Об утверждении Правил реализации пилотного проекта по совершенствованию администрирования прослеживаемых на территории Республики Казахстан социально значимых продовольственных товаров, каменного угля и зерна на основании информационной системы электронных счетов-фактур Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қадағаланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, тас көмірді және астықты әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қадағаланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, тас көмірді және астықты әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция
министрлігі
Басқа 1. Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қадағаланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, тас көмірді және астықты әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары - Қаржы министрінің
2022 жылғы 13 сәуірдегі № 405
бұйрығына қосымша
Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қадағаланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, тас көмірді және астықты әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қадағаланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, тас көмірді және астықты әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабының 1-1-тармағына сәйкес әзірленді және электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қадағаланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, тас көмірді және астықты (бұдан әрі – тауарлар) әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалар шеңберінде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары – олардың есебінен адамның физиологиялық қажеттіліктері қанағаттандырылатын азық-түлік тауарларының тізбесі, «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 11 мамырдағы №166-НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32474 болып тіркелген);
Тармақша 2
2) жер қойнауын пайдаланушы - тас көмірмен жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге құқығы бар заңды тұлға және дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлға;
Тармақша 3
3) импорттаушы – Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше мемлекеттердің аумағынан және ЕАЭО мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелумен айналысатын заңды тұлға, дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлға;
Тармақша 4
4) мемлекеттік кірістер органдары – өз құзыреті шегінде бюджетке салықтар мен төлемдердің түсуін қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасында кедендік реттеуді, Қазақстан Республикасының заңнамасымен осы органның қарауына жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу жөніндегі өкілеттерді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттерді орындайтын мемлекеттік орган;
Тармақша 5
5) өндіруші – Қазақстан Республикасының аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіруші;
Тармақша 6
6) өнім беруші – тауарларды жеткізуші дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлға және заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда);
Тармақша 7
7) хабарлама – камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама;
Тармақша 8
8) хабарлама – камералдық бақылау нәтижелер бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама;
Тармақша 9
9) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) – электрондық нысанда жазылған шот-фактураларды қабылдау, өңдеу, тіркеу, беру және сақтау жүзеге асырылатын уәкілетті органның ақпараттық жүйесі;
Тармақша 10
10) электрондық шот-фактура (бұдан әрі – ЭШФ) – ЭШФ АЖ арқылы жазып берілген және Қазақстан Республикасының салық заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес келетін құжат.
Тарау 2. 2-тарау. Пилоттық жобаға қатысушылар
2-тарау. Пилоттық жобаға қатысушылар
Тармақ 3
3. Пилоттық жобаның қатысушылары:
Тармақша 1
1) өндірушілер, импорттаушылар, жер қойнауын пайдаланушылар, жеткізушілер;
Тармақша 2
2) мемлекеттік кірістер органдары болып табылады.
Тарау 3. 3-тарау. Құқықтары мен міндеттері
3-тарау. Құқықтары мен міндеттері
Тармақ 4
4. Өндірушілер, импорттаушылар, жер қойнауын пайдаланушылар, өнім берушілер негізгі, түзетілген немесе қосымша ЭШФ жазып беру немесе қайтарып алу жолымен Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды өздігінен жоюға құқылы.
Тармақ 5
5. Өндірушілер, импорттаушылар, жер қойнауын пайдаланушылар, жеткізушілер міндетті:
Тармақша 1
1) Салық кодексінің 412-бабына және «Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қадағаланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын және (немесе) тас көмірді әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 370 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18583 болып тіркелген) бекітілген Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысандағы шот-фактураларды жазып беру қағидалары және оның нысандарына сәйкес заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер Қазақстан Республикасының аумағында шығарылған (өндірілген) немесе импортталған тауарларды өткізу кезінде ЗШФ жазып беруге;
Тармақша 2
2) Салық кодексінің 166-бабы 2-тармағының 5) және 9) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, Салық кодексінің 166-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тауарларды өткізгені үшін ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде бақылау-касса машинасының чегін беруге міндетті.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік кірістер органдары салық кодексінің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде камералдық бақылауды жүргізеді.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушілерге ЭШФ қолдану және бақылау-касса машиналарының чегін жазып беру бойынша түсіндірмелер беруге міндетті.
Тарау 4. 4-тарау. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау тәртібі
4-тарау. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау тәртібі
Тармақ 8
8. Осы Қағидалардың шеңберінде жіберілген хабарламалар, хабарлама өндірушіге, импорттаушыға, жер қойнауын пайдаланушыға, өнім берушіге тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде орындалуға жатады.
Тармақ 9
9. Камералдық бақылау және хабарламаны орындау Салық кодексінің 10-тарауында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Тарау 5. 5-тарау. Пилоттық жобаны іске асыру тәртібі
5-тарау. Пилоттық жобаны іске асыру тәртібі
Тармақ 10
10. Мемлекеттік кірістер органдары ЭШФ жазып берген кезде алшақтықтар анықталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өндірушіге, импорттаушыға, жер қойнауын пайдаланушыға, өнім берушіге:
Тармақша 1
1) жазып берілген ЭШФ (олар болған жағдайда) көрсете отырып, өндірушінің, импорттаушының, жер қойнауын пайдаланушының, өнім берушінің мекенжайына хабарлама жолдайды, бұл ретте мұндай ЭШФ жазып берілген күн осы Қағидалар енгізілген күннен ерте болмауы тиіс;
Тармақша 2
2) өндіруші, импорттаушы, жер қойнауын пайдаланушының, өнім берушінің «Салық төлеушілердің кабинеті» web-қосымшасына хабарлама жолдайды.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік кірістер органдары тұрақты негізде жолданған хабарламалардың орындалуына мониторинг жүргізеді.