Об утверждении Положения о лицензировании ветеринарной деятельности в Республике Казахстан Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.06.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасындағы мал дәрiгерлiк қызметтi лицензиялау туралы ереженi бекiту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.06.28. N 545 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: Қазақстан Республикасындағы мал дәрiгерлiк қызметтi лицензиялау туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
Басқа 1. Қазақстан Республикасындағы мал дәрiгерлiк қызметтi лицензиялау туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 20 тамыздағы N 1272 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы мал дәрiгерлiк қызметтi лицензиялау туралы ЕРЕЖЕ
Тармақ i. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже мал дәрiгерлiк қызметтi мемлекеттiк лицензиялаумен байланысты қарым-қатынастарды реттейдi.
Тармақ 2
2. Заңды және жеке тұлғалар жүзеге асыратын мынадай қызмет түрлерi лицензиялауға жатады: мал-дәрiгерлiк емдеу-алдын алу; мал-дәрiгерлiк мақсаттағы дәрi-дәрмек жасап шығару мен сату; азықтық қоспаларды, оның iшiнде жануарларға арналған дәстүрден тыс, минералды-витаминдi ұстама азықты өндiру мен сату; мал-дәрiгерлiк мақсаттағы дәрiлiк заттарды, биологиялық дәрi-дәрмектi, зоогигиеналық құралдар мен зооветеринарлық мақсаттағы атрибуттарды сату; мал шаруашылығы объектiлерiн дезинфекциялау, дератизациялау мен дезинсекциялау; жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды базарларда ветеринариялық-санитариялық сараптау; зертханалық-диагностикалық қызмет. 📌 ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.12. 23. N 1347  қаулысымен.
Тармақ 3
3. Мал дәрiгерлiк қызметтi жүзеге асыратын адамның лицензиясының (бұдан әрi - лицензия) болуы мiндеттi. 📌 ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.04.11. N 556  қаулысымен .
Тармақ 4
4. Лицензия иелiктен алынбайды. Лицензияны басқа адамдарға беруге тыйым салынады.
Тармақ 5
5. Осы Ережеге сәйкес берiлген лицензия лицензиатқа онда көрсетiлген мал дәрiгерлiк қызмет түрлерiн жүзеге асыруға рұқсат берiлгенiн куәландыратын ресми құжат болып табылады.
Тармақ 6
6. Шетелдiк заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар лицензияны, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларымен бiрдей шарттар мен тәртiп бойынша алады.
Тармақ ii. II. Лицензия берудiң шарттары мен тәртiбi
II. Лицензия берудiң шарттары мен тәртiбi
Тармақ 7
7. Мал дәрiгерлiк қызметке лицензия берудi Қазақстан Республикасы уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен оның аумақтық органдары (лицензиар) жүргiзедi. 📌 ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.04.11. N 556  қаулысымен .
Тармақ 8
8. Лицензияның мынадай түрлерi белгiленедi: бас - белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысуға арналған; бiржолғы - белгiлi бiр шаруашылық қызмет жасауға арналған; 📌 ЕСКЕРТУ. 8-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.04.11. N 556 қаулысымен.
Тармақ 9
9. Заңды және жеке тұлғалардың бiр мезгiлде мал дәрiгерлiк қызметтiң бiр, бiрнеше немесе барлық түрiне лицензиялары болуы мүмкiн.
Тармақ 10
10. Лицензияның бланкiлерiнiң бағалы қағаз деңгейiнде қорғаныс дәрежесi болады, олар қатаң есептiлiк құжаты болып табылады және олардың есептiк сериясы мен нөмiрi болады. Лицензия бланкiлерiн жасап шығару, есепке алу мен сақтау лицензиарға жүктеледi.
Тармақ 11
11. Лицензия алу үшiн заңды және жеке тұлғалар (өтiнiш берушiлер) лицензиарға мынадай құжаттарды ұсынады: белгiленген үлгiдегi өтiнiш; лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат; жоғары немесе арнаулы орта мал дәрiгерлiк бiлiмi туралы дипломдарының көшiрмесi; заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктiң көшiрмесi (заңды тұлғалар үшiн); жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат; лицензиаттың осы Ереженiң III тарауында көзделген талаптарға сай екенiн растайтын құжаттар.
Тармақ 12
12. Лицензиар ұсынылып отырған мәлiметтердiң сенiмдiлiгiн тексеруге құқылы.
Тармақ 13
13. Кәсiпкерлiктің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн алымның мөлшерi, оны төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының салық заңдарымен белгiленедi. 📌 ЕСКЕРТУ. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.04.11. N 556 қаулысымен.
Тармақ 14
14. Лицензия беру туралы шешiм барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген күннен бастап заңды тұлғалар үшiн - бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей, жеке тұлғалар үшiн - он күннен кешiктiрiлмей қабылданады. Лицензия беруден бас тартылған кезде лицензия беру үшiн белгiленген мерзiмдерде өтiнiш берушiге жазбаша түрде дәлелдi жауап қайтарылады.
Тармақ 15
15. Лицензия, егер: осы Ереженiң 11-тармағына сәйкес талап етiлетiн барлық құжаттар ұсынылмаса; лицензия беру үшiн алым енгiзiлмесе; өтiнiш берушiге қатысты соттың оған қызметтiң осы түрiмен айналысуға тыйым салатын шешiмi болса, берiлмейдi. Өтiнiш берушi аталған ескертулердi жойған кезде өтiнiш осы Ережеде көзделген тәртiп бойынша қаралады.
Тармақ 16
16. Мынадай себептермен: өтiнiш берушiге лицензияланатын қызметтi жүзеге асыру құқығын беру орынсыз; нарық жүргiзуге не сатуға лицензия талап етiлетiн жұмыстар мен (қызмет көрсетулермен) молыққан; нарықта монополиялық жағдай қамтамасыз етiлген; өтiнiш берушiнiң жеке басының қасиеттерi мен iскерлiк абыройы күмәндi, оның iшiнде егер тыйым салулар мен керi қайтарып алулар заңдарда белгiленген тәртiпке сәйкес өз күшiн жойған (өтелген) деп есептелсе, бұрын сотталғандығы, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға бұрын тыйым салынуы, алдыңғы лицензияның керi қайтарып алынуы себептерi бойынша күмәндi деп лицензия беруден бас тартуға тыйым салынады.
Тармақ 17
17. Егер лицензия белгiленген мерзiмде берiлмесе немесе бас тарту өтiнiш берушiге негiзсiз деп көрiнсе, ол бұл әрекеттерге заңдарда белгiленген тәртiппен шағымдануға құқылы.
Тармақ 18
18. Лицензия мынадай жағдайларда: лицензия керi қайтарып алынғанда; азаматтар кәсiпкерлiк қызметiн тоқтатқанда; заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда немесе таратылғанда; жеке тұлға қайтыс болғанда; жүзеге асырылуына лицензия берiлген iс-әрекеттер толық көлемде орындалғанда өз күшiн тоқтатады. 📌 ЕСКЕРТУ. 18-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.04.11. N 556  қаулысымен .
Тармақ 19
19. Заңды тұлға қайта тiркелген кезде лицензия заңды күшiн сақтайды.
Тармақ 20
20. Лицензияны белгiленген тәртiппен мынадай жағдайларда: лицензиат лицензияда қамтылған лицензиялық және мал дәрiгерлiк заңдардың талаптарын орындамағанда; сот лицензиатқа жүзеге асыруға лицензиясы бар қызмет түрiмен айналысуға тыйым салғанда; лицензиар лицензияның күшiн уақытша тоқтатқан себептер жойылмағанда керi қайтарып алуы мүмкiн. 📌 ЕСКЕРТУ. 20-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.04.11. N 556 қаулысымен.
Тармақ 21
21. Лицензиар уақытша тоқтату себептерiн көрсете отырып, лицензияның күшiн алты ай мерзiмге дейiн белгiленген тәртiппен тоқтата алады.
Тармақ 22
22. Лицензияның күшi уақытша тоқтатылған себептер жойылғаннан кейiн лицензия қайта жаңартылады.
Тармақ 23
23. Керi қайтарып алынғаннан кейiн лицензияны қайта беру осы Ереженiң 11-тармағында көзделген жалпы негiздер бойынша жүргiзiледi. Лицензия жоғалған жағдайда лицензиаттың төлнұсқа алуға құқығы бар. Лицензиар лицензиаттың жазбаша өтiнiшi бойынша 10 күн iшiнде лицензияның төлнұсқасын бередi. 📌 ЕСКЕРТУ. 23-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.04.11. N 556  қаулысымен .
Тармақ iii. III. Мал дәрiгерлiк қызметке лицензия алу үшiн тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптары
III. Мал дәрiгерлiк қызметке лицензия алу үшiн тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптары
Тармақ 24
24. Мал дәрiгерлiгi жөнiндегi жұмыстарды орындауға және қызметтердi жүзеге асыруға мынадай заңды және жеке тұлғалардың құқығы бар: Заңды тұлғаларға арналған бiлiктiлiк талаптарына мыналар енедi: ветеринариялық қызметке лицензия алуға үмiткер заңды тұлға басшысының не оның ветеринария саласындағы құрылымдық бөлiмшесi басшының арнайы ветеринариялық бiлiмi және мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс стажы болуы тиiс; мал дәрiгерлiк қызметті жүзеге асыратын қызметкерлерде арнаулы мал дәрiгерлiк бiлiмi болуы; қызметкерлердiң денсаулығының жай-күйi туралы анықтама (құжаты) болуы; санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және өртке қарсы күрес органдарының қорытындысы болуы; СНТЖ 8-81 талаптарына және СН-245-71 санитарлық нормаларына сай өндiрiстiк үй-жайы және тиiстi бейiндегi технологиялық жабдықтың толық жиынтығы болуы; өндiрiстiк үй-жайлардың, технологиялық жабдықтар жинағының ветеринариялық нормативтерге сәйкестiгi туралы ветеринарияны мемлекеттiк басқару органдарының ветеринариялық-санитариялық қорытындысының болуы тиiс. Жеке тұлғаларға арналған бiлiктiлiк талаптарына мыналар енедi: арнаулы мал дәрiгерлiк бiлiмi және мамандығы бойынша: жоғары бiлiмi бар адамдарда - кемiнде бiр жыл еңбек стажы, арнаулы орта мал дәрiгерлiк бiлiмi бар адамдарда - кемiнде екi жыл еңбек стажы болуы; қатты әсер ететiн препараттарды сақтауға арналған күзетiлетiн үй-жайы (сейфi), сондай-ақ лабораториялық жабдығы мен құралдары (лицензияланатын мал дәрiгерлiк қызметтiң тиiстi түрi жүзеге асырылатын жағдайда) болуы; денсаулығының жай-күйi туралы анықтама (құжат) болуы; санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және өртке қарсы күрес органдарының қорытындысы болуы тиiс. 📌 ЕСКЕРТУ. 24-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.12. 23. N 1347  қаулысымен.
Тармақ 25
25. ЕСКЕРТУ. 25-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.04.11. N 556 қаулысымен.
Тармақ 26
26. Лицензиаттар тiркеу сынақтарын өткiзу үшiн қажеттi көлемдерде өндiру, әкелу (импорт) жағдайларын қоспағанда, мемлекеттiк тiркеуден өткен және Ветеринариялық препараттардың мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген ветеринариялық препараттарды пайдалануға мiндеттi. 📌 ЕСКЕРТУ. 26-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.04.11. N 556 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.12. 23. N 1347 қаулысымен.
Тармақ iv. IV. Жауаптылық және бақылау
IV. Жауаптылық және бақылау
Тармақ 27
27. Мал дәрiгерлiк қызметпен лицензиясыз не лицензиялық нормалар мен ережелердi бұза отырып айналысу заңдарда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Тармақ 28
28. Лицензия иесi: Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын орындауға; өз қызметiн лицензияда көрсетiлген шарттармен қатаң сәйкестiкте жүзеге асыруға; лицензиардың талап етуi бойынша лицензияланатын қызмет туралы мәлiметтердi ұсынуға; өзiнiң ұйымдық-құқықтық нысанын өзгерткенi туралы лицензиарға хабарлауға мiндеттi.
Тармақ 29
29. Мал дәрiгерлiк қызметтi лицензиясыз жүзеге асырудан алынған қаражат лицензиардың ұсынуы бойынша сот тәртiбiмен тиiстi бюджеттiң кiрiсiне алуға жатады.
Тармақ 30
30. Заңды және жеке тұлғалар лицензиарға ұсынылатын мәлiметтердiң сенiмдiлiгi үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен жауап бередi.
Тармақ 31
31. Лицензиялық нормалар мен шарттардың сақталынуына бақылау жасаудың тәртiбiн Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi белгiлейдi.
Тармақ 32
32. Лицензияның тоқтатылуымен немесе уақытша тоқтатылуымен байланысты барлық даулар заңдарда белгiленген тәртiппен шешiледi.