Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел занятости и социальных программ района Аққулы» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Заңының 31 - бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18-бабы 8) тармақшасына, 124 - бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Аққулы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін: осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдансын; осы қаулыны Аққулы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын; осы қаулыны «Аққу үні - Вести Аққулы» аудандық газетінде жариялансын; осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шаралар қолдансын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Аққулы ауданы әкімінің орынбасары А. Ж. Қасымоваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Аққулы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы «14» сәуірдегі № 1-03/78 қаулысымен бекітілген «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ) Аққулы ауданының аумағында халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
«Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қармағында ұйым бар: «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі»
Тармақ 3
3. «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Аққулы ауданы, 140700, Аққулы ауылы, Амангельды көшесі, 84А ғимарат.
Тармақ 10
10. «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жұмыс тәртібі: жұмыс күндері дүйсенбі - жұма сағат 9:00-ден сағат 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден сағат 14:30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі - жексенбі.
Тармақ 11
11. Заңды тұлғаның толық атауы: мемлекеттік тілде - Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, орыс тілде - государственное учреждение «Отдел занятости и социальных программ района Аққулы».
Тармақ 12
12. Мемлекет Аққулы ауданының әкімдігі тұлғасында «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ құрылтайшысы болып табылады.
Тармақ 13
13. Осы ереже «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 14
14. «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 15
15. «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ кәсіпкерлік субъектілерімен «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мақсаты, қызметінің нысанасы, міндеттері мен өкілеттіктері
2-тарау. «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мақсаты, қызметінің нысанасы, міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 16
16. «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мақсаты: халықты жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, оның дамуына жәрдемдесу болып табылады.
Тармақ 17
17. «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметінің нысанасы: Аққулы ауданының аумағында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар салаларын дамыту мәселелерінде мемлекеттік саясатты аудандық деңгейде жүзеге асыру болып табылады.
Тармақ 18
18. Міндеттері:
Тармақша 1
1) аз қамтылған отбасыларды, жұмыссыз азаматтарды, ардагерлерді, мүгедектігі бар адамдарды және өзге де жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетуді ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамамен қарастырылған мемлекеттік кепілдіктерді, азаматтардың құқықтары мен олардың қызығушылықтарын қорғау;
Тармақша 3
3) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша халықты ақпараттандыру;
Тармақша 4
4) аудан аумағында кедейшілікті төмендету бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу;
Тармақша 6
6) халықтың әлеуметтік осал санаттарын әлеуметтік қорғау;
Тармақ 19
19. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары:
Тармақша 1-1
1-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік көмек алуға өтініш берушілерден қажетті құжаттарды сұратуға, сондай-ақ ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексеруге;
Тармақша 1-2
1-2) «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметті бағдарламалар бөлімі» ММ құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік және өзге де органдардан ақпарат сұратуға және өтеусіз негізде алуға;
Тармақша 1-3
1-3) «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ құзыретіне жататын мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте семинарлар мен кеңестер өткізу;
Тармақша 1-4
1-4) ұсынылған құжаттардың ішкі пайдалану үшін пайдаланылатын көшірмелерін куәландыруға;
Тармақша 2
2) міндеттер:
Тармақша 2-1
2-1) өзінің құзыреттілігі шегінде келісімдерді, шарттарды жасасу;
Тармақша 2-2
2-2) «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мүддесін барлық мемлекеттік органдарда, сонымен қатар сотта және құқыққорғау органдарда білдіреді; Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 20
20. Функциялары:
Тармақша 1
1) аудандағы жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау және облыстың жергілікті атқарушы органына хабарлау;
Тармақша 2
2) облыстың жергілікті атқарушы органына халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары бойынша ұсыныстар енгізу;
Тармақша 3
3) өңірлік жұмыспен қамту картасын және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру;
Тармақша 4
4) ұлттық жобалар, облыстың даму жоспарлары, өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде жұмыс орындарының құрылуын мониторингтеуді жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) кәсіпкерлік бастаманы дамыту арқылы ауданның жұмыс орындарын құруды қолдау;
Тармақша 6
6) облыстың жергілікті атқарушы органына жұмыс күшінің мобильділігін арттыру мақсатында адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы үшін елді мекендерді айқындау бойынша ұсыныстар енгізу;
Тармақша 7
7) жұмыс орындарының босау және қысқару тәуекелдері бар ұйымдарды мониторингтеуді жүзеге асыру;
Тармақша 8
8) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету мақсатында еңбек мобильділігі орталығымен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 9
9) өзінің қарауындағы арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілерді құру және олардың қызметі;
Тармақша 10
10) арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын субъектілердің арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсынуы;
Тармақша 11
11) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік жұмыскерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
Тармақша 12
12) халықтың арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген қажеттіліктеріне талдау жүргізу;
Тармақша 13
13) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру;
Тармақша 14
14) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жүйесін дамыту жөнінде шаралар қабылдау;
Тармақша 15
15) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 16
16) мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек көрсету және қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіру;
Тармақша 17
17) мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды жеке бағдарламаға сәйкес санаторийлік-курорттық емдеуді қамтамасыз ету;
Тармақша 18
18) мүгедектігі бар адамдарды жеке бағдарламаға сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету;
Тармақша 19
19) жеке бағдарламаға сәйкес жүріп-тұруы қиын, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің, есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының көрсетілетін қызметтерімен қамтамасыз ету;
Тармақша 20
20) мүгедектігі бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік көмек шараларын ұсыну;
Тармақша 21
21) өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде жан-жақты қолдаумен қамту жөніндегі жұмысты үйлестіру;
Тармақша 22
22) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қылмыстық-атқарушылық жүйе мекемелерінен босатылған, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік және өзге көмек көрсету саласында өзге өкілеттіктерді орындау;
Тармақша 23
23) аудан әкiмдігінiң, әкiмнiң, актiлерiмен комиссияның жұмыс органдары болып айқындалған аудандық комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру;
Тармақша 24
24) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімімен көзделген мемлекеттік қызметтерді халыққа көрсетеді;
Тармақша 25
25) мемлекеттік және ведомствалық есеп дайындау, бағыныштылық бойынша оларды тапсыру, белгіленген тәртіпте бухгалтерлік есеп пен есептілік жүргізу;
Тармақша 26
26) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуларды жүргізу;
Тармақша 27
27) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 21
21. «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 22
22. «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 23
23. «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бірінші басшысында орынбасарлар жоқ.
Тармақ 24
24. «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) аудан әкімдігінің бекітуіне «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ туралы Ережені және оған өзгерістер мен толықтыруларды енгізуге ұсынады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 3
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ведомстволық бағыныстағы ұйым басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметкерлерін мадақтайды, материалдық көмек көрсетеді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады.
Тармақша 5
5) «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметкерлерінің барлығы орындауға міндетті өз құзіретіне жататын мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 6
6) «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 7
7) барлық мемлекеттік органдарда, сотта және өзге де ұйымдарда меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мүддесін қорғайды;
Тармақша 8
8) барлық мемлекеттік органдарда, сотта және өзге де ұйымдарда меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мүддесін қорғау құқығына сенім хат береді;
Тармақша 9
9) «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметкерлерін іссапарға жібереді;
Тармақша 10
10) азаматтардың жеке қабылдауын жүзеге асырады;
Тармақша 11
11) «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ келешектегі және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
Тармақша 12
12) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және оған дербес жауап береді;
Тармақша 13
13) өз құзыретінің шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды. «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 25
25. «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мен коммуналдық мүлікті басқару уәкілетті органы (ауданның жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
Тармақ 26
26. «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мен тиісті саласындағы уәкілетті органы (ауданның жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
Тармақ 27
27. «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы  қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексімен, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңымен және ұжымдық шартпен сәйкес белгіленеді.
Тарау 4. 4-тарау. «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мүлкі
4-тарау. «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мүлкі
Тармақ 28
28. «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай - ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Респубикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 29
29. «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 30
30. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 31
31. «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 32
32. «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қысқартылған (таратылған) кезде несиегерлердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншігінде қалады.