О некоторых вопросах вывоза отдельных товаров с территории Республики Казахстан Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының аумағынан жекелеген тауарларды әкету мәселелері туралы «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 2-тармағына және 18-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қатысты сандық шектеулер (квоталар) енгізілетін тауарлардың тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 15 маусымға дейін қолданылады. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі
Басқа 1. Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2022 жылғы 16 сәуірдегі № 110 бұйрығына 1-қосымша Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) астық нарығы жөніндегі оператор (бұдан әрі – оператор) – астық нарығындағы тұрақтандыру функциясын және астықтың резервтік қорын басқару жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компания;
Тармақша 2
2) сыртқы сауда қызметіне қатысушылар (бұдан әрі – өтініш беруші) – сыртқы сауда қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкерлер ретінде тіркелген жеке тұлғалар және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар болып табылмайтын ұйымдар;
Тармақша 3
3) тауар – осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қатысты сандық шектеулер (квоталар) енгізілетін тауарлар тізбесінде көрсетілген тауарлар.
Тармақша 4
4) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық бөлімшелері.
Тарау 2. 2-тарау. Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу тәртібі
2-тарау. Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу тәртібі
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкетуге квоталар көлемдерін бөлу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12032 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сәйкес фитосанитариялық сертификаттарды беру кезінде автоматты түрде агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған «e-аgrіculture» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ББАЖ АЖ) жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Осы Қағидалар қолданысқа енгізілгеннен кейін ББАЖ АЖ-да тауарлардың түрлері бойынша квота көлемінің сандық лимиті қалыптастырылады.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының аумағынан бидай әкетуге арналған квотаны бөлуге астық қабылдау кәсіпорындарына астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімінде астық қолхатын сатуға/сатып алуға арналған бұйрыққа қол қою арқылы Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге мәлімделген бидай көлемінің 10 (он) пайызын тіркелген баға бойынша операторға өткізген өтініш берушілер жіберіледі.
Тармақ 6
6. Оператор күн сайын уәкілетті органға Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге экспортқа мәлімделген жұмсақ бидай көлемінің (Triticum aestivum L. 3-сыныпты) 10 (он) пайызын тіркелген баға бойынша өткізген өтініш берушілердің тізбесін жібереді.
Тармақ 7
7. Жұмсақ бидай тіркелген бағасы мен сапалық көрсеткіштері, жеткізілетін астық қабылдау кәсіпорындарының тізімі мен мекенжайлары (Triticum aestivum L. 3 сынып) www.gov.kz Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жарияланады (бұдан әрі-интернет-ресурс).
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкетуге арналған квота көлемін өтініш берушілер арасында бөлу тауардың әрбір түрі бойынша квота көлемі толық таусылғанға дейін жүзеге асырылады, содан кейін уәкілетті орган фитосанитариялық сертификатты беруден бас тартады.
Тармақ 9
9. Квотаның қолданылу кезеңінде жұмсақ бидайды әкетуге рұқсат етілген лимит бір өтініш берушіге 50 (елу) мың тоннаны, ұн – 10 (он) мың тоннаны құрайды.
Тармақ 10
10. Уәкілетті орган күн сайын интернет-ресурста мынадай ақпаратты орналастырады:
Тармақша 1
1) тауардың әрбір түрі бойынша берілген квота көлемінің саны;
Тармақша 2
2) тауардың әрбір түрі бойынша бөлуге жататын квотаның қолжетімді көлемі.
Басқа 2. Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қатысты сандық шектеулер (квоталар) енгізілетін тауарлардың тізбесі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2022 жылғы 16 сәуірдегі № 110 бұйрығына 2-қосымша Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қатысты сандық шектеулер (квоталар) енгізілетін тауарлардың тізбесі Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ­тың сырт­қы эко­но­ми­ка­лық қыз­ме­ті та­у­ар но­мен­кла­ту­ра­сы­ның ко­ды Та­у­ар­дың ата­уы* Кво­та мөл­ше­рі, тон­на Қол­да­ны­лу мер­зі­мі 1001 Би­дай және меслин 1 000 000 2022 жы­л­ғы 15 мау­сым­ға дей­ін 1101 00 Би­дай ұны неме­се қа­ра би­дай ұны 300 000