О внесении изменений в некоторые приказы Министерства финансов Республики Казахстан Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесін, сондай-ақ Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №1424 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19784 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбында мемлекеттік тілде өзгеріс енгізілді, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді; 1-тармаққа мемлекеттік тілде өзгеріс енгізілді, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидаларында: тақырыбында мемлекеттік тілде өзгеріс енгізілді, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидалары және олардың құжат айналымы (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 176-бабына, «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру тетігі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және тауарлардың қозғалысын бақылауға арналған тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (бұдан әрі – ТІЖ) ресімдеу тәртібін айқындайды.»; 2-тараудың тақырыбында мемлекеттік тілде өзгеріс енгізілді, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді; 23-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «10) акцизделетін тауарлар, авиациялық отын, мазут және басқа тауарлар (таңбалауға жататындарды қоспағанда) - қажет болған кезде: «этил спирті»; «толысылған шарап»; «сыра қайнату өнімі»; «алкоголь өнімі (сыра қайнату өнімдерінен басқа)»; «мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері»; «биоотын» деген ұяшыққа тиісті белгі қойылады;»; 34-тармақта: бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «34. «Толысылған шарап» деген G3 бөлімінде мынадай деректер көрсетіледі:»; 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «4) толысылған шараптың түрі, атауы;»; 35-тармақта: бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «35. «Сыра қайнату өнімі» деген G4 бөлімінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:»; 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) сыра қайнату өнімінің атауы;»; 9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «9) тауар бірлігі үшін баға - жеткізуші енгізген сыра қайнату өніміне арналған бір шөлмектің, банкінің, кегтің (теңгеде көрсетіледі) бағасы көрсетіледі, (импорт кезінде шот-фактура (инвойс) бойынша көрсетіледі), олар болмаған кезде сыртқы экономикалық мәміленің жасалғанын растайтын құжатты алушы енгізеді;»; 36-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «36. «Алкоголь өнімі (сыра қайнату өнімінен басқа)» деген G5 бөлімінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Казақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Басқа 1. Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндеттеме қолданылатын тауарлардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 401 Бұйрыққа 1-қосымша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығына 1-қосымша Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндеттеме қолданылатын тауарлардың тізбесі № Та­у­ар­дың ата­уы Та­у­ар­лар­ға іле­с­пе жүк­құ­жат­тар­ды ре­сім­де­удің ба­стал­ған кү­ні 1. Өн­ді­рі­луі мен ай­на­лы­мы «Био­отын өн­ді­рі­сін және ай­на­лы­мын мем­ле­кет­тік рет­теу ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­мен рет­те­ле­тін био­отын 2023 жы­л­ғы 1 сәу­ір 2. Өн­ді­рі­луі мен ай­на­лы­мы «Этил спир­ті мен (неме­се) ал­ко­голь өні­мі­нің өн­ді­рі­лу­ін және ай­на­лы­мын мем­ле­кет­тік рет­теу ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­мен рет­те­ле­тін этил спир­ті және (неме­се) ал­ко­голь өні­мі 2023 жы­л­ғы 1 сәу­ір 3. Өн­ді­рі­луі мен ай­на­лы­мы «мұ­най өнім­де­рі­нің же­ке­ле­ген түр­ле­рін өн­ді­ру­ді және олар­дың ай­на­лы­мын мем­ле­кет­тік рет­теу ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­мен рет­те­ле­тін мұ­най өнім­де­рі­нің же­ке­ле­ген түр­ле­рі 2023 жы­л­ғы 1 сәу­ір 4. Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ­тың сырт­қы эко­но­ми­ка­лық қыз­ме­ті­нің та­у­ар но­мен­кла­ту­ра­сы­ның (бұ­дан әрі – ЕА­ЭО СЭҚ ТН) ко­ды және ата­уы Дү­ни­е­жү­зі­лік са­уда ұй­ы­мы­на қо­сы­лу шар­ты ре­т­ін­де қа­был­дан­ған мін­дет­те­ме­лер­ге сәй­кес Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы олар­ға қа­ты­сты Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы қа­ты­су­шы­сы бо­лып та­бы­ла­тын ха­лы­қа­ра­лық шар­тқа сәй­кес бе­кі­ті­л­ген Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ­тың Бі­рың­ғай ке­ден­дік та­ри­фінің баж став­ка­сы­мен са­лы­сты­ру бой­ын­ша неғұр­лым тө­мен, ке­ден­дік әке­лу баж став­ка­сы қол­да­ны­ла­тын Та­у­ар­лар тіз­бе­сіне ен­гі­зі­л­ген 2023 жы­л­ғы 1 сәу­ір 5. Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық од­ақ­қа мү­ше мем­ле­кет­тер ау­ма­ғы­нан Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғы­на әке­лі­не­тін та­у­ар­лар 2023 жы­л­ғы 1 сәу­ір 6. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғы­нан Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық од­ақ­қа мү­ше мем­ле­кет­тер ау­ма­ғы­на әке­ті­ле­тін та­у­ар­лар 2023 жы­л­ғы 1 сәу­ір 7. Вир­ту­ал­ды қой­ма ар­қы­лы элек­трон­дық шот-фак­ту­ра­лар жа­зып бе­рі­ле­тін та­у­ар­лар 2023 жы­л­ғы 1 сәу­ір
Басқа 2
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 401 Бұйрыққа 2-қосымша Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру және олардың құжат айналымының қағидалары мен мерзімдеріне 2-қосымша нысан