Об утверждении положения коммунального государственного учреждения «Аппарат маслихата Успенского района» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Успен ауданының мәслихат аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Успен ауданының мәслихат аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қоса беріліп отырған ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Успен ауданының мәслихат аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте: Ережені әділет органында тіркеу бойынша шараларды қабылдасын; осы шешімнен туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихат аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. «Успен ауданының мәслихат аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Успен аудандық мәслихатының 2022 жылғы 11 сәуірдегі № 97/14 шешімімен бекітілген «Успен ауданының мәслихат аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Успен ауданының мәслихат аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мәслихат аппараты) Успен аудандық мәслихатының (бұдан әрі – аудандық мәслихат) ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, депутаттарға өздерінің өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Мәслихат аппаратының ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Мәслихат аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Мәслихат аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Мәслихат аппараты «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өз құзыретінің мәселелері бойынша Успен аудандық мәслихат хатшысының өкімдерімен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Мәслихат аппаратының құрылымы және штат санының лимиті «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және басқа да заңнамалық актілеріне сәйкес аудандық мәслихаттың шешімімен бекітіледі.
Тармақ 9
9. Мәслихат аппаратының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141000, Успен ауданы, Успен ауылдық округі, Успен ауылы, Қазыбек би көшесі, ғимарат 71. Мәслихат аппаратының жұмыс тәртібі: дүйсенбі - жұма күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі – жексенбі.
Тармақ 10
10. Осы Ереже мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Мәслихат аппаратының кәсіпкерлік субъектілерімен мәслихат аппаратының өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Тарау 2. 2-тарау. «Успен ауданының мәслихат аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. «Успен ауданының мәслихат аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және басқа да заңнамалық актілерде белгіленген тәртіппен сессияларда, тұрақты комиссиялар және өзге де органдар мен депутаттар арқылы аудандық мәслихаттың қызметін қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) аудандық мәслихаттың сессияларында жергілікті бюджеттердің кірістерін қысқартуды немесе жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілерді және азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді қабылдауды қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) аудандық мәслихат депутаттарының қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық мәслихаттың қызметі туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдастырушылық-техникалық және басқа да жағдайларды өз өкілеттіктері шеңберінде қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық мәслихаттың ашық отырыстарын онлайн режимінде аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында трансляциялауды қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес депутаттық өкілеттіктерді жүзеге асыруға байланысты аудандық мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыруға арналған ұсыныстардың жіберілуін қамтамасыз ету және аудандық мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыруға арналған шығыстарды жоспарлау.
Тармақ 14
14. Құқықтары:
Тармақша 1
1) аудандық мәслихат қызметінің мәселелері бойынша белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдардан ақпарат сұрату;
Тармақша 2
2) аудандық мәслихаттың және оның тұрақты (уақытша) комиссияларының қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауға қатысу үшін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тарту;
Тармақша 3
3) депутаттық сауалдар мен ұсыныстарды уақытылы қарауды және іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар мен ұйымдарға депутаттық сауалдар, ұсыныстар, пікірлер, хабарламалар, шағымдар жіберу;
Тармақша 4
4) қабылданған шешімдердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақ 15
15. Міндеттері:
Тармақша 1
1) мәслихат аппаратының ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдау жұмысын жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына, азаматтарды қабылдауды, есептерді және сайлаушылармен кездесулерді ұйымдастыруға практикалық көмек көрсету және жәрдемдесу, оларды қажетті анықтамалық материалдармен қамтамасыз ету, мәслихатқа келіп түсетін ақпаратты жинақтау;
Тармақша 3
3) мәслихат сессияларында депутаттардың айтқан сыни ескертпелері мен ұсыныстарын орындау бойынша іс-шаралар әзірлеу, тұрақты комиссиялармен бірлесіп олардың орындалу барысын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) депутаттық сауалдардың уақытылы қаралуын есепке алуды және бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) депутаттарды оқытуды жүзеге асыру, мәслихаттардың озық жұмыс тәжірибесін жинақтау және практикаға енгізу;
Тармақша 6
6) мәслихат қызметінің мәселелері бойынша баяндамалардың, шешімдердің, анықтамалардың және басқа да құжаттардың жобаларын дайындауға қатысу, мәслихат сессияларының хаттамаларын ресімдеуді қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) мәслихаттың және оның тұрақты комиссияларының шешімдерін белгіленген тәртіппен кәсіпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға, лауазымды адамдар мен азаматтарға жеткізу;
Тармақша 8
8) азаматтардың хаттарын, арыздары мен шағымдарын есепке алуды және тіркеуді жүзеге асыру, оларды уақытылы қарау;
Тармақша 9
9) ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеу;
Тармақша 10
10) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтау;
Тармақша 11
11) қызметтің қоғамдық маңызы бар салаларында белгіленген жалпы мемлекеттік стандарттарды ұстану;
Тармақша 12
12) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету.
Тармақ 16
16. Функциялары:
Тармақша 1
1) аудандық мәслихат шешімімен бекітілген мәслихаттың жұмыс жоспары негізінде, сондай-ақ мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, депутаттық топтары мен депутаттар, аудан әкімі енгізетін мәселелер бойынша аудандық мәслихат сессиясын дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) аудандық мәслихаттың сессияларында жергілікті бюджеттердің кірістерін қысқартуды немесе жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілерді және аудандық мәслихатының құзыреті шегінде қабылданған және азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді қабылдауды қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты жалпыға міндетті маңызы бар мәслихаттың шешімдерін әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді және нормативтік құқықтық актілерге заңдық сараптама жүргізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) аудандық мәслихат қабылдаған және (немесе) әзірлеушілері болып табылатын немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен олардың құзыретіне жататын ескірген, сыбайлас жемқорлық сипаты бар және тиімсіз іске асырылатын құқық нормаларының нормативтік құқықтық актілеріне қатысты тұрақты құқықтық мониторингті қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) аудандық мәслихат қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстарды белгілеу, іссапар шығыстарын өтеу, депутаттардың депутаттық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті кеңсе керек-жарақтарымен қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес аудандық мәслихат сессияларын өткізуді ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету, аудандық мәслихаттың сессияларын онлайн-трансляциялауды қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық мәслихаттың ресми сайтының үздіксіз жұмыс істеуін және уақытылы өзектілендірілуін қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық мәслихат қабылдаған нормативтік құқықтық актілерді бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру;
Тармақша 9
9) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірлеуші аудандық мәслихат болып табылатын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастыру;
Тармақша 10
10) аудандық мәслихаттың жұмыс жоспарын әзірлеуді қамтамасыз ету және оны аудандық мәслихат сессиясының қарауына енгізу;
Тармақша 11
11) тұрақты комиссиялардың отырыстарын, көпшілік тыңдауларын, «дөңгелек үстелдерді», жұмыс сапарларын және көшпелі отырыстарды дайындауды жүзеге асыру, тұрақты комиссиялардың мүшелеріне қаралатын мәселелердің мәні бойынша материалдарды талдау, қорыту және уақытылы ұсыну;
Тармақша 12
12) аудандық мәслихат сайты, бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер арқылы тұрақты комиссиялар депутаттары жұмысының ашықтығын және жариялылығын қамтамасыз ету;
Тармақша 13
13) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сайлаушылардың кездесулерде және қабылдауларда айтқан өтініштерінің, ұсыныстардың, проблемалық мәселелердің қорытындылары бойынша депутаттық сауалдар дайындауды қамтамасыз ету;
Тармақша 14
14) аудандық мәслихат қызметінің мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.
Тарау 3. 3- тарау. «Успен ауданының мәслихат аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшының мәртебесі, өкілеттігі
3- тарау. «Успен ауданының мәслихат аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшының мәртебесі, өкілеттігі
Тармақ 17
17. Мәслихат аппаратын басқаруды Успен аудандық мәслихат хатшысы жүзеге асырады, ол мәслихат аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 18
18. Аудандық мәслихаттың хатшысы мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшілік дауысымен сайланады және қызметінен босатылады.
Тармақ 19
19. Аудандық мәслихат хатшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) аудандық мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуді ұйымдастырады, сессияның күн тәртібін қалыптастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етеді, мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
Тармақша 2
2) аудандық мәслихаттың сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 3
3) аудандық мәслихат сессиясының отырысын жүргізеді, аудандық мәслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) аудандық мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды аудандық мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына қатысу үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды;
Тармақша 5
5) депутаттық сауалдардың және өтініштердің қаралуын бақылайды;
Тармақша 6
6) аудандық мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 7
7) сайлаушылардың өтініштері туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы аудандық мәслихатқа әрдайым ақпарат беріп отырады;
Тармақша 8
8) аудандық мәслихаттың өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
Тармақша 9
9) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабы 1-тармағына сәйкес әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселеге бастамашылық еткен аудандық мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;
Тармақша 10
10) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады;
Тармақша 11
11) мәслихаттың тұрақты комиссияларының, өзге де органдарының қызметін үйлестіреді;
Тармақша 12
12) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарда аудандық мәслихаттың атынан өкіл болады;
Тармақша 13
13) аудандық мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі шараларды белгілейді;
Тармақша 14
14) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәслихат аппаратының қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 15
15) мәслихат аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады. Мәслихат хатшысы болмаған кезде оның өкілеттігін мәслихаттың тұрақты комиссиялар төрағаларының біреуі немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Успен аудандық мәслихат хатшысы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес мәслихат аппараты басшысының өкілеттіктерін белгілейді.
Тарау 4
Тармақ 4. 4. «Успен ауданының мәслихат аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі
4. «Успен ауданының мәслихат аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі
Тармақ 21
21. Мәслихат аппаратында заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. Мәслихат аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Мәслихат аппаратында бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе мәслихат аппаратында өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5
Тармақ 5. 5. «Успен ауданының мәслихат аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
5. «Успен ауданының мәслихат аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.