Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел занятости и социальных программ Карасуского района» Күшін жойған
Басқа 0
«Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес, Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) жоғарыда көрсетілген Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жолдауды;
Тармақша 3
3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. «Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Қарасу ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 14 сәуірдегі
№ 66 қаулысымен
бекітілген
«Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Мекемесінің ведомствосында бар: «Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай–ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Мекеме мемлекеттік мекеме ұйымдық–құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай–ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді.
Тармақ 6
6. Мекеме егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық–құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Мекеме өз құзыретіндегі мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Мекеменің құрылымы мен штаттық санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Мекеменің орналасқан жері - индексі 111000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Қарасу ауылы, Аманкелді Исаков кошесі, 68 үйі.
Тармақ 10
10. Осы Ереже мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен Мекеменің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Міндеттері:
Тармақша 1
1) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктер:
Тармақша 1
1) құқықтары:
мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Мекеменің мүдделерін білдіру;
өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар;
Тармақша 2
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;
мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақытылы көрсетуді қамтамасыз ету;
Мекеменің қарамағындағы мекемелерге қатысты мемлекеттік басқару органының функцияларын жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
Тармақ 15
15. Қызметтері:
Тармақша 1
1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға бюджет қаражатының қажеттілігін болжау;
Тармақша 2
2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;
Тармақша 3
3) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешім шығару;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мүгедектерді әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну;
Тармақша 6
6) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, халыққа атаулы әлеуметтік көмек көрсету саласындағы мемлекеттік әлеуметтік саясатты іске асыру;
Тармақша 7
7) тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу;
Тармақша 8
8) коммерциялық емес (үкіметтік емес) ұйымдармен өзара іс-қимыл;
Тармақша 9
9) қарт азаматтар мен мүгедектерге үйде қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыру;
Тармақша 10
10) 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы кезеңде кемінде 6 ай жұмыс істеген адамдарға жұмыс өтілін белгілеу үшін арнайы комиссияның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;
Тармақша 11
11) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу үшін арнайы комиссияның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру. Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендерге жеңілдіктер мен өтемақылар алу құқығын растайтын куәліктер беру;
Тармақша 12
12) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамдардың (отбасылардың) өтініштерін қарау және әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындылар шығару бойынша арнайы комиссияның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;
Тармақша 13
13) жеке және заңды тұлғалардың, бөлім басшысының және бөлім орынбасарының өтініштерін қабылдау, тіркеу және есепке алуды жүзеге асыру, олар бойынша қажетті шаралар қабылдау;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
Тармақ 16
16. Мекемеге басшылықты Мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 18
18. Мекеменің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
Тармақ 19
19. Мекеменің бірінші басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Мекеме қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 2
2) заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
Тармақша 3
3) бұйрықтар шығарады және Мекеменің барлық қызметкерлері үшін міндетті нұсқаулар береді;
Тармақша 4
4) қызметтік құжаттарға қол қояды;
Тармақша 5
5) Мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
Тармақша 6
6) Мекеме қызметкерлерінің белгіленген саны және еңбекке ақы төлеу қоры шегінде штат кестелерін бекітеді;
Тармақша 7
7) бюджеттік бағдарламалар әкімшісін және мекеменің міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын бекітеді;
Тармақша 8
8) өз құзыреті шегінде Мекеменің қаражаты мен мүлкіне иелік етеді;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Мекеменің бірінші басшысы өз орынбасарының өкілеттілігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік органның мүлкі
4. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 21
21. Мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.