Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел физической культуры и спорта акимата города Лисаковска» Қолданыста
Басқа 0
«Лисаков қаласы әкімдігінің дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Лисаков қаласы әкімдігінің дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Лисаков қаласы әкімдігінің дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) жоғарыда көрсетілген Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін филиалына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. «Лисаков қаласы әкімдігінің дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Әкімдіктің
2022 жылғы «01» сәуірдегі
№ 123 қаулысымен
бекітілді
«Лисаков қаласы әкімдігінің дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Лисаков қаласы әкімдігінің дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі Лисаков қаласы аумағында дене шынықтыру және спорт саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. «Лисаков қаласы әкімдігінің дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. «Лисаков қаласы әкімдігінің дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. «Лисаков қаласы әкімдігінің дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және өз атауы казақ және орыс тілдерінде жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. «Лисаков қаласы әкімдігінің дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. «Лисаков қаласы әкімдігінің дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. «Лисаков қаласы әкімдігінің дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Лисаков қаласы әкімдігінің дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111200, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Лисаков қаласы, Верхнетобольская көшесі.
Тармақ 10
10. Осы ереже «Лисаков қаласы әкімдігінің дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. «Лисаков қаласы әкімдігінің дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. «Лисаков қаласы әкімдігінің дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Лисаков қаласы әкімдігінің дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер «Лисаков қаласы әкімдігінің дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Міндеттері:
осы саладағы мемлекеттік саясат қағидаттары негізінде дене шынықтыру мен спортты дамыту.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары:
бөлім құзыретінің мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан және ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес дене шынықтыру және спорт саласында басқа да құқықтарды жүзеге асыру.
Тармақша 2
2) міндеттері:
сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және дене шынықтыру және спорт саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу саласындағы заңнаманың нормаларын сақтау;
Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) дене шынықтыру және спорт саласындағы саясатты қалыптастыру және халықтың дене шынықтыру және спорт сұраныстарын қанағаттандыру үшін жағдай жасауда дене шынықтыру және спорт мекемелеріне көмек көрсету;
Тармақша 2
2) қалалық деңгейде спорттық жарыстар өткізу, оларды өткізу бойынша жұмыстарды регламенттейтін спорттық жарыстар өткізу туралы ережелерді бекіту;
Тармақша 3
3) қаланың құрама командаларын даярлауды жүзеге асыру және спортшылардың облыс чемпионаттары мен біріншіліктеріне қатысуын қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту;
Тармақша 5
5) дене шынықтыру мен спортты дамыту, дене шынықтыру-спорттық іс-шаралардың сауықтыру бағыты мәселелері бойынша ведомстволық бағыныстылығына қарамастан әртүрлі ұйымдардың, мекемелердің, бірлестіктер мен кәсіпорындардың қызметін үйлестіру;
Тармақша 6
6) дене шынықтыру мен спортты ақпараттандыруды жүзеге асыру;
Тармақша 7
7) дене шынықтыру және спорт жүйесі қызметкерлерінің заңда көзделген әлеуметтік құқықтарын қорғау;
Тармақша 8
8) бөлімнің іс қағаздарын жүргізеді және бөлімге келіп түсетін хат-хабарларды өңдейді, басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдардан келіп түсетін ақпаратты, сондай-ақ бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін жинауды және өңдеуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 9
9) бөлімнің, кеңестердің және басқа да іс-шаралардың жұмысын жоспарлайды, оларды дайындау мен өткізуді ұйымдастырады;
Тармақша 10
10) анықталған бұзушылықтарды, заңнаманы сақтамауды жою жөнінде шаралар қабылдайды;
Тармақша 11
11) мемлекеттік тілді кеңінен қолдануға бағытталған шараларды қабылдайды;
Тармақша 12
12) жұмыстың тәсілі мен әдістерін жақсарту, ақпараттық технологиялардың жаңа нысандарын енгізу бойынша жұмыс жүргізеді;
Тармақша 13
13) спорттық разрядтар мен санаттар беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді;
Тармақша 14
14) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша есептік ақпарат ұсынады;
Тармақша 15
15) спортшыларға: 2-разрядты, 3-разрядты, 1-жасөспірімдік-разрядты, 2-жасөспірімдік-разрядты, 3-жасөспірімдік-разрядты спорттық разрядтар береді;
Тармақша 16
16) бөлімнің құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтердің сапасына бақылау жүргізеді;
Тармақша 17
17) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес дене шынықтыру және спорт саласында басқа да функцияларды жүзеге асырады;
Тармақша 18-1
18-1) бюджет қаражатының көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын қаржыландыруға арналған мемлекеттік спорттық тапсырысты бекітеді;
Тармақша 18-2
18-2) мемлекеттік спорттық тапсырысты мемлекеттік спорттық тапсырысты жеткізушілердің меншік нысанына, олардың ведомстволық бағыныстылығына, үлгілері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында орналастыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 18-3
18-3) мемлекеттік спорттық Тапсырысты орналастырудың, сапаны бақылаудың және нысаналы игерудің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда орындалуын қамтамасыз етеді.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. «Лисаков қаласы әкімдігінің дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырыды, ол «Лисаков қаласы әкімдігінің дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. «Лисаков қаласы әкімдігінің дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. «Лисаков қаласы әкімдігінің дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасарлары жоқ.
Тармақ 19
19. «Лисаков қаласы әкімдігінің дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттіктерін ол болмаған кезеңде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын түлға жүзеге асырады.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 20
20. «Лисаков қаласы әкімдігінің дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Тармақ 21
21. «Лисаков қаласы әкімдігінің дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. «Лисаков қаласы әкімдігінің дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген, оның теңгеріміндегі мүлікті иелену, пайдалану және билік ету құқығын дербес жүзеге асырады.
Тармақ 24
24. «Лисаков қаласы әкімдігінің дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 25
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Лисаков қаласы әкімдігінің дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі төмен бағаларға бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 26
26. «Лисаков қаласы әкімдігінің дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.