Об утверждении Правил выдачи, продления и отзыва разрешения трудовому иммигранту Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына және «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-2-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Басқа 1. Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидалары
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123 бұйрығына 1-қосымша Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына, «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-2-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) еңбекші көшіп келушілер – еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсаттың негізінде жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) мақсатында Қазақстан Республикасына үй қызметкері ретінде келген көшіп келушілер;
Тармақша 2
2) еңбекші көшіп келушіге рұқсат – жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыстар орындау (қызметтер көрсету) үшін еңбекші көшіп келушіге берілетін, белгіленген нысандағы құжат;
Тармақша 3
3) жұмыс беруші жеке тұлға – үй шаруашылығында жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) үшін еңбекші көшіп келушіні тартатын тұлға;
Тармақша 4
4) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушіге жеке тұлғаға тартуға рұқсат етілген шетелдік жұмыс күшінің рұқсат етілетін шекті саны.
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жібереді.
Тарау 2. 2-тарау. Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу тәртібі
2-тарау. Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу тәртібі
Тармақ 4
4. «Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсетілетін қызметті берушілер көрсетеді.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік қызметті алу үшін еңбекші көшіп келуші (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) жұмыс беруші-жеке тұлғамен (бұдан әрі – жұмыс беруші) бірлесіп, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбекші көшіп келушіге рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) беру/ұзарту туралы өтінішті «электрондық үкіметтің» веб-порталы немесе «migration.enbek.kz» порталы арқылы және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттарды береді.
Тармақ 6
6. Көрсетілетін қызмет беруші еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру немесе ұзарту туралы шешім қабылдаған кезде аумақтық ішкі істер органдарымен келіседі.
Тармақ 7
7. Рұқсатты беру немесе ұзарту не беруден немесе ұзартудан бас тарту туралы шешімді көрсетілетін қызметті берушілер өтініш берілген күнді есептемегенде 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Тармақ 8
8. Көрсетілетін қызмет алушы өтінішті «электрондық үкіметтің» веб-порталы немесе «migration.enbek.kz» порталы арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрінеді.
Тармақ 9
9. Көрсетілетін қызметті алушы паспорттық деректерді көрсетіп және біліктілігі, дағдылары мен жұмыс өтілі туралы мәліметтерді толтырып, тіркеуді «migration.enbek.kz» порталында жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Жұмыс берушілер шетелде жүрген, «migration.enbek.kz» порталында есептік жазбасы бар еңбекші көшіп келушілерді іздестіруді бос жұмыс орындары enbek.kz-да жарияланған күннен бастап 15 (он бес) күн өткен соң ғана жүзеге асырады. Бұл ретте еңбекші көшіп келушілерді тартуға өтінім осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткен күннен бастап 2 (екі) ай ішінде беріледі.
Тармақ 11
11. «Мigration.enbek.kz» порталы арқылы рұқсат беру көрсетілетін қызметті алушы жұмыс берушімен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында еңбек шартын жасасу ниеті туралы келісімге (бұдан әрі – ниет туралы келісім) қол қойған кезде және көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасына келгеннен кейін жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Көрсетілетін қызметті алушы ниет туралы келісімге қол қойған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде «migration.enbek.kz» порталы арқылы рұқсат алады, осы кезеңде көрсетілетін қызметті алушы үшін квота сақталады.
Тармақ 13
13. «Migration.enbek.kz» порталы арқылы рұқсат алу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген өтініш пен құжаттарды жібереді.
Тармақ 14
14. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Тармақ 15
15. Көрсетілетін қызметті беруші «Шетелдік жұмыс күші» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «ШЖК» ААЖ) арқылы құжаттар келіп түскен күні:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген құжаттардың;
Тармақша 2
2) шетел азаматының азаматтығы «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы заңының 43-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген шарттарға;
Тармақша 3
3) «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-2-бабының 5-тармағында көзделген шарттарға;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 412-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына немесе 696-бабына сәйкес жеке табыс салығы бойынша төлем сомасының сәйкес келуіне тексеруді жүзеге асырады.
Тармақ 16
16. «Электрондық үкімет» веб-порталынан немесе «migration.enbek.kz» порталынан «ШЖК» ААЖ-ға келіп түскен құжаттар автоматты түрде «Көші-қон полициясы» ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – «КҚП» АЖ) қарауға жіберіледі. Аумақтық ішкі істер органдары келіп түскен құжаттарды 1 (бір) жұмыс күні ішінде қарайды.
Тармақ 17
17. Құжаттарды толық көлемде ұсынбаған және (немесе) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген қолданылу мерзімі аяқталған құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында рұқсатты беруге немесе ұзартуға құжаттарды қабылдаудан дәлелді бас тартуды «жеке кабинетке» жібереді.
Тармақ 18
18. Өтінішті қарау оң нәтиже берген кезде еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру немесе ұзарту осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтініші қай жүйе арқылы жіберілгеніне байланысты «ШЖК» ААЖ-дан көрсетілетін қызметті алушының «электрондық үкіметтің» веб-порталындағы немесе «migration.enbek.kz» порталындағы жеке кабинетіне жіберу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 19
19. Рұқсат көрсетілетін қызметті алушының рұқсатты беруге немесе ұзартуға арналған өтінішінде көрсетілген мерзімге беріледі және 1 (бір) айдан 12 (он екі) айға дейін болуы мүмкін. Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты ұзартуды ескере отырып, ең ұзақ мерзім 12 (он екі) айдан аспайды.
Тармақ 20
20. Көрсетілетін қызметті беруші халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде рұқсат береді.
Тармақ 21
21. Рұқсатты ұзарту кезінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында бұрын берілген қолданыстағы рұқсаттардың саны бір квота есебіне кіреді.
Тармақ 22
22. Көрсетілетін қызметті беруші берген рұқсат үшінші тұлғаларға берілмейді, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ғана қолданылады.
Тармақ 23
23. Көрсетілетін қызметті алушыға рұқсат көрсетілетін қызметті алушы еңбек қызметін жүзеге асыруға ниет білдірген жұмыс берушінің меншік құқығындағы жылжымайтын мүлік мекенжайы сәйкес келген кезде беріледі.
Тармақ 24
24. Ұзартуға өтініш күнтізбелік 30 (отыз) күннен ерте емес және еңбекші көшіп келушіге қолданыстағы рұқсат мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірілмей беріледі.
Тармақ 25
25. Өтініш қолданыстағы рұқсат мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктіріліп берілсе рұқсат ұзартылмайды.
Тармақ 26
26. 12 (он екі) ай мерзімге рұқсат алған не ұзартуларды ескере отырып, рұқсаты 12 (он екі) айға жеткен көрсетілетін қызметті алушы қолданыстағы рұқсаттың мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 4 (төрт) күн ішінде жаңа рұқсатқа өтініш береді. Рұқсат алуға арналған құжаттар көрсетілген осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес белгіленген тәртіппен беріледі.
Тармақ 27
27. Үй шаруашылығында жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) аяқталған жағдайда жұмыс беруші еңбек шарты бұзылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкіметтің» веб-порталы немесе «migration.enbek.kz» порталы арқылы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбекші көшіп келушімен еңбек шартын бұзу туралы хабарламаны жібереді.
Тармақ 28
28. Рұқсат алған еңбекші көшіп келушіні тартатын жұмыс беруші еңбек шартын жасасу және тоқтату туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 23-бабы 2-тармағының 27) тармақшасында көзделген тәртіппен еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізеді не «hr.enbek.kz» веб-порталында еңбек шартын жасасады.
Тармақ 29
29. Көрсетілетін қызметті беруші жұмыс беруші мен еңбекші көшіп келушілер арасындағы еңбек шарттарын «ШЖК» ААЖ жүйесінде тіркеуді жүзеге асырады.
Тармақ 30
30. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3-тарау. Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты кері қайтарып алу тәртібі
3-тарау. Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты кері қайтарып алу тәртібі
Тармақ 31
31. Көрсетілетін қызметті беруші қолданыстағы рұқсатты:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының еңбек және көші-қон заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың актілері негізінде, үй шаруашылығындағы жұмыс берушілерде жұмыстарды орындаумен (қызметтер көрсетумен) байланысты емес еңбек қызметі жүзеге асырылған;
Тармақша 2
2) берілген рұқсаттың мақсаттары мен талаптарына сәйкес келмейтін еңбек қызметі жүзеге асырылған;
Тармақша 3
3) егер мұндай төлем рұқсаттың қолданылуының міндетті шарты болып табылса, жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемнің төлемеу не уақтылы төлемеген;
Тармақша 4
4) рұқсатты ресімдеу кезінде көрсетілген жұмыс беруші – жеке тұлғаның еңбек қызметі тоқтатылған;
Тармақша 5
5) еңбекші көшіп келушінің Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен;
Тармақша 6
6) еңбекші көшіп келушіні Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығарып жіберу туралы сот шешімінің заңды күшіне енген;
Тармақша 7
7) еңбекші көшіп келушінің Қазақстан Республикасында болу мерзімін қысқарту туралы заңды күшіне енген шешімі болған;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда кері қайтарып алады.
