О создани районой бюджетной комиссии Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.07.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық бюджеттік комиссия құру туралы "Бюджет жүйесі туралы" (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 7 желтоқсандағы N 261 Заңымен енгізілген мынадай толықтырулар мен өзгерістерді ескере отыра) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 357-1 Заңының 6-4 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан бюджеті жобасын жыл сайын әзірлеу, бекітілген аудандық бюджетке оның атқарылуы барысында және бюджеттік бағдарламалар паспорттарына нақтылаулар енгізу мақсаттарында аудандық бюджеттік комиссияның құрамы № 1 қосымшаға сәйкес құрылсын.
Тармақ 2
2. "Аудандық бюджеттік комиссия туралы Ереже" бекітілсін (№ 2 қосымша).
Тармақ 3
3. Аудан әкімдігінің 2002 жылғы 25 наурыздағы "Аудандық бюджеттік комиссия құру туралы" N 27 қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары - Б.Ш.Рахымовқа жүктелсін.
Басқа 5
Аудан әкiмдiгiнiң 2003 жылғы 18 шілдедегі "Аудандық бюджеттік комиссия құру туралы" № 168 қаулысына № 1 қосымша Аудандық бюджеттік комиссияның құрамы Төлегенов Баржақсы Рақымжанұлы аудан әкiмi, комиссия төрағасы етіп Габдуллин Кенжеболат Калымтаевич аудандық қаржы басқармасының бастығы, комиссия төрағасының орынбасары Рамазанова Марал Тұрғынбекқызы Аудандық қаржы басқармасының бюджеттiк бөлiмiнiң бастығы, комиссия хатшысы Комиссия мүшелерi Айтжанова Роза Жумалиевна аудандық мәдениет және спорт бөлiмiнiң бастығы Гинаятова Разия Амангелдиновна аудандық статистика бөлiмiнiң бастығы Бубенеев Коныспай Нурумович аудан әкiмi аппаратының экономикалық талдау және қауырт жұмысы бөлiмiнiң бастығы Ильяшев Барлыбай Таскарович аудандық iшкi iстер бөлiмiнiң бастығы Калиев Елемес Сауленович аудан әкiмiнiң орынбасары Кислина Нина Владимировна еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау аудандық бөлiмiнiң бастығы Ахметжанов Болат Қадырұлы аудан әкiмi аппаратының басшысы Муканов Ементай Есентаевич аудандық жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитеттiң төрағасы Назаров Талгат Орынбасарович аудандық ауыл шаруашылық және ауыл шаруашылық өнiмдерiн өңдеу басқармасының бастығы Сидоров Александр Владимирович "Саумал-сервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның директоры Байманов Әділтай Қабдөшұлы аудандық денсаулық сақтау бөлiмiнiң меңгерушiсi Жаныбеков Жасқайрат Канапьянович Аудандық әскери комиссар Кәкпенов Ризабек Жазитұлы аудандық білiм бөлімінің бастығы Жантеміров Аяш Сатиұлы аудан бойынша салық комитетiнiң бастығы
Басқа 6
Аудан әкiмдiгiнiң 2003 жылғы 18 шілдедегі "Аудандық бюджеттік комиссия құру туралы" № 168 қаулысына № 2 қосымша Аудандық бюджеттiк комиссия туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже тұрақты негiзде әрекет ететiн аудандық бюджеттiк комиссияның (одан әрi - Комиссия) қызметiн реттейдi.
Тармақ 2
2. Комиссия қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi, сондай-ақ осы Ереже құрайды.
Тарау 2. 2. Комиссияның мақсаты
2. Комиссияның мақсаты
Тармақ 3
3. Комиссия қызметiнiң негiзгi мақсаты тиiстi қаржы жылына аудан бюджетiнiң жобасын уақытылы және сапалы әзiрлеудi қамтамасыз ету және бюджеттi нақтылау мен орындау жөнiндегi ұсыныстарды пысықтау болып табылады.
Тарау 3. 3. Комиссияның мiндеттерi мен функциялары
3. Комиссияның мiндеттерi мен функциялары
Тармақ 4
4. Комиссияның негiзгi мiндеттерi: аудан бюджетiнiң негiзгi болжамдық көрсеткiштерiн және үш жылдық кезеңге бюджеттi әлеуметтiк-экономикалық дамуына орта мерзiмдi кезеңiне индикативтiк жоспары негiзiнде қарастыру және айқындау; тиiстi қаржы жылына арналған аудан бюджетi жобасының көрсеткiштерiн қарастыру және айқындау; аудан бюджетiнiң негiзгi болжамдық көрсеткiштерiнiң алдағы үш жылдық кезеңiне аудандық бюджет жобасының тиiстi қаржы жылына, аумақты экономикалық және әлеуметтiк дамыту бағдарламаларының ауданда әлеуметтiк экономикалық дамытудың индикативтiк жоспарының кезеңге сәйкестiгiн айқындау; тиiстi қаржы жылына аудандық бюджеттi нақтылау жөнiндегi ұсыныстарды пысықтау; аудандық бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру барысында мониторингтер нәтижелерiн қарастыру және олар бойынша ұсыныстарды жасау болып табылады.
Тармақ 5
5. Комиссия өзіне жүктелген мiндеттерге сәйкес келесi функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Комиссияның жұмысшы органымен дайындалған материалдарды қарастырады және: аудан бюджетiнiң алдағы үш жылдық кезеңiне болжамдық көрсеткiштерiн; аудан бюджетiне түсетiн түсiмдердi; аудан бюджетiнiң аудандық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi қимасындағы шығыстар лимитiн, соның iшiнде ағымдағы жылы iске асырылған жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша айқындайды;
Тармақша 2
2) Жергiлiктi уәкiлеттi органдармен және Комиссияның жұмысшы органы арасындағы жергiлiктi бюджеттердiң болжамдық көрсеткiштерi бойынша келiспеушiлiктердi реттеу жөнiндегi шешiмдердi қарастырады және шығарады;
Тармақша 3
3) аудандық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерi бойынша Комиссия жұмысшы органының қорытындысын қарастырады және олар бойынша шешiмдер шығарады;
Тармақша 4
4) алдағы қаржы жылына арналған ауданның бюджетi жобасын қарастырады және айқындайды;
Тармақша 5
5) тиiстi қаржы жылына арналған аудандық бюджеттi нақтылау; бюджеттiк бағдарламалар паспорттарын және бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру қорытындылары туралы аудандық қаржы басқармасы ақпаратының негiзiнде бюджеттiк бағдарламаларды одан әрi iске асыру жөнiндегi ұсыныстарды қарастырады және шығарады;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 4. 4. Комиссия құқығы
4. Комиссия құқығы
Тармақ 6
6. Комиссия өз мiндеттерiне сәйкес:
Тармақша 1
1) аудандық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдар және ұйымдармен өзара әрекет жасау, сондай-ақ Комиссия мiндеттерiн iске асыру үшiн жұмысқа мамандар мен сарапшыларды жұмылдыруға;
Тармақша 2
2) өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша шешiм қабылдау және ұсыныстар енгiзуге;
Тармақша 3
3) белгiленген заңды тәртiппен Комиссия мiндеттерiн iске асыруға қажеттi материалдарды мемлекеттiк органдар мен басқа да ұйымдардан сұратуға және алуға;
Тармақша 4
4) Комиссия мәжiлiсiне бiрiншi басшыларды шақыруға және олар қатыспаған жағдайда, Комиссия мiндеттерiн iске асырумен байланысты мәселелер бойынша мемлекеттiк орган мен ұйымның бiрiншi басшыларының мiндетiн атқарушы тұлғаларды тыңдауға құқылы.
Тарау 5. 5. Комиссия қызметiнiң тәртiбi
5. Комиссия қызметiнiң тәртiбi
Тармақ 7
7. Комиссия органдары:
Тармақша 1
1) Комиссияның жұмысшы органы;
Тармақша 2
2) Комиссияның төрағасы;
Тармақша 3
3) Комиссия төрағасының орынбасары;
Тармақша 4
4) Комиссияның хатшысы.
Тармақ 8
8. Комиссия мәжiлiстерiнiң арасындағы кезеңде оның қызметiн ұйымдастыру мәселелерiн Комиссияның жұмысшы органы шешедi.
Тармақ 9
9. Комиссия төрағасы оның қызметiн басқарады, Комиссия мәжiлiстерiнде басшылық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерi iске асырылуы үшiн жалпы бақылауды жүзеге асырады және Комиссия жүзеге асыратын қызметке жауапты болады. Комиссия төрағасы болмаған уақытта оның қызметiн комиссия төрағасының орынбасары атқарады.
Тармақ 10
10. Комиссия хатшысы Комиссия мәжiлiсiнiң күн тәртiбi бойынша ұсыныстарды, қажеттi құжаттарды, материалдарды дайындайды және ол өткiзiлген соң хаттамаларды ресiмдейдi.
Тармақ 11
11. Жұмыстың жоспар-кестесiн Комиссия белгiлейдi. Аудан бюджетiнiң жобасын әзiрлеу кезеңiнде Комиссия жұмысының жоспар кестесi Қазақстан Республикасының Үкiметiмен бекiткен жергiлiктi бюджеттердiң жобасын әзiрлеу Ережесiмен айқындалған мерзiмге сәйкес айқындалады.
Тармақ 12
12. Комиссия мүшелерi мәжiлiске қатысу негiзiнде өз өкiлеттiгiн басқа тұлғаларға беруге құқы жоқ.
Тармақ 13
13. Комиссия шешiмдерi ашық дауыс берумен, сондай-ақ Комиссия мүшелерiнен сұрақ-жауап алу жолымен қабылданады, егер оларға Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк дауысы берiлсе, қабылданды деп есептеледi. Комиссия мүшелерi шешiмдер қабылдауға тең дауыстарға ие болады. Дауыстар тең түскен жағдайда, Комиссия төрағасы дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi.
Тармақ 14
14. Комиссия мәжiлiсiнiң күн тәртiбi мәселелерiн қарастыру қорытындылары әр мәселе бойынша дауыс беру нәтижелерi көрсетiлген тиiстi хаттамаларға енгiзiледi және төрағамен айқындалған жағдайда мәжiлiске қатысушы Комиссия мүшелерi бұрыштама соғады. Комиссиямен қабылданған шешiм төраға мен хатшы қол қойған хаттамамен ресiмделедi. Комиссия мүшелерi шешiммен келiспеген жағдайда мәжiлiс хаттамасына қоса өзiндiк ерекше пiкiрiн жазбаша түрде баяндауға құқы бар.
Тармақ 15
15. Өзiне жүктелген мiндеттердi орындау мақсатында қабылданған Комиссияның шешiмдерiн барлық мемлекеттiк органдар мiндеттi түрде қарауға және көрсетiлген мерзiмде орындауға жатады.
Тармақ 16
16. Комиссияның жұмысшы органының функциялары аудандық қаржы басқармасына жүктеледi.
Тармақ 17
17. Комиссиямен айқындалған мәжiлiстiң мерзiмдерi мен күн тәртiбiне сәйкес материалдарды дайындау, оларды Комиссия мүшелерiне, аудандық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiне және жергiлiктi атқарушы органдарға тарату, Комиссияның мәжiлiс хаттамаларын дайындау, сондай-ақ нормативтiк құқықтық актiлер мен осы Ережеден туындайтын өзге де функциялар жұмысшы органның функциялары болып табылады.
Тарау 6. 6. Комиссия қызметiнiң тоқтатылуы
6. Комиссия қызметiнiң тоқтатылуы
Тармақ 18
18. Комиссия қызметiнiң тоқтатылуы туралы аудан әкiмдiгiнiң қаулысының қабылдануы Комиссия қызметiнiң тоқталуына негiз болып табылады.
Тармақ 19
19. Осы Ереженiң18 тармағында көрсетiлген Комиссия қызметiнiң тоқталуына қатысты жағдайлар туындаса, аудан әкiмiне жасалған жұмыстар туралы есеп-хат жолданады.