Об утверждении нормативов субсидирования затрат на закуп сельскохозяйственной продукции для производства продуктов ее глубокой переработки Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау нормативтерін бекіту туралы «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 12-тармағының 12-7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы №3-2/615 «Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10087 болып тіркелген) сәйкес, Шымкент қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау нормативтері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы оның ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А.Сәттібаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау нормативтері
Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 12 сәуірдегі № 575 қаулысына қосымша Ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау нормативтері Ауыл шаруашылығы өнімінің атауы Тереңдете өңделген өнімдердің атауы Шикізатқа қайта есептелген субсидиялар нормативтері, (теңге/литр, килограмм) Сүт Сары май 18 Сүт Қатты ірімшік 28