Тармақ 32
32. Кері қайтарып алуды көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының «электрондық үкімет» веб-порталының жеке кабинетіне немесе «migration.enbek.kz» порталына, осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсатты кері қайтарып алу туралы хабарламаны жібере отырып «ШЖК» ААЖ арқылы жүргізеді.
Тармақ 33
33. Көрсетілетін қызметті беруші рұқсатты кері қайтарып алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кері қайтарып алу туралы ақпаратты «ШЖК» ААЖ арқылы «КҚП» АЖ-ға аумақтық ішкі істер органдарына жібереді.
Тармақ 34
34. Аумақтық ішкі істер органдары хабарлама келіп түскен күні кері қайтарып алу негіздерін көрсете отырып, «КҚП» АЖ-ға ақпарат енгізеді және еңбекші көшіп келушінің Қазақстан Республикасында уақытша болу мерзімін күнтізбелік 15 (он бес) күнге дейін қысқартады.
Тарау 4. 4-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
4-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 35
35. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен қарауды шағымды қарайтын жоғары тұрған әкімшілік орган (лауазымды адам) жүргізеді. Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған әкімшілік орган (лауазымды адам) шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді. Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған әкімшілік орган (лауазымды адам), егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Тармақ 36
36. Көрсетілетін қызметті алушы ҚР ӘРПК 91-бабының 1-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің, лауазымды адамның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданады. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Тармақ 37
37. «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Тармақ 38
38. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі жергілікті атқарушы органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Басқа 1. Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру/ұзарту туралы өтініш
Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларына 1-қосымша Нысан ___________________________ (жергілікті атқарушы органның атауы) азамат (қай елден екенін көрсетіңіз) кімнен ______________________ еңбекші көшіп келушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) ЖСН _______________________ Туған күні __________________ Туған жері __________________ Жеке басты куәландыратын құжаттың сериясы және № ___________________________ кімнен____________________ жұмыс беруші-жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты ( ол болған жағдайда) Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру/ұзарту туралы өтініш Сізден _________________________________________________________ (астана/облыс/республикалық маңызы бар қала, көше, үй, пәтер) мекенжай бойынша жұмыс беруші жеке тұлғаның (бұдан әрі – жұмыс беруші) үй шаруашылығында үй жұмыскері ретінде жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) үшін ____ айға (айларға) еңбекші көшіп келушіге рұқсат беруді/ұзартуды (қажет емесін сызып тастау) сұраймын. Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын: 1. Тұрғылықты тұратын жерім ____________________________________________________________________ (азаматтығы, тұрақты тұратын жері бойынша толық мекенжай, ел, облыс, қала, аудан, кент, көше, үй, телефон, оның ішінде ұялы телефон нөмірі көрсетіледі) 2. Отбасы құрамы ________________________________________________ (отбасылық жағдайы, жұбайының анықтама деректері/және (тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған жылы, балалар саны, үй телефон нөмірі көрсетіледі) 3. Қазақстан Республикасында уақытша тұратын мекенжайы___________________________________________________________ (қала, аудан, көше, үй, пәтер, телефон, оның ішінде ұялы телефон нөмірі) Қазақстан Республикасының көші-қон және салық заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық туралы хабардармын. «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру және ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін. ________________________ ________ 20__ ж. «____»__________________ Т.А.