Об утверждении Положения о государственном учреждении «Макатский районный отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта» Қолданыста
Басқа 0
«Мақат аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8)-тармақшасына, 124-бабына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Мақат ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Мақат аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Мақат аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) осы қаулыны ресми жариялап және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдасын;
Тармақша 2
2) осы қаулыны Мақат ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырсын;
Тармақша 3
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қолдансын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау «Мақат аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. «Мақат аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
Мақат ауданы әкімдігінің
2022 жылы «21» сәуірдегі
№ 80 қаулысына қосымша
«Мақат аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Мақат аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан-әрі-Мекеме) ауданның мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Мекеменің ведомстволары:
Тармақша 1
1) «Мақат аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мақат аудандық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
Тармақша 2
2) «Мақат аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Доссор мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
Тармақша 3
3) «Мақат аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің аудандық орталық кітапхана» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай –ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Мекеменің орналасқан жері: 060601, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі,36.
Тармақ 10
10. Осы ереже Мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Мекеменің кәсіпкерлік субъектілерімен мекеменің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Мекемеге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2. Мекеменің мақсаттары мен өкілеттіктері
2. Мекеменің мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Мемлекеттік орган бұқаралық ақпарат құралдарында, мәдениет ұйымдарында
Қазақстан Республикасы халқының мәдени мұрасын насихаттауға ықпал етеді, халықты дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға үнемі баулап, жоғары дәрежедегі спортшыларды және спорт резервін дайындайды.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Құқықтары:
- белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік органдар мен лауазым иелерімен, басқа да ұйымдардан және азаматтардан өз функциясын орындауға қажетті ақпарат сұрату, мемлекеттік мекеменің құзырына жататын мәселерді дайындау үшін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тарту, тиісті ұсыныстарды әзірлеу үшін уақытша жұмысшы топтарын құру;
- тиісті мемлекеттік органдар мен лауазым иелеріне Мекеме қызметі саласына қатысты тапсырмалар беру, олардың орындалуын бақылау, сондай-ақ облыстық жергілікті атқарушы органдар өткізетін шараларға қатысу;
- Мекеменің құзыретіндегі мәселелер бойынша атқарушы органдар өкілдерінің есептерін тыңдаумен алқа мәжілістерін өткізу, олардың қорытындылары бойынша аудан әкіміне анықтама беру;
- спорт жарыстары мен жиындарын өткізу ережелерін бекіту;
- кадрлардың біліктілігін арттыру, даярлау және қайта даярлау бағдарламасын бекіту және үйлестіруге олардың қызметін әдістемелік қамтамасыз ету, семинарларды және тағы басқа оқыту нысандары арқылы дене тәрбиесі және спорт мамандарымен тәжірибе алмасуды ұйымдастыру;
- Қазақстан Республикасы Заңнамасында қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
Тармақша 2
2) Міндеттері:
- ауданда мәдениет, тілдерді, дене тәрбиесі және спортты дамыту жөніндегі бірыңғай мемлекеттік саясатты асыру;
- мәдениет, дене тәрбиесі және спорт объектілерінің материалдық-техникалық базасын құру мен нығайту, олардың инфрақұрамын дамыту;
- мүдделі ведомствалармен және мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі саласындағы мекемелермен бірлесіп іс-шараларды ұйымдастырып өткізу.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) жергілікті жерде мәдени, дене тәрбиесі-спорт бірлестік жұмыстарына қолдау көрсету;
Тармақша 2
2) аудандағы кітапханалар жұмыстарын ұйымдастыру;
Тармақша 3
3) өнер адамдарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
Тармақша 4
4) ескерткіштерді қорғауда кәсіпорын, мекемелердің қамқорлыққа алуларын ұйымдастыруға ықпал ету;
Тармақша 5
5) мәдени-тарихи орталықтарды, студияларды құру, қамтамасыз ету, жұмыстарының жүруін қадағалау;
Тармақша 6
6) мәдени әлеуметтік шаралардың дамуын жүзеге асырау;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларының және тіл туралы заңнамалардың меншік түріне қарамастан кәсіпорын, мекемелерде орындалуын тексеру және бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 8
8) аудан көлеміндегі халық қолданатын тілдерді дамыту және мемлекеттік тілді қолданудың ауқымды жергілікті бағдарламаларын талдап, оларды жүзеге асыру;
Тармақша 9
9) жергілікті атқарушы органдармен тіл саясаты жөнінде нәсілдік қарым-қатынас және Мекеменің құзіретіне кіретін басқа да мәселелерді бірлесе шешу;
Тармақша 10
10) тіл саясаты жөнінде мониторингін жүзеге асыру, бөлімнің құзіретіне қатысты консультативтік түсінік жұмыстарын жүргізу;
Тармақша 11
11) Мекеменің құзырына жататын методикалық, аппаратты-аналитикалық құжаттарды айқындау және оларды іс жүзінде жүзеге асыру шараларын қабылдау;
Тармақша 12
12) қоғамдық ұйымдармен тіл жөніндегі қатынасты нығайту, олардың жүзеге асуына араласу;
