Об установлении ограничительных мероприятий в селе Берель Жамбылского сельского округа Катон - Карагайского района Восточно-Казахстанской области Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Жамбыл ауылдық округінің Берел ауылында шектеу іс - шараларын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 - бабының 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 - бабының 7) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Катонқарағай аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2022 жылғы 31 наурыздағы № 55 ұсынысына сәйкес, ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Жамбыл ауылдық округінің Берел ауылында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс - шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.