Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы Қолданыста
Басқа 0
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 6 бабы 2-тармағы 7-3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16137 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
Тармақ 3
3. «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, 1-тармағы 2022 жылғы 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Басқа 5. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2022 жылғы «12» сәуірдегі
№ 51 қаулысына
1 қосымша
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
Елді мекен
Тәрбиеленушілер саны
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрлері және айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)
10,5 сағаттық болу режимі бар топтар, оның ішінде шағын орталықтар
10,5 сағаттық болу режимі бар түзету топтары
10,5 сағаттық болу режимі бар туберкулез интоксикациясы бар балалар топтары
Ауыл
26 052
70 625
129 884
107 093
Қала
23 463
62 775
113 530
94 009
Басқа 6. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері
Маңғыстау облысының әкімдігінің
2022 жылғы 12 сәуірдегі
№ 51 қаулысына
2- қосымша
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері
Елді мекеннің атауы
Тәрбиеленушілер саны
Бір күнге ата-ана төлемақысының мөлшері 3 жасқа дейін (теңге)
Бір күнге ата-ана төлемақысының мөлшері 3 жастан бастап (теңге)
Ақтау қаласы
20412
803
930
Жаңаөзен қаласы
8411
776
965
Бейнеу ауданы
3232
804
907
Қарақия ауданы
2117
889,08
1106,2
Маңғыстау ауданы
2148
844,46
1069,42
Мұнайлы ауданы
11153
778,37
944,09
Түпқараған ауданы
2846
852,62
1030,27