Ә. (ол болған жағдайда )             қолы Мен ___________________________________________________________ жұмыс берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), ____________________________________________________________________ туған жылы, ЖСН _______________________________________________________________ (шетел азаматының Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), азаматтығы) оларға тиісті рұқсат алғаннан кейін үй шаруашылығында жұмыстарды орындау үшін (қызметтер көрсету) еңбекші көшіп келуші ретінде тартуға ниеттенудемін. 2. Тұрақты тұрғылықты мекенжайы___________________________________________________________ (қала, аудан, көше, үй, пәтер, телефон, оның ішінде ұялы телефон нөмірі). 3. Еңбекші көшіп келушінің тұрғылықты жері мен жұмысы, сондай-ақ жұмыс беруші қабылдауды жоспарлап отырған кәсіп ____________________________________________________________________ Еңбекші көшіп келушіні www.eqonaq.kz веб-сайты және визалық-көші-қон порталының (www.vmp.gov.kz) көмегімен «e-Qonag» ақпараттық жүйесі арқылы хабардар етуге міндеттенемін. Қазақстан Республикасының көші-қон және салық заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы хабардар. «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру және ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін. ______________________________ ____________ 20__ж. «___»_______ жұмыс берушінің Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) қолы
Басқа 1.2. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларына 2-қосымша Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі 1 Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ата­уы Ең­бек­ші кө­шіп ке­лу­ші­ге рұқ­сат бе­ру, ұзар­ту және ке­рі қай­та­рып алу 2 Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің кі­ші тү­рі­нің (бар бол­са) ата­уы 1) Ең­бек­ші кө­шіп ке­лу­ші­ге рұқ­сат­ты бе­ру; 2) Ең­бек­ші кө­шіп ке­лу­ші­ге рұқ­сат­ты ұзар­ту; 3) Ең­бек­ші кө­шіп ке­лу­ші­ге рұқ­сат­ты ке­рі қай­та­рып алу. 3 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы Аста­на­ның, об­лы­стар­дың және рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші) 4 Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту тә­сіл­де­рі Құ­жат­тар­ды қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру «элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы неме­се «migration.enbek.kz» пор­та­лы ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. 5 Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту мер­зі­мі Қа­жет­ті құ­жат­тар топ­та­ма­сы «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы неме­се «migration.enbek.kz» пор­та­лы ар­қы­лы тап­сыр­ған күн­нен ба­стап өті­ніш түс­кен күн­ді есеп­те­ме­ген­де 2 (екі) жұ­мыс кү­ні. «Элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы неме­се «migration.enbek.kz» пор­та­лы ар­қы­лы жү­гін­ген кез­де қыз­мет көр­се­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 30 (отыз) ми­нут. 6 Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту ны­са­ны Бар­лық оның кі­ші түр­ле­рі: Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) 7 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту нәти­же­сі Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі – осы Қа­ғи­да­лар­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да және негіз­дер бой­ын­ша ең­бек­ші кө­шіп ке­лу­ші­ге рұқ­сат бе­ру және ұзар­ту не мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап. «Элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы неме­се «migration.enbek.kz» пор­та­лын­да мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі не мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің уәкі­лет­ті тұл­ға­сы­ның ЭЦҚ-сы­мен қол қой­ы­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да «же­ке ка­би­нет­ке» жі­бе­рі­ле­ді. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: элек­трон­дық. 8 Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рін және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі Ең­бек­ші кө­шіп ке­лу­ші­ге мем­ле­кет­тік қыз­мет те­гін көр­се­ті­ле­ді. 9 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі «Элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы неме­се «migration.enbek.kz» пор­та­лы ар­қы­лы – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды); көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­де – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ме­ре­ке­лер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 5-ба­бы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да са­ғат 13:00-ден 14:30-ға дей­ін түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9:00-ден 18:30-ға дей­ін. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры: 1) «элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лын­да; 2) «migration.enbek.kz» - пор­та­лын­да. 10 Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар­дың тіз­бе­сі 1. Ең­бек­ші кө­шіп ке­лу­ші­ге рұқ­сат­ты ре­сім­деу үшін мы­на­дай құ­жат­тар ұсы­ны­ла­ды: 1) ең­бек­ші кө­шіп ке­лу­ші мен жұ­мыс бе­ру­ші­нің ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған ең­бек­ші кө­шіп ке­лу­ші­ге рұқ­сат бе­ру ту­ра­лы өті­ніш; 2) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның са­лық заң­на­ма­сы­на сәй­кес же­ке та­быс са­лы­ғы бой­ын­ша ал­дын ала тө­лем тө­лен­ге­ні ту­ра­лы тү­бір­тек­тің элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рі; 3) соң­ғы 12 ай­да Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Мем­ле­кет­тік ше­ка­ра­сы­нан өт­ке­ні ту­ра­лы бел­гі­сі бар төл­құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; 4) ше­тел аза­ма­ты­ның, аза­мат­тығы жоқ адам­ның, кө­шіп-қо­ну­шы­ның, ең­бек­ші-кө­шіп-қо­ну­шы­ның (оның ішін­де ЕА­ЭО-ға мү­ше мем­ле­кет­тен) ден­са­улық жағ­дайы ту­ра­лы ме­ди­ци­на­лық қо­ры­тын­ды­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (бе­рі­л­ген кү­ні 12 ай­дан ас­пай­тын 028/Е ны­са­нын­да­ғы ме­ди­ци­на­лық анық­та­ма); 5) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген шар­ттар­да шұ­ғыл түр­де ста­ци­о­нар­лық жағ­дай­лар­да ал­ғаш­қы ме­ди­ци­на­лық-са­ни­та­ри­я­лық кө­мек­ті және ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ме­ди­ци­на­лық кө­мек­ті жа­ба­тын, қол­да­ны­лу мер­зі­мі өті­ніш­те көр­се­ті­л­ген және «бі­рың­ғай сақ­тан­ды­ру де­ректер ба­за­сы» ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған ақ­па­рат­тық жүй­е­сін­де тір­кел­ген мер­зім­нен кем бол­май­тын жүк­тел­ген ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; 6) жұ­мыс бе­ру­ші – же­ке тұл­ға мен көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ара­сын­да жа­сал­ған Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да жұ­мыс бе­ру­ші­мен ең­бек шар­тын жа­са­су ни­е­ті ту­ра­лы ке­лі­сім­нің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; 2. Рұқ­сат­ты ұзар­ту үшін: 1) ең­бек­ші кө­шіп ке­лу­ші мен жұ­мыс бе­ру­ші­нің ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған ең­бек­ші кө­шіп ке­лу­ші­ге рұқ­сат ұзар­ту ту­ра­лы өті­ніш; 2) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның са­лық заң­на­ма­сы­на сәй­кес же­ке та­быс са­лы­ғы бой­ын­ша ал­дын ала тө­лем тө­лен­ге­ні ту­ра­лы тү­бір­тек­тің элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рі; 3) соң­ғы 12 ай­да Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Мем­ле­кет­тік ше­ка­ра­сы­нан өт­ке­ні ту­ра­лы бел­гі­сі бар төл­құ­жат­тың но­та­ри­ат ку­әлан­дыр­ған кө­шір­ме­сі; 4) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген шар­ттар­да шұ­ғыл түр­де ста­ци­о­нар­лық жағ­дай­лар­да ал­ғаш­қы ме­ди­ци­на­лық-са­ни­та­ри­я­лық кө­мек­ті және ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ме­ди­ци­на­лық кө­мек­ті жа­ба­тын, қол­да­ны­лу мер­зі­мі өті­ніш­те көр­се­ті­л­ген және «Бі­рың­ғай сақ­тан­ды­ру де­рекқо­ры» ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған ақ­па­рат­тық жүй­е­сін­де тір­кел­ген мер­зім­нен кем бол­май­тын жүк­тел­ген ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; 5) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес жұ­мыс бе­ру­ші мен көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ара­сын­да жа­сал­ған Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да жұ­мыс бе­ру­ші­мен ең­бек шар­ты­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі. 11 Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген негіз­дер Ең­бек­ші кө­шіп ке­лу­ші­ге рұқ­сат бе­ру және ұзар­ту ке­зін­де: 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау; 2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау ми­ни­стрі­нің 2022 жы­л­ғы 15 сәу­ір­де­гі №123 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген Ең­бек­ші кө­шіп ке­лу­ші­ге рұқ­сат бе­ру, ұзар­ту және ке­рі қай­та­рып алу қа­ғи­да­ла­ры­мен (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 27595 бо­лып тір­кел­ді) бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі; 3) уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ке­лі­сі­мі ту­ра­лы сұ­рау са­лу­ға бе­рі­л­ген те­ріс жа­у­ап, сон­дай-ақ са­рап­та­ма­ның, зерт­те­удің не тек­се­ру­дің те­ріс қо­ры­тындысы; 4) ше­тел аза­ма­ты­ның аза­мат­тығ­ы­ның «Ха­лық­тың кө­ші-қо­ны ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 43-1-ба­бы 1-тар­ма­ғы­ның 1) тар­мақ­ша­сын­да көз­дел­ген шар­ттар­ға сәй­кес кел­ме­уі; 5) «Ха­лық­тың кө­ші-қо­ны ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 43-2-ба­бы­ның 5-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген шар­ттар­ға сәй­кес кел­ме­уі; 6) же­ке та­быс са­лы­ғы бой­ын­ша тө­лем бо­лу ау­ма­ғы­на сәй­кес кел­мей­тін мем­ле­кет­тік кі­рі­стер ор­ган­да­ры­на тө­лен­ген; 7) «Са­лық және бюд­жет­ке тө­ле­не­тін бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ко­дек­сі­нің 360-ба­бы­ның 2-тар­ма­ғын­да неме­се 658-ба­бы­ның 5-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген же­ке та­быс са­лы­ғы бой­ын­ша ал­дын ала тө­лем со­ма­сы­ның сәй­кес кел­ме­уі; 8) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты оның қыз­ме­тіне неме­се мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы; 9) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін, «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес бе­рі­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі бол­мауы. 12 Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің көр­се­ту ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ті­ле­тін өзге де та­лап­тар 1) Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс-ор­та­лы­ғы неме­се пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­нет» ар­қы­лы қа­шық­тық­тан қол­же­тім­ді­лік ре­жи­мін­де мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет тәр­ті­бі мен ба­ры­сы ту­ра­лы ақ­па­рат алу­ға мүм­кін­ді­гі бар; 2) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша анық­та­ма қыз­мет­те­рі­нің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры 1414, 8-800-080-7777; 3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­да ЭЦҚ болған кез­де, оның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті «элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы неме­се «migration.enbek.kz» пор­та­лы ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу мүм­кін­ді­гі бар.
Басқа 1.3. Қазақстан Республикасында жұмыс беруші-жеке тұлғамен еңбек шартын жасасу ниеті туралы келісім
Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларына 3-қосымша Нысан Қазақстан Республикасында жұмыс беруші-жеке тұлғамен еңбек шартын жасасу ниеті туралы келісім 20__ жылғы «____»___________ Бұдан әрі «1-тарап» деп аталатын жұмыс беруші (жеке тұлға) ____________________________________________ (Т.А.Ә.) (жеке басын куәландыратын құжат № ____ 20__жылғы «___»_____, _________ берген) бір тараптан және бұдан әрі «2-тарап» деп аталатын жұмыскер ____________________ ________________________________________, (Т.А.Ә.) (паспорт сериясы _______ 20__жылғы «_____»________, __________берген) екінші тараптан, «2-тарап» Қазақстан Республикасына кірген кезде мынадай талаптарды көздейтін еңбек шартын жасасу туралы ниетке қол қоюға келісті: 1. 1-тарап пен 2-тарап орындалатын жұмыстардың көлемі, жұмыстарды орындау мерзімдері және үй шаруашылығында орындалатын басқа да шарттар туралы уағдаласты. 2. 2-тарап 1-тараптың үй шаруашылығына _____________________ ретінде (кәсіптің атауы) қабылданады; 3. 1-тарап осы Келісімде және еңбек шартында көзделген жалақыны ___________ теңге сомасында толық көлемде төлеуді жүзеге асырады; 4. Тараптардың ҚР еңбек және көші-қон заңнамасын, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі техникасы қағидаларын және т. б. сақтауы; 5. 2-тараптың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген көшіп келушілердің келуі мен болуы жөніндегі талаптарды сақтауы; 6. 1-тараптың ішкі істер органдарын 3 (үш) жұмыс күні ішінде еңбекші көшіп келушілердің келгені туралы хабарлауы; 7. 1-тараптың 2 (екі) жұмыс күні ішінде еңбекші көшіп келушіге рұқсат берген органға 2-тараппен еңбек қатынастарын тоқтату туралы хабарлауы; 8. 1-тарап жұмыскердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ЖСН, ЭЦҚ алуына 2-тарапқа жәрдемдеседі; 9. 2-тарап рұқсат алғаннан кейін Тараптардың еңбек шартын жасасуы; 10. 1-тараптың Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 23-бабы 2-тармағының 27) тармақшасында көзделген тәртіппен еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде еңбек шартын тіркеуі не еңбек шартын «hr.enbek.kz» веб-порталында жасасу. Ескертпе: Осы Келісім шетел азаматының Қазақстан Республикасына кіруіне негіз болып табылмайды. Тараптардың деректемелері және басқа да мәліметтер: 1-тарап ________________________________ (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)) ЖСН____________________________ Тіркеу мекенжайы ______________________ Телефон:_________________________ Қолы _________________________ 2-тарап ________________________________ (Т.А.Ә.(ол болған жағдайда)) ЖСН____________________________ Тіркеу мекенжайы______________________ Телефон:________________________ Қолы _________________________
Басқа 1.4. Жұмыс беруші-жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға ЕҢБЕКШІ КӨШІП КЕЛУШІГЕ РҰҚСАТ № < Рұқсат нөмірі >
Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларына 4-қосымша Жұмыс беруші-жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға ЕҢБЕКШІ КӨШІП КЕЛУШІГЕ РҰҚСАТ № < Рұқсат нөмірі > (ұзартылатын рұқсат нөмірі: №___________________) Т.А.Ә.: <тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) латын әліпбиінде > төлқұжат №: < төлқұжаттың сериясы және нөмірі > азаматтығы: < азаматтығы > ЖСН: < ЖСН нөмірі > ЖҰМЫС БЕРУШІ-ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДА үй шаруашылығында ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА РҰҚСАТ ЕТІЛЕДІ бастап <басталу күні> дейін <аяқталу күні> Өңір (облыс/республикалық маңызы бар қала, астана ____________________________________________________________________ Еңбекші көшіп келушінің ұлттық төлқұжатын көрсеткен кезде жарамды Рұқсат берген уәкілетті органның атауы:__________________________________ ______________________________________________ Лауазымы, Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) Рұқсат берілген күні: КК/АА/ЖЖЖЖ Назар аударыңыз! 1. Бұл құжат еңбекші көшіп келушіге Қазақстан Республикасында УАҚЫТША ТҰРУҒА НЕГІЗ БОЛМАЙДЫ. Уақытша тұруға рұқсатты (бұдан – УТР) ресімдеу үшін қабылдаушы тарап (жұмыс беруші – жеке тұлға) көші-қон қызметі бөліміне немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінуге немесе «электрондық үкімет» веб-порталы немесе «migration.enbek.kz» порталында өтінім береді. УТР уақтылы ресімделмеген жағдайда, еңбекші көшіп келуші «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 517-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатады. 2. Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты ұзарту үшін осы рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын және кемінде 5 (бес) күнтізбелік күн бұрын «электрондық үкімет» веб-порталы немесе «migration.enbek.kz» порталы арқылы өтінішпен жүгіну қажет.
Басқа 1.5. Еңбекші көшіп келушімен еңбек шартын бұзу туралы ХАБАРЛАМА
Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларына 5-қосымша Нысан қайда _______________________ (жергілікті атқарушы органның атауы) кімнен ______________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Еңбекші көшіп келушімен еңбек шартын бұзу туралы ХАБАРЛАМА Мен _____________________________________________ Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), ЖСН 20__жылғы «____» __________ № _____ рұқсаттың негізінде жұмыс істеген еңбекші көшіп келуші ________________________________ Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), ЖСН 20__жылғы «___» ________ бастап еңбек шарты тоқтатылғаны туралы хабарлаймын. __________________________________ ______ (жұмыс беруші жеке тұлғаның Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) қолы 20__ жылғы «__» _______.
