Об утверждении Правил содержания кошек, собак и других животных на территории Карасуского района Күшін жойған
Басқа 0
Қарасу ауданының аумағында мысықтарды, иттердi және басқа жануарларды күтiп ұстау Ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 8) тармақшасы, Қазақстан Республикасының «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Кодексiнiң 3-бабы 2-тармағына және Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-бабы 2-тармағына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты
ШЕШТI:
Тармақ 1
1. Қарасу ауданының аумағында мысықтарды, иттердi және басқа жануарларды күтiп ұстау Ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы Ереженiң орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың заңдық, құқық тәртiбi және қоғамдық ұйымдардың қызметiн қалыптастыру мәселелерi бойынша тұрақты комиссияға жүктелсiн.
Басқа 3. Қарасу ауданының аумағында мысықтарды,
иттердi және басқа жануарларды күтiп ұстау
Қарасу аудандық мәслихатының 2003 жылғы 30 шiлдедегi № 141 шешiмiне
қосымша
Қарасу ауданының аумағында мысықтарды,
иттердi және басқа жануарларды күтiп ұстау
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ереже Қарасу ауданының аумағындағы үй жануарларын, атап айтқанда мысықтарды, иттердi, басқа жануарларды және құстарды күтiп ұстауды регламенттеу мақсатымен әзiрлендi және осы Ереженi бұзған заңды тұлғалар мен жеке адамдарға жауапкершiлiк белгiленедi.
Тармақ 2
2. Меншiк нысанына қарамастан мысықтарды, иттердi, басқа жануарларды және құстарды асырайтын барлықтарына шығарусыз заңды тұлғаларға және жеке адамдарға ереже таратылады.
Тармақ 3
3. Осы ереже «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiнiң және «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi.
Тармақ 4
4. Осы Ереженiң сақталуына бақылау жасау аудандық iшкi iстер бөлiмi, жүзеге асырады, олар Ереженi сақтамаған тұлғаларды әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тарту сауалдарын шешедi.
Тарау 2. 2. Мысықтар мен иттердi күтiп ұстау
2. Мысықтар мен иттердi күтiп ұстау
Тармақ 5
5. Жануарларды ұстайтын иелерiмен санитарлық-гигиеналық, үй жануарларды ұстау ветеринарлық ережесiн сақталуы тиiстi.
Тармақ 6
6. Иттердi аулада ұстаған кезде олардың қашып кетуiн және көршiлердiң аулаларынан қашықтықта ұстауына, иелерi мiндеттi. Аулаға кiрерде қақпада иттерi бар болуы туралы сақтық жазбасы болуы тиiстi.
Иттер мен мысықтар ұстау саны шектеусiз, бiрақ көршiлерге ыңғайсыз келтiрмеу тиiстi.
Тармақ 7
7. Көшелерде және басқа қоғамдық жерлерде жолдама адамсыз жүрген иттер ұстап алынады. Сондай-ақ қараусыз үй жануарлары ұстап алынады.
Тармақ 8
8. Жануарлар иелерге оларды күту төлемi жөнiнде түбiртек ұсынысы бойынша берiледi.
Тармақ 9
9. Иттер, мысықтар, басқа жануарлар қоғамдық жерлерде жолдама адамсыз болғандар дүкендердiң, ауруханалардың жанында иелермен уақытша байлауда қалғандардан басқа қараусыз саналады.
Тарау 3. 3. Жануарлардың иелерiнiң мiндеттерi
3. Жануарлардың иелерiнiң мiндеттерi
Тармақ 10
10. Жануарлардың иелерi мiндеттi:
Тармақша 1
1) Жануарларды олардың биологиялық ерекшелiктерiмен сәйкес ұстау, адамгершiлiкпен қарау, қараусыз қалдырмау, ауырып қалған жағдайда уақытында ветеринарлық жәрдемiн пайдалану;
Тармақша 2
2) Осы Ереженiң талаптарына сәйкес жануарлардың тиiстi ұстауын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) қоршағандардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, тыныштықты санитарлық ереженi сақтауға қажеттi шараларды қолдану;
Тармақша 4
4) жалпы пайдалану орындардың және басқа қоғамдық орындардың ластануын жою;
Тармақша 5
5) жануарлар адамды немесе жануарларды тiстеп алған кезде иелерi тез уақытта жақын маңайдағы медициналық және ветеринарлық мекемесiне бұл туралы хабарлау, жануарларды мемлекеттiк ветеринарлық қызметке тексеру мен уақытша тыйым үшiн апарып салуға мiндеттi;
Тармақша 6
6) жануарлардың мәйiттерiн қоқыстар үйiндiсiне тастамау. Өлген жануарлардың мәйiттерi қайта пайдалануға жатады.
Тармақ 11
11. Малдар мен құстардың иелерi жануарлардың және құстардың қалдықтарын үздiксiз тазарту, оларды қоқыстар үйiндiсiне шығару немесе қайта пайдалану мiндеттi.
Тармақ 12
12. Жануарлардың иелерi паразит тасымалдаушы жәндiктердiң және кемiргіштердiң пайда болуын келтiрмеуге шара қолдану, жануарларды және құстарды қараусыз қалдырмау, олардың қаңғырып жiбермеуiн мiндеттi.
Тармақ 13
13. Жануарлардың иелерi орнатылған уақытта мiндеттi ветеринарлық шараларды қолдану, жануарлардың уақытша тыйым тәртiбiн сақтау, жануарлардың жұқпалы ауруларын жою жөнiнде шараларды қолдану мiндеттi.
Тарау 4. 4. Ауылшаруашылық үй жануарларын күту
4. Ауылшаруашылық үй жануарларын күту
Тармақ 14
14. Үй жануарлары мен құстар аулада арнайы салынған және бейiмделiнген орындарда, көршiлерге ыңғайсыз келтiрмеу үшiн ұстау.
Тармақ 15
15. Ауылшаруашылықтық жануарлар мен құстардың иелерi зоотехникалық және ветеринарлық-санитарлық жануарлардың күту талаптарын сақтау, қоршаған ортаны ластатуды келтiрмеуге мiндеттi.
Тармақ 16
16. Қораларды тоқсан сайын әк таспен ақтау және кемiнде жылына 1 рет уытсыздандыру. Көңдi, қалдықтарды, қоқыстарды кезiнде бұл үшiн арнайы берiлген орындарға шығару.
Тармақ 17
17. Малдарды көшелерде, алаңдарда, тынымбақтарда, серуентоғайларда және басқа жалпы пайдалану жерлерде жүруге тыйым салынады.
Тарау 5. 5. Жануарлардың иелерiнiң ереженi бұзған
үшiн жауапкершiлiк
5. Жануарлардың иелерiнiң ереженi бұзған
үшiн жауапкершiлiк
Тармақ 18
18. Осы ереженi бұзғанға кiнәлілер заңды тұлғалар мен жеке адамдар «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiнiң 310, 311-баптарына және «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жауапкершiлiкке тартылынады.
Ветеринария туралы заңдарды бұзған үшiн, жасалынған түрiнде:
жұқтырмалы жануарларды жою жөнiнде мiндеттi ветеринарлық-санитарлық шараларды қолданудан бас тарту;
жұқтырмалы жануарларды тарату;
жануарларды жаңғырту кезде ветеринарлық-санитарлық ереженi сақтамау.
Жануарлар iндетi таратуын немесе басқа ауыр салдарды келтiрмеген, ветеринария саласында басқа нормативтiк құқықтық актiлерiн бұзу, сондай-ақ жануарлар iндетiмен күресу сауалдары жөнiнде жергiлiктi өкiлдiк және орындаушы органдарының шешiмдерi азаматтарға 5-ке дейiн мөлшерде, лауазымдық тұлғаларға 20-ға дейiн мөлшерде, заңды тұлғаларға 100-ге айлық есеп айырысу көрсеткiштерi мөлшерде айыппұлдары.
Айыппұлды салу туралы қаулыны аудандық iшкi iстер бөлiмi жазады.
Тармақ 19
19. Материалдық залалы бар болуы кезде зәбiрленушi оның орнына салу үшiн сотқа өтiнiшпен баруға құқығы бар.