Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории Кербулакского района Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.03.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кербұлақ ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидасының 50-1 – тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11148 болып тіркелген) сәйкес, Кербұлақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Кербұлақ ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 67 қаулысына қосымша Кербұлақ ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру № Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары Алатын алаңы Жақын орналасқан инфрақұрылым Қызмет саласы Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі 1 Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы, Жібек-Жолы көшесі, Раяна дүкеніне қарама- қарсы 200 шаршы метр «Фортуна» кафесі және «Раяна» дүкені Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар 3 жыл 2 Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы, Т. Рысқұлов көшесі, Космос дүкеніне қарама-қарсы 300 шаршы метр «Космос» дүкені Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар 3 жыл 3 Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы, Мадибекұлы көшесі, Дарын базарының оң жағында 100 шаршы метр «Дарын» базары Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар 3 жыл 4 Кербұлақ ауданы, Қоғалы ауылы, Желтоқсан көшесі Жұлдыз дүкеніне қарама-қарсы 100 шаршы метр «Темірлан» дүкені және «Жұлдыз» дүкені Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар 3 жыл