Басқа 1.6. «Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу» мемлекеттік қызметін көрсетуден БАС ТАРТУ
Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларына 6-қосымша Нысан «Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу» мемлекеттік қызметін көрсетуден БАС ТАРТУ Т.А.Ә: <тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) латын әліпбиінде> төлқұжат №: < төлқұжат сериясы және нөмірі> азаматтық: < азаматтық> ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДА ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА РҰҚСАТ БЕРУДЕН БАС ТАРТЫЛДЫ («Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының 19-1-бабының 2-тармағына сәйкес) <НЕГІЗ______________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ <мемлекеттік қызметтен бас тартудың толық сипаттамасы> Рұқсат берген уәкілетті органның атауы:_____________________________ Күні: <берілген күні>
Басқа 1.7. Еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсатты кері қайтарып алу туралы АҚПАРАТ
Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларына 7-қосымша Нысан Кімге _____________________ ____________________________ еңбекші көшіп келушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қайдан _____________________ (ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының атауы) Еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсатты кері қайтарып алу туралы АҚПАРАТ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123 бұйрығымен бекітілген Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27595 болып тіркелді) 36 және 37-тармақтарына сәйкес 20___ жылғы «___»_________ берілген рұқсатты__________________________________________ ____________________________ (аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органының атауы) қайтарып алды. Жұмыс беруші-жеке тұлғаның үй шаруашылығындағы жұмыстарға (қызметтер көрсетуге) қатысы жоқ еңбек қызметін жүзеге асыруыңызға байланысты рұқсатты кері қайтарып алу негізінде Сізге Қазақстан Республикасында уақытша болу мерзімі 20__ жылғы «____» ____________ дейін қысқартылды. Осыған байланысты, көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшін Сізге жоғарыда көрсетілген күннен кешіктірмей шығу керек. _________________________________ (жергілікті атқарушы орган (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) басшысы лауазымының атауы)
Басқа 1.8. Еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсатты кері қайтарып алу туралы АҚПАРАТ
Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларына 8-қосымша Нысан Кімге _____________________ ____________________________ еңбекші көшіп келушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қайдан _____________________ (ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының атауы) Еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсатты кері қайтарып алу туралы АҚПАРАТ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123 бұйрығымен бекітілген Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27595 болып тіркелді) 36 және 37-тармақтарына сәйкес 20___ жылғы «___»_________ берілген рұқсатты___________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________ (аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органының атауы) қайтарып алды: Жұмыс беруші-жеке тұлғаның үй шаруашылығындағы жұмыстарға (қызметтер көрсетуге) қатысы жоқ еңбек қызметін жүзеге асыруыңызға байланысты рұқсатты кері қайтарып алу негізінде Сізге Қазақстан Республикасында уақытша болу мерзімі 20__ жылғы «____» ____________ дейін қысқартылды. Осыған байланысты, көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшін Сізге жоғарыда көрсетілген күннен кешіктірмей шығу керек. _____________________________ (жергілікті атқарушы орган басшысы лауазымының атауы) _________ (қолы) _____________________ (Т.А.Ә (ол болған жағдайда))
Басқа 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123 бұйрығына 2 қосымша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
Тармақ 1
1. «Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру, ұзарту және кері қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді дакто-, фото есепке алуды қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 ақпандағы № 76 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9200 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру, ұзарту және қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді тіркеу, олардың дактилоскопиялық, фотоесептерін қалыптастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 ақпандағы № 76 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 545 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11709 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. «Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру, ұзарту және қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді тіркеу, олардың дактилоскопиялық, фотоесептерін қалыптастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 ақпандағы № 76 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 473 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13782 болып тіркелген).
Тармақ 4
4. «Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру, ұзарту және кері қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді тіркеу, дакто-, фото есепке алуды қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 ақпандағы № 76 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 8 желтоқсандағы № 894 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17926 болып тіркелген).
Тармақ 5
5. «Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру, ұзарту және кері қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді тіркеу, дакто-, фото есепке алуды қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 ақпандағы № 76 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 273 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20218 болып тіркелген).
Тармақ 6
6. «Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру, ұзарту және кері қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді дакто-, фото есепке алуды қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 ақпандағы № 76 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 18 қыркүйектегі № 636 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21255 болып тіркелген).
Тармақ 7
7. «Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру, ұзарту және кері қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді дакто-, фото есепке алуды қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 ақпандағы № 76 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 16 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22082 болып тіркелген).
Тармақ 8
8. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің «Босқын мәртебесiн беру туралы өтiнiшхатты тiркеу мен қараудың қағидаларын бекіту туралы» 2010 жылғы 29 қарашадағы № 496 және «Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру, ұзарту және кері қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді дакто-, фото есепке алуды қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 8 ақпандағы № 76 бұйрықтарының кейбір құрылымдық элементтерінің қолданысын тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 24 қыркүйектегі № 576 бұйрығының 1-тармағының 2) тармақшасы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24514 болып тіркелген).