Об утверждении формы сведений о плательщиках платы за цифровой майнинг, объектах обложения, их месте нахождения и об объемах электроэнергии Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Цифрлық майнинг үшін төлемақы төлеушілер, салық салу объектілері, олардың тұрған жері және электр энергиясының көлемдері туралы мәліметтер нысанын бекіту туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 606-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Цифрлық майнинг үшін төлемақы төлеушілер, салық салу объектілері, олардың тұрған жері және электр энергиясының көлемдері туралы мәліметтер ұсынылған нысаны бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Басқа 0. Цифрлық майнинг үшін төлемақы төлеушілер, салық салу объектілері, олардың тұрған жері және электр энергиясының көлемдері туралы мәліметтер есепті кезең үшін 20 ____ жылғы ______ тоқсан
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 402 бұйрығымен бекітілген нысан н Цифрлық майнинг үшін төлемақы төлеушілер, салық салу объектілері, олардың тұрған жері және электр энергиясының көлемдері туралы мәліметтер есепті кезең үшін 20 ____ жылғы ______ тоқсан № Цифр­лық май­нинг үшін тө­ле­ма­қы тө­ле­у­ші­нің ата­уы (те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған кез­де) Цифр­лық май­нинг үшін тө­ле­ма­қы тө­ле­у­ші­нің БСН/ЖСН Цифр­лық май­нинг үшін тө­ле­ма­қы тө­ле­у­ші­лер­дің заң­ды ме­кен­жайы (тұр­ған же­рі) Цифр­лық май­нинг үшін тө­ле­ма­кы са­лы­на­тын объ­ек­ті­сі (цифр­лық май­нинг ке­зін­де тұ­ты­ны­л­ған электр энер­ги­я­сы­ның кө­лем­де­рі (кВт/сағ)) 1 2 3 4 5 ЖИЫ­НЫ: _________________________________________________________________________________ _______________________ (Байланыс саласындағы уәкілетті мемлекет орган басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _________________________________________________________________________________ ______________ (Мәліметті жасауға жауапты қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Жасалған күні 20___ жылғы «____» ____________ Ескертпе: аббревиатуралардың ашып жазылуы: БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі; ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі.
Басқа 1. Әкімшілік деректерді жинауға арналған «цифрлық майнинг үшін төлемақы төлеушілер, салық салу объектілері, олардың тұрған жері және электр энергиясының көлемдері туралы мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсіндірме
«Цифрлық майнинг үшін төлемақы төлеушілер, салық салу объектілері, олардың тұрған жері және электр энергиясының көлемдері туралы мәліметтер» нысанына қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған «цифрлық майнинг үшін төлемақы төлеушілер, салық салу объектілері, олардың тұрған жері және электр энергиясының көлемдері туралы мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 1
1. Нысан «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 606-1-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген.
Тармақ 2
2. Нысанды ақпаратты жасауға жауапты лауазымды адам толтырады және төлеушілердің тұрған жері бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей ұсынады.
Тармақ 3
3. Нысанға бірінші басшы не оны алмастыратын адам, ақпаратты жасауға жауапты лауазымды адам қол қояды және мемлекеттік органдардың «web-интерфейсі бар электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі» мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде ұсынылады.
Тармақ 4
4. «№» деген 1-бағанда реті бойынша нөмірі көрсетіледі. Кейінгі ақпарат реті бойынша нөмірлеуде үзілмеуі тиіс.
Тармақ 5
5. «Цифрлық майнинг үшін төлемақы төлеушінің атауы (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)» деген 2-бағанда заңды тұлғалардың толық атауы немесе цифрлық майнинг үшін төлемақы төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі.
Тармақ 6
6. «БСН/ЖСН» деген 3-бағанда 2-бағанда көрсетілген заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе 2-бағанда көрсетілген жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 7
7. «Цифрлық майнинг үшін төлемақы төлеушілердің заңды мекенжайы (тұрған жері)» деген 4-бағанда заңды немесе жеке тұлғаның заңды мекенжайы көрсетіледі.
Тармақ 8
8. «Цифрлық майнинг үшін төлемақы салынатын объектісі (цифрлық майнинг кезінде тұтынылған электр энергиясының көлемдері (кВт/сағ))» деген 5-бағанда цифрлық майнинг кезінде тұтынылған электр энергиясының көлемдері киловатт-сағатта (кВт/сағ), Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 13 қазандағы № 384/НҚ бұйрығымен бекітілген Цифрлық майнингті жүзеге асыру жөніндегі қызмет туралы ақпарат беру қағидаларына сәйкес алынған ақпарат бойынша көрсетіледі.