тармақ 15
15. Мекеме қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасы Президентінің, оның Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан құрылған мемлекеттік органдардың және мекеменің жинақтау көздерінің – басқа да ұйымдардың қызметін архивтік қамтамасыз етуді ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу және практикалық ұйымдастыру, олардың қызметінде жасалатын Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттік сақтауды және мемлекет пен қоғам мүддесі үшін пайдалануды ұйымдастыру болып табылады.
Тармақ 16
16. Мекеме белгіленген нысанаға сәйкес және аталған мақсатқа жету үшін мына қызмет түрлерін жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Президенті мен оның Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың және оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің, жеке тұлғалардың қызметінде жасалатын, түрлі ақпарат жеткізгіштердегі құжаттарды мекемеге жинақтау;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Президенті мен оның Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың және оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің, жеке тұлғалардың қызметінде жасалатын, түрлі ақпарат жеткізгіштердегі құжаттарды, сондай-ақ мекемеде сақталатын басқа да құжаттарды тұрақты сақтау және мемлекеттік есепке алу;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Президенті мен оның Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың және оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің, жеке тұлғалардың қызметінде жасалатын, электрондық құжаттардың ұзақ мерзімді және сенімді сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мекеменің жинақтау көздерінің – ұйымдардың тізімін Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңсесі бастығының бекітуіне енгізу;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының Президенті мен оның Әкімшілігінің қызметінде жасалатын құжаттарды архивтік сақтау, құндылығын сараптау, пайдалану және ғылыми айналымға енгізу тәртібін әзірлеу және Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығымен және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Жалпы бөлімінің меңгерушісімен келісім бойынша бекіту;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының Президенті мен оның Әкімшілігінің қызметінде жасалатын, мекемеге сақтауға берілуге тиіс құжаттардың тізбесін әзірлеу және Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығымен және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Жалпы бөлімінің меңгерушісімен келісім бойынша бекіту;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасы Президентінің жеке архивін жинақтау, есепке алу, жүйелеу, толықтыру, сақтауды қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) архивтік құжаттардың толық сақталуын қамтамасыз ететін, олардың бұзылудан, бүлінуден, ұрланудан қорғалуына кепілдік беретін сақтаудың ұтымды жүйесін және жағдайларын жасау;
Тармақша 9
9) архивтік құжаттардың физикалық жай-күйін сақтау және жақсарту бойынша профилактикалық, консервациялық және реставрациялық жұмыстар жүргізу;
Тармақша 10
10) құжаттардың Мемлекеттік сақтандыру қорын және архивтік құжаттарды пайдалану қорын құру үшін құжаттарды анықтау, іріктеу, оларды сақтау мен есепке алуды ұйымдастыру;
Тармақша 11
11) архивтік құжаттар көшірмелерінің микрофильмдерін, микрофишаларын және басқа да микронысандарын жасау;
Тармақша 12
12) архивтік құжаттар көшірмелерін электрондық нысанға аудару;
Тармақша 13
13) мекемеде істердің бар-жоғына тексеру жүргізу, тарих пен мәдениеттің құжаттық ескерткіштерін анықтау;
Тармақша 14
14) мекеменің архивтік құжаттарының құрамы мен мазмұны туралы мемлекеттік есепке алуды және дерекқорды жүргізу, архив қорларына арнап ғылыми-анықтамалық аппаратты, ақпараттық-іздестіру жүйелерін, оның ішінде автоматтандырылған жүйелерді әзірлеу және дамыту;
Тармақша 14-1
14-1) заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру не тарату кезінде Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттік сақтауға қабылдау туралы және жеке құрам бойынша архив анықтамаларын беру;
Тармақша 14-2
14-2) тарихи-мәдени және ғылыми құндылығы бар аудиовизуалды құжаттардың міндетті данасын жеке және заңды тұлғалардан мемлекеттік сақтауға қабылдау;
Тармақша 15
15) цифрлық архивтік технологиялар мен
цифрлық архивтердің ақпараттық жүйелерін енгізу, дамыту және пайдалану;
