О Совете социальной профилактики правонарушений при акимате Южно-Казахстанской области Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.07.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімияты жанындағы құқық бұзушылықтардың әлеуметтік алдын алу кеңесі туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 27-бабы 1-тармағының 12 және 21-тармақшаларына сәйкес, құқық бұзушылықтардың әлеуметтік алдын алу мәселелеріндегі құқық қорғау және мемлекеттік органдарының өзара іс-әрекет етуін жақсарту мақсатында:
Тармақ 1
1. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімияты жанындағы құқық бұзушылықтардың әлеуметтік алдын алу кеңесі құрылсын.
Тармақ 2
2. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімияты жанындағы құқық бұзушылықтардың әлеуметтік алдын алу кеңесі туралы ереже бекітілсін (қосымша).
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімнің орынбасары Ә. Бектаевқа жүктелсін.
Басқа 4
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімияты жанындағы құқық бұзушылықтардың әлеуметтік алдын алу кеңесі туралы облыс әкімиятының 2003 жылғы 12 шілдедегі N 355 қаулысына қосымша Оңтүстік Қазақстан облысының әкімияты жанындағы құқық бұзушылықтардың әлеуметтік алдын алу кеңесі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімияты жанындағы құқық бұзушылықтардың әлеуметтік алдын алу кеңесі (әрі қарай - Кеңес) құқық бұзушылықтар мен қоғамға қарсы көріністердің алдын алу мәселелеріндегі мүдделі мемлекеттік органдар мен мекемелердің өзара іс-әрекет етуін ұйымдастыру мақсатында құрылатын тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган.
Тармақ 2
2. Кеңес қызметінің құқықтық негізі Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілері және осы ереже болып табылады.
Тармақ 3
3. Кеңес өз қызметінде облыс әкімиятының алдында жауапты болады.
Тарау 2. 2. Кеңесті құру және оның құрылымы
2. Кеңесті құру және оның құрылымы
Тармақ 4
4. Кеңес облыс әкімиятының қаулысымен құрылады. Кеңестік жеке құрамы облыстық мәслихаттың сессиясында бекітіледі.
Тармақ 5
5. Кеңеске облыс әкімінің орынбасары - төраға басшылық жасайды. Кеңес төрағасының орынбасары Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер бас басқармасы бастығының орынбасары болып табылады.
Тармақ 6
6. Кеңестің тұрақты мүшелері - облыстық әлеуметтік саласы, білім, денсаулық сақтау мәселелеріне жетекшілік ететін облыстық қаржы және коммуналдық меншік, экономика, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменттері, мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім, әділет басқармалары бастықтарының орынбасарлары, қоғамдық бірлестіктердің, сондай-ақ облысты? әскери комиссариат өкілдері. Кеңес хатшысы - облыс әкімінің аппаратындағы тұрақты жұмыс істейтін штаттағы лауазым.
Тарау 3. 3. Кеңестің мақсаттары мен міндеттері
3. Кеңестің мақсаттары мен міндеттері
Тармақ 7
7. Кеңестің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) құқық бұзушылықтардың және қоғамға қарсы көріністердің алдын алуға қатысатын мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметін үйлестіру;
Тармақша 2
2) мүдделі органдардың бостандықтан айыру орындарынан, әлеуметтік емдеу-профилактикалық және оқу-тәрбиелік мекемелерінен оралған, тұрақты мекен жайын, туыстық және әлеуметтік байланыстарды жоғалтқан адамдарды әлеуметтік бейімдеу жөніндегі өзара іс-әрекетін ұйымдастыру;
Тармақша 3
3) халық арасында құқықтық тәртіп жағдайы және құқық бұзушылықтар мен қоғамға қарсы көріністердің алдын алу жөнінен қабылданған шаралар туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бұқаралық ақпарат құралдарын тарту;
Тармақша 4
4) қылмыстардың, құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқықтық тәртіпті нығайту мәселелерінде қоғамдық және діни бірлестіктермен, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалармен өзара іс-әрекет ету.
Тарау 4. 4. Кеңестің құзыреті
4. Кеңестің құзыреті
Тармақ 8
8. Кеңестің құзыретіне мыналар жатады:
Тармақша 1
1) құқық бұзушылықтардың, маскүнемдік пен алкоголизмнің, нашақорлық пен уытқұмарлықтың алдын алу жөніндегі өңірлік бағдарламаларды әзірлеу және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастыруға қатысу;
Тармақша 2
2) құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінен қабылданған шаралар туралы мүдделі мемлекеттік органдар басшыларының есептерін тыңдау және құқық бұзушылықтар мен қоғамға қарсы көріністерді жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған шешімдерді шығару;
Тармақша 3
3) құқық бұзушылықтардың, маскүнемдік пен алкоголизмнің, нашақорлық пен уытқұмарлықтың алдын алу саласында насихат және социологиялық зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) құқық бұзушылықтардың және қоғамға қарсы көріністердің алдын алуға қатысатын органдар мен мекемелердің оң тәжірибесін қорытындылау және тарату, оларға әдістемелік, ұйымдастыру және практикалық көмек көрсету;
Тармақша 5
5) Қызметі құқық бұзушылықтардың және қоғамға қарсы көріністердің алдын алумен байланысты қоғамдық ұйымдарға ықпал ету.
Тарау 5. 5. Кеңес жұмысын ұйымдастыру
5. Кеңес жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 9
9. Кеңес өз қызметін жұмыс мәжілістері нысанында облыс әкімі бекітетін жыл сайынғы жоспарлардың негізінде жүзеге асырады. Қаралатын мәселеге байланысты мәжіліске құқық бұзушылықтардың және қоғамға қарсы көріністердің алдын алуға қатысатын құқық қорғау органдары қызметкерлері және мекемелер мен ұйымдардың басшылары, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің өкілдері шақырылуы мүмкін. Кеңес мәжілістері тоқсанына бір рет өткізіледі. қажет болған жағдайда кезектен тыс мәжіліс облыс әкімінің, Кеңес төрағасының немесе оның елу пайыздан астам мүшелерінің бастамасы бойынша өткізілуі мүмкін.
Тармақ 10
10. Кеңес хатшысы мәжіліс өткізуді дайындауды қамтамасыз етеді, облыс әкімияты, мүдделі мемлекеттік органдар мен қоғамның ұсыныстары негізінде мәжілістің қарауына енгізілетін мәселелердің тізбесін қалыптастырады, хаттама жүргізеді, қабылданған шешімдердің орындалу барысы туралы есеп дайындайды.
Тармақ 11
11. Кеңестің әрбір мәжілісінің қорытындысы бойынша атқарушы органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелері үшін ұсыныс сипатындағы шешімдер қабылдайды. Жалпы міндетті мәні бар немесе азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысы бар шешімдерді қабылдау қажет болған жағдайда Кеңес заңнамада белгіленген тәртіппен облыс әкімі бекітетін, облыстық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өтуге және ресми жариялануға жататын нормативтік-құқықтық актінің жобасын әзірлейді.
Тармақ 12
12. Кеңес актілерінің әрекет етуі заңда белгіленген тәртіппен тоқтатылуы немесе күшін жоюы мүмкін.