Тармақша 13
13) мемлекеттік тілде іс қағаздар жүргізу, тілдерді дамыту мен қолдану шараларының жүзеге асуына меншік түріне қарамастан мекеме қәсіпорындарға, мемлекеттік органдарға жәрдем ету;
Тармақша 14
14) мемлекеттік тілді қолдану және дамыту тәжірибесі жөнінде мемлекеттік басқару органдарына ұсыныс беру және тұжырымдау;
Тармақша 15
15) мәдени-танымдылық, қоғами-пайдалы тілдерді дамыту және насихаттау шараларын дайындауда өзге мемлекеттік органдармен бірлесіп атқару;
Тармақша 16
16) тіл саясаты жөнінде мәжілістер, семинарлар, конференциялар ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 17
17) тіл туралы заңнамаларының орындалуын, тілдерді дамыту және қолданудың мемлекеттік жоспары туралы және басқа да бөлім іс-қимылдары туралы ашық жұмыс жасап халықты бұқаралық-ақпарат құралдары арқылы тұрақты хабардар ету;
Тармақша 18
18) тарихи-мәдени мұраны және пайдалану туралы заңдылығын сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 19
19) тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі мемлекеттік органмен келісе отырып, ескерткіштер болып табылатын мемлекет меншігіндегі үйлер мен ғимараттарды пайдалануға ұсыну;
Тармақша 20
20) дене тәрбиесі мен спортты дамытудың өңірлік бағдарламаларын дайындауға және іске асыруға қатысу;
Тармақша 21
21) аудан аумағында спорт түрлері бойынша аудандық жарыстар өткізуді ұйымдастыру;
Тармақша 22
22) спорт түрлері бойынша аудандық құрама командалары және олардың облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарға шығуын дайындау;
Тармақша 23
23) аудан аумағында бұқаралық спорт пен спорттың ұлттық түрлерін дамыту;
Тармақша 24
24) мынадай спорттық разрядтар мен санаттарды беру: екінші және үшінші разрядтар, бірінші, екінші және үшінші жасөспірімдік разрядтар, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, спорт төрешісі;
Тармақша 25
25) аудандық бұқаралық спорт шараларының күнтізбелік жоспарын әзірлеу және іске асыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 26
26) аудан аумағында спорттық шаралардың өткізілуін ұйымдастыру;
Тармақша 27
27) талдама деректер, соның ішінде дене тәрбиесі және спортты дамыту жөніндегі деректерді дайындау;
Тармақша 28
28) дене тәрбиесі және спорт мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстардың дайындалуын іске асыру;
Тармақша 29
29) спорт ұйымдарына әдістемелік және ұйымдастыруға басшылық жасау;
Тармақша 30
30) мүдделі ведомстволар, қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, спорт резервін дайындау жұмыстарын жүргізу, олардың ведомстволық бағыныштылығына қарамастан, спорттық клубтар мен мектептер жүйелерін дамытуды үйлестіру;
Тармақша 31
31) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сала қызметкерлерінің мүддесін білдіру;
Тармақша 32
32) дене шынықтыру және спорт саласындағы білім мен жетістіктерді, салауатты өмір салты принциптерін насихаттауды жүзеге асыру;
Тармақша 33
33) тұжырымдамалық құжаттарды әзірлеуге қатысу, Мекеменің құзырына жататын мәселелер бойынша қабылданатын аудан әкімінің шешімдері, өкімдері жобаларын дайындап, сараптама жүргізу;
Тармақша 34
34) аудан бюджетінен бөлінген қаржыдан белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік мекеменің аудандық фондын қалыптастыру;
Тармақша 34-1
34-1) маңдайшаны ауылда, кентте орналастыру туралы хабарламаларды «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылдауды және қарауды жүзеге асыру;
Тармақша 34-2
34-2) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану.
Тармақша 35
35) Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Тарау 3. 3. Мекеменің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3. Мекеменің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Мекемені басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Мекеменің бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) өз қызметін жүзеге асыру кезінде аудан әкімі мен жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына есеп береді;
Тармақша 2
2) қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
Тармақша 3
3) қызметкерлерді қызметке тағайындайды және босатады;
Тармақша 4
4) заңнамада белгіленген тәртіппен қызметкерлерді ынталандыруды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) заңнамада белгіленген тәртіппен қызметкерлерге тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 6
6) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік және қаржы құжаттарына қол қояды;
Тармақша 7
7) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда сенімхатсыз Мекеменің мүддесін білдіреді;
Тармақша 8
8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қолданады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қолданбағаны үшін дербес жауапкершілікте болады;
Тармақша 9
9) аудан әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті шегінде Мекеменің штаттық кестесін және бөлімнің ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік мекемелердің сәйкесті жылға арналған қаржыландыру жоспарын бекітеді;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттікті жүзеге асырады.
Мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Мекемені Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын мекеме басшысы басқарады.
Тарау 4. 4. Мекеменің мүлкі
4. Мекеменің мүлкі
Тармақ 20
20. Мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 21
21. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 22
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мекеменің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату
5. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 23
23. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.