Тармақша 16
16) архивтану және құжаттану саласындағы ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру бойынша мемлекеттік және ведомстволық архивтермен, мекеменің жинақтау көздерінің – ұйымдардың құжаттама қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 17
17) мекеменің жинақтау көздерінің – ұйымдардың құжаттамалық қызметтері мен ведомстволық архивтерінің қызметін үйлестіру, мекеменің жинақтау көздерінің – ұйымдардың ведомстволық архивтеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсете отырып, олардың құжаттандыру жағдайын және жұмысын зерттеп-қарау;
Тармақша 18
18) мекеменің жинақтау көздерінің – ұйымдардың ведомстволық архивтерінің қызметін
цифрлық архивтердің ақпараттық жүйелерімен жұмыс бойынша үйлестіру;
Тармақша 19
19) мекеменің жинақтау көздерінің – ұйымдардың ведомстволық архивтерін паспорттау;
Тармақша 20
20) мекеменің жинақтау көздерінің – ұйымдардың құжаттарын тұрақты мемлекеттік сақтауға іріктеу нәтижелерін бекіту;
Тармақша 21
21) сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мекеменің жинақтау көздерінің – ұйымдардың қызметінде жасалатын істер номенклатураларын, салалық және үлгілік құжаттар тізбелерін келісу; семинарлар өткізу, құжаттама және архивтер ведомстволық қызметтерінің қызметкерлерін даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға қатысу;
Тармақша 22
22) архив ісін дамыту және құжаттаманы басқару,
цифрлық құжат айналымы және
цифрлық архивтер мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;
Тармақша 23
23) архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы нормативтік және әдістемелік құжаттарды, мемлекеттік стандарттарды әзірлеуге және жетілдіруге қатысу;
Тармақша 24
24) архивтану, құжаттану, археография және деректану саласында ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстар жүргізу; ғылыми конференциялар ұйымдастыру мен өткізу, Қазақстан тарихы бойынша зерттеулерге қатысу;
Тармақша 25
25) республиканың және шет мемлекеттердің архивтерінен, кітапханалары мен ғылыми ұйымдарынан, сондай-ақ жеке архивтер мен коллекциялардан Қазақстан тарихы бойынша құжаттарды, қолжазбаларды және шетелден алынған, Қазақстан Республикасымен тарихи байланысты құжаттарды анықтау, Қазақстан тарихы бойынша архив құжаттарының төлнұсқалары мен көшірмелерін қабылдау;
Тармақша 26
26) ретроспективті құжаттық ақпаратқа қоғамдық қажеттіліктерді зерделеу, архивтік құжаттарды жан-жақты пайдалануды ұйымдастыру, тақырыптық және әлеуметтік-құқықтық сұратуларды орындау, ғылыми жариялау және құжаттар жинағын басып шығару, радио-, телебағдарламалар, құжаттық көрмелер өткізу;
Тармақша 27
27) түрлі санаттағы келушілер үшін экскурсиялар, лекциялар, семинарлар және басқа да іс-шаралар өткізу;
Тармақша 28
28) мекеменің ғылыми-зерттеу, әдістемелік және реставрациялық қызметінің нәтижелерін насихаттау және тарату;
Тармақша 29
29) тиісті ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік, сараптамалық-талдау және публицистикалық әдебиетті, оның ішінде каталогтарды, жолсілтемелерді, анықтамалықтарды, альбомдарды, ғылыми жұмыстар жинақтарын әзірлеуді, басып шығаруды, таратуды, сараптауды қоса алғанда, Қазақстан тарихы бойынша деректі материалдарды жазып-көрсету және танымал ету бойынша ақпараттық-имидждік жұмысты ұйымдастыру;
Тармақша 30
30) мекеменің құжаттарымен ақпараттық-талдау жұмысы;
Тармақша 31
31) «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құжаттарды құпиясыздандыру, сондай-ақ мемлекеттік және қызметтік құпияны қамтитын құжаттармен жұмыс істеуде құпиялылық режимін сақтау;
Тармақша 32
32) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік ғылыми бағдарламаларды, жобаларды іске асыруға, сондай-ақ гранттар алу жөніндегі қызметке қатысу;
Тармақша 33
33) мемлекеттік және ведомстволық архивтер архившілерінің кәсіптік біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
Тармақша 34
34) архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласында кәсіби кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру, дуалды білім беру мәселелері бойынша жоғары оқу орындарымен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 35
35) мекеме қызметінің бейіні бойынша шетелдік және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасау;
Тармақша 36
36) заңнамада белгіленген тәртіппен заңды және жеке тұлғаларға ақылы қызметтер көрсету.
Тармақ 17
17. Мекеме қызметін жүзеге асыру кезінде:
Тармақша 1
1) қызметінің негізгі түрлері бойынша халықаралық, шетелдік және отандық ұйымдармен ынтымақтастық жасайды;
Тармақша 2
2) мекеме қызметкерлерін отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу, білім беру ұйымдарына тағылымдамаға, біліктілігін арттыруға және оқуға шарт негізінде жібереді;
Тармақша 3
3) ұйымдар мен жеке тұлғалардан архивтік құжаттарды шарт негізінде сатып алады;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келетін және мекеменің Ережесіне қайшы келмейтін өзге де қызмет түрлерін жүзеге асырады және мәмілелер жасайды.
Тармақ 18
18. Мекеме Ережеде бекітілген өз қызметінің нысанасы мен мақсаттарына сай келмейтін қызметпен айналысуға құқылы емес.
Тармақ 19
19. Мекеменің Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылтай құжаттарында шектеу қойылған қызмет мақсаттарына қайшы не басшының осы Ережеде белгіленген құзыретін бұза отырып жасаған мәмілесі уәкілетті органның немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның не прокурордың талап қоюы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Тармақ 20
20. Мекеменің осы Ережеде көзделмеген қызметті жүзеге асыруына бағытталған, басшының және оның болмаған кезінде міндеттерін атқарушы адамның әрекеттері еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және тәртіптік, материалдық және өзге де жауаптылық шараларын қолдануға алып келеді.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік мекемені басқару
4. Мемлекеттік мекемені басқару
Тармақ 21
21. Мекемені жалпы басқаруды уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тармақ 22
22. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мына функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) мекеменің құрылымын және азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекітеді;
Тармақша 2
2) мекемеге мүлікті бекітіп береді;
Тармақша 3
3) мекеме мүлкінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) мекеменің бюджеттік бағдарламасын және жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;
Тармақша 5
5) мекемеге ішкі аудитті жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) мекемеге берілген немесе ол өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға келісімін береді;
Тармақша 7
7) мекеменің филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім береді;
Тармақша 8
8) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 23
23. Мекеменің директорын (бұдан әрі – директор) Қазақстан Республикасының Президенті Кеңсесі бастығының ұсынуы және Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысымен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
Тармақ 24
24. Директор мекеменің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық етеді, уәкілетті органға тікелей бағынады және мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
Тармақ 25
25. Директор дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және мекеме қызметінің мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Ережеде айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
Тармақ 26
26. Мекеменің қызметін жүзеге асыруы кезінде директор Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) мекеменің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
Тармақша 2
2) барлық ұйымдарда мекеменің мүдделерін білдіреді;
Тармақша 3
3) заңнамада белгіленген жағдайларда және шекте мекеменің мүлкіне билік етеді;
Тармақша 4
4) шарттар жасасады;
Тармақша 5
5) сенімхаттар береді;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Жалпы бөлімінің меңгерушісімен келісім бойынша мекеменің қызметкерлерді іссапарларға, тағылымдамаға, қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарына оқуға жіберу және біліктілігін арттырудың өзге де түрлері бойынша тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
Тармақша 7
7) банктік шоттарды ашады;
Тармақша 8
8) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының Президенті Кеңсесінің бастығымен келісім бойынша мекеменің штат кестесін бекітеді;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысымен және Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығымен келісу бойынша – өзінің орынбасарларын және мекеме филиалдарының басшыларын, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығымен келісу бойынша мекеменің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Тармақша 11
11) штат кестесіне сәйкес мекеменің қызметкерлерін жұмысқа қабылдауды, тағайындауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мекеменің қызметкерлеріне көтермелеу шараларын және тәртіптік жазалар қолданады;
Тармақша 13
13) құрылымдық бөлімшелер (филиалдар) туралы ережелерді бекітеді, филиалдар қызметінің нысанасы мен мақсаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
Тармақша 14
14) өз орынбасарларының және мекеменің өзге де басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерінің аясын айқындайды;
Тармақша 15
15) уәкілетті органға мекеменің қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 16
16) өзіне Қазақстан Республикасы заңнамасында, осы Ережеде жүктелген және уәкілетті орган жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 27
27. Мекемеде кеңесші органдар: Ғылыми кеңес, Сараптау-тексеру әдістемелік комиссиясы жұмыс істейді, олардың ережелері мен дербес құрамын мекеме директоры Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімімен келісім бойынша бекітеді.
Тарау 5. 5. Мекеме мүлкінің құралу тәртібі
5. Мекеме мүлкінің құралу тәртібі
Тармақ 28
28. Мекеменің мүлкін құны оның балансында көрсетілетін заңды тұлғаның активтері құрайды. Мекеменің мүлкі мыналардың:
Тармақша 1
1) оған меншік иесі берген мүліктің;
Тармақша 2
2) өз қызметі нәтижесінде сатып алған мүліктің (ақшалай кірістерді қоса алғанда);
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздердің есебінен құралады.
Тармақ 29
29. Мекеме өзіне бекітіп берілген мүлікті және өзіне қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен иелік етуге құқылы емес.
Тармақ 30
30. Мекеменің қызметі республикалық бюджеттен қаржыландырады.
Тармақ 31
31. Мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізеді және есептілік ұсынады.
Тармақ 32
32. Мекемені тексеруді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тармақ 33
33. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мекемеге кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша түсетін ақшаға билік ету құқығы мынадай қызмет салаларында берілген:
Тармақша 1
1) архив құжаттарын ретке келтіру;
Тармақша 2
2) жеке және заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша құжаттама жасаудың, құжаттаманы басқарудың қазіргі заманғы негіздерін оқыту жөніндегі курстар мен семинарлар өткізу;
Тармақша 3
3) архивтік істер мен құжаттарды реставрациялау, консервациялау, түптеу, архивтік қораптарды дайындау;
Тармақша 4
4) архивтік құжаттардың сақтандыру көшірмелерін дайындау, мәтінін қалпына келтіру;
Тармақша 5
5) архивтік құжаттардың көшірмесін түсіру;
Тармақша 6
6) мемлекеттік қызметтер көрсетуге қажетті мемлекеттік органдардың архивтік құжаттарын қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша архивтік құжаттарды электрондық нысанға аудару;
Тармақша 7
7) жеке және заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша құжаттамалық көрмелерді ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 8
8) жеке және заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша генеалогиялық және тақырыптық сипаттағы ақпаратты анықтау;
Тармақша 9
9) сақтау мерзімдерін көрсете отырып, құжаттар тізбесін, істер номенклатураларын әзірлеу;
Тармақша 10
10) әдістемелік әдебиетті, архивтік құжаттардың жинақтарын, оқу және басқа да жарияланымдарды басып шығару және өткізу;
Тармақша 11
11) архивтік құжаттарды депозитарлық сақтау.
Тармақ 34
34. Мекеменің заңдарға сәйкес заңды және жеке тұлғалардан гранттар, демеушілік және қайырымдылық көмек түрінде қаражат алуға құқығы бар.
Тарау 6. 6. Мекеменің жұмыс режимі
6. Мекеменің жұмыс режимі
Тармақ 35
35. Мекеменің жұмыс режимі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларында белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуге тиіс.
Тарау 7. 7. Мекеменің құрылтай құжаттарына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
7. Мекеменің құрылтай құжаттарына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
Тармақ 36
36. Мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасы Президентінің актісі бойынша жүргізіледі.
Тармақ 37
37. Мекеменің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.
Тарау 8. 8. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату
8. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 38
38. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасы Президентінің шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 9. 9. Мекеменің филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер
9. Мекеменің филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер
Тармақ 39. _________________________
39. Мекеме Қазақстан Республикасының аумағында филиалдары мен өкілдіктерінің болуына құқылы.
_________________________
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Президентінің
күші жойылған кейбір актілерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2022 жылғы 9 ақпандағы
№ 808 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Президентінің
күші жойылған кейбір актілерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 15 маусымдағы № 52 өкімі (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 29, 278-құжат).
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 576 Жарлығының 1-тармағының 19) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 20, 182-құжат).
Тармақ 3. ________________________
3. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 12 қарашадағы № 689 Жарлығының 1-тармағының 16) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 42, 465-құжат).
________________________