О создании государственного учреждения «Отдел государственных активов и закупок акимата города Костаная» путем реорганизации государственного учреждения «Отдел финансов акимата города Костаная» Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру жолымен «Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесін құру туралы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 608 қаулысына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінен қаланың коммуналдық мүлкін басқару жөніндегі функцияларды бөлу жолымен «Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылсын.
Тармақ 2
2. «Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» және «Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемелерінің қоса берілген ережелері бекітілсін.
Тармақ 3
3. «Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» Қостанай қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 18 наурыздағы № 869 қаулысы жойылсын.
Тармақ 4
4. «Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы жоғарыда көрсетілген ережелердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әділет органдарында тіркелуін қамтамасыз етсін.
Басқа 5. «Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Қостанай қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 21 сәуірдегі № 1256 қаулысымен бекітілген «Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қала бюджетін атқару, бюджеттік есепті және қалалық бюджеттің атқарылуы бойынша есептілікті жүргізу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. «Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. «Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. «Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. «Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. «Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. «Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Пушкин көшесі, 98.
Тармақ 10
10. Осы Ереже «Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. «Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. «Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер «Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамада кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) түсімдер мен шығыстар бойынша қалалық бюджетті атқару;
Тармақша 2
2) қалалық бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік есеп пен есептілікті, мониторингті жүргізу.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Құқықтары: мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан және өзге де ұйымдардан «Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті ақпарат, құжаттар және өзге де материалдар сұрату және алу; жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша секвестр белгіленетін бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша төлемдерді жүзеге асыруды тоқтата тұру; қалалық бюджетті атқару бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қызметін үйлестіру; қалалық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелермен Қазақстан Республикасының қалалық бюджеттің орындалуы туралы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауға бақылауды жүзеге асыру.
Тармақша 2
2) Міндеттері: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау; өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) қалалық бюджетті атқаруды ұйымдастыру және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджетті атқару жөніндегі қызметін үйлестіру;
Тармақша 2
2) өтімділікті басқаруды жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) төлемдер бойынша түсімдер және қаржыландырудің жиынтық жоспарын, қалалық бюджеттің міндеттемелері бойынша жиынтық жоспарды құрастыру, бекіту;
Тармақша 4
4) түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, қалалық бюджеттің міндеттемелері бойынша жиынтық жоспарға өзгерістер енгізу;
Тармақша 5
5) қалалық бюджеттің атқарылуына бюджеттік есеп жүргізу, қаржылық және шоғырландырылған қаржылық есептілік;
Тармақша 6
6) бюджеттік мониторингті жүзеге асыру;
Тармақша 7
7) бюджеттік кредиттердің тіркелуін, есепке алуды, мониторингті қамтамасыз ету, бюджеттік кредиттерді өтеуді және қызмет көрсетуді жүзеге асыру;
Тармақша 8
8) мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қостанай қаласы әкімдігінің нормативтік құқықтық және нормативтік емес актілерінің жобаларын дайындау және келістіру;
Тармақша 9
9) өз құзыреті шегінде бірыңғай бюджеттік сыныптаманың бюджетке түсетін түсімдер сыныптамасының кодтары бойынша бюджетке түсетін түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын қалалық бюджеттен қайтаруды және (немесе) есепке жатқызуды қамтамасыз ету.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. «Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. «Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын лауазымына Қостанай қаласының әкімі тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 18
18. «Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
Тармақ 19
19. «Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі: «Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атынан әрекет етеді; барлық ұйымдарда «Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүддесін қорғайды; заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікті басқарады; шарттар жасасады; сенімхаттар береді; қаржылық құжаттарға бірінші қол қою құқығына ие; барлық қызметкерлерге орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді; «Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне көтермелеу шараларын және тәртіптік жаза қолданады; әкімдік актілерінің жобаларын дайындау кезінде оның «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нормативтік емес құқықтық акті немесе нормативтік құқықтық акті болып табылатынын анықтайды; әзірлеуші органы мемлекеттік мекеме болып табылатын әкімдіктің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу, қабылдау және кейіннен мемлекеттік тіркеу барысына тікелеу бақылау жасайды; жобалардың уақтылы, сапалы әзірленуіне, ресімделуіне және әкімдікке белгіленген мерзімдерде ұсынылуына, сонымен қатар жобалардың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің түпнұсқалылығына дербес жауапты болады. «Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Тармақ 20
20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
Тарау 4. 4 - тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4 - тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 21
21. «Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. «Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. «Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. «Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 48. «Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Қостанай қаласы әкімдімдігінің 2017 жылғы 21 сәуірдегі № 1256 қаулысымен бекітілген «Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесі қаланың коммуналдық меншігін басқару саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. «Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. «Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. «Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. «Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. «Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. «Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Толстой көшесі, 74.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 11
11. Осы Ереже «Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 12
12. «Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Қостанай қаласы әкімдігінің «Мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Қостанай қаласы әкімдігінің «Мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңдарымен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген болса, мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Тармақ 14
14. «Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы қаланың коммуналдық меншігін тиімді басқару.
Тармақ 15
15. Міндеттері: - қаланың коммуналдық меншігін басқару;
Тармақ 16
16. Функциялары:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдардың мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік сатып алулар бойынша жиынтық есепті құрастыру саласындағы жұмысын үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) коммуналдық мүлік тізілімін жүргізу, қаланың коммуналдық мүлкін пайдалануға мониторингті жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, коммуналдық мүлік объектілерін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға мүліктік жалдауға (жалға алуға), өтеусіз пайдалануға және кейіннен сатып алу құқығынсыз не шағын кәсіпкерлік субъектілеріне өтеусіз негізде меншікке кейіннен беру құқығымен сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі жұмысты жүргізу
Тармақша 4
4) қаланың коммуналдық мүлік объектілерін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға мүліктік жалдауға (жалға алуға), кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен меншігіне өтеусіз негізде ұсыну, сондай-ақ қаланың коммуналдық мүлкін кепілдікке және өтеусіз пайдалануға беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға беру жұмыстарын жүргізу;
Тармақша 5
5) қаланың коммуналдық мүлкін (тұрғын емес мақсатта) жалға алушылар шегінде жалгерлік ақыны (айыппұлдар) есептеуді және қала бюджетіне жалгерлік төлемдердің уақтылы және толық түсуіне бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) жекелеген негіздер бойынша қаланың коммуналдық меншігіне айналдырылған (түскен) қаланың мүлкін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастыру;
Тармақша 7
7) сенімгерлік басқарушының қаланың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауына бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 8
8) қаланың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асыру, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тарту, жекешелендіру объектісінің бағалауын қамтамасыз ету, жекешелендіру объектісінің сату-сатып алу шарттарын дайындау мен жасасуды және сату-сатып алу шарттарының талаптарын сақтауға бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды өз құзыретінің шегінде жүзеге асыру.
Тармақ 17
17. Құқықтары мен міндеттері:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан және өзге де ұйымдардан «Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті ақпарат, құжаттар және өзге де материалдар сұрату және алу;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
Тармақ 18
18. «Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. «Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысын лауазымына Қостанай қаласының әкімі тағайындайды және қызметен босатады.
Тармақ 20
20. «Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) «Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атынан әрекет етеді;
Тармақша 2
2) барлық ұйымдарда «Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүддесін қорғайды;
Тармақша 3
3) заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікті басқарады;
Тармақша 4
4) шарттар жасасады;
Тармақша 5
5) сенімхаттар береді;
Тармақша 6
6) қаржылық құжаттарға бірінші қол қою құқығына ие;
Тармақша 7
7) барлық қызметкерлерге орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 8
8) «Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне көтермелеу шараларын және тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 9
9) әкімдік актілерінің жобаларын дайындау кезінде оның «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нормативтік емес құқықтық акті немесе нормативтік құқықтық акті болып табылатынын анықтайды;
Тармақша 10
10) әзірлеуші органы мемлекеттік мекеме болып табылатын әкімдіктің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу, қабылдау және кейіннен мемлекеттік тіркеу барысына тікелеу бақылау жасайды;
Тармақша 11
11) жобалардың уақтылы, сапалы әзірленуіне, ресімделуіне және әкімдікке белгіленген мерзімдерде ұсынылуына, сонымен қатар жобалардың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің түпнұсқалылығына дербес жауапты болады;
Тармақша 12
12) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. «Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік органның мүлкі
4. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 21
21. «Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. «Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. «Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. «Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.