Құжат мәтініне өту

Об утверждении формы сведений о плательщиках платы за цифровой майнинг, объектах обложения, их месте нахождения и об объемах электроэнергии

Бұйрық · № 402 · қабылданған 13.04.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 04.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-166424/on/2026-09-04/
Басып шығарылды 2026-09-05 · adilet.kz
Об утверждении формы сведений о плательщиках платы за цифровой майнинг, объектах обложения, их месте нахождения и об объемах электроэнергии Күшін жойған Бұйрық ·№ 402 ·13.04.2022
02.04.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
04.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении формы сведений о плательщиках платы за цифровой майнинг, объектах обложения, их месте нахождения и об объемах электроэнергии

Күшін жойған Бұйрық ·№ 402 · 04.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении формы сведений о плательщиках платы за цифровой майнинг, объектах обложения, их месте нахождения и об объемах электроэнергии
Атауы (қаз.)
Цифрлық майнинг үшін төлемақы төлеушілер, салық салу объектілері, олардың тұрған жері және электр энергиясының көлемдері туралы мәліметтер нысанын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
402
Қабылданған күні
13.04.2022
Көрсетілген редакция
02.04.2024 166424_694911.kaz
Соңғы өзгеріс
02.04.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200027557
ЭКБ идентификаторы
166424
Редакция идентификаторы
166424_694911
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 02:31

0 Цифрлық майнинг үшін төлемақы төлеушілер, салық салу объектілері, олардың тұрған жері және электр энергиясының көлемдері туралы мәліметтер нысанын бекіту туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 606-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Цифрлық майнинг үшін төлемақы төлеушілер, салық салу объектілері, олардың тұрған жері және электр энергиясының көлемдері туралы мәліметтер ұсынылған нысаны бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

0 Цифрлық майнинг үшін төлемақы төлеушілер, салық салу объектілері, олардың тұрған жері және электр энергиясының көлемдері туралы мәліметтер есепті кезең үшін 20 ____ жылғы ______ тоқсан

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрінің
2022 жылғы 13 сәуірдегі
№ 402 бұйрығымен
бекітілген
нысан
н
Цифрлық майнинг үшін төлемақы төлеушілер, салық салу объектілері, олардың тұрған жері және электр энергиясының көлемдері туралы мәліметтер есепті кезең үшін 20 ____ жылғы ______ тоқсан

Цифр­лық май­нинг үшін тө­ле­ма­қы тө­ле­у­ші­нің ата­уы (те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған кез­де)
Цифр­лық май­нинг үшін тө­ле­ма­қы тө­ле­у­ші­нің БСН/ЖСН
Цифр­лық май­нинг үшін тө­ле­ма­қы тө­ле­у­ші­лер­дің заң­ды ме­кен­жайы (тұр­ған же­рі)
Цифр­лық май­нинг үшін тө­ле­ма­кы са­лы­на­тын объ­ек­ті­сі (цифр­лық май­нинг ке­зін­де тұ­ты­ны­л­ған электр энер­ги­я­сы­ның кө­лем­де­рі (кВт/сағ))
1
2
3
4
5
ЖИЫ­НЫ:
_________________________________________________________________________________
_______________________
(Байланыс саласындағы уәкілетті мемлекет орган басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_________________________________________________________________________________
______________
(Мәліметті жасауға жауапты қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Жасалған күні 20___ жылғы «____» ____________
Ескертпе: аббревиатуралардың ашып жазылуы:
БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі.

1 Әкімшілік деректерді жинауға арналған «цифрлық майнинг үшін төлемақы төлеушілер, салық салу объектілері, олардың тұрған жері және электр энергиясының көлемдері туралы мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсіндірме

«Цифрлық майнинг үшін төлемақы
төлеушілер, салық салу объектілері,
олардың тұрған жері және электр
энергиясының көлемдері туралы
мәліметтер» нысанына қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған «цифрлық майнинг үшін төлемақы төлеушілер, салық салу объектілері, олардың тұрған жері және электр энергиясының көлемдері туралы мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1 1. Нысан «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 606-1-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген.

2 2. Нысанды ақпаратты жасауға жауапты лауазымды адам толтырады және төлеушілердің тұрған жері бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей ұсынады.

3 3. Нысанға бірінші басшы не оны алмастыратын адам, ақпаратты жасауға жауапты лауазымды адам қол қояды және мемлекеттік органдардың «web-интерфейсі бар электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі» мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде ұсынылады.

4 4. «№» деген 1-бағанда реті бойынша нөмірі көрсетіледі. Кейінгі ақпарат реті бойынша нөмірлеуде үзілмеуі тиіс.

5 5. «Цифрлық майнинг үшін төлемақы төлеушінің атауы (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)» деген 2-бағанда заңды тұлғалардың толық атауы немесе цифрлық майнинг үшін төлемақы төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі.

6 6. «БСН/ЖСН» деген 3-бағанда 2-бағанда көрсетілген заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе 2-бағанда көрсетілген жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

7 7. «Цифрлық майнинг үшін төлемақы төлеушілердің заңды мекенжайы (тұрған жері)» деген 4-бағанда заңды немесе жеке тұлғаның заңды мекенжайы көрсетіледі.

8

8. «Цифрлық майнинг үшін төлемақы салынатын объектісі (цифрлық майнинг кезінде тұтынылған электр энергиясының көлемдері (кВт/сағ))» деген 5-бағанда цифрлық майнинг кезінде тұтынылған электр энергиясының көлемдері киловатт-сағатта (кВт/сағ), Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 13 қазандағы № 384/НҚ бұйрығымен бекітілген Цифрлық майнингті жүзеге асыру жөніндегі қызмет туралы ақпарат беру қағидаларына сәйкес алынған ақпарат бойынша көрсетіледі.

Қолданыстағы