Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел культуры и развития языков акимата города Лисаковска» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Лисаков қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Лисаков қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Лисаков қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) жоғарыда көрсетілген ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. «Лисаков қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Әкімдіктің 2022 жылғы «01» сәуірдегі № 122 қаулысымен бекітілді «Лисаков қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Лисаков қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі) Қазақстан Республикасының мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ведомстволары бар:
Тармақша 1
1) «Лисаков қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жанындағы «Қалалық мәдениет және спорт орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
Тармақша 2
2) «Лисаков қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 3
3) «Лисаков қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Лисаков орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 4
4) «Лисаков қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Россия» мәдениет үйі» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 3
3. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ тілінде мемлекеттік мекеменің өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары бар, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111200, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Лисаков қаласы, Мир көшесі, 32.
Тармақ 10
10. Осы ереже Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынастар жасауға тыйым салынады. Егер Мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары және өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары және өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәдениет және тілдерді дамыту саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету; мәдениет және тілдерді дамыту саласында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өкілеттіктер шегінде қызмет тиімділігін арттыру; мәдениет және тілдерді дамыту саласында іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері: құқықтары:
Тармақша 1
1) мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалардан және өзге де ұйымдардан Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің құзыретiне жататын мәселелер бойынша қажетті ақпараттарды, құжаттар және басқа да материалдарды сұрау және қабылдау;
Тармақша 2
2) Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ведомствосына бағынысты ұйымдарының басшыларына қажетті тапсырмалар беру;
Тармақша 3
3) тиісті аймақтағы мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен бірлесіп әрекет ету;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асырады. міндеттері:
Тармақша 1
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы заңнаманың нормаларын сақтауды қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) қаланың мәдениет мекемелерінің, кәсіпорындарының қызметін үйлестіреді;
Тармақша 2
2) жалпы қалалық мерекелер, фестивальдар, байқаулар, конкурстар және өзге іс-шаралардың өткізілуін ұйымдастырады;
Тармақша 3
3) статистикалық бақылауды іске асырады және белгіленген нысанда статистикалық есептерді ұсынады;
Тармақша 4
4) қаланың мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметкерлерін аттестациядан өткізеді;
Тармақша 5
5) тарихи ескерткiштерді есепке алу, сақтау және пайдалану жұмыстарын ұйымдастырады;
Тармақша 6
6) мемлекеттік және басқа да тілдерді дамытуға бағытталған іс-шараларды өткізеді;
Тармақша 7
7) азаматтарды тілдік қағидат бойынша кемсітуге жол бермеу үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
Тармақша 8
8) Лисаков қаласында және Октябрь кентінде көрнекі ақпаратты орналастыру туралы хабарламаларды қабылдауды және қарауды жүзеге асырады;
Тармақша 9-1
9-1) балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді қаржыландыру үшін мемлекеттік шығармашылық тапсырысты бюджеттік қаражат көлемінде бекітеді;
Тармақша 9-2
9-2) мемлекеттік шығармашылық тапсырысты балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық Тапсырыс қызметтерін жеткізушілердің меншік нысанына, олардың ведомстволық бағыныстылығына, түрлері мен түрлеріне қарамастан орналастыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 9-3
9-3) мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастырудың, сапаны бақылаудың және нысаналы игерудің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 9-4
9-4) тиісті аумақта орналасқан мәдениет ұйымдарының қызметіне мониторингті жүзеге асырады және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына белгіленген нысандағы ақпаратты, сондай-ақ статистикалық есептерді ұсынады;
Тармақша 9-5
9-5) тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды дамытуға жәрдемдеседі.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол басшылықты Мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда ұсынады;
Тармақша 2
2) Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және аппаратқа жүктелген қызметтер мен міндеттерді орындауда дербес жауапты болады;
Тармақша 3
3) Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі туралы ережені, құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстарды әзірлейді және оларды әкімдікке бекітуге енгізеді, еңбекақы қорының үнемделуі шегінде мемлекеттік қызметшілерге қосымша ақыны, материалдық ынталандыру (сыйлық) белгілейді;
Тармақша 4
4) ішкі еңбек тәртібін белгілейді;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметшілерін лауазымға тағайындайды, босатады және тәртiптiк жауапкершілікке тартады;
Тармақша 6
6) Мәдениет және тілдерді дамыту бөліміндегі мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын бақылайды;
Тармақша 7
7) әкімге қол қоюға әкімдіктің қаулыларының жобаларын ұсынады;
Тармақша 8
8) қабылданған қала әкімдігінің қаулыларын, әкімінің өкімдері мен шешімдерін орындалуын бақылау бойынша жұмыстарды үйлестіреді;
Тармақша 9
9) мемлекеттік қызмет туралы қолданыстағы заңнамасы және еңбек заңнамасына сәйкес кадрлармен жұмысты бақылайды;
Тармақша 10
10) құзыреті шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды;
Тармақша 11
11) Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметшілерін іссапарларға жібереді;
Тармақша 12
12) азаматтардың жеке қабылдауын жүзеге асырады;
Тармақша 13
13) нормативтік құқықтық актілер жобаларын, бағдарламалар және өзге де құжаттарды әзірлеу үшін жұмыс топтарын құрады;
Тармақша 14
14) Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ақшалай қаражаттарына билік етеді, қаржы құжаттарына қол қояды;
Тармақша 15
15) Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметшілерімен орындау үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 16
16) әкіммен және әлеуметтік мәселелер бойынша әкімнің орынбасарымен жүктелген өзге де функцияларды орындайды;
Тармақша 17
17) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 75-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық істерін қарайды және әкімшілік жаза қолданады. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны ауыстыратын тұлға жүзеге асырады.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 19
19. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының атынан өзiне бекiтiлген, өзiнiң балансындағы мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқықтарын дербес жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 21
21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 22
22. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi: «Лисаков қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жанындағы «Қалалық мәдениет және спорт орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны; «Лисаков қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; «Лисаков қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Лисаков орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі; «Лисаков қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Россия» мәдениет үйі» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.