Об утверждении Правил по реализации прав акционеров на преимущественную покупку ценных бумаг Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.08.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Акционерлердiң бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқықтарын iске асыру жөнiндегi ережені бекiту туралы "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  16-бабының 2-тармағын iске асыру және акционерлердiң құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Акционерлердiң бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқығын iске асыру жөнiндегi ереже бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулы күшiне енгiзiлген күннен бастап Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының "Басымдықпен сатып алу құқығын пайдалану жөнiндегi ұсынысты акционерлерге ұсыну тәртiбi туралы" 1999 жылғы 23 ақпандағы N 23  қаулысының  (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде N 722 тiркелген, 1999 жылғы мамырда "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналында жарияланған, N 5) күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.):
Тармақша 1
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, бағалы қағаздар рыногы кәсiби қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарына және бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушысына жiберсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсiн.
Тармақ 5. Акционерлердiң бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқықтарын iске асыру жөнiндегi ереже
5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi. Ұлттық Банк Төрағасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Акционерлердiң бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқықтарын iске асыру жөнiндегi ережені бекiту туралы" 2003 жылғы 25 шілдедегі N 252 қаулысымен бекiтiлген Акционерлердiң бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқықтарын iске асыру жөнiндегi ереже Акционерлiк қоғамдардың (бұдан әрi - қоғам) жарияланған акцияларын немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа бағалы қағаздарды, сондай-ақ эмитент бұрын сатып алған, орналастырылатын бағалы қағаздарды (бұдан әрi - орналастырылатын бағалы қағаздар) акционерлердiң басымдықпен сатып алу құқықтарын iске асыру мақсатында "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  16-бабының 2-тармағын орындау үшiн Акционерлердiң бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқықтарын iске асыру жөнiндегi ереже (бұдан әрi - Ереже) әзiрленген.
Тармақ 1
1. Орналастырылатын бағалы қағаздарды сатып алуы туралы акционерлердiң мынадай хабарлама тәсiлiнiң бiрi қоғамның жарғысымен белгiленедi:
Тармақша 1
1) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленген талаптарға жауап беретiн, баспасөз басылымдарында акционерлiк қоғам жариялайтын, орналастырылған бағалы қағаздарды сатып алу туралы хабарлама;
Тармақша 2
2) әрбiр акционерге қоғам жiберетiн орналастырылған бағалы қағаздарды сатып алу туралы жазбаша хабарлама.
Тармақ 2
2. Орналастырылатын бағалы қағаздарды сатып алу туралы ұсыныс бар жазбаша хабарламада немесе баспасөз басылымдарындағы жарияланымда:
Тармақша 1
1) орналастырылатын бағалы қағаздардың саны және түрлерi;
Тармақша 2
2) орналастырылған (қоғам сатып алғандарды шегерiп тастағанда) акция санының орналастырылатын бағалы қағаздарға ара қатынасы;
Тармақша 3
3) "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  16-бабының 1-тармағының талаптарын ескере отырып бағалы қағаздар сатып алу шарты;
Тармақша 4
4) бағалы қағаздарды орналастыру бағасы;
Тармақша 5
5) орналастырылатын бағалы қағаздарды акционерлердiң сатып алу орны (орындары);
Тармақша 6
6) орналастырылатын бағалы қағаздарды акционерлердiң сатып алу мерзiмi болуға тиiс.
Тармақ 3
3. Қоғамның орналастырылатын бағалы қағаздарын сатып алу үшiн акциясының саны жеткiлiксiз акционер "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  16-бабының 1-тармағымен белгiленген сатып алу талаптарына сәйкес басқа акционерлермен ортақ меншiк құқығында орналастырылатын бағалы қағаздарды сатып алуға құқылы.
Тармақ 4
4. Орналастырылатын бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқығы бар акционерлердiң тiзiмiн бағалы қағаздарды орналастыру туралы қоғамның директорлар кеңесiнiң шешiмi қабылданған күнгi қоғам акциясын ұстаушылардың тiзiлiм деректерi негiзiнде тiркеушi жасайды.
Тармақ 5
5. Басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес орналастырылатын бағалы қағаздарды сатып алуға акционерлердiң өтiнiш беру мерзiмi акционер жазбаша хабарлама алған немесе баспасөз басылымдарында жарияланған күннен бастап кем дегенде отыз күндi құрауға тиiс.
Тармақ 6
6. Орналастырылатын бағалы қағаздарды сатып алуға қоғам акционерiнің өтiнiшi жазбаша нысанда жасалады, осы Ереженің 5-тармағында белгiленген мерзiмде қоғамға ұсынылады. Өтiнiште:
Тармақша 1
1) қоғамның акционерi сатып алуға ниет бiлдiрген бағалы қағаздардың саны мен түрi;
Тармақша 2
2) акционердiң не егер қоғам акционерi жеке тұлға болса - оның уәкiлеттi өкiлiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың аты, деректемелерi, орналасқан жерi, қолы;
Тармақша 3
3) лауазымды тұлғалардың не егер қоғам акционерi заңды тұлға болса - олардың уәкiлеттi өкiлдерiнiң атауы және орналасқан жерi, мөрi және қолдары.
Тармақ 7
7. осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.