Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества поселка Кызылжар Жанааркинского района Күшін жойған
Басқа 0
Жаңаарқа ауданының Қызылжар кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Жаңаарқа ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Жаңаарқа ауданының Қызылжар кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қызылжар кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін кент тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Жаңаарқа ауданының Қызылжар кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
Жаңаарқа аудандық мәслихатының
2022 жылғы «5» сәуірдегі № 21/148
шешіміне 1 қосымша
Жаңаарқа ауданының Қызылжар кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Жаңаарқа ауданының Қызылжар кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Жаңаарқа ауданының Қызылжар кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
Тармақша 2
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл тұрғындарының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
Тарау 2. 2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
Тармақ 3
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін кенттің аумағы учаскелерге бөлінеді.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
Тармақ 5
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Қызылжар кентінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Қызылжар кентінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
Тармақ 7
7. Кент шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Қызылжар кентінің әкімі ұйымдастырады. Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті кенттің оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы кентте тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Тармақ 9
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Қызылжар кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады. Қызылжар кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
Тармақ 10
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін кент тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Жаңаарқа ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.
Тармақ 11
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 12
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол тиісті Қызылжар кентінің әкімінің аппаратына беріледі.
Басқа 2. Қызылжар кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін кент тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Жаңаарқа аудандық мәслихатының
2022 жылғы 5 сәуірдегі №21/148
шешіміне 2 қосымша
Қызылжар кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін кент тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
№
Көшелердің атауы
Өкілдерінің саны (адам)
1
А.Даулетбеков
1
2
Ж.Садуақасов
1
3
Б.Сағынтаев
1
4
Ш.Үсенов
1
5
Мұса Әмзе
1
6
Б. Аймұханов
1
7
Қ. Байдаулетов
1
8
Бейбітшілік
1
9
Жеңістің 40 жылдығы
1
10
Ш.Ералиев
1
10