О Республиканском банке биологически активных соединений и Республиканском банке стандартных образцов лекарственных веществ и посторонних примесей Қолданыста
Басқа 0
Биологиялық белсенді қосылыстардың республикалық банкі және Дәрілік заттар мен бөгде қоспалар стандартты үлгілерінің республикалық банкі туралы
Отандық фармацевтика өнеркәсібін дамытуды ғылыми-техникалық қамтамасыз ету, республика ғалымдарының зияткерлік меншігін қорғау және дәрілік құралдарды тіркеу рәсімін оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасында алынған биологиялық белсенді заттарды есепке алу, тіркеу және сақтау ережесін әзірлесін және бекітсін;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасында алынған биологиялық белсенді заттардың үлгілерін, дәрілік заттар мен бөгде қоспалардың мемлекеттік және жұмыстық стандартты үлгілерін есепке алуды, тіркеуді және сақтауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Фитохимия институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының базасында Биологиялық белсенді қосылыстар бойынша республикалық банк және ақпараттық дерекқор құрсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық министрлігінің "Дәрілік құралдарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сараптау ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының базасында Дәрілік заттар мен бөгде қоспалардың стандартты үлгілері бойынша республикалық банкін және ақпараттық дерекқор құрсын.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 5
5. "Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 43, 513-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 21 және 22-жолдармен толықтырылсын:
Тармақ 21
"21. Биологиялық белсенді қосылыстардың республикалық банкі;
Тармақ 22
22. Дәрілік заттар мен бөгде қоспалар стандартты үлгілерінің республикалық банкі".
Тармақ 6
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі