Об образовании Совета по делам оралманов при акимате Аулиекольского района Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.07.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әулиекөл ауданы әкімияты жанындағы оралмандар ісі жөніндегі Кеңес құру туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы және 31-бабына сәйкес Әулиекөл аудандық әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әулиекөл ауданы әкімияты жанындағы оралмандар ісі жөніндегі Кеңес құрылсын.
Тармақ 2
2. Әулиекөл ауданы әкімиятының жанындағы оралмандар ісі жөніндегі Кеңестің жекелеген құрамы Әулиекөл аудандық мәслихаты сессиясының бекітуіне ұсынылсын (1-қосымша).
Тармақ 3
3. Әулиекөл ауданы әкімияты жанындағы оралмандар ісі жөніндегі Кеңес туралы ереже бекітілсін (2-қосымша).
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Әулиекөл ауданы әкімінің орынбасары Қ. Ғабдулинге жүктелсін.
Басқа 5. Әулиекөл ауданы әкімиятының жанындағы оралмандар ісі жөніндегі кеңестің ҚҰРАМЫ
Әулиекөл ауданы әкімиятының 2003 жылғы 28 шілдедегі № 107 қаулысына 1-қосымша Әулиекөл ауданы әкімиятының жанындағы оралмандар ісі жөніндегі кеңестің ҚҰРАМЫ Филиппов Федор Ильич - аудан әкімі, кеңес төрағасы Ғабдулин Қанат Мырзағалиұлы - аудан әкімінің орынбасары, кеңес төрағасының орынбасары Байқас Төлеу Нұрғалиқызы - аудан әкімінің ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің жетекші маманы, кеңес хатшысы Даумова Бәтима Бексұлтанқызы - «Аудандық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы Ермағамбетов Марат Естиярұлы - «Әулиекөл аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің көші-қон полициясы тобының аға-инспекторы Нұғманова Роза Сыздыққызы - аудан әкімінің орынбасары Петров Анатолий Васильевич - Әулиекөл селосының әкімі Сәрсенбаев Берік Хамитұлы - Аудан әкімі аппаратының бас маман-бас бухгалтері Төребаева Зәуре Шынасылқызы - «Аудандық қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) Харахорина Евгения Оскаровна - «Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) Шамсутдинов Ильгиз Закиржанович - аудан әкімінің көмекшісі Шульгин Сергей Владимирович - «Аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері (келісім бойынша) Егамбердиев Жиенбай Куваничович - Өзбекстаннан келген оралман
Басқа 6. Әулиекөл ауданы әкімиятының жанындағы оралмандар ісі жөніндегі Кеңес туралы ереже
Әулиекөл ауданы әкімиятының 2003 жылғы 28 шілдедегі № 107 қаулысына 2-қосымша Әулиекөл ауданы әкімиятының жанындағы оралмандар ісі жөніндегі Кеңес туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Әулиекөл ауданы әкімиятының жанындағы оралмандар ісі жөніндегі кеңес (бұдан былай - кеңес) консультативті - кеңесші орган болып табылады. Кеңесті құрудың мақсаты Әулиекөл ауданы әкіміне қарасты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың іс - әрекетін, оралмандарды қабылдау, жайғастыру және әлеуметтік қорғау сұрақтары бойынша аудандағы қоғамдық және қайырымдылық ұйымдармен өзара қатынасты реттеу жөніндегі ұсыныстарды жасап шығу болып табылады. Өз қызметінде Кеңес Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Көші-қон туралы» Заңын, басқа да нормативтік актілер мен осы Ережені басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Кеңестің негізгі мақсаттары мен міндеттері
2. Кеңестің негізгі мақсаттары мен міндеттері
Тармақ 1
2. Өз қызметінің барысында Кеңес келесі мақсаттар мен міндеттерді атқарады:
Тармақша 1
1) Оралмандарға көмек көрсету мақсатында қоғамдық және қайырымдылық ұйымдарымен бірлесе іс-қимыл жасауды;
Тармақша 2
2) Әулиекөл ауданы әкіміне қарайтын жергілікті мемлекеттік органдар мен мекемелердің оралмандарды қабылдау, жайғастыру, медициналық жәрдем көрсету, балаларын мектептерде оқыту, әлеуметтік қорғау, тіркеу, азаматтығын алу, үй-жәймен қамсыздандыру, жұмысқа орналастыру, оқыту және кәсіби дайындық, оралмандар арасындағы іскерлікті дамыту мәселелері бойынша іс-әрекеттерін реттеуді;
Тармақша 3
3) Оралмандар мәселелері бойынша ұсыныстарды дайындау және оны тиісті органдарға кіргізу.
Тарау 3. 3. Кеңестің іс-әрекетін ұйымдастыру
3. Кеңестің іс-әрекетін ұйымдастыру
Тармақ 1
3. Кеңесті төраға басқарады. Кеңестің мәжілісі төрағаның немесе оның тапсыруымен төраға орынбасарының қажетті жағдайда, бірақ жылына екі реттен кем емес мерзімде шақырылады.
Тармақ 2
4. Кеңестің жұмысының ұйымдастырылуын, тиісті материалдарды, ұсыныстарды дайындауды Кеңестің хатшысы атқарады. Кеңес өз іс-әрекетін қоғамдық бастамамен атқарады.
Тармақ 3
5. Кеңестің шешімі ашық дауыспен қабылданады және қабылданды деп саналады, егер оған Кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе. Дауыстар тең түскен жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданады.
Тармақ 4
6. Кеңес мәжілісінің өту нәтижесі бойынша Кеңестің төрағасы мен хатшысы қол қойған хаттама түзіледі. Кеңес шешімі ұсынушы сипатта болады.