О проведении конкурса на лучший бизнес-план по организации бизнес-инкубаторов в районах области Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.08.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс аудандарында бизнес-инкубаторлар ұйымдастыру жөнінде үздік бизнес-жоспар конкурсын өткізу туралы «Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазакстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабына сәйкес, «Ақтөбе облысы бойынша шағын кәсіпкерлікті дамыту және колдаудың 2003-2005 жылдарга арналган аймақтық Бағдарламасы туралы» облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 27 наурыздағы № 9 шешімін іске асыру максатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ақтөбе облысы бойынша кәсіпкерлікті қолдау басқармасы» ММ (Н. Ж. Махамбетов) 2003 жылдың 3 тоқсанында облыс аудандары арасында бизнес- инкубаторлардың қызметін ұйымдастыру жөнінде үздік бизнес-жоспарға конкурс (бұдан әрі - Конкурс) өткізсін.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырган:
Тармақша 1
1) облыс аудандарында бизнес-инкубаторлар ұйымдастыру жөнінде үздік бизнес-жоспар конкурсын өткізу Ережесі;
Тармақша 2
2) облыс аудандарында бизнес-инкубаторлар ұйымдастыру жөнінде үздік бизнес-жоспарды анықтау жөніндегі конкурстык комиссия мүшелерінің құрамы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің бірінші орынбасары О. Г. Химчукке жүктелсін.
Басқа 6. Жалпы ережелер
Облыс әкімиятының 2003 жылғы «11» тамыздағы № 234 каулысымен БЕКІТІЛДІ Облыс аудандарында бизнес-инкубаторлар ұйымдастыру жөнінде үздік бизнес-жоспар конкурсын откізу Ережесі Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже «Ақтебе облысы бойынша шағын кәсіпкерлікті дамыту және колдаудың 2003-2005 жылдарга арналган аймактық Бағдарламасы туралы» облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 27 наурыздағы № 9 шешімін іске асыру, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту максатында жасалды.
Тармақ 2
2. Осы Ереже облыс аудандарында бизнес-инкубаторлар ұйымдастыру үшін өткізілетін үздік бизнес-жоспар конкурсына дайындалу тәртібін шарттарын және өткізу мерзімін анықтайды.
Тармақ 3. Конкурстың мақсаты мен міндеттері
3. «Облыстық кәсіпкерлікті қолдау басқармасы» мемлекеттік мекемесі конкурстың ұйымдастырушысы болып табылады. Конкурстың мақсаты мен міндеттері
Тармақ 4
4. Облыс аудандарында бизнес-инкубатор ұйымдастыруға арналған үздік бизнес-жоспар конкурсы төмендегідей мақсаттар мен міндеттерге жетуді көздейді:
Тармақша 1
1) облыс аудандарында бизнес-инкубаторлар ұйымдастыру және дамыту;
Тармақша 2
2) облыс аудандарындағы инфрақүрылымдардың дамуына ықпал ету;
Тармақша 3. Конкурска қатынасу үшін койылатын талаптар
3) облыс аудандарында бизнес-инкубаторларды ашу және қолдау үшін қаржыландыруды қамтамасыз ету. Конкурска қатынасу үшін койылатын талаптар
Тармақ 5
5. Аудандық бизнес-инкубаторларының басшылары мен өкілдері конкурска қатынасушы бола алады, олар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының қолданылатын заңдары бойынша жергілікті әділет басқармасында тіркелген;
Тармақша 2
2) бизнес-инкубатор жұмыстарын дамыту үшін өндірістік базасы бар:
Тармақша 3
3) бизнес-инкубатордың жұмысы ауданда іскерліктің пәрменділігін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашу кызмет көрсету немесе өнім шығарудың белгілі түрлерін дамыту үшін жағдайлар жасау консалтингтік қызмет көрсету мақсатында жаңадан бастаушы кәсіпкерлерге рынокта дербес жұмыс істеп кетуге көмек беруге, бағытталуы тиіс;
Тармақша 4
4) тіркелу құжаттарының көшірмесі (заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлік статистикалық карта, салық төлеушінің тіркелу нөмері), бизнес-инкубатордың жұмысын сипаттаған бизнес-жоспары және бизнес-инкубатордың жұмысын дамытуға кажет қаржының шығыны туралы мәлімет болуы керек.
Тармақ 6. Конкурс қорытындысын шығару
6. Бизнес -жоспарды облыс әкімиятының қаулысымен бекітілген конкурс комиссиясы іріктейді. Конкурс қорытындысын шығару
Тармақ 7
7. Конкурс қорытындысы бойынша «Жергілікті деңгейде кіші кәсіпкерлікіті қолдауды ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша жергілікгі бюджетпен каржылапдырылатын үздік бизнес-жоспарлар аныкталады.
Тармақ 8
8. Конкурс жеңімпаздарымен «Жергілікгі деңгейде кіші кәсіпкерлікті қолдайды ұйымдастыру» багдарламасы негізінде өзара келісім-шарт жасалады. Шарт бойынша жеңімпаз бюджеттен бөлінген қаржыны қатаң өз мақсатында жұмсауға міндеттеледі.
Басқа 22
Облыс әкімиятының 2003 жылғы «11» тамыздағы № 234 қаулысымен БЕКІТІЛДІ Облыс аудандарында бизнес-инкубаторлар ұйымдастыру жөнінде үздік бизнес-жоспарды анықтау жөніндегі конкурстық комиссияны құрамы Махамбетов Нұрлан Жанабекұлы - «Облыстық кәсіпкерлікті қолдау басқармасы» ММ бастығы, кбмиссия төрағасы Биахметов Асқар Сақтағанұлы - «Облыстық қаржы басқармасы» ММа бастығының орынбасары Идрисова Майя Ғабдуғалиқызы - «Облыстық кәсіпкерлікті қолдау басқармасы» ММ кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын қалыптастыру бөлімінің бастығы Әділов Нұрлыбек Ағатайұлы - «Облыстық кэсіпкерлікті қолдау басқармасы» ММ кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын қалыптастыру бөлімінің бас маманы Мырхин Абай Исламұлы - «Бизнес-орталық» қоғамдық қорының президенті (келісім